Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Баланың өнегелік дамуын белсендіру тәсілдері



Pdf көрінісі
бет54/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
Баланың өнегелік дамуын белсендіру тәсілдері 
 
Балалардың аналитикалық ба-
ғалау іс-әрекеттерін ынталанды-
ратын тәсілдер: 
– қарама-қайшы мәлімдеме-
лерді талдау; 
мақал-мәтелдердің, афо-
ризмдердің, сөздердің этикалық 
мазмұнын талдау.
Афоризмдер, тамаша адам-
дардың сөздері, мақал-мәтелдер-
де терең даналық бар, олардың ашылуы балаларды адамгершілік 
мәселелері туралы ойлауға итермелейді. Сонымен қатар олар 
этикалық әңгімелерде көбінесе мұғалімнің жүргізген идеясын 
растайтын иллюстрациялық материал ретінде қолданылады. 
Оларды қолдануда мұндай тәсілден аулақ болу керек, мағынасы 
әр түрлі, үстіртін емес афоризмдер мен мақал-мәтелдерді таңдап, 
олардың ішкі мағыналарын пайымдайтын, терең ойлайтын, түсі-
нетін жағдайлар жасау қажет.
Күрделі мәселелерді талдау
Егер жалпыға мәлім нәрсеге белгілі және жаңа немесе басқа 
көзқарастар арасында қарама-қайшылық болған жағдайда, ол 
күрделі мәселе болып саналады. Мысалы, жасөспірімдермен дос-
тық туралы әңгіме ұйымдастыра отырып, келесі күрделі сұрақты 
қоюға болады: 
«Шынайы достық» деген ұғым бар. Бұл «амал достық» бо-
луы мүмкін дегенді білдіре ме? 


103 
Адамгершіліктің күрделі мәселелерін талдау.
Ең қарқынды бағаланатын іс-әрекет нақты өмір жағдайла-
рын талдау, олардың іс-әрекеттері мен қатысушыларын этикалық 
нормалар мен қағидалармен байланыстыру негізінде өріс алады. 
Ең жақсы материал – бұл балалар тәжірибесіне жақын кітаптар 
мен публицистикалық фильмдерден алынған жағдайлар, соны-
мен қатар тәжірибелік іс-әрекетте, балалардың өзара қарым-қа-
тынасында туындайтын өмірлік жағдайлар. Әрине, пайдаланыл-
ған материалдың біршама бейтараптығы қажет, белгілі бір жеке 
тұлғаның намысына тиетін оқушылардың жағдайлары мен іс-
әрекеттерін талқылауға және талдауға болмайды. Оқушылардың 
оны жасаған адамға емес, іс-әрекет, амалға деген көзқарасын қа-
лыптастыру және өздері үшін кейбір адамгершілік мәселесін ше-
шу маңызды. Талқылауға ұсынылатын жағдайлар тек «жақсы» 
немесе «жаман» бағаны талап етпейтін, шын мәнінде күрделі, 
әртүрлі мәселелер болуы керек. Күрделі жағдай әңгіме бастауға, 
белгілі бір адамгершілік тақырыбын талқылауға себеп болуы 
мүмкін. 
Дилемма 
Теоретик Л. Колберг моральдық дилемманың негізгі сипат-
тамаларына назар аударады. Ол міндетті түрде: 
– 
оқушылардың нақты өміріне қатысты болуы керек; 
– 
мүмкіндігінше түсінуге оңай болуы керек; 
– 
аяқталмаған болуы керек; 
– 
адамгершілік мазмұндағы екі немесе одан да көп сұрақтан 
тұруы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет