Шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау қағидаларын бекiту туралы



Дата24.02.2016
өлшемі135.03 Kb.
#14491
Шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 мамырдағы № 609 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 17 тамыз № 375-376 (26770); "Казахстанская правда" от 17.08.2011 г., № 261 (26682)


      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1585 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 29) тармақшасына және «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi Заңының 8-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Шағын көлемдi кеменi техникалық қадағалау қағидалары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1585 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                   К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2011 жылғы 31 мамырдағы
№ 609 қаулысымен 
бекiтiлген    

Шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.12.13 № 1585 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Iшкi су көлiгi туралы» 2001 жылғы 6 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
      шағын көлемдi кемелерге арналған тұрақ-база (құрылыс) - шекараларында шағын көлемдi кемелер орналасатын құрылыстары және iргелес акваториясы бар жағалау аумағы.

2. Шағын көлемдi кемелердi техникалық қадағалау

      3. Кеме кiтабында мемлекеттiк тiркеуге жататын шағын көлемдi кемелерге техникалық қадағалау жүзеге асырылады.


      Техникалық қадағалауды iшкi су көлiгi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi — аумақтық бөлiмшелер) жүзеге асырады.
      4. Техникалық қадағалау бастапқы, жыл сайынғы және кезектен тыс техникалық куәландыру жүргiзу, сондай-ақ арнайы және бақылап тексерудi жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
      5. Жеке жасалған шағын көлемдi кемелер, сондай-ақ техникалық сипаттамалары техникалық формулярда (паспортта) көрсетiлген сипаттамаларға сәйкес келмейтiн, қайта жабдықталған кемелерге теңiзде жүзу қасиетiне (жүзгiштiгi, орнықтылығы мен батпайтындығы) қосымша сынақтар жүргiзiледi. Куәландыру нәтижелерi шағын көлемдi кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы қорытындымен осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес техникалық куәландыру актiсiмен ресiмделедi.
      6. Бастапқы техникалық куәландыру актiсiнде көрсетiлген шарттар мен нормалар шағын көлемдi кеменiң кеме кiтабына және кеме билетiне енгiзiледi. Кеме билетiнде куәландыруды жүргiзген лауазымды адамның қолымен расталатын арнайы мөртабанмен техникалық куәландыру туралы белгi жасалады.
      7. Техникалық куәландыру шағын көлемдi кеме тiркелген жердегi аумақтық бөлiмшенiң техникалық тексеру пунктiнде немесе кеме билетiн ұсына отырып, шағын көлемдi кеме тiкелей орналасқан жерде (тұрақта) жүргiзiледi.
      Бұл ретте техникалық тексеру пункттерi жұмысының орны, уақыты, ұйымдастырылуы және шағын көлемдi кемелерге жыл сайын техникалық куәландыруды өткiзу кестелерi кеме иелерi мен тұрақ-база иелерiнiң назарына жеткiзiледi.
      8. Техникалық куәландыру жүргiзу кезiнде шағын көлемдi кеменiң жай- күйi корпус пен қондырмалар, құрылғылар, жабдықтар мен жарақтар, өртке қарсы қорғану; механикалық орнату мен электр жабдықтары бойынша жеке, ал жеке жасалған шағын көлемдi кемелер үшiн теңiзде жүзу қасиетi бойынша анықталады.
      9. Техникалық куәландыру жүргiзу кезiнде шағын көлемдi кеменiң жүзуге жарамдылығы техникалық жай-күйi бойынша екi баға қою арқылы анықталады: «жарамды» немесе «жарамсыз». Шағын көлемдi кеменiң жалпы техникалық жай-күйiн бағалау осы тармақта аталған элементтердiң бiрiнiң ең төменгi бағасы бойынша белгiленедi.
      10. Шағын көлемдi кеме техникалық жай-күйi бойынша «жарамды» деген баға алған кезде кеме билетiне техникалық куәландыру туралы белгi жасалады.
      11. Техникалық жай-күйi бойынша «жарамды» деген баға алған шағын көлемдi кеме мынадай:
      1) толқын режимi бойынша;
      2) жүзу ауданы мен жағадан алшақтығы бойынша;
      3) қозғалтқыштың рұқсат етiлген қуаты бойынша;
      4) жүк көтергiштiгi мен жолаушы сыйымдылығы бойынша;
      5) желкендердiң ауданы бойынша жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шектеулермен жүзуге жiберiледi.
      Шағын көлемдi кеме «жарамды» деген баға алған кезде, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес техникалық куәландыру актiсi жасалады, онда белгiленген шектеулер көрсетiледi.
      Теңiз ауданында серуендiк кемелердi пайдалану үшiн теңiзде мынадай жүзу аудандары белгiленедi:
      1) 0- бiрiншi класты жүзу ауданы - шектеусiз, есептiк толқын биiктiгi 3% қамтамасыз өтiлумен 11 метр болатын толқындануда мұхиттар мен теңiздерде жүзу;
      2) 1 - бiрiншi класты жүзу ауданы - шектелген, пана орнынан 200 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 400 мильден аспайтын рұқсат етiлген арақашықтықта, барынша рұқсат етiлген толқын биiктiгi 3% қамтамасыз өтiлумен 8,5 метр болатын толқындануда теңiз аудандарында жүзу;
      3) 2 - екiншi класты жүзу ауданы - шектелген, пана орнынан 100 мильден аспайтын арақашықтықта және пана орындарының арасы 200 мильден аспайтын рұқсат етiлген арақашықтықта, барынша рұқсат етiлген толқын биiктiгi 3% қамтылумен толқындану шамасы 7 метр болатын теңiз аудандарында жүзу;
      4) 3 - үшiншi класты жүзу ауданы — шектелген, бассейндердiң жел толқындық режимдерiне байланысты аудан және жүзу жағдайлары бойынша нақты шектеулердi ескере отырып, бұл ретте пана орнынан барынша рұқсат етiлген 50 мильден аспауы тиiс арақашықтықты белгiлей отырып, барынша рұқсат етiлген толқын биiктiгi 3% қамтамасыз етiлумен шамасы 3,5 метр болатын толқындануда аралас (өзен-теңiз) жүзу.
      12. «Жарамсыз» деген баға алған шағын көлемдi кемеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес осы кеменi пайдалануға тыйым салу туралы қорытындымен екi дана техникалық куәландыру актiсi жасалады, бұл ретте актiнiң бiр данасы кеме иесiне берiледi. Актiде көрсетiлген ескертулер жойылғаннан кейiн шағын көлемдi кеме қайталама техникалық куәландырудан өтедi.
      13. Шағын көлемдi кемелердi пайдалануға мынадай техникалық ақаулар болған кезде рұқсат етiлмейдi:
      1) корпусы бойынша (жинақ пен қаптамада жарықшақтардың, ойықтардың болуы, кеме конструкциясында көзделген герметикалық бөлiктер мен ауа жәшiктерiнiң болмауы немесе герметикалығының бұзылуы);
      2) руль құрылғысы бойынша (рульдiң ауыспалық бұрышын толық қамтамасыз етпеуi (бортқа 35 градус), руль штурвалын айналдырудың қиындауы, руль сабының немесе руль жетегi бөлшектерiнiң (бағыттаушы блоктары, тiректi мойынтiректерi, тарту жабдықтары, штуртрос берiлiстерiнiң) зақымдануы, штуртрос каболоктарының үзiлуi, руль жетегiнiң бөлшек құрылымында көзделген бекiтулерiнiң (сомындары, шплинттер, қарсысомындар) болмауы;
      3) қозғалтқыш немесе аспалы мотор бойынша (бензобактерден, отын шлангiсiнен, қоректендiру жүйесiнен отынның ағуы, бiршама дiрiлдiң болуы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесiнiң зақымдануы, реверс-редуктордың оңай қосылмауы (ажырамауы), реверс тұтқаның «алға», «артқа», «бейтарап» қалыптарында (оның өздiгiнен ерiксiз қосылуы мен ажырауы) бекiтiлмеуi, реверс қосылған кезде қозғалтқыштың (мотордың) конструкцияда көрсетiлген iске қосу блоктауының зақымдануы);
      4) навигациялық оттардың белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;
      5) кеменiң жинақталуы мен жабдықтары кеме билетiнде көрсетiлген нормаларға сәйкес келмейдi.
      Кеме билетiнiң «Ерекше белгiлер мен қосымша мәлiметтер» деген бөлiмiне кеменi пайдалануға тыйым салу туралы жазу жазылады.
      14. Шағын көлемдi кемелердiң конструктивтiк ерекшелiктерiне байланысты типi мен санаты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.
      Шағын көлемдi кеменiң типiн анықтау үшiн мидель бойынша оның ең үлкен енi негiз болып табылады.
      Шағын көлемдi кеменiң санатын анықтау үшiн мидельдегi оның су өткiзбейтiн бортының биiктiгi (қондырма биiктiгiн есептемегенде) негiз болып табылады.
      Шағын көлемдi кеменiң санаты толқын биiктiгi мен жағадан алшақтығымен сипатталатын жүзу жағдайына сәйкес келуi тиiс.
      15. Шағын көлемдi кеменiң жүзу шарттары оның санатына байланысты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.
      Шағын көлемдi кеменiң кестеде көрсетiлген жағадан алшақтығы жасаушы зауыт берген паспортта көрсетiлген жағадан алшақтықтан аспауға тиiс.
      Су айдынындағы толқын биiктiгi осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кесте бойынша анықталады.

3. Шағын көлемдi кемелердi техникалық куәландыру қарап тексеру түрлерi

      16. Техникалық куәландыру:


      1) бастапқы;
      2) жыл сайынғы;
      3) кезектен тыс болып бөлiнедi.
      17. Тексерiп қарау:
      1) арнайы;
      2) бақылау болып бөлiнедi.
      18. Бастапқы техникалық куәландыру кезiнде кеменiң техникалық құжаттамасы тексерiледi, кеменiң сыйымдылығы, оның жүк көтергiштiгi мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етiлген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны бойынша нормалар мен техникалық талаптары, желкендерiнiң рұқсат етiлген ауқымы, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстiндегi борттың ең төменгi биiктiгi, кеме жүзе алатын толқын биiктiгi, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен жарақтандырылуы белгiленедi, кеменiң басты өлшемдерi (ұзындығы, енi, борт биiктiгi), құрғақ борт көлемi, жүк көтергiштiгi, жолаушы сыйымдылығы, шағын көлемдi кеменiң санаты нақтыланады. Шағын көлемдi кеменiң орнықтылық пен суда батпау талаптарына, жүзу жағдайына, қозғалтқыш қуатының шағын көлемдi кеменiң конструктивтiк деректерiне сәйкестiгi анықталады.
      19. Жыл сайынғы техникалық куәландыру шағын көлемдi кемеге бастапқы куәландыру жүргiзiлген сәттен бастап бiр жыл iшiнде жүргiзiледi.
      Жыл сайынғы техникалық куәландыру кезiнде кеменiң техникалық құжаттамасының болуы, шағын көлемдi кеменiң тiркелу деректерiнiң өзгермеуi, кеменiң негiзгi элементтерiнiң өзгермеуi, оның техникалық жай-күйi, оның жүзуге жарамдылығы, белгiленген нормаларға сәйкес жабдықтары мен жарақтарының болуы тексерiледi, пайдалану шарттары нақтыланады.
      Бұл ретте ағымдағы жылы бастапқы техникалық куәландырудан өткен шағын көлемдi кемелер сол жылы жыл сайынғы техникалық куәландыруға ұсынылмайды.
      Корпустың айтарлықтай тозуы немесе оның деформациясы анықталған жағдайда, кеме иесi аумақтық бөлiмше қызметкерiнiң талабы бойынша шағын көлемдi кеменi жағалауда көрсетедi.
      20. Бастапқы және жыл сайынғы куәландыру нәтижелерi бойынша кеме билетiне кезектi куәландыру мерзiмi көрсетiлген техникалық тексеру өткiзiлгенi туралы белгi қойылады немесе шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салу туралы актi жасалады.
      21. Кезектен тыс куәландыру иесiнiң ауысуына немесе жүзу ауданының өзгеруiне байланысты, сондай-ақ кеме билетi жоғалғанда, кеменi қайта жабдықтау салдарынан шағын көлемдi кеменiң конструкциясы өзгерген кезде, шағын көлемдi кеменi қайта тiркегенде шағын көлемдi кеме иесiнiң еркiн нысандағы өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.
      Шағын көлемдi кемеге кезектен тыс куәландыру жүргiзу нәтижесiнде жаңа кеме құжаттары берiледi. Бұл ретте кезектi жыл сайынғы техникалық куәландыру мерзiмдерi сақталады.
      22. Арнайы тексеру шағын көлемдi кеменiң зақымдануына және жөндеудi талап етуiне әкеп соққан көлiк оқиғасынан кейiн, қуаты жоғары қозғалтқышты орнату кезiнде, жарамсыз болған кеменi есептен шығару кезiнде жүргiзiледi.
      23. Бақылап тексеру кеме конструкциясы мен класында көзделмеген жүзу жағдайларында бiржолғы өтуге рұқсат ету үшiн және кеменi өткеннен соң тексерiп қарау үшiн кеме иесiнiң өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.
      24. Куәландыру жүргiзiлгеннен кейiн шағын көлемдi кеменiң техникалық жай күйi туралы және анықталған ақаулар жойылғанда және жетпейтiн жарақтар толықтырылғанда шағын көлемдi кеменiң жүзуiне рұқсат беру туралы, шағын көлемдi кемеге жүзу жағдайлары бойынша шектеулермен, жүзуге рұқсат беру туралы, шағын көлемдi кеменiң жүзуiне тыйым салу туралы қорытындылар шығарылады.
      25. Шағын көлемдi кемелердi куәландыру иелерiнiң немесе ие өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.
      26. Кемелердi куәландыру корпусты жағалауда сырлағанға дейiн екi жылға кемiнде бiр рет жүргiзiледi.

Шағын көлемдi кеменi техникалық


қадағалау қағидаларына      
1-қосымша            

Шағын көлемдi кеменi (бастапқы, жыл сайынғы)
техникалық куәландыру
АКТIСI

      Осы актiнi 20___ жылғы «___»____________ ______________________


                                                  (Көлiктiк бақылау
_____________________________________________________________жасады
комитетi аумақтық бөлiмшесiнiң атауы, тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы)
      Кеме иесi______________________________________________________
      (тегi, аты, әкесiнiң аты немесе мекеменiң, ұйымның атауы)
Тұрғылықты мекенжайы (ұйымның немесе жеке тұлғаның тұрған жерi)
және телефоны________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Куәландыруға ұсынылған кеменiң типi____________________________
моделi_____________жасалған жылы___________жасалған орны
зауыттық №_____корпус материалы___________ұзындығы___м.енi________м.
борт биiктiгi___м.су үстi бортының биiктiгi___м. жүк көтергiштiгi__т.
жолаушы сыйымдылығы________адам.
      Желкендер ауданы_____ш. м.
      Кеме жасау тәсiлi _____________________________________________
қозғалтқыш (мотор) типi мен маркасы____________саны__________________
қуаты_______________зауыттық нөмiрi__________________________________
      Техникалық куәландыру нәтижесiнде мыналар анықталды:
      1. Кеменiң басты өлшемдерi_____________________________________
                                      (мәлiмделгенге сәйкестiгi)
      2. Кеме сыйымдылығы_________________т.
      3. Шөгу_____________________________м.
      4 Корпустың жай-күйi___________________________________________
                                     (жай-күйiнiң бағасы)
      Рульдiк құрылғы________________________________________________
                                     (жай-күйiнiң бағасы)
      6. Зәкiр және арқандап байлау құрылғысы________________________
                                              (болуы және жай-күйi)
      7. Құтқару құралдары___________________________________________
                                   (атауы, саны мен жай-күйi)
      8. Сигнал беру құрылғылары_____________________________________
                                      (атауы және жай-күйi)
      9. Жарақ заттарымен жинақтау___________________________________
                                     (талаптарға сәйкестiгi)
      10. Жүк көтергiштiгi және жолаушы сыйымдылығы_______тонна(адам)
      11. Орнықтылығы, суда батпауы, жүзгiштiгi______________________
                                                (жай-күйiн бағалау)
      12. Жүзгiштiк қоры ____________________________________________
                           (қамтамасыз етiлген, қамтамасыз етiлмеген)
      13. Су үстi бортының ең аз биiктiгi____________________________
      14. Өртке қарсы жүйе___________________________________________
                                    (түрi және жарамдылығы)
      15. Механикалық қондырғы_______________________________________
                                     (жай-күйiнiң бағасы)
      16. Ең жоғарғы рұқсат етiлген қуаты____________________________
                                             (белгiленген)
      17. Желкендер мен такелаждың жай-күйi__________________________
                                                (жарамдылығы)
      18. Электр жабдығы_____________________________________________
                                     (жай-күйi)
      19. Р/байланыс және р/оқшаулаудың болуы _______________________
                                        (типi, маркасы және жай-күйi)

Қорытынды:

      Куәландыру жүргiзу нәтижесiнде осы кеменiң жай-күйi____________
_______________________________________________________________
      (жарамды, жарамсыз)
      Белгiленген ауданы және жүзу жағдайы:
      рұқсат етiлген толқын биiктiгi__________м.
      жағалаудан алшақтығы_________________м.
      қозғалтқыштың рұқсат етiлген қуаты____________а.к.
      рұқсат етiлетiн жүк көтергiштiгi________т.
      Жүзу мерзiмi________________________________________содан кейiн
________________облысы, қаласы бойынша Көлiктiк бақылау инспекциясына
техникалық тексеру үшiн ұсынылуы тиiс.
      Тексеру кезiнде қатысқан (дар)_________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                               (Т.А.Ә., лауазымы)
      Куәландыруды жүргiздi _________________________________________
                                  (Т.А.Ә., лауазымы)

      М.О.

      20 ___ж.«____»_______________

Шағын көлемдi кеменi


техникалық қадағалау 
қағидаларына    
2-қосымша      

Р/с


Кеме түрi

Мотордың рұқсат етiлетiн қуаты (а/күшi)

Басты өлшемдер

Кеме санаты

Жүк көтергiштiгi, жолаушы сыйымдылығы

адам

кг

1

Ескектi қайық

-

2,0x1,1x0,4

1

1

100

2

Ескектi қайық

-

2,8x1,3x0,5

2

2

200

3

Ескектi қайық

-

3,3x1,4x0,5

2

3

300

4

Ескектi қайық

-

4,4x1,5x0,5

2

4

400

5

Ескектi қайық

-

6,0x1,6x0,6

3

6

1000

6

Моторлы қайық

15-ке дейiн

3,4x1,5x0,6

2

3

300

7

Моторлы қайық

25-ке дейiн

4,4x1,6x0,75

3

4

500

8

Моторлы қайық

-

6,0x1,7x0,95

3

6

800

9

Катер

40-қа дейiн

6,0x1,8x0,9

3

6

800

10

Катер

50-ге дейiн

8,5x2,5x1,2

3

6

1000

Шағын көлемдi кеменi 
техникалық қадағалау
қағидаларына      
3-қосымша        

Н мин.

Жүзу жағдайы

Жағалаудан кашықтығы
(км)

Толқын биiктiгi (м)

Жел күшi (балл)

0,2

0,5

0,2 дейiн

2

0,3

1,0

0,3 дейiн

2




3,0

0,4 дейiн

3

Шағын көлемдi кеменi
техникалық қадағалау 
қағидаларына    
4-қосымша     



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет