Шахта өрістерінің соққы қауіптілігінің аймақтық болжамы



Дата12.07.2016
өлшемі68.5 Kb.
#195635


Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

14-қосымша



Шахта өрістерінің соққы қауіптілігінің аймақтық болжамы
Тау - кен қысымын бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің мәліметтері (ТҚБАЖ) бойынша аймақтық болжам сейсмикалық белсенділік параметрлерін үздіксіз тіркеу негізінде шахталық өріс шегінде тау - кен соққылары бойынша қауіпті аумақтарды анықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай жүйемен (сейсмостанция) байланыстырылған сейсмикалық пункттерінің жобалық желісін құруды көздейді. Осындай жүйелердің сенімділігін арттыру және максимальді тиімділік алу мақсатында олар шахталарды олардың құрылысы және жобалау сатысында, ерекше күрделі тау - кен геологиялық жағдайда жұмыс істейтін шахталарда құрылады.

Аймақтық болжам жүйесін құру қажеттілігін анықтауды, оны жобалу және пайдалану кезінде ғылыми - әдістемелік басшылық жасауды осы шахтаны зерттеу жүргізетін аттестацияланған ұйым іске асырады. Соққы қауіптілігінің аймақтық болжамы мыналардан тұрады:

1) сейсмикалық құбылыстардың санын тіркеу, олардың координаттары мен сейсмикалық қуатын анықтау;

2) тау - кен жұмыстары жоспарымен (тау соққысы қауіптілік аймақтық болжам картасы) біріктірілген сейсмикалық белсенділік картасын жасау;

3) тау - кен соққылары бойынша қауіпті аумақтарды анықтау;

Сейсмикалық белсенділіктің жоғары мәндегі конфигурациясының өзгеруі тау жыныстарының қуаттылығының ауытқуымен және жоғары соққықауіптілік аумағының көшуімен байланысты.

Аймақтық болжам мәліметтерінің мерзімділігін қарау масивтің сейсмикалық белсендігіне байланысты болады және тоқсанына бір реттен жиі жобамен реттеледі.

Соққауіптіліктің аймақтық болжамның ай сайынғы мәліметтерін ұйымның басшылығы ай сайын қарастырады. Сейсмостанциялар шахталар өндірістері шегінде сейсмикалық белсенділікті үздіксіз бақылап отырады, және барлық құбылыстар бо йынша тиісті қызметтерге хабарлап отырады. Берілген мәліметтер мәліметтер журналында тіркеледі.



Кен орындарын геодинамикалық аудандарға бөлу
Тау - кен қысымының, соның ішінде соққылардың пайда болу дәрежесі мен сипаты кен орынын қазу, дайындау және өңдеу кезіндегі кен массивінің қуатты жағдайына байланысты болады.Массивтің қуатты жағдайы өз кезегінде оның табиғи қуаттылық жағдайымен және кен жұмыстары әсерінен пайда болатын қабаттасқан қуаттылық өрісімен анықталады.

Тау жыныстары массивтерінің құрылымы мен қуаттылығы кен орынын игеруге деін геодинамикалық аудандарға бөлу әдісімен зерттеледі. Н гаммасын бірнеше артық болатын үлкен тектоникалық қуаттылықтар болатын тау - кен орындарын барлау кезінде зерделеудің маңызы өте зор. Осындай кен орындарын қауіпсіз және тиімді барлау тау - кен орындарындағы қуаттылықтың артық концентрациясын болдырмайтын аймақтық тәртіптегі профилактикалық шаралармен қамтамасыз етіледі.

Кен орындарын геолинамикалық аудандарға бөлу мыналарды көздейді:

1) токтоникалық аумақтарды бөлетін геоморфология мәліметтері бойынша кен орындарының орналасқан аудандарды кен массивінің блоктық құрылымын анықтау;

2) тектоно - физикалық және геолгиялық мәліметтері бойынша бас қуаттылықтардың блоктар мен реконструкциялар бойынша өзара әсер ету динамикасын орнату;

3) қозғалмаған массивтің блоктық құрылымын ескере отырып, есептеу әдісімен оның қуаттылық жағдайын бағалау;

4) құрылымдық талдау бойынша масиивтің және оның учаскелерінің соққықауіптілігін бағалау;

5) геодинамикалық аудандарға бөлу нәтижелеріне негізделген құрылыс және пайдалану кезінде соққықауіптілікті төмендету жөніндегі аймақтық профилактикалық шаралар кешенін әзірлеу. Бұл жағдайда шахта өрістерін, бағандардың орналасуын, баған маңындағы және басқа да күржелі кен орындарын орналасуын кескіндеу, кен денелерін, қабаттарды өңдеудің уақытқа байланысты тәртібі мен бірізділігі және бақа мәселелер тау - кен жұмыстары жүргізілетін орындарға жақын жердегі кен массивіндегі минимальді қуаттылық концентрацияларын қамтамасыз ету шартында шешіледі.

Тау соққыларының алдын алу жөніндегі кешенді шаралар шахты құрылысының жобасында көзделеді.

Геологиялық барлау сатысында жыныс өзекті табақшалау

жөніндегі тау соққыларына бейім кен орындарын анықтау
Болжау мына тәртіппен жүргізіледі: жынысөзекті интенсивті табақшалау учаскесінде, оны ұңғыманың түбіне байлау арқылы геологиялық ұңғымалар бойынша табақшалардың орташа қалыңдығын анықтайды:

тіке қуаттылықты анықтайды , бұл жерде - жыныстардың орташа өлшенген салмағы; H – табақшалау учаскесіне дейінгі тереңдік;

алынған tcp. / dдис и шамаларға сәйкес номограмма бойынша (12 сурет) массивтің қуаттылық деңгейін белгілейді: гор./ сж.

Кен орнын тау соққыларына бейім деп есептейді, егер қуаттылық деңгейі гор./ сж 0,8 - ден артық болса.



_____________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет