Шахтаның көтеруші қондырғыларын тексеру жөніндегі әдістемелік ұсыныс



Дата03.07.2016
өлшемі236.95 Kb.
#174059


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2008 жылғы «20» тамыздағы

№ 33 бұйрығымен

келісілген

Шахтаның көтеруші қондырғыларын тексеру жөніндегі

әдістемелік ұсыныс

1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсыныс ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетіне бағынышты кәсіпорындарда көтеруші қондырғыларды техникалық қарау мен сынаудың міндетті көлемін белгілейді (әрі қарай-Комитет).

2. Техникалық қарау көлемі

2.1. Оқпан мен копер
2. Техникалық қарау барысында тексеріледі:

1) оқпанның паспортының болуы және жүргізілуі, оқпанның арматуралануы мен коммуникацияларының жобаға (паспортқа) сәйкестігі;

2) оқпанның арматуралануының жалпы жағдайы: бекітпе беріктігі, коррозиялық ескіру және кермелердің бүлінген жерінің болмауы; құбыр бекітпелерінің, кабельдер мен оның біріктіргіш муфталарының, дабыл және аспалы арқандарының сенімділігі;

3) өткізгіштер (бағыттаушы) мен башмақтардың (муфталардың) жағдайы мен бекітпесі, үңгілеу көтергіштері үшін-ұрғы арқандарының немесе қауғалардың соғылуына кедергі болатын өзге қондырғылардың жағдайы;

4) марштық баспалдақтар мен копер алаңының жағдайы, олардың қоршауы және жарығы.
2.2. Тиеуші, түсіруші, отырғызушы және қоршаушы қондырғылар
3. Тораптардың әрекетінің жағдайы, түзу күйі және сенімділігі тексеріледі.

4. Түсіруші қисықтардың (қотарушылардың), тиеуші қондырғылардың (дозаторлардың), жүкті алмастыру механизмдерінің (вагонеткалардың), тербелмелi алаңдардың, отырғызу жұдырықтарының, бекiткiштер мен бөгеулердің әрекетінің түзулiгi мен сенімділігі.

5. Сақтандырғыш торшаларының, қосымша қоршаулардың түзулігі және гильотина үлгісіндегі есіктер жұмысының нақтылығы.

6. Ұңғылау оқпандары үшін-қауғалардың үстіндегі қорғаушы зонттардың сенімділігі, қайырмалы алаңдар жұмысының түзулігі, сөрелер мен тарту рамалардың жағдайы.

7. Тежегіш қуыс пен ұстағыш алқымдарының арасындағы қуысты тексеру.

2.3. Көтеруші сауыттар, аспалы (тіркеме) және

парашюттық қондырғылар
8. Көтергіш сауыттардың (клеттердің, скиптердің, скипклеттердің, қауғалардың немесе вагонеткалардың) жалпы жағдайы.

9. Тік көтергіштер клеттерінің-бекіткіштерінің сенімділігі, есіктерінің (қуыстардың) жеңіл ашылуы, есіктердің (қоршаушы қондырғылардың) түзулігі, жабық күйде есіктердің алуға кедергі болатын қондырғылардың болуы және түзулігі.

10. Аспалы (тіркемелі) қондырғылар элементтерінің жағдайы мен әрекетінің түзулігі және олардың қызметі Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі талабы мерзімінің талаптарына сәйкестігі (8 бөлім, 5 бөлімше, 10 тарау).

11. Адамдарды көтеріп-түсіру үшін қолданылатын көтергіш сауыттардың:

1) қосарлы тәуелсіз аспасының сенімділігі (бір арқанды көтергіштер үшін);

2) аспалы қондырғының (басты және төменгі теңдестіруші арқандардың) кем дегенде екі нүктесіндегі сауыттарға және қарсы күшке бекітпелердің сенімділігі (көп арқанды көтергіштер үшін);

3) вагондар арасындағы қосарлы тіркеуіштер жағдайы, орталық өзектің, тіркеуіштер мен сақтандырушы шынжырлардың (көлбеу көтергіштер үшін) түзулігі;

4) қауғалар қозғалысы кезiнде ілмек мойнын (жұтқыншағын) өз бетiмен ағытылуын болдырмайтын тетiктердің түзулігі және сенімділігі, тұтқа тесiктерiнің тозуы мен тұтқа тесігі мен өсiнiң (ұңғылау көтергіштері үшін) жиынтық тозуы;

5) тіркемелі (аспалы) қондырғы паспортында көрсетілген жүк шамасының нақты шамамен сәйкестігі.

12. Парашюттердің немесе ұстағыштардың жағдайы:

1) амортизаторлар мен амортизациялық арқандар бекітпелерінің дұрыс орнатылуы және сенімділігі, амортизациялық арқандардың созылуын тексеру құрылғыларының пломбасының болуы және олардың жағдайы;

2) парашюттердің қызмет ету мерзімінің Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабына (8 бөлім, 5 бөлімше, 7 тарау) сәйкестігі.



2.4. Коперлік, бағыттауыш және ауытқу шкивтерi
13. Шкив элементтерінің: шеңберлердің, сым сабақтарының, қырларының жағдайы.

14. Шкив болттарының, пісірілген және сытырмалы жалғастардың жағдайы.

15. Шкивтің білікке сенімді отырғызылуы және шпондық жалғастың жағдайы.

16. Подшипниктерді майлау жағдайы және олардың бекіту болттарының сенімді тартылуы.

17. Жұмысшы бөлігінің жағдайы:

1) астарланған шкивтер үшін-астарлаудың жағдайы мен тозу мөлшері, астарлау бекітпелері болттарының түзулігі мен тартылуы;

2) астарлауды қажет етпейтін шкивтер үшін-арна қимасы тесігінің тозу көлемі, анағұрлым тозған жерлері боялады.

18. Арқанның жоғарғы бөлігіндегі қырларының биіктігі мен қырларының тозу көлемі.



2.5. Арқандар
19. Арқанның барлық жұмысшы ұзындығының Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына (8 бөлім, 5 бөлімше, 6 тарау, 1, 4 параграф) сәйкестігі.

20. Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талабының (8 бөлім, 5 бөлімше, 6 тарау, 3 параграф) сәйкес арқандар қимасының коррозиядан жойылуы (диаметрі 25 мм артық мырышталмаған арқандар үшін) және механикалық тозуы.

21. Торлаудың дұрыстығы мен сенімділігі.

22. Бекітпе элементтерінің жағдайы.

23. Көп арқанды машиналарда арқандардың бірқалыпты тартылуы.

24. Барабандарда арқан ұштарының бекітпелерінің сенімділігі; қысқыштардың жағдайы мен тартылуы.

25. Өткізуші және теңестіруші арқандардың бекіту сенімділігі.

26. Зумпфа тартқыш станциясындағы тежеуіш арқандардың бекітпелерінің жағдайы мен дұрыстығы, тежеуіш арқандардың шығып кеткенін дабылдайтын қондырғылардың жағдайы.



2.6. Түбір бөлігі
27. Обечайка жағдайы және оның алдыңғы бетке сенімді бекітілуі.

28. Алдыңғы беттің, сыртпалы және пісірілген тігістердің және бөлетін барабандардың болттық жалғастарының жағдайы.

29. Арқанның үстіңгі бетіндегі арқандардың қырының жағдайы мен биіктігі.

30. Астарлау бекітпелерінің жағдайы мен сенімділігі, өзекшелердің жағдайы және арқан орамдарының орау барысында бір-біріне үйкелісінің болмауы, сондай-ақ:

1) бір арқанды шкивтердің үйкелісі-сегменттердің тозу шамасы мен қалдық биіктігі;

2) астарлау, көп арқанды машиналардың арқан жүргізуші шкивтерінде-тарту сенімділігі мен астарлаушы брустардың бекітпелерінің болттарын нығайту, әр арқанның астарлауының тозуы, астарлауды тазалау қажеттігі;

3) бицилиндрконусты барабаны бар машиналарда-конусты бөлігіндегі науалардың жағдайы мен олардың бекітпелері, пісірілген тігістердің жағдайы және науаларда жарықшақтың болмауы.

31. Орнатылған барабанның бекітпесі (орнатылған бөлігінде немесе біліктегі шкивте).

32. Біліктегі айналымның жеңілдігі және алмастырылатын барабан осьінің (ауыстырылатын бөлігінің) жылжып кетпеуі.

33. Төлкелердің (астарларының, ролик тіреуіштерінің) және олардың майлану жағдайы.

34. Барабанды алмастырушы механизмнің тораптары мен мен бөлшектерінің: тісті, иректі немесе фрициялық жалғастардың, тартқыш жүйесі мен топсалы жалғастардың; жетектің, басқару қондырғысы мен блоктау жағдайы.

35. Майлау сапасы, ауаның шығып кетпеуі және ауыстыру механизмі жұмысының дәлдігі.

36. Тежеуші қондырғылардың (форкопфтардың) түзулігі мен сенімділігі.

37. Түбірлі білік подшипниктерінің қызу температурасы мен майлануы, жағдайы, бекітілуі.



2.7. Тежеуіш қондырғылар
38. Тежеуіштің атқаратын қызметі:

1) тежеуіш шеңберлердің (тежеуіш дисктер) жағдайы: барабанға бекітпенің; үстіңгі беттің тазалығы, жарықшақтардың, жаншылған, ойық және ұзынша томпақтардың болмауы; жұмыс барысында шеңберлердің қызып кетпеуі, сондай-ақ оларға май мен судың тамған іздерінің болмауы;

2) тежеуіш қалыптардың жағдайы: тежеуіш балкаларға бекітудің сенімділігі мен дұрыстығы, резеңке қабықтардың жағдайы (тығызмассалы қалыптарда); қалыптардың тозу жағдайына арналған қорының шамасы, жарықшақтардың, сырылған жердің (бояуының сырылуы) болмауы; қалыптардың шеңберге қабысу тығыздығы, тежеу кезінде вибрация, діріл және қалыптардың сықырының болмауы; қалыптардың материалының ұсынылған материалға сәйкестігі;

3) қалыптар мен шеңбер аралығындағы саңылау көлемі, саңылаудың шеңбердің екі жағына тең бөлінуі, сол және оң шеңберде саңылаудың бірдейлігі (бір тежеуішті тартқышы бар машиналар үшін), қамтылатын ұзындық бойында саңылаудың тең болуы (ауыспалы қалыптар үшін); реттеуші тіреулер бекітпелерінің жағдайы мен сенімділігі, реттеуші тартулардың ирек-ойығы мен тіреулердің түзулігі;

4) қалыптардың шамадан тыс тозуынан және поршендердің шығуын шектеушілерді блоктау элементтерінің сенімді бекітілуі және олардың жұмысының түзулігі;

5) кинематикалық жүйе элементтерінің: тік және көлденең тартулардың, гайкалар мен жалғастыру муфталарының, тарқыштардың, тіреулер мен балкалардың, топсалар мен топсалы тіреулердің жағдайы; валиктер мен тартулар бекітпелердің бөлшектерінің (контргайканың, шайбаның, шплинттердің, стопорлардың) болуы және түзулігі;

6) подшипниктер мен топсалардың майлану жағдайы;

7) тежеу тіректері мен балкалардың негізгі болттарының жағдайы мен тартылуы;

8) тежеуіштің атқарушы органының жұмысы: ауысудың баяулығы, вибрацияның, жұлқынысың, тұтығудың көлденең ауысу мен бұрылудың болмауы.

39. Тежеуіш жетегі:

1) поршеньнің жүрісі және поршень жүрісінің қоры:

жүк жетекті тежеуіші бар машиналар үшін-демпфер поршені жүрісінің төменгі қақпаққа түбіне дейінгі қоры;

гидравликалық жетекті тежеуіші бар машиналар үшін-тежегенде поршень жүрісі қорының жетек цилиндрінің түбіне дейінгі шамасы және поршеньнің цилиндрдің үстіңгі қақпаққа немесе тежегенде поршеньнің шығып кетпеуін шектеушіге ұрылмауы (поршеньнің жоғарыға жүру қоры);

пневматикалық жетекті тежеуіші бар машиналар үшін-жұмысшы цилиндрдің поршені жүрісінің (шығуының) шамасы және сақтаушы цилиндр поршенінің төменгі қақпаққа дейінгі жүру қоры;

серіппелі-пневматикалық жетекті тежеуіші бар машиналар үшін-жұмысшы цилиндрлер поршенінің жүру шамасы және олардың қос цилиндр үшін мәнінің теңдігі;

2) тартушы және рычаг жағдайы, топсалар мен олардың майлану жағдайы;

3) поршень тобы цилиндрлерінің элементтерінің жағдайы:

жүк жетектіде-демпфердің жеңіл және жылдам ауысуы, жұмыс істегенде тербелістің болмауы, траверстердің ұстамы мен бастарының жағдайы; көтеру винттері мен гайкаларының жағдайы мен майлануы, жүк көтергенде винт жүрісінің жеңілдігі;

гидравликалық жетекте-поршеньнің жұмысы кезінде бағыттаушы стақан мен штоктың арасындағы ең аз саңылау, бағыттаушы стақанның жағдайы, букстегі бағыттаушы стақанның немесе топсадағы штоктың үйкелмеуі немесе тұтықпауы; шектеуші күштің жағдайы, ауа желдеткішінің жағдайы, тежеуіштің жұмысы кезінде немесе тежеуіштен босатқанда қатты тербелістердің болмауы (поршень астында ауа жиналғандығына байланысты);

пневматикалық жетекте-поршеньдердің жеңіл орын ауыстыруы, сақтандырушы тежеуіш цилиндрінің демпферлік серіппелерінің жағдайы және тежеуіштен босатқанда поршеньнің цилиндрдің жоғарғы қақпағына ұрылмауы;

серіппелі-пневматикалық жетекте-аталғандардан басқа серіппелер мен тіреу дисктерінің жағдайы;

4) тежеуіш жүктердің жағдайы; бекітпенің сенімділігі, жүк салмағының есепті салмаққа сәйкестігі, жүктің астында өзге заттардың, судың немесе майдың болмауы.

40. Басқарудың құрылымы:

1) тежеуіш электрмагниттері жұмысының жағдайы мен сенімділігі: жоғары шу мен қызудың болмауы, бекітпе мен жетекті кранмен (клапанмен) жалғас жағдайы, қосу және өшіру дәлдігі;

2) басқарушы крандардың (реттеушілердің, клапандардың) жұмысының жағдайы мен дәлдігі;

гидрожетек үшін-золотниктердің жеңіл ауысуы, штоктардың қисаймауы және олардың өту крандарында тұтығып қалмауы, сондай-ақ үш жүрісті және төрт жүрісті крандарда майдың ағып кетпеуі; жеделдету бачоктары және демпферленетін қондырғылардың жағдайы; қысымды электргидравликалық реттеушінің жағдайы мен жұмысы;

пневможетек үшін-қысым реттеушінің жұмысы: золотник қысымның баяу өзгерісі; реттеуші арқылы ауаның шығуына жол берілмеуі, реттеушінің майды нығыздаушысы жұмысының түзулігі; үш жүрісті кран: майлау сапасы, қисаю және тұтығудың болмауы, ауа шығуының болмауы;

серіппелі-пневматикалық және жаңартылған жүк пневматикалық жетектер үшін-жұмысшы және сақтандырушы тежеудің электр пневматикалық клапандардың жұмысының жағдайы мен түзулігі;

3) басқару тұтқаларының, рычагтар мен тартқыштар жүйесінің, олардың топсаларының, осьтері мен подшипниктерінің жағдайы, шамадан тыс люфттердің немесе тұтығудың болмауы; басқару тұтқаларының өзара блоктау әрекетінің түзулігі.

41. Қосымша жабдығы:

1) гидравликалық жетекті тежеуіш үшін:

гидрожүйедегі майдың саны мен сапасы;

май аккумуляторының плунжерінің жүрісінің шамасы және май сорғыштарының жұмысын басқаратын соңғы ағытқыштардың түзулігі;

шамадан тыс вибрацияның, шудың және май сорғыштарының жұмысы кезінде майдың көп ағуы;

сақтандырушы клапанның жағдайы мен әрекеті;

кері клапанның, жапқыш және алмастырғыш вентильдердің жағдайы мен әрекеті;

май фильтрлерінің түзулігі;

құбыр жүйесінде, келтірмелерде, фланецтерде майдың ақпауы;

біртіндеп толық тежегенде жалпы май жүйесінің жұмысы;

2) пневматикалық жетекті тежеуіш үшін:

компрессордың жалпы жағдайы, тіреу подшипниктер мен майлаудың жағдайы, салқындату жүйесінің түзулігі;

электр магнитті жапқыш қондырғының жағдайы мен жұмысы, жетекші электр магниттің жағдайы, қарсыкүштің түзу орналасуы;

жүйеден ауаның шықпауы, құбырлардың, вентильдердің жағдайы;

ауа жинақтаушының сақтандырушы клапанының жұмысы, клапанда пломбаның болуы;

манометр мен манометрлік реленің жұмысының түзулігі;

3) серіппелі-пневматикалық жетекті тежеуіштер ( 2) тармақшаға қосымша):

серіппелі блоктың ұзын күйіндегі ұзындығының жылдық жөнге келтіруде белгіленген мәліметтерге сәйкесігі;

тежеуіш панелінің ауа майлығындағы майдың болуы және сапасы, майдың ағуының болмауы;

басқару клапандарының жұмыс істеуі (электр магнитті якорьді қолмен көтеру арқылы).
2.8. Редуктор және майлау жүйесі
42. Редуктордың сыртқы қарағанда жалпы жағдайы: іргетасының, корпусының, қақпағының, фланецтерінің, бекіту бөлшектерінің жағдайы; корпусты іргетасқа немесе рамаға бекіту, іргетас болттарының тартылуы.

Серіппе астындағы редукторлар үшін-серіппелі тіреулердің жағдайы және олардың іргетасқа бекітілуі, демпфердің жағдайы, жұмыс кезінде көп тербелістің болмауы.

43. Тісті тіркестердің жағдайы (қарау терезесі арқылы), тістердің бүтіндігі, олардың бетінің жағдайы, майды беруі.

44. Подшипниктер жағдайы: қызып кету мен вибрацияның болмауы; майлау деңгейі мен берілуі.

45. Жұмыс кезінде редуктордың шуы (соққының, қағыстың, қоңыраудың, бүлкілдеудің, шықырдың және тағы басқаның болмауы).

46. Майлау жүйесінің жағдайы:

1) оралықтандырылған-май сорғыштардың, фильтрлердің, клапандардың, вентильдердің, манометрлердің, манометрлік реленің, май құбырлары мен май көрсеткіштерінің жағдайы, жүйедегі қысым шамасы, фильтрлердің жағдайы және майланатын элементтерге май беру, жүйедегі майдың сапасы мен саны;

2) жеке-беру картеріндегі және подшипниктердің корпустарындағы май деңгейі, майдың ақпауы, майлау жүзіктерінің түзулігі, қақпаларының (немесе тығындарының) болуы.



2.9. Жалғастырушы муфталар
47. Қорғаушы қабығының жағдайы және бекітпесі.

48. Болттық жалғастардың жағдайы, серіппелі шайбалар мен контргайкалардың болуы.

49. Муфталардың майлану жағдайы: майлаудың саны мен сапасы, майдың ақпауы, тығыздаушылар мен жалғастырушы болттардың жағдайы.

50. Жалғастырушы муфталардың жұмысы; соққылардың, қағыстың, жоғары шудың, вибрация мен шамадан тыс жылжудың болмауы.



2.10. Тереңдікті мезгегіштер
51. Механикалық тереңдік мезгегіштер:

1) кинематика элементтерінің жағдайы, люфттер мен тұтығудың болмауы;

2) бағыштаушыларды ауыстыру механизмінің түзулігі, тіркеу муфтасы мен саусақтардың жағдайы;

3) элементтерінің жағдайы мен алдын алатын дыбыстық дабыл жұмысы;

4) бағыштаушы көрсеткіштерінің ыдыстардың жағдайына сәйкестігі;

5) бағдарламалық ұшындағы және жол ағытқыштарының жағдайы, бекітпесі және жұмысы;

6) тереңдік мезгегіштері тораптарын майлау жағдайы.

52. Сельсиндік тереңдік мезгегіштері:

1) кинематика элементтерінің жағдайы;

2) тіркеуден ажырау және түзету механизмінің жұмысы;

3) көрсеткіштердің дұрыстығы (келіспеушіліктің болмауы).

2.11. Жылдамдық өлшегіш (тахограф)
53. Элементтер мен тораптардың жағдайы.

54. Көрсеткіштердің жұмысының түзулігі мен сәйкестігі.



2.12. Бөлу қондырғылары
55. Бөлу қондырғылары, ток шамасы 1000 В жоғары:

1) күшті кабельдік желілердің жағдайы: кабельдерде, жалғастырушы муфталар мен ұшындағы жабындыларда механикалық бүлінудің болмауы;

2) бөлгіштердің жағдайы: механикалық бүлінудің болмауы, байланыстағы пышақ беттері мен қозғалмайтын байланыстардың, серіппелер мен изоляторлардың жағдайы, барлық бөлшектердің сенімді бекітілуі;

3) бөлгіш пышақтарының бір мезетте қосылуы және толық қосылғанда изолятор бастарының ұрылмауы;

4) бөлгіш пышақтары мен жетек тұтқасының орналасуы арасындағы сәйкестігі және дабыл блокбайланыстары жұмысының дәлдігі;

5) май ағытқышы өшіп тұрғанда бөлгіштің өшіп қалуына бөгет болатын механикалық блоктаудың дұрыстығы;

6) тоқ изоляторларының, трансформаторлары фарфорының жағдайы, қайталама шынжырлардың және қолданылмайтын орама ұштарының жерлестірілуі;

7) қысым трансформаторлары изоляторының фарфорының жағдайы, бактағы май деңгейі, май құятын тесіктегі тығынның жағдайы;

8) ағытқыш багындағы май деңгейі;

9) май ағытқышы жетегінің жағдайы, жетек жұмысы кезінде люфттер мен тұтықтардың болмауы;

10) еркін тіркеуден ағытылу механизмі жұмысының дәлдігі мен сенімділігі.

56. Ток шамасы 1000 В дейінгі бөлгіш қондырғылары:

1) рубильниктің жағдайы: механикалық бүлінудің болмауы, барлық бөлшектердің сенімді бекітілуі, байланыс беттерінің жағдайы, тұтқа мен пышақтардың орналасуы арасындағы сәйкестігі;

2) сақтандырушылардың түзулігі, ерігіш қыстырмалардың калибрленуі және олардың жүк ауырлығына сәйкестігі;

3) кабельдердің, жалғастырушы муфталар мен ұштағы бітемелердің жағдайы, механикалық қабықтардың түзу жерлестендірілуі;

4) кабель арналарындағы тазалық және онда судың болмауы.

57. Жарылыс қаупі бар бөлгіш қондырғылар (қосымша):

1) қабықтарының жағдайы, бекіту болттары мен оларды тартудың болуы, фланецтер мен қақпалардың қабысу тығыздығы, қорғау жүзіктерінің болуы;

2) тығыздаушы фланецтердің түзулігі, енгізу қондырғысында кабельдерді бекіту және нығыздау жағдайы, қолданылмайтын енгізгіштерде тығындардың болуы;

3) кабель желілерін қысқыштарға қосудың сенімділігі және ішкі сымдар жағдайы;

4) бөлгіштер бар қабық қақпақттарын механикалық блоктаудың түзулігі.

2.13. Электр машиналары
58. Асинхронды (синхронды) қозғағыш:

1) қозғағыштың рамаға сенімді бекітілуі және іргетастың, бекіту болттарының және бақылау сымдарының жағдайы;

2) шығу түзулігі және оларға кабельдің сенімді қосылуы;

3) байланыс жүзіктері беті жағдайы; ұшқынданудың және қозғағыштың жұмысы кезінде щеткалардың вибрациясының болмауы, щетка аппараты элементтерінің жағдайы;

4) подшипниктердің жағдайы, бекітілуі және майлануы, шамадан тыс вибрацияның болмауы және жұмыс кезінде подшипниктердің қызып кетпеуі;

5) электр қозғағышының қызуы, жұмыс кезінде жоғары шу мен гуілдің болмауы.

59. Тұрақты ток қозғағыштары мен генераторлары:

1) рамаға бекіту сенімділігі және іргетастың, бекіту болттары мен бақылау сымдарының жағдайы;

2) шығулардың түзулігі және кабельдердің (шиналардың) оларға сенімді қосылуы;

3) коллектор мен щетка аппаратының жағдайы, жұмыс кезінде ұшқындану мен щеткалардың вибрациясының болмауы;

4) реттеудің жиілік жүйесінің түзулігі;

5) подшипниктердің жағдайы, бекітілуі және майлануы;

6) жұмыс кезінде қызуы, жоғары шудың, гуілдің болмауы;

7) роторлы станцияны желдету.



2.14. Аппаратура және қорғауды басқарудың,

блоктаудың шынжырлары
60. Контакторлық-релелік аппаратураның жағдайы: бекіту сенімділігі, элементтердің түзулігі; катушкалардың, байланыстар мен блок байланыстарының, доғасөндірушілердің жағдайы; желілер мен сымдардың клеммаларға сенімді қосылуы, жұмыс кезінде жоғары гуілдің болмауы.

61. Басқару аппаратының (конроллер немесе командаконроллердің) жағдайы; басқару элементтерінің сенімді бекітілуі, дұрыс және дәл жұмыс істеуі, түзулігі, байланыс (блокбайланыс) жағдайы, майдың деңгейі мен жағдайы (май толтырылған контроллерде).

62. Электрмагниттердің жағдайы: корпусты бекіту және сымдарды қосу сенімділігі, элементтердің түзулігі, қисаюдың, тұтығудың, жоғары қызудың және қосқан кезде гуілдің болмауы.

63. Ұштағы ағытқыштар корпусының және жолдық программалық қондырғылардың бекітілу сенімділігі, жағдайы және жетек қондырғылардың жағдайы мен әрекеті, байланысардың түзулігі және кабель желілерінің (сымдарының) сенімді қосылуы.

64. Роторлық (іске қосуды реттеуші) қарсылықтардың жағдайы: каркасқа бекітілу, изоляторлардың біртұтастығы, ұшқынданудың және жұмыс кезінде шамадан тыс қызудың болмауы.

65. Тахогенератордың, команда аппаратының және жылдамдықты шектейтін өзге элементтердің жағдайы мен бекітілуі, түзу берілуі.

66. Жартылай өткізгіш элементтердің жағдайы.

67. Магниттік және электр машинасының күшейткіштерінің жағдайы.

68. Индукциялық датчиктердің, сельсиндер мен баяулату датчиктерінің жағдайы мен жұмысының түзулігі.

2.15. Электр динамикалық тежеу аппаратурасы
69. Аппаратураның: динамикалық бөлгіштер мен контактордың, реле тобының, реттеуші резисторлардың, аралық контакторлар мен түймешелердің жағдайы.

70. Байланыстардың түзулігі және кабель желілері мен сымдарының сенімді қосылуы.



2.16. Оқпандық дабыл
71. Аппаратура мен дабыл құралдарының жағдайы: арту, апаттық және есік ағытқыштарының, түймешелерінің, дабыл таблосының, қоңырау мен сыбызғының, блоктау және дабыл релесінің, бағыштау мезгегішінің (қадамдық іздеушінің), жұмыс пен көкжиек түзімін ауыстырушылардың сенімді бекітілуі.

72. Келесі әрекеттерге бөгет болатын блоктаудың болуы және түзулігі:

1) түрлі пункттерден бір мезетте дабылдың түсуі (екі немесе одан артық көкжиекте);

2) («адамдар», «габарит емес», «тексеріс») түзімдерінде вагонеткаларды ауыстыру кешені механизмін қосу;

3) қотарушы клеттің немесе скип-клеттің «адамдар» түзімінде түсіруші қисығына енуі.

73. Кез келген көкжиектен тікелей машинистке «тоқта» дабылын беру мүмкіндігі.

74. Кез келген сақтандыру қоршауы ашылғанда машинисттің «тоқта» дабылының жұмысы.

75. Қосалқы және жөндеу дабылы элементтерінің түзулігі.

76. Тікелей телефондық және дауысты байланыстың түзулігі.

2.17. Бақылау - өлшеуіш құралдары
77. Жалпы жағдайы: шкаланың, корректордың және бақылау ендерінің біртұтастығы, құралдардың сыртқы қабығы мен шынысының түзулігі және бекітпесінің сенімділігі.

78. Құралдардың өлшенетін шамалардың жұмыс диапазонына сәйкестігі.

79. Пломбалардың болуы және тексеру мерзіміне сәйкестігі.

80. Құралдардың жұмысы.



2.18. Қорғайтын жерлестендіру
81. Көтерудің электр жабдықтарының оқшаулаудың бүліну нәтижесінде қысым болуы мүмкін барлық металл бөлшектерінің жерлестендірілуі.

82. Жерлестендіретін өткізгіштердің жағдайы (біртұтастығы) және электр жабдықтарының жерлестендірілетін бөлшектеріне сенімді қосылуы.

83. Аппаратураның және ток шығудан қорғау элементтерінің түзу қосылуы және сенімділігі.

2.19. Көтеру ғимараты (машина залы)
84. Үй-жай мен жабдықтың тазалығы.

85. Жылу мен желдетудің түзулігі.

86. Жұмысшы және апаттық жарықтың болуы және түзулігі, жарықтың дұрыстығы (бағыты) және жеткілікті болуы.

87. Электр тогынан зақымданудан қорғайтын құралдардың болуы және түзулігі.

88. Өртке қарсы құралдардың болуы және түзулігі.

89. Қосалқы бөлшектерді, сылау-майлау және өзге материалдардың дұрыс сақталуы.

90. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі плакаттардың, дабыл кестелерінің болуы және сәйкестігі.

91. Көтеру қондырғыларының қозғалыстағы немесе қысым астындағы бөліктеріне қатынауға бөгет болатын қоршаулардың (торшалардың, қалқандардың, қабықтар мен шынжырлардың) болуы және түзулігі.



2.20. Техникалық құжаттама
92. Оның ішінде көтеру үй-жайында ілінуі:

1) тежеу қондырғысының негізгі мөлшерлері көрсетілген тәптіштелген сызбасы;

2) бақылаудағы мөлшерлерімен парашют қондырғысының сызбасы;

3) атқарушы электр сызбалары (түпкілікті, құрастырылған);

4) көтеру қондырғыларының машинистері үшін нұсқаулығы;

5) көтеру қондырғыларының жағдайын тексеретін адамдар үшін нұсқаулығы.

93. Көтеру машиналарында:

1) шахтаның бас инженері бекіткен көтеру жұмысының кестесінің болуы, онда көтеру қондырғысының элементтерін тәулік сайын қарауға қажетті уақыт көрсетіледі;

2) «Көтеру қондырғысын қарау кітабы» («Көтеру қондырғысын қарау нәтижелерін жазу журналы»), «Көтеру арқандарын қарау және олардың шығындары кітабы» («Көтеру арқандарын қарау және олардың шығындары журналы»), «Ауысымды қабылдау және тапсыру кітабы» («Көтеру машиналары машинистерінің ауысымды қабылдау және тапсыру журналы») тігілген кітаптардың (журналдардың) болуы.

94. Тігілген кітаптарда (журналдарда) тиісті жазулардың үнемі және дұрыс жүргізілуі.



3. Сынау көлемі мен әдістемесі
95. Техникалық қарауды орындағаннан кейін көтеру қондырғысы келесідей міндетті көлемде сынау жүргізіледі:

сақтандыру тежеуішінің тұтқадан, апаттық түймеден, механикалық блоктаушы қондырғыларынан (тоқтап тұрған машинада) дәл және сенімді қосылуы тексеріледі;

жұмыс істеп тұрған машинада тежеуіштің әрекеті тексеріледі.

Сақтандыру тежеуіші кезінде қосымша тексеріледі:

көлбеу қазбалардың көтеру қондырғысы үшін-барабандағы арқанды тартуды әлсіретпеу және көтеру сауыттарының арқанға шығып кетпеуі;

бір арқанды үйкеліс шкивті және көп арқанды машиналарда-шкивтің астарына қатысты арқанның таймауы.



3.1. Электр динамикалық тежеу
96. Есепті жүкті төмен түсіру түзімінде тежелмеген машинада ең жоғары жылдамдықта тежеудің сенімділігін сынау (бір арқанды үйкеліс шкивті және көп арқанды машиналар үшін-есепті жүкті көтергенде). Динамикалық тежеуді қосқанда және командаконтроллер тұтқасын әрі қарай бұрағанда машина жайлап баяулап, сүйретілген жылдамдыққа түседі.

97. Көтеру қозғағышының «қотарылмауына» және электр динамикалық тежеудің түрлі түзімдерінде қозудың күшті байланысында қорғаудың қосылуына көз жеткізу.

98. Динамикалық тежеу тогының мәндерінің жылдық жөнге келтірудің белгіленген шамаларына сәйкестігін тексеру.

3.2. Жылдамдықты шектеушілер (айналымдардың орталық релесі)

99. Түзу күйі және қосылу жағдайына тексеру жүргізу.



3.3. Қорғау және блоктау қондырғылары. Асыра көтеруден қорғаудың қосылуын сынау
100. Сауыттарды асыра көтеруден қорғауды сынау:

1) сынауды 0,3 м/с жылдамдықпен жылжу кезінде жасанды асыра көтеру арқылы жүргізіледі;

2) сауытты қабылдаушы алаң деңгейінен 0,5 м биігірек көтергенде (жүк түсіргендегі қалыпты жайы) сақтандырушы тежеуіш қосылады.

Негізгі және қосарлы ағытқыштар кезекпен және жеке-жеке сыналады;

3) қотарушы клеттері бар қондырғыларда қосымша ұштағы ағытқыштардың (негізгі және қосалқы) әрекетінің дұрыстығын тексереді. Клетті адамдарды түсіру-отырғызуға арналған алаң деңгейінен 0,5 м биікке көтергенде, «адамдар» түзімінде сақтандырушы тежеуіш қосылады.

Ұштағы қосалқы ағытқыштар негізгі ағытқыштардан кейін қосылады, алайда сауыттың жүрісі бойында 0,2 м кем емес жолдан кейін арқанның рұқсат етілетін созылымы ескеріледі;

4) асыра көтеруді арттыруға қарай машинаның қосылуына бөгет болатын айналма ауыстырып қосқышының әрекетін бір мезетте тексереді;

5) ұңғылау көтергіштері үшін бекініс жасалып жатқан сәтте оқпанның қазбасына таяп, жұмысшы сөреге 5 м тақағанда қауғаның тоқтауын қамтамасыз ететін блоктау әрекетін тексереді.

101. Арқанды босатудан қорғау:

сынауды көтергіш сауыттар тоқтап тұрған кезде арқанды жасанды босату арқылы жүргізеді (екі тармақ үшін кезекпен);

сақтандырушының қосылуы тексеріледі-1,5 м-ден аспайтын ұзындыққа босатқанда.

Арқанды босатуды арттыруға қарай машинаның қосылуына бөгет болатын айналма ауыстырып қосқышының әрекетін бір мезетте тексереді.

102. Көтеру машинасының апат түймешелерін сынау.

Түймешені басу май ағытқышын өшірумен қатар және сақтандырушы тежеуішті (ауа автоматы) қосу арқылы жүреді.

103. «Тоқта» түймешелерін сынау.

Түймешені басу қорғау шынжырының ашылуына және май ағытқышын (ауа автоматы) өшірмей сақтандырушы тежеуіштің қосылуына әкеледі.

104. «Қосу» түймешесі (қорғау шынжырын өз бетінше қалпына келуден блоктау).

Қондырғы байланыстары қорғау шынжырына оралуы сақтандырушы тежеуішті қосуға әкелген соң және басқару тұтқасының бастапқы қалпына келгеннен кейін сақтандырушы тежеуіштің контакторын (электр магнитін) қосу «қосу» түймешесін басқаннан кейін ғана мүмкін болады.

105. Май ағытқышының жайын блоктау (бас токтың автоматы, ауа автоматы).

Желіден алып тастау сақтандырушы тежеуішті қосумен қатар болады. Сақтандырушы тежеуішті алу (тежеуішті босату) ағытқыш қосылып тұрғанда (автомат) ғана мүмкін.

106. Есікті блоктау.

Реверсор қоршауының есіктерінің ашылуы май ағытқышы мен динамикалық тежеуіш контакторының өшуіне әкеледі.

107. Командааппаратының (командаконтроллердың, сұйықтық реостатының) нөлдік жайын блоктау.

Қорғау шынжырын өшіріп тастаған соң басқару тұтқаларының нөлден басқа барлық жайында қалпына келтіру мүмкін болмайды.

108. Г-Д жүйесінде қозудың жойылмауынан қорғау.

Көтеруші қозғағышының қозу шынжырын тоқтан ағыту сақтандырушы тежеуішті қосады.

109. Өзге блоктау қондырғылары, оның ішінде:

1) реверсорлар контакторларының механикалық және электр өзара блоктау;

2) жылдамдату контакторларының басылып қалуынан және басқару шынжырларында тұрақты оқтың жойылуын блоктау;

3) (орталықтандырылған) майлау жүйесін блоктау;

4) тежеуіш қалыптарын шамадан тыс тозудан блоктау;

5) тежеуіш жүйесіндегі қысымның төмендеуінен блоктау (пневможетек);

6) жұмысшы тежеуіштің цилиндрлерінде қажетті қысым болмағанда сақтандырушы тежеуіштің ағытылуына бөгет болатын блоктау (пневможетек);

7) жұмысшы және сақтандырушы тежеуіш тұтқаларының өзара жайын блоктау немесе жұмысшы тежеуіштің тұтқасының жайын блоктау;

8) тежеуіш жүктің жайын блоктау;

9) сақтандырушы жайдың краны жайын блоктау (пневможетек);

10) барабандарды алмастыру механизмін блоктау немесе фрикциялық дисктердің жылжымауынан блоктау;

11) оқпандық дабылмен байланысты блоктау;

12) осы көтеру қондырғысына тән өзге қорғаулар және блоктау (динамикалық тежеуіш, Г-Д жетек, жарылыс қаупі бар жабдықтар және тағы басқалар).

3.4. Берілген тахограмманы өңдеу
110. Сынауды автоматты және жартылай автоматты басқарылатын көтеру үшін жүргізеді, мұнда тексереді:

1) барлық блоктау және командалық қондырғылар үшін машинаны іске қосуға дайындайтын әрекеттің дұрыстығы (тиеу-түсіру қондырғылары, оқпандық дабыл және тағы басқа);

2) көтеру жұмысы кезінде сауыттарды ең аз және ең көп тиеп машинаны белгіленген жылдамдыққа дейін қыздыру, жұлқыныстардың, іске қосу баспалдақтарын ауыстырғанда шамадан тыс шыңның немесе жекелеген баспалдақтарда елеулі кешігудің болмауы;

3) жүрістің бірқалыпты болуы; сауыттардың жылжу жылдамдығында едәуір тербелістердің болмауын, жұмысшы ток шамасын бақылау;

қозғалыс жылдамдығының шамасы бойынша шынайы сипаттамада қозғағыштың жұмысына, сондай-ақ машинаның айналатын бөліктеріне және сауыттардың қарсылығының артуына көз жеткізу;

4) баяулау, жету, қатып қалу. Бірқалыпты жүрістің аяқталуына белгіні уақтылы және дәл беруді, әрекеттің дұрыстығы мен автоматты тежеудің тиімділігін, жүк түсіруге таяу жылдамдығының шамасын, автоматты жеткенде сызбаның жұмысының дәлдігін, циклдің аяғында сауыттардың уақтылы және сенімді қатып қалуын бақылау;

5) қозғалыстың толық уақыты мен бүкіл циклдің жобаланған немесе іске қосарда белгіленген параметрлерге сәйкестігі.

4. Техникалық қарау мен сынау жүргізуді ресімдеу
111. Техникалық қарау мен сынау жүргізу туралы акт жасалады. Акт нысаны қосымшада келтірілген. Актқа қарау мен сынау жүргізген комиссия мүшелері қол қояды және шахтаның техникалық басшысымен бекітіледі.

112. Қарау мен сынау нәтижелерін шахтаның бас механигі «Көтеру қондырғысын қарау кітабының» («Көтеру қондырғысын қарау нәтижелерін жазу журналының») екінші бөліміне жазады, анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды, шаралар мен оларды жою мерзімін, сондай-ақ орындауға жауапты адамдарды көрсетеді.

113. Қарау мен сынау барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды шахта (кеніш) өз күші есебінен жоя алмайтын жағдайда комиссия кәсіпорын иесіне тиісті жұмысты атқаруға мамандандырылған жөндеу немесе жөнге келтіруші ұйымдарды (бригадаларды) тарту туралы ұсыныс әзірлеп береді.

_________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет