Шахтинск қаласы әкімдігінің 2012 ж



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі427.93 Kb.
#22209
  1   2   3
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2012 ж. «___» _____________
№ _____ қаулысымен   
бекiтiлген      

«Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламенті





  1. Негізгі ұғымдар

1. «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентінде келесі негізгі анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:

1) орталық – шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы «Қарағанды облысы бойынша тұрғыгдарға қызмет көрсету орталығы» және оның бөлімдері;

2) уәкілетті орган – «Шахтинск қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

3) мемлекеттік қызметті алушы – жаттықтырушы, әдіскер, нұсқаушы, спортшы, спорт төрешісі;

4) орындаушы – спорттық разрядты немесе санатты тағайындау туралы бұйрықтан көшірме даярлауға міндеті кіретін Шахтинск қаласы білім беру бөлімінің маманы;

5) ХҚО АЖ - халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған ақпараттық жүйе;

6) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер: уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер және олардың шағын жүйелері.





  1. Жалпы ережелер

2. Осы «Екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» регламенті (бұдан әрі – Регламент) спорттық разряды мен санатын ресми түрде тану мақсатында спорт жаттықтырушыларына, әдіскерлеріне, нұсқаушыларына, спортшыларға және спорт төрешілеріне екiншi және үшiншi разрядтар, бiрiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру тәртібін белгілейді (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет).

3. Мемлекеттiк қызмет осы регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген орталық, мекенжай арқылы уәкілетті органмен көрсетіледі.

4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын 22-1 баптары 2), 3), 4) және 5) тармақщалары, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Заңын 15-2 баптары, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Заңын 29 бабы, Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрінің м.а. 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзу мен шарттарының ережесiн, сондай-ақ жаттықтырушыларға, әдiскерлерге, нұсқаушыларға бiлiктiлiк санаттарын беру ережесiн бекiту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрінің м.а. 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төрешi санаттарын берудiң ережесiн бекiту туралы» бұйрығы негізінде көрсетіледі.

6. Мемлекеттiк қызмет нәтижесi қағаз жеткiзгiште бес жыл мерзiмге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзiндi беру немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелдi жауап болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсетудің барысы туралы ақпаратты осы регламенттің 1 және 2 қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның және орталықтың мекен-жайынан, Шахтинск қаласы әкімдігінің ақпараттық порталынан - www.shahtinsk.kz. және уәкілетті органның ресми сайтынан: www.shahtinsk-edu.gov.kz. алуға болады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпараттың орналасуы:

1) Спорт және дене шынықтыру істері жөнінде Қазақстан Республикасы Агенттігінің интернет-ресурсында: www.mts.gov.kz., «Мемлекеттік қызметтер» тарауы;

2) интернет-ресурс орталығында: www.con.gov.kz.;

3) орталық бөлімдерінде орналасқан, ақпараттың ресми ағымдары мен стендтерінде. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат call-орталық 1414 телефоны бойынша көрсетілуі мүмкін.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi алушы жүгiнген сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте уәкілетті орган мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда ұсынады);

2) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi күтудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң жол берiлетiн ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

10. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

11. Мемлекеттік қызмет:

1) уәкілетті органда белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс, түскі үзіліспен 13.00-ден 14.00-ге дейін, сенбi, жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда;

      2) Орталықтарда мемлекеттiк қызмет еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесіне сай демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден сенбiнi қоса алып, бір сағат түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 19.00 – ге дейін көрсетіледі.

12. Уәкілетті органда келесі негіздемелер бойынша аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

1) Осы регламенттің 16 тармағында қарастырылған құжаттардың толық тізімдемесін ұсынбау;

2) құжаттардағы деректердің дәйексіз болуы және бұрмалануы;

3) спортшыға спорттық атақты беруге құжаттарды ұсыну мерзімінің сәйкес нормативті немесе талапты тапсыру сәтінен бастап алты айдан асып кетуі;

Орталық алушымен осы Регламенттің 16 тармағында қарастырылған құжаттардың бірі ұсынылмаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда Орталық қызметкерімен алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат беріледі.

Өтінімді қарастырудан бас тарту туралы негізделген жауап ұсынылған құжаттардың толық еместігі жағдайында алушыға екі жұмыс күні ішінде, немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзім ішінде беріледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мемлекеттік қызмет алушыдан өтінімді алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет нәтижесін бергенге дейінгі кезеңдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы орталыққа осы регламенттің 16 тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынып, белгіленген нысанда өтініш толтырады;

2) орталық инспекторы құжаттардың толық тізімдемесін тексереді, отінішті тіркейді және орталық бөлімінің жинақтау инспекторына тапсырады;

3) орталық бқлімінің жинақтау инспекторы құжаттар реестрін құрады және уәкілетті органға тапсырады;

4) уәкілетті органның кеңсе қызметкері реестр бойынша толық құжаттар жинағымен мемлекеттік қызмет ұсынуға өтінішті қабылдайды, құжаттарды тіркейді және жауапты орындаушыны анықтайтын уәкілетті органның басшысына қарастыруға ұсынады;

5) уәкілетті органнығ жауапты орындаушысы талаптар тізімдемесіне сәйкес түскен құжаттарды тексереді және олардың толық сәйкестігіне орай мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдейді, спорттық разряд, санатын тағайындау туралы бұйрығына үзінді немесе бас тарту туралы уаж әзірлейді, орталыққа мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды.

6) орталық инспекторы алушыға спорттық разряд, санатын тағайындау туралы бұйрығына бас тарту туралы уажды немесе үзіндіны тапсырады

14. Уәкілетті органдағы мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкерді құрайды.
4. Мемлекетті қызмет көрсету үрдісіндегі іс-әрекет

(өзара іс-әрекет) тәртібінің сипаттамасы.


15. Мемлекеттік қызметті алушы өтінішн бланкін толтырады және осы регламенттің 16 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

Орталықта құжаттарды қабылдау Орталық қызметкерлерімен операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет алу үшін барлық қажетті құжаттарды өткізген кезде алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы келесі түрде қолхат беріледі:

1) өтінімді қабылдау нөмірі және күні;

2) өтінілген мемлекеттік қызмет түрі;

3) қосымша берілген құжаттардың саны және атауы;

4) құжаттарды тапсырған күні (уақыты) және жері;

5) Орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінімді қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

Орталықта алушыға дайын құжаттарды беру Орталық қызметкерімен «терезе» арқылы күн сайын қолхатта көрсетілген мерзім негізінде жүзеге асырылады.

Егер алушы қолхатта көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесіне өтінім жасамаған жағдайда, Орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға табыстайды.

«1 жасөспiрiмдiк разряд спортшысы», «2 жасөспiрiмдiк разряд спортшысы», «3 жасөспiрiмдiк разряд спортшысы» спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы Орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:

      1) осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы ұсыным;
      2) сайыстың бас төрешісімен және бас хатшысымен қол қойылған сайыстың атауы, мерзіміне және оны өткізу орны көрсетілген сайыс хаттамасынан үзінді;

3) осы спорт түрiнен облыстық федерацияның мөрiмен расталған жарыстар хаттамаларының көшiрмелерi;

4) осы Регламенттің 7-қосымшасына сәйкес бас төрешiсiнiң, бас хатшысының қол қойған бокс, күрес түрлерi мен басқа да жекпе-жектердiң нәтижелерi туралы анықтамасы.

«Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы Орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:

1) осы Регламенттің 8-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;
       2) бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжаттардың көшiрмелерi;

3) еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

4) осы Регламенттің 9-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы анықтама («Бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» санатын берудi қоспағанда);

5) осы спорт түрiнен облыстық федерацияның мөрiмен расталған жарыстар хаттамаларының көшiрмелерi («Бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы» бiлiктiлiк санатын берудi қоспағанда);

6) бұрынғы бiлiктiлiк санатының берiлуi туралы куәлiктiң көшiрмесi.

Құжаттар мәліметтері:

жеке тұлға үшiн - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.
      Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәлiметтерiн уәкілетті орган тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесi арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

«Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы» санаттарын беру осы Регламенттің 5-қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлерi лауазымдарына арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:

1) осы Регламенттің 8-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;

2) бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжат;
      3) еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

4) бұрынғы бiлiктiлiк санатының берiлуi туралы куәлiк.

      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы» санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа мынадай құжаттар тiзбесiн ұсынады:

1) осы Регламенттің 8-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы өтiнiш;

2) бiлiмi туралы, бiлiктiлiгiн арттыруы туралы құжаттардың көшiрмелерi;

3) еңбек кiтапшасының немесе жұмыс берушiнiң оны тоқтату күнi мен негiздемесi туралы белгiсi бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушiнiң актiсiнен үзiндiнiң көшiрмесi немесе қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

4) спорт түрiнен федерацияның спортшының соңғы 2 жылдағы жетiстiктерi көрсетiлген, санатын беру туралы мөрмен расталған қолдаухаты;

5)бұрынғы санатының берiлуi туралы куәлiк.

Құжаттар мәлiметтерi:

      жеке тұлға үшiн - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

      «Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер», «Бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер» санаттарын беру осы Регламенттің 5 қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдарының қызметкерлерi лауазымдарына арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
           «Спорт төрешiсi» төрешi санатын беру туралы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы орталыққа Қазақстан Республикасының спорттық жiктегiшiнiң талаптарына сәйкес төрешiлiк практикасы тәжiрибесiн (курстар, семинарлардан өткенiн) растайтын құжатты ұсынады.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) тартылады:

ҚФБ 1 топ:

1) Орталық қызметкері;

2) Орталық жинақы бөлімінің инспекторы

ҚФБ 2 топ

3) уәкілетті орган кеңсе тауарының қызметшісі;

4) уәкілетті органның басшылығы;

5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

18. Әр әкімшілік іс-әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімі көрсетілген кезектіліктің мәтіндік кестелік сипаттамасы және әкімшілік іс-әрекеттердің (процедуралардың) өзара байланыстылығы осы Регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі әкімшілік іс-әрекеттер мен ҚФБ-лердің арасындағы логикалық кезектіліктің өзара байланыстылығын блдіретін сызба осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетуге мүмкін болатын сәйкес түрлер, бланк шаблондары мен басқа ақпарат осы Регламенттің 6, 7, 8, 9 қосымшаларында көрсетілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі.


21. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып уәкілетті органның басшысы және Орталықтың басшысы табылады (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар).

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына және жүзеге асырылуына жауапты болып табылады.


«Екiншi және үшiншi разрядтар,  
бiрiншi, екiншi және үшiншi    
жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты 
нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттiк қызмет Регламентіне 
1-қосымша    

        

Мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі

уәкілетті органының деректемелері




Р/с №

Уәкілетті органның

атауы


Уәкілетті органның заңды мекен-жайы

Жұмыс кестесi


Байланыс телефоны

Электронды мекен-жайы

1.

«Шахтинск қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесi, 101

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8(72156) 55095

www.shahtinsk-krg.gov.kz.

«Екiншi және үшiншi разрядтар,  


бiрiншi, екiншi және үшiншi    
жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты 
нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттiк қызмет стандартына 
2-қосымша   

         

Мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі

халыққа қызмет көрсету орталығының мекен-жайы мен жұмыс кестесі




Р/с №

Орталықтың атауы

Орталықтың орналасқан мекен-жайы

Жетекшінің телефон нөмірі

Электронды мекен-жайы

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

6

1.

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Шахтинск қаласы №1 бөлімі

Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 65б

8(72156) 5-26-32

shahtcon@yandex.ru

Күн сайын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн, түскі асқа бірсағаттық үзiлiспен, демалыс күндері – жексенбі


2.

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Шахтинск қаласы Шахан кентінің №2 бөлімі

Шахан кенті

10-16 квартал, 16



8(72156) 3-20-99

con_shahan@

mail.ru


«Екiншi және үшiншi разрядтар,  
бiрiншi, екiншi және үшiншi    
жасөспiрiмдiк разрядтар, бiлiктiлiгi
жоғары және орта деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi
жоғары деңгейдегi екiншi санатты 
нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары
және орта деңгейдегi екiншi санатты
әдiскер, спорт төрешiсi спорттық
разрядтары мен санаттарын беру»
мемлекеттiк қызмет Регламентіне 
3-қосымша 

Әкімшілік іс-әрекеттердің кезектілігінің әрбір орындау мерзімін көрсетумен әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің кезектілігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы

1 – кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы.

Негізгі процесстің іс-әрекеті (жұмыс барысының, ағымының)

іс-әрекеттер

(жұмыс барысының, ағымының)



1

2

3

ҚФБ атауы

Орталық инспекторы

Жинақ бөлімі Орталығының инспекторы

Уәкілетті орган кеңсе тауарларының қызметкері

Іс-әрекеттің (үрдістің, процедураның, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды қарастыру және жинақтау

Құжаттарды қабылдау және тіркеу

Аяқтау түрі (деректемелер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімгерлік шешімдер)

Жинақ бөлімі Орталығының инспекторына жолдау

Уәкілетті органға қайта жіберу

Уәкілетті орган жетекшілігіне жолдау

Орындау мерзімдері

30 минут

1 жұмыс күні

30 минут


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет