Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты



бет1/3
Дата25.02.2016
өлшемі319 Kb.
#22205
  1   2   3


Ғабит Мүсірепов атындағы

ауданы әкімдігінің

2012 жылдың 21 желтоқсандағы № 457

қаулысымен бекітілді



«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты

нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатураларға анықтама:

1) ауданның дене шынықтыру және спорт мәселесі бойынша жергілікті атқарушы орган - «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2) құрылымдық - функционалдық бірліктер – бұл уәкілетті органдардың, мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдары құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер және олардың кіші жүйелері (бұдан әрі – ҚФБ).


2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ауданның дене шынықтыру және спорт мәселесі бойынша жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган), осы Регламенттің 1, 2 қосымшаларына сәйкес тұтынушының тұрғылықты орны бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша бөлімі (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 22-1 бабының 2, 3, 4 және 5 тармақтарының, «Дене шынықтыру және спорт саласында азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығының, сондай-ақ «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат жергілікті атқарушы органның e-mail: ofks-gm@sko.kz, интернет - ресурстарында, жергілікті атқарушы орган, Орталық фойелерінің стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналасқан.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жеткізгіште 5 жыл мерзімге спорттық разряд немесе санат беру туралы бұйрықтан үзінді (бұдан әрі - үзінді) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға, спортшыларға және спорт төрешілеріне (бұдан әрі - алушылар) спорттық разрядтары мен біліктіліктерді ресми тану мақсатында көрсетіледі.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы жүгінген сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтардың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюро, күту үшін орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стендтер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі (күтуге арналған орындықтар, стенділер) адамдар үшін жағдайлар көзделген.

Спортшыға спорттық атақ, разряд беру үшін құжаттар сәйкесінше нормативтер мен талаптарды орындау сәтінен алты ай ішінде жергілікті атқарушы органдарға және орталықтарға жолданады.

11. «1 жасөспірімдер арасындағы спортшысы», «2 жасөспірімдер арасындағы спортшысы», «3 жасөспірімдер арасындағы спортшысы» спорттық разрядтарын меншіктеу туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы Орталыққа құжаттар тізбесін береді:


  1. осы Регламенттің 3 қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы ұсыным;

2) жарыстың атауы, оны өткізу мерзімі мен орны көрсетілген, жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған хаттамадан үзінді;

3) осы спорт түрінен республикалық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

4) осы Регламенттің 4 қосымшасына сәйкес жарыстың бас төрешісінің және бас хатшысының қол қойған бокс, күрес және басқа да жекпе-жектердің нәтижелері туралы анықтама;

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

«Біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктiлiгi орта деңгейдегi екінші санатты жаттықтырушы» санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызмет алу үшін алушы Орталыққа мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

1) «осы Регламенттің 6 қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;



  1. білімі, біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесі;

  2. еңбек кітапшасының немесе датасы және оны тоқтату негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісімен еңбек шартының көшірмесі немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынасын жасау және тоқтатуды растайтын жұмыс беруші актісінен үзінді немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағаттық анықтама;

  3. осы Регламенттің 7 қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтама («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санатсыз жаттықтырушы» санатын меншіктеуді қоспағанда);

  4. аталмыш спорт түрі бойынша облыстық федерацияның мөрімен расталған жарыстар хаттамасының көшірмесі («Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі санатсыз жаттықтырушы» санатын меншіктеуден қоспағанда);

6) бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәліктің көшірмесі.

Мынадай құжаттардың мәліметі:



жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар мәліметін электронды цифрлық қол қойылған электронды құжаттар үлгісінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған құжаттар көшірмесі мен мәліметтің дұрыстығын түпнұсқамен салыстырады, кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызметті тұтынушыға қайтарады.

«Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы» санатын беру осы Регламенттің 5 қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымы үшін біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

«Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер» санатын меншіктеу (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызмет алу үшін алушы Орталыққа мынадай құжаттар тізбесін тапсырады:



  1. осы Регламенттің 6 қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

  2. білімі, біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесі;

  3. еңбек кітапшасының немесе жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің көшірмесі немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағат анықтамасы;

4) бұдан бұрынғы біліктілік санатының берілуі туралы куәліктің көшірмесі.

Мынадай құжаттардың мәліметі:

алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.

«Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер» санатын беру осы Регламенттің 5 қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымы үшін біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.



Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар мәліметін электронды сандық қол қойылған электронды құжаттар үлгісінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған құжаттар көшірмесі мен мәліметтің дұрыстығын түпнұсқамен салыстырады, кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

«Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы» санатын меншіктеу (және/немесе растау) туралы мемлекеттік қызмет алу үшін алушы Орталыққа мынадай құжаттар тізбесін тапсырады:


  1. осы Регламенттің 6 қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

  2. білімі, біліктілігін арттыру туралы құжаттың көшірмесі;

  3. еңбек кітапшасының немесе датасы және оны тоқтату негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісімен еңбек шартының көшірмесі немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынасын жасау және тоқтатуды растайтын жұмыс беруші актісінен үзінді немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтен тұратын мұрағаттық анықтама;

  4. мөрмен расталған соңғы екі жылдағы спортшының жетістіктерін көрсетумен санат меншіктеу туралы спорт түрлері бойынша республикалық федерацияның қолдау хаты;

  5. алдындағы біліктілік санатын меншіктеу туралы куәліктің көшірмесі.

Құжаттар мәліметі:

алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.

«Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер» санатын меншіктеу осы Регламенттің 5 қосымшасына сәйкес дене шынықтыру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымы үшін біліктілік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын құжаттар мәліметін электронды сандық қол қойылған электронды құжаттар үлгісінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Орталық қызметкері мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған құжаттар көшірмесі мен мәліметтің дұрыстығын түпнұсқамен салыстырады, кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызметті тұтынушыға қайтарады.

«Спорт төрешісі» төрешілік санатын беру туралы мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы Қазақстан Республикасының спорттық біліктілік талаптарына сәйкес төрешілік практикасы тәжірибесін растайтын құжатты Орталыққа жеткізеді.

12. Орталық арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш бланкілерін толтыру талап етілмейді.

13. Орталықта құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда Орталық қызметкерлерімен жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттар тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі:



1) сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

2) сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы жүзеге асырады.



Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін жергілікті атқарушы органға береді.

16. Жергілікті атқарушы орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

1) осы Регламенттің 11 тармағында көрсетілген толық құжаттар тізбесін тапсырмауы;

2) құжаттарда жалған немесе бұрмаланған деректер анықталса;



3) спортшыға спорттық атақтарды беру құжаттарын тиісті норматив немесе талаптар орындалған сәттен бастап алты айдан асып кеткен мерзімде ұсынылса.

Осы Регламенттің 11 тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін алушы тапсырмаған жағдайда Орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Орталық қызметкерімен құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсетумен қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін белгіленген мерзімде немесе құжаттарды толық тапсырмаған жағдайда екі жұмыс күні ішінде алушыға өтінішті қарастырудан бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.

17. Мемлекеттік қызмет алу үшін алушыдан өтініш алған мерзімнен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беруге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа жүгінеді;

2) Орталық инспекторы өтінішті қабылдайды, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, осы Регламенттің 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі алушымен толық ұсынылмаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартылады, алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсетумен қолхат береді. Құжаттар топтамасы толық болған жағдайда өтінішті тіркейді, алушыға құжаттарды беру күні көрсетілген қолхат береді және Орталықтың жинақтау бөліміне тапсырады;

3) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинайды және жергілікті атқарушы органға тапсырады;

4) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы Орталықтан құжаттарды қабылдайды және жергілікті атқарушы органның басшысына қарауға тапсырады;

5) жергілікті атқарушы органның басшысы ұсынылған құжаттарды қарайды, құжаттарды жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысына жолдайды;

6) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексереді, спорттық атақтар, разрядтар (бұдан әрі - Комиссия) бойынша комиссияға қарауға жолдайды;

7) Комиссия ұсынылған құжаттарды қарастырады. Комиссия отырысында қарастыру кезінде спорттық атақтар, разрядтар және спорт бойынша соттық санат беру туралы немесе спорттық атақтар, разрядтар және спорт төреші санатын беруге ұсынылған құжаттарды қарастырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

8) жергілікті атқарушы органның басшысы Комиссияның хаттамасы негізінде Комиссия отырысы өткен күннен үш күн ішінде спорттық атақтар немесе спорттық разрядтар беру туралы бұйрық шығарады;

9) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы үзінді не электрондық құжат үлгісінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және жергілікті атқарушы органның басшысына қол қоюға жібереді;

10) жергілікті атқарушы органның басшысы үзіндіге не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және жергілікті атқарушы органның жауапты маманына жібереді;

11) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және Орталыққа жолдайды;

12) Орталық инспекторы алушыға үзінді не электрондық құжат үлгісінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер (өзара әрекеттестік) тәртібінің сипаттамасы
18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық – функционалдық бірліктер қатысады (бұдан әрі – ҚФБ):

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) жергілікті атқарушы органның жауапты маманы;

4) жергілікті атқарушы органның басшысы;

5) жергілікті атқарушы органның жауапты орындаушысы;

6) спорттық атақтар, разрядтар беру бойынша комиссия.

19. Әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (процедураларының) бірізділігі мен өзара әрекетін мәтіндік кестелік сипаттау әр әкімшілік әрекеттің (процедураның) орындалу мерзімін көрсетумен осы Регламенттің 8 қосымшасында келтірілген.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің қисынды бірізділігі арасындағы өзара әрекетті көрсететін сызба осы Регламенттің 9 қосымшасында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын жергілікті атқарушы органның, Орталықтың басшылары, лауазымды тұлғалары, Комиссия мүшелері (бұдан әрі – лауазымды тұлға), мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті сапалы және тиімді көрсетуге, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртібінде белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы олармен қабылданатын шешімдерге және әрекеттерге (әрекетсіздік) жауап береді.



«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

1 қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жергілікті атқарушы орган


Жергілікті атқарушы органның атауы

Заңды

мекенжайы



Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны


«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишимское селосы, Абылай хан көшесі, 19

Күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30, демалыс күндері – сенбі және жексенбі

8(71535)-2-19-44



«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

2 қосымша




Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

халыққа қызмет көрсету орталығы


р/с



Халыққа қызмет көрсету орталығының атауы

Заңды

мекен-жайы



Жұмыс кестесі

Байланыс телефоны

1

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы,

Новоишимское селосы, Ленин көшесі, 7



Күн сайын түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 19.00 дейін, демалыс – жексенбі

8(71535)2-22-19


«Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша



Нысан

 

ҰСЫНЫМ

Атақ

Түрлі түсті сурет (2 дана) 3,5 х 4,5

Спорт түрі

 

тегі, аты, әкесінің аты (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады)

Туған күні

Ұсынып отырған өңір (облыс, қала)

Ведомство

Спорт мектебі

Оқу, жұмыс орны

Білімі

Дене шынықтыру білімі

Спортпен шұғылдану өтілі

Үйінің мекенжайы

Алдыңғы атағы

Атақ берілген немесе расталған күн

 

 

Спортшыны даярлаған жаттықтырушының Т.А.Ә.

Жаттықтырушылық санаты

 

 

Бастапқы дене шынықтыру ұйымы

 

Басшы ________

МО

Күні 20__ жыл «__»___

Дене шынықтыру және спорт басқармасы (облыс, қала)

 

Басшы ________

МО

Күні 20__жыл «__»___

Аталған спорт түрінен Қазақстан Республикасының федерациясы

Басшы ________

МО

Күні 20__жыл «__»____

 

 

 

 

 

 

 

Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20___ жыл «___» ________

 

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)

Орындаған күні (күні, айы, жылы)

Жарыстардың атауы

Жарыс дәрежесі, санаты

Көрсеткен нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төреші лауазымы

Төрешінің Т.А.Ә.

Қала (ел)

Төрешілік санаты

Бас төреші

 

 

 

Бас хатшы

 

 

 

Аға төреші

 

 

 

 

Атақ беру туралы белгі

Жауапты тұлға (Т.А.Ә.)

Лауазымы

 

 

 

Бас тартудың себебі және тәртіп бұзушылық туралы белгі

жіберілген күні 20___жыл «______»___________


  «Екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiншi жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттарын беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша



Нысан

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет