Шакен ауылдық кітапханасы
Шакен ауылы (бұрынғы Төртпішен ауыл советі) 1928 жылғы дейін И.Меңдіханов атындағы ауыл советі, 1928 жылдан кейін Қызыл ақырап колхозы болып атанды. Жұлдыз ауылына жаңадан үйлер салынып, бой көтере бастады. Сауатсыздықты жою мақсатында алдымен мектеп ашылды. 1963-1997 жылдар аралығында кәсіптік-техникалық училище, мәдени мекемелер ашылды, сауда орындары салынды. Ауыл тіршілігі күннен күнге жандана түсті. Жұлдыз ауылы «Жұлдыз» қой өсіру кеңшары болып аталады да, орталығы Қарасу болып аталады. Мәдениетті көркейту мақсатында 1973 жылы 1 тамызда Жұлдыз ауыл советі жанынан бір бөлме бөлініп, кітапхана ашылды. Кітапхана Шакен ауылдық кітапханасы болып аталды. Ең алғаш кітапханашы болып 500-дей кітап қорымен Рахимова Маншүк Әдиетқызы еңбек етті. М.Адиетқызы 1973-2000 жылдар аралығында қызмет етті. Сол кезде кітап қоры 500-ден 4900-ге дейін толықтырылып отырған.
2000-2006 жылға дейін жас маман Омарова Айнагүл келеді. Ол өз ісіне тиянақты, жоспарлы түрде барлық шараларын орындап отырды. 2006 жылдан бастап Койшекенова Нұрсауле жұмыс істейді. Қазіргі таңда кітап қоры 9482. Кітапхана іші таза, талапқа сай безендірілген, кітап қоры ББК кестесі бойынша жинақталған. 500-ге тарта оқырманы бар. Кітапханада мерекелік күндерге, даталы күндерге шаралар оздырылып отырады. Мыс: «Елбасы жолдау – халықтың қолдауы» атты тақырыбында кітап көрмесі, «Табиғат-сенің досың» ақпараты, Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауы кеңінен насихатталып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |