"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет регламенті



Дата03.07.2016
өлшемі72.03 Kb.
#175580
Павлодар облысы Железин ауданы
әкімдігінің 2012 жылғы 5    
желтоқсандағы N 403/11 қаулысымен
бекітілді          

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды
жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін
тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау"
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес Железин ауданының селолық округі әкімі аппаратымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетіледі.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы).
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1119 қаулысымен бекітілген "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:
      1) жұмыс күндері белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
      2) қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама немесе қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:


      1) мемлекеттік қызметті алу үшін жүгіну 5 жұмыс күнін құрайды;
      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты уақыты 30 минуттан аспайды.
      9. Мемлекеттік қызметті алушының стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға бас тартуға негіз болады.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау уәкілетті органның бір маманымен жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі
әрекеттер (өзара қызметтер) тәртібін сипаттау

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.


      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мынадай құрылымдық-функционалды бірліктер (бұдан әрі – бірліктер) қатыстырылған:
      1) уәкілетті органның маманы;
      2) селолық округтің әкімі.
      14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір бірлік бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін кесте осы регламентке 3-қосымшада көрсетілген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды адамдардың жауапкершілігі

      16. Укілетті органның лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздік) үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік жүктеледі.



"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерге    
тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
және үйлеріне кері тегін тасымалдауды   
ұсыну үшін құжаттар қабылдау"     
мемлекеттік қызмет регламентіне    
1-қосымша            

Железин ауданы селолық округі әкімі аппараттарының тізімі

N р/қ

Атауы

Орналасу мекен-жайы

1.

"Ақтау селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Березовка селосы, Ақтау селолық округі әкімі аппаратының ғимараты

2.

"Башмачин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Башмачное селосы, Башмачин селолық округі әкімі аппаратының ғимараты

3.

"Железин селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Әуезов көшесі, 10

4.

"Лесное селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Лесное селосы, Лесной селолық округі әкімі аппаратының ғимараты

5.

"Веселая роща селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Веселая роща селосы, Веселорощин селолық округі әкімі аппаратының ғимараты

6.

"Михайловка селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Михайловка селосы, Михайлов селолық округі әкімі аппаратының ғимараты

7.

"Прииртышск селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Прииртшыское селосы, Прииртышск селолық округі әкімі аппаратының ғимараты

8.

"Еңбекші селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Еңбекші селосы, Еңбекші селолық округі әкімі аппаратының ғимараты

9.

"Озерный селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

Павлодар облысы, Железин ауданы, Озерное селосы, Озерный селолық округі әкімі аппаратының ғимараты

"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерге    
тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
және үйлеріне кері тегін тасымалдауды   
ұсыну үшін құжаттар қабылдау"     
мемлекеттік қызмет регламентіне    
2-қосымша            

Құрылымдық-функционалды бірліктер
(бұдан әрі – бірліктер) сипаттамасы

Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы)




N р/қ

Іс-әрекеттің (жұмыстың барысы, ағымы) N

1

2

3

4

1

Бірліктердің атауы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның маманы

Селолық округтің әкімі

Уәкілетті органның маманы

2

Іс-әрекеттің (үрдістің, операция процедураларының) аталуы және оның сипаттамасы

Қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу. Қажетті құжаттарды алғаны туралы қолхат беру

Анықтаманың немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындау

Анықтамаға немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды

Мемлекеттік қызметті алушыға анықтаманы немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді

3

Аяқтау түрі (деректер, құжат, ұйымдастыру реттеу шешімі)

Қажетті құжаттарды алғаны туралы қолхат

Анықтаманың немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасы

Анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

Анықтаманы немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап

4

Орындалу мерзімі

30 минуттан аспайды

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні

30 минуттан аспайды

5

Келесі іс-әрекеттің N

2

3

4


"Шалғайдағы ауылдық елді мекендерге    


тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына
және үйлеріне кері тегін тасымалдауды   
ұсыну үшін құжаттар қабылдау"     
мемлекеттік қызмет регламентіне    
3-қосымша            

Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің сызбасы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет