«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi



Дата03.07.2016
өлшемі75.19 Kb.
#175384


Баянауыл ауданы әкiмдiгiнiң

2012 жылғы «21» желтоқсандағы

№ 326/12 қаулысымен   
бекiтiлдi 

       


«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi
1. Жалпы ережелер
1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттiк қызметi бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Баянауыл ауданының кенттер және ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппаратарымен (бұдан әрi – уәкiлеттi органдар) көрсетiледi.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң түрi: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi – тұтынушы) көрсетiледi.

5. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекiтiлген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» стандарты (бұдан әрi – Стандарт) негiзiнде көрсетiледi.

6. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi асқа 13.00-ден 14.00-ге дейiн үзiлiспен, демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, оқу жылы iшiнде, осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiледi.

Қабылдау кезек тәртiбiнде алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз тәртiпте жүзеге асырылады.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі стандартын 2-қосымшасына сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету туралы анықтама немесе қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қойылған талаптар
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат уәкiлеттi органдардың ақпараттық стендтерiнде орналастырылады.

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi мына сәттен басталады:

1) мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн өтiнiш 5 жұмыс күндi құрайды;

2) тұтынушының өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн (тiркеу кезiнде) күтудiң ең көп шектi уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушының өтiнiш жасаған күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ең көп шектi уақыты – 30 минуттан аспайды.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген тұтынушымен құжаттарды толық топтамасын ұсынбауы болады.

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдау уәкiлеттi органның бiр маманымен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi

iс әрекет (өзара iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау
12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін стандартын 5-қосымшасына сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.

14. Уәкiлеттi орган тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етедi.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – бірліктер) қатысады:

уәкiлеттi органның маманы;

уәкiлеттi органның басшысы.

16. Әр әкiмшiлiк iс-әрекеттi (рәсiмдi) орындау мерзiмiн көрсетумен әр бірліктердін әкiмшiлiк iс-әрекеттерiнiң (рәсiмдерiнiң) мәтiндiк кестелiк сипатталуының ретi мен өзара iс-қимылы осы регламенттiң 2-қосымшасында көрсетiлген.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде iс-әрекеттiң және бірліктердін логикалық ретi арасындағы өзара байланысты көрсететiн сызба, осы регламенттiң 3-қосымшасында көрсетiлген.


4. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн

лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысында уәкiлеттi органның лауазымды тұлғалары, олармен қабылданған шешiмдерi мен әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгiленген тәртiпте жауапты болады.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын

балаларды жалпы жалпы бiлiм беру ұйымдарына

және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну

үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне
1-қосымша 

             



Р/с №

Ауылдық округ әкiмi аппараттарының толық атауы

Елдi мекен атауы

Байланыс телефоны

Заңды мекенжайы

Сайттың мекенжайы

1

«Майқайын кеңті әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Ұшқұлын ауылы, Майқайын кеңті

8 (71840)

-21839


140300,Ленин көшесі 35, Майқайын кеңті, Баянауыл ауданы

жоқ

2

«Баянауыл ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Шонай ауылы, Баянауыл ауылы

8(71840)

-91445


140300, Сәтпаев көшесі 49, Баянауыл ауылы, Баянауыл ауданы

жоқ

3

«Шөптікөл ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

ЦЭС ауылы, Шоптыкөл ауылы

8 (71840)

-40200



140300, Баянауыл ауданы, ЦЭС ауылы

жоқ

4

«Ақсан ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жалғыс қайын ауылы, Ақсан ауылы

8(71840)

- 91454


140300 Баянауыл ауданы, Ақсан ауылы

жоқ

5

«Қүркелі ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Шоманкөл ауылы, Қүркелі ауылы

8 (71840)

66041



140300, Баянауыл ауданы, Қүркелі ауылы

жоқ

6

«Жанажол ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Бүркіті ауылы, Жанажол ауылы

8(71840)

-91989


140300, Баянауыл ауданы, Жанажол ауылы

жоқ

7

«Торайғыр ауылдық округ әкімінің аппараты» Мемлекетік мекемесі

Қызылшілік ауылы, Торайғыр ауылы

8 (71840)

61344


140300, Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылы

жоқ

1

2

3

4

5

6

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын

балаларды жалпы жалпы бiлiм беру ұйымдарына

және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну

үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне
2-қосымша              

Құрылымдық-функционалдық бiрлiктiң
(бұдан әрi – бірліктер) iс-әрекетiн сипаттау

Үдерiстердiң әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

1

Iс-әрекеттiң № (барысы, жұмыс ағыны)

1

2

3

4




Бірліктер атауы

Уәкiлеттi органның маманы

Уәкiлеттi органның маманы

Уәкiлеттi органның басшысы

Уәкiлеттi органның маманы

2

Iс-әрекеттiң (үдерiс, рәсiм, операциялар) атауы және оларды сипаттау

Қажеттi құжаттарды қабылдау, тiркеу

Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап жобасын дайындау

Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап жобасына қол қою

Тұтынушыға анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру

3

Аяқтау нысаны  (мәлiметтер, құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiм)

Қажеттi құжаттарды алғандығы туралы қолхат беру

Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап жобасы

Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап

Анықтама немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап

4

Орындау мерзiмi

30 минуттан аспайды

2 жұмыс күнi

1 жұмыс күнi

30 минуттан аспайды

5

Келесi iс-әрекеттiң нөмiрi

2

3

4




«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын

балаларды жалпы жалпы бiлiм беру ұйымдарына

және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну

үшін құжаттар қабылдау»


мемлекеттiк қызмет көрсету регламентiне
2-қосымша              

Мемлекеттiк қызмет ұсыну сұлбасы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет