Шалғындық ҚОҢырбаспен шошқа мал басын азықтандыру



Дата15.06.2016
өлшемі87.5 Kb.
#136964
ШАЛҒЫНДЫҚ ҚОҢЫРБАСПЕН ШОШҚА МАЛ БАСЫН АЗЫҚТАНДЫРУ
Анарбаев Д.,А,. Бақтыбаев М.С., Макенов Т.Е., Кайнашова Е.Ө.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Орманды далалы аймақта табиғи мал азықтық жерлердің орналасуына байланысты шөп жамылғысының сипаттамасы әр түрлі болады.

Табиғи мал азықтық жерлерде құрғақ массасының өнімділігі 6-8 ц/га болатын шалғындық қоңырбас және т.б. басым болып келеді.

Көпжылдық аласа бойлы тамыр сабақты және кейде сирек түптенетін-тамыр сабақты өсімдік, биіктігі 30-60 см, орман және орман-далалы аймақтарда өте кең тараған, құрғақ аңғарларда өте кең тараған, құрғақ аңғарларда, жайылма шалғындарда кездеседі. Толық өсіп-дамуына себілгеннен кейін тіршілігінің 3-4 жылы жетеді; жайылым шөп қоспаларында, бейтарап немесе аз сілтілі реакциясы топырақтарда тіршілігіннің 5-6 жылынан бастап барлық басқа көпжылдық астық тұқымдас шөптерді ысырап шығарады. Мезофильді астық тұқымдас шөптер ішінде ең жақсы жайылымдық өсімдік, барлық малдармен желінеді, мал жайғаннан кейін қайта жақсы жанданады, мал басуын жақсы көтереді және жайылымдарда көп уақыт сақталады.

Кәдімгі аласа бойлы өсімдік-пішен өнімін аз береді, сондықтан көп мерзімде (5-6 жыл) пайдалатын шабындық-жайылым және жайылым шөп қоспаларында қолданады. Шалғын қоңырбас тұқымдары көбінесе көптеген мөлшерде топырақта сақталады, және ол жайылымдарда табиғи түрде өсіп шығады.

Көпжылдық астық тұқымдасына жататын шалғындық қоңырбас шөбінің химиялық құрамы келесі кесте 1-де келтірілген.


Кесте 1. Көпжылдық астық тұқымдасына жататын

шалғындық қоңырбас шөбінің химиялық құрамы %




Дақыл

Химиялық құрамы %

100 кг азықтың құрамында, кг есебімен

протеин

ақуыз

май

жасұ-нық

АЭЗ

күл

Қорыт. протеин

Қорыт. ақуыз

Аз. өлше

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Шалғын-дық қоңырбас

8,5

-

1,9

32,0

40,9

5,8

4,3

-

49,4

Шалғын-дық қоңырбас

7,9

-

3,0

29,4

38,3

7,8

3,9

-

47,7

Жоғарыдағы кесте 1-де қарап отырсақ, төмендегі кесте 2-де көрінгендей, үлгі алынған орны Ақмола облысының солтүстік аудандары соның ішінде Ақмола облысы Чистопольский ауданы болып есептеледі. Желтоқсан айында азыққа сипаттама берсек, онда ол өсімдіктің гүлдену кезінде. Чистопольский ауданындағы көрсеткіштерді Еңбекшільдерский ауданы көрсеткіштерімен салыстырсақ, онда протеин мөлшерінен Чистопольский ауданы 0,6 пайыз жоғары болса, май мөлшерінен 1,1 пайыз төмен болды. Еңбекшільдерский ауданы жасұнық мөлшерінен 2,6 төмен болса, АЭЗ мөлшерінен де 2,6 төмен көрсетті. Ал күлдің мөлшерінен 2,0 жоғары көрсеткішке ие болды.

Орманды далалы аймақта табиғи мал азықтық жерлердің орналасуына байланысты шөп жамылғысының сипаттамасы әр түрлі болады.

Табиғи мал азықтық жерлерде құрғақ массасының өнімділігі 6-14 ц/га болатын шалғындық қоңырбас және т.б. басым болып келеді.

Рельефтің төменгі бөлігінде шалғынды жер болып келетін далалық, аймақта кең тараған табиғи мал азықтық орманды далалы аймақ орналасқан және ылғалды далалық шабындықтар және жайылымдар. Бұл жерлерде мезофильді де, ксерофильді өсімдіктер кездеседі; шалғындық қоңырбас. Құрғақ масса өнімділігі 6-14 ц/га.

Өте бағалы көпжылдық шөптің бірі 100 кг көк шөбінде масақ салғанда 24 – 25 азық өлшемі, 3 – 4 кг сіңімді протеин болады. Қазақстан таулары мен өзектерінде өседі.

Шалғындық шабындықтардың көп бөлігі Қазақстанның басқа өзендерінде және ағындарында кездеседі, сонымен қатар көлдер маңында, төменгі бөліктерде.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының солтүстігі орманды далалы аймақтың оң бөлігінде орналасқан, топырақ жамылғысы-жоғары қышқылды, оңтүстік қара топырақ, шалғындық-қара топырақ және орманды сұр топырақ.

Кәдімгі қара топырақта орналасқан астық тұқымдас әр түрлі шөпті шабындықтар мен жайылымдар (өнімі 9-12 ц/га).

Көпжылдық астық тұқымдасына жататын шалғындық қоңырбас шөбінің қорытылу коэффициенті келесі кесте 2-де келтірілген.


Кесте 2. Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдастары

шалғындық қоңырбас шөбінің қорытылу коэффициенті.






Азық-тың атауы

Үлгі алған күні

Азыққа сипаттама

Үлгі алынған орны

Қорытылу коэффициенті %

су

протеин

ақуыз

май

жасұнық

аэз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Шал-ғын-дық қоңырбас

Жел-тоқ-сан

Гүлдену кезеңінде жиналуы

Ақмола обл. Чистополь-ский ауданы

10,9

50

-

30

53

64

2

Шал-ғын-дық қоңырбас

Жел-тоқ-сан

Гүлдену кезеңінде жиналуы

Ақмола обл. Еңбекшіл-дер ауданы

13,6

50

-

30

53

64

Жоғарыдағы кесте 2-де көрінгендей, көпжылдық мал азықтық астық тұқымдастары шалғындық қоңырбас шөбінің қорытылу коэффициентіне тоқталсақ, онда үлгі алынған мерзімі желтоқсан айы, үлгі алынған орны Ақмола облысының солтүстік аудандары соның ішінде Ақмола облысы Чистопольский ауданы және Ақмола облысы Еңбекшільдерский аудандары болып саналады.

Желтоқсан айында азыққа сипаттама берсек, онда ол өсімдік гүлдену кезеңі болатын. Чистопольский ауданы көрсеткіштерін, еңбекшільдерский ауданы көрсеткіштерімен салыстырсақ, онда Еңбекшільдерский ауданында су мөлшері 2,7 жоғары болса, қалған көрсеткіштерден екі аудан көрсеткіштер деңгейі бірдей, немесе ешқандай айырмашылықтары жоқ деп айтуға болады. Бұл аймақта орманда, батпақта, жыраларда жанама пайдаланатын мал азықтық жерлер кездеседі, ол жерлердегі өсімдіктер әртүрлі шөптермен, астық тұқымдастармен, т.б. және басқада ылғал сүйгіш өсімдіктермен сипатталады. Ландшафтың типтік аймағы – қайыңдық және қайыңды-орман-бұтақты, ормансыз жазық далалық жерлермен кезектесіп келеді, ондағы орман аумағының мөлшері 30 – 40 %.

Аймақтың солтүстік шалғынды далалық игерілмей сақталып қалған бөлігінде астық тұқымдастар әртүрлі шөптер және әртүрлі шөпті-астық тұқымдастар агрофитоценозы қалыптасқан, әр түрлігіне бай тек бір айырмашылықтары, шөп отындағы өсімдіктердің басымдылығында: астық тұқымдастары немесе әр түрлі шөптер. Астық тұқымдастарынан бұл жерде жіңішке жапырақты қоңырбас және т.б.

Бұл даланың ең жақсы шөп оты жыл сайын шабылады, содан кейін жайылым ретінде пайдаланылады.

Аймақтың оңтүстік бөлігінде шалғындық дала орта қара шірікті кәдімгі қара топырақтарында өте құрғақ беделі әртүрлі шөптерге бай далаға ауысады.


Минералды заттарға келетін болсақ, 1 кг азық құрамындағы кальций мен фосфор мөлшері(г) келесі кесте – 3 - де келтірілген.
Кесте – 3. Көпжылдық астық тұқымдас шалғындық қоңырбас гүлдену кезеңінде орып жинап алынған шөбінің 1 кг құрамындағы кальций мен фосфор мөлшері (г).




Азықтың атауы

Үлгі алынған уақыты

Азыққа сипаттама

Үлгі алынған орны

Су %

1 кг азық құрамында, г

кальций

фосфор

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Шалғындық қоңырбас шөбі

Қараша

Гүлдену кезеңінде

Ақмола обл. Чистополь-ский ауданы

10,9

4,54

1,51

2

Шалғындық қоңырбас шөбі

Қараша

Гүлдену кезеңінде

Ақмола обл. Еңбекшілдер ауданы

13,6

4,36

1,50

Жоғарыдағы кесте 3-де көрінгендей, көпжылдық астық тұқымдас шалғындық қоңырбас гүлдену кезеңінде орып жинап алынған шөбінің 1 кг құрамындағы кальций мен фосфор мөлшеріне тоқталсақ, онда үлгі алынған мерзімі қараша айында болып есептелініп, гүлдену кезінде жиналып, Ақмола облысы Чистопольский ауданы және Ақмола облысы Еңбекшілдерьский аудан көрсеткіштерімен салыстырсақ, онда Еңбекшільдер ауданында судың мөлшерінен 2,7 пайыз жоғары болса, 1 кг азық құрамында кальций мөлшерінен 1,8 г төмен болды. ал Чистопольский ауданы 1 кг азық құрамында фосфор мөлшерінен 0,1 г жоғары болғаны анықталды.

Көп жылдық шөптердің түбірі түптену кезінде онша дамымайды (үстіңгі бөлігінен тезірек болғанымен) және 15 см дейін тереңдікке кетеді.

Күзде оның тереңдігі 80 – 120 см, келесі жылы 150 см жетеді, тіпті одан да тереңге бойлайды. Өсу жылдамдығы мен түбір жүйесінің тереңге кетуі көп жылдық шөптерде әртүрлі болады, олар жер бетілік (шалғындық қоңырбас) , орташа тереңге кететін, терең түбір салатын болып бөлінеді.

Көп жылдық өсімдіктер қайта жақсы көктейтін өсімдіктердің бірі болып – шалғындық қоңыр бас есептелінеді.

Ерте пісетіндігіне қарай көп жылдық шөптерді төрт топқа бөлуге болады. Тым тез пісетіндер (эфемеропдтар). Олар ұрық байлауды сәуір-мамырда аяқтайды (шалғындық қоңырбас).

Көк балауса өнімі ауа-райы жағдайына және топырақ құнарлығына байланысты гектарына 2-ден 30 ц-ге дейін өзгереді.

Солтүстік Қазақстан облысында шошқа малының санының 90,4 пайызы жеке қосалқы шаруашылық иелерінің қолында, және көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шалғындық қоңырбаспен азықтандыруы өте нашар.

Сол себепті шаруа қожалығы «Молшылық» шошқа өсіру фермасында жануарларды мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шалғындық қоңырбаспен азықтандыру тиімділігі бойынша ғылыми-өндірістік тәжірибе жұмысы жүргізілді.

Жүргізілген зерттеу жұыстарының алға қойылған мақсаты:

1. Жануарларды мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шалғындық қоңырбаспен азықтандыру тиімділігі нәтижесінде олардың өнімділігі деңгейіне әсерін мұхият зерделеп, анықтау.

Ғылыми жаңалығы; Еліміздің солтүстік өңірінде шошқаларды мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шалғындық қоңырбас шөбімен азықтандырудың нәтижесінде тәулігіне 580 – 600 грамм қосымша салмақ қосып және өсімтал торайлардың 6,5 – 7,0 айлық жасында тірілей салмағы 100 кг-ға жетіп, 20 – 21 ц шошқа етін өндіруіне мүмкіншілік тудыруы.

Шошқа өсіру фермасында жазғы уақытта аталық қабандар және ересек, ірі аналық мегежіндерді 100 кг көк балауса құрамында орта есеппен 49,4 а.ө. және гүлдену кезінде 11,2 % жуық қорытылатын протеині бар шалғындық қоңырбас көк балаусасымен азықтандырылады.

Жазғы мерзімде мал азықтық көпжылдық астық тұқымдас шалғындық қоңырбас көк балаусасымен тәулігіне бір бас шошқа малын азықтандыруда, (тәулігіне бір басқа кг есебінен).:


Аталық қабандар; 4 – 6

Бойдақ буаз мегежіндер; 6 – 8

Торайын емізетін мегежіндер; 6 – 10

2 – 4 айлық жасындағы торайлар 1 – 2

4 айдан асқан торайлар үшін; 4 – 5
Жаңа шабылған көк балаусамен шошқа мал басын азықтандыруда, аталық қабандарды тәулігіне әр басына 4 – 6 кг-нан, бойдақ және буаз мегежіндерді 6 – 8 кг-нан, торайын емізетін мегежіндерді 6 – 10 кг-нан, 2 – 4 айлық жастағы торайларды 1 – 2 кг-нан, ал 4 айдан асқан торайлар үшін 4 – 5 кг-нан азықтандырылды.

Көк балаусаны шошқа малдары сүйсініп жейді.

Ал қысқы уақытында азықтандыруда, мал азықтық шалғындық қоңырбас пішенінің өңделген ұнымен алмастырылады.

Шошқа өсіру фермасында арнайы орнатылған «Вольгар – 5» шөп ұсақтатқыш машинасы бар.

Тәжірибе фермасында арнайы орнатылған «Вольгар – 5» шөп ұсақтатқыш машинасымен ұсақтап, содан көпжылдық астық тұқымдас шалғындық қоңырбас пішенін ДКУ типті дән уатқышта ұнтақталған ұнын буландырып, алдын-ала өңдеуден өткізілгеннен кейін басқа да азық қоспаларымен араластырылып, даяр болған азық қоспасы құрамында көпжылдық астық тұқымдас шалғындық қоңырбас пішенінің өңделген ұны да бар.

Біржылдық мал азықтық шалғындық қоңырбас дақылының қоректілігі де жоғары, әрі оларды шошқа малдары сүйсініп жейді.

Қыс мерзімінде басқа құрама жеммен араластырып, азық қоспасымен азықтандырылады.

Көпжылдық мал азықтық шалғындық қоңырбас пішенінің ұнымен араласқан, азық қоспа құрамы келесі кесте 4-де келтірілген.

Кесте – 4. - Азықтандырудың типіне, энергетикалық қоректілігіне

байланысты шошқаларға арналған мәзірінің құрылымы, ( %, пайыз есебімен)




Малдар тобы

Қыс кезінде

Жазда

Құрама жем

Шөп ұны

Құрама жем




өсімдік тектес

Жануарлар және микробиол

Тамыр- түйнек

өсімдік тектес

Жануарлар және микробиол

көк балауса

1

2

3

4

5

6

7

8

Жемді типті азықтандыру

Мегежіндер: Бойдақ және буаз

70-75

-

15-20

5-10

85-90

-

10-15

Торайын емізетін

75-80

5

10-15

5

85-90

5

5-10

Қабандар

80-85

5-10

2-10

5

85-10

5-10

5-10

2-4 айлық торайлар

80-85

5-10

10-15

2

85-90

5-10

3-8

Тұқымдық торайлар

75-80

5

15-10

5

80-85

5

15-10

Ет үшін бордақыланатын шошқалар

82-87

3

7-12

3

85-90

3

7-12

Сақа браққа шыққан шошқалар

90-95

-

5-10

-

90-95

-

5-10

Жоғарыдағы кесте – 4-де көрінгендей, жазғы мерзімде тәжірибе фермасындағы шошқа мал саны көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шалғындық қоңырбас көк балаусасымен азықтандырылса, ал енді қыс мерзімінде көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шалғындық қоңырбас шөп ұнымен араласқан, азық қоспасымен тәжірибе фермасындағы шошқа мал санын азықтандырудың нәтижесінде тәулігіне 580 – 600 грамм қосымша салмақ қосып және өсімтал торайлардың 6,5 – 7,0 айлық жасында тірілей салмағы 100 кг-ға жетіп, 20 – 21 ц шошқа етін өндіруіне мүмкіншілік тудыруы.




Әдебиет:

      1. Можаев Н. Н., Әрінов Қ. К., Нұрғалиев А. Н., Можаев А. Н. Шалғындық қоңырбас // Мал азығын өндіру. ( Оқулық ) Алматы, « Дәуір », 2011 ж, - 504 бет.

    1. Мартовицкая А. М. Сено болотное, лиманное, лесное // Химический состав и питательность кормов Северного Казхахстана, - Алма-Ата – «Кайнар» - 1976 г. – 130 с.

    2. Сиволап В. Н., Бактыбаев М.С. Технология производста свинины в условиях домашних и фермерских хозяйств Северного Казахстана // Рекомендация для фермерских хозяйств и личного подворья, - Петропавловск – 2002 г – 52с.

    3. Таңатаров А. Б., Атабайұлы А., Таңатаров М. А. Шошқаларды азықтандыру. // Шошқа шаруашылығы – Алматы. – 2005. - Б.130 - 192.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет