Шарықты селолық округі әкімі М.Т.Садуакасовтың халыққа есеп беру жиынында сөйлейтін сөзінің тезисі.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Біз Жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы» деген болатын.
Шарықты селолық округіне 2014 жылға бюджетте қаралған 12827 мың теңге қаржысы әр сала бойынша өз мақсаттарына жұмсалып толықтай игерілді.
Қазырғы таңда округқа қарасты төрт елді мекен, 16 қыстақта барлығы 1006 халық тұрады. Жалпы халық санының 570-і экономикалық белсенді халық. Жалпы округ бойынша жер көлемі -186932 га, жайылым – 175076 га.
Шарықты селолық округінде 4 мектеп, 1ФАП, 3 кітапхана, 1 мешіт, 1 пошта халыққа қызмет етеді. Сонымен қоса 34 шаруа қожалығы, 13- кәсіпкер жұмыс жасауда. 2014 жылы 5- кәсіпкер жаңадан ашылды, 1-наубайхана, 3-дүкен, 1-шеберхана және 1 шаруақожалығы қосылды.
I.Әлеуметтік сала. ЖШС «Алтайполиметаллы» мекемесінде барлығы 300-ге тарта адам жұмыс істесе, біздің округтан 110 адам жұмыс істеп, еңбек етуде. Селолық округте үш участкелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Участкелік полиция инспекторлары селолық округ әкімі аппараты және «Алтайполиметаллы» ЖШС-гі мекемесімен бірлесіп, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс шаралар өткізіп тұрады.
Шарықты селолық округі әкімі аппаратымен «Алтайполиметаллы» ЖШС-гі мекемесі тығыз байланыста болып, қоян-қолтық жұмыс жасауда, осы өндіріс мекемесінің басшылары ауылға жалпы окугқа қол ұштарын беріп көмек көрсетуден аянбайды, ауыл іші жолдары және Егіндібұлақ – Теректі тас жолы уақытылы қардан аршылып, жол үнемі болып тұрады.
II. Мәдениет саласы Наурыз мерекесінде «Ұлыс оң болсын» атты мәдени іс-шара өз деңгейінде аталып өтілді, салтанатты жиын, ауыл жастарымен концерттер ұйымдастырылды. Футбол, волейбол және стол теннисінен жарыстар өткізілді.
Қасиетті қарт қала Қарқаралының 190 жылдық мерей тойына округ атынан үш киіз үй тігіліп, «Арнаш», «Желтау», «Әділ», «Серік», «А.Мустафин», «Бағылан», «Жанар», «Қорғадыр», «Зинар» шаруа қожалықтары басшыларының қаржылай көмегімен «Туған елім» қорына 700 мың теңге қаражат салынып, басқада шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлер, округтағы барлық мектеп, мекеме ұжымдары бірлесіп шараның жоғары деңгейінде өткізілуіне ат салысты.
III. Денсаулық саласы Округтегі ФАП қызыметкерлері арқылы жоспарлы медициналық алдын - алу шаралары ойдағыдай жүзеге асырылуда. Ана мен бала өмірін сақтау, туберкулез ауруына қарсы күрес үнемі назарда бақылауда. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасына сәйкес ауылға Қарағанды қаласының жылжымалы дәрігерлік комплексі, оның ішінде кордиолог, генеколог, стоматолог, окулист, УЗИ дәрігері, терапевт, лаборант, рентгенолог мамандары медициналық көмек көрсетті.
2014 жылы округ бойынша 12 нәресте дүниеге келді. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Осы сала бойынша 2014 жылдың 20 ақпанында Қызылшілік елді мекенінің тұрғыны 1982 жылы туылған Қуатов Бақтияр науқастанып, оны округі әкімі аппаратымен Егіндібұлақ селосының жедел жәрдем бөлімінің дәргерлерімен бірлесе дер кезінде емханаға жеткізді. 25 ақпан күні Шөптікөл елді мекенінде 6 жасар қыз бала Қысметолла Айзере ауырып «Пси конструктион» мекемесінен жол тазалайтын техникадан көмек сұралып, науқас дер кезінде емханаға жеткізілді. Осыған орай «Пси конструктион» мекемесінің басшыларына жас баланы аман -есен емханаға жеткізуге жасаған жақсылықтары үшін алғыс білдіреміз!
VI.Егін шаруашылығысаласы Биылғы жылы округ бойынша 550га. жерге Желтау, Зинар шаруа қожалықтары дәнді дақыл сеуіп өнім алды, оның ішінде 260 га. бидай, 290 га. арпа дақылы.
VII. Шағын және орта бизнес саласы бұл салада біршама жұмыстар атқарылды. 2014 жыл басынан бастап 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы бөліміне Теректі елді мекенінен несие алып кәсіпкерлікпен айналысамын деген 3 азамат өз өтініштерін беріп, құжаттарын тапсырды. Кәсіппен айналысып жүрген дүкен иелеріне дүкендерін заңдастыру жөнінде ескерту жасалынды. Отбасын асырау мақсатында халыққа қызмет көрсетіп отырған монша иелеріне пайдаланып отырған моншалардың санитарлық талапқа сай болуын және кәсіпкер болып тіркеліп, заңды түрде жұмыс жасалуы сұралды.
Биылғы жолдауда Елбасымыз «мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көңіл бөлу керек, олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс», деп атап көрсетті. Осыған орай жұмысқа қабілетсіз, 2-ші топтағы мүгедек Е.Ризадинге қолдау жасалып, әлеуметтік жұмыспен қамту бөлімінің көмегі арқылы қайтарымсыз несие беріліп, ағайын- туыс, ауылдастарының көмегімен шыны бөтелкеден шағын шеберхана салды. Бұл шеберханада қайыс қолдан иленіпжәне ер тоқым шабылуда. Ат әбзелдері (қамшы,жүген, құйысқан, өмілдірік т.б) әзірленіп, сатылуда. Болашақта қол ұшын созып көмектесетін адамдар арқылы әлді іс машинасын алып, жылы етіктер мен тымақтар тігу жоспарлануда.
VIII. Мал шаруашылығы саласында Бұл сала бойынша бір шама жұмыстар атқарылды, округ бойынша 4966 ірі қара, жылқы 1118 бас, 5298 бас қой, 2126 бас ешкі, 2620 құс бар. Ветеринариялық профилактикалық шараларға ірі қара малынан бруцеллезге серологиялық зерттеу бойынша 2146 бастан қан алынды, қой-ешкі серологиялық зерттеу бойынша 2666 бастан қан алынды, оның ішінде 75 бас ірі қара малы бруцеллезге шалдыққан болып шықты, ет өңдеу кәсіпорнына жөнелтілді. «Аудандық ветеринариялық станциясы» мекемесіне қаңғыбас иттерді жою бойынша сұраныс беріліп қаңғыбас иттер жойылуда, Ірі қара малдарын бірдейлендіру жұмыстары сырғаның болмауына байланысты тоқтап тұр, ұсақ мүйізді қой- ешкі малдары 3578 бас бүгінгі күнге сырғаланды, бекітілген жоспар 100% орындалынып, 95312 теңге атрибуттар құнына салынды.
Қызылшілік елді мекенінің тұрғыны С.Құрманжанов «Казагроконсалтинг» арқылы несиеге МТЗ-85 тракторын алды.
Ағымдағы жылдың мауысым айындағы Аудан әкімінің орынбасары Б.Тоқмурзиннің хатына сәйкес, өздеріне тиесілі жерлерін тиімді пайдаланбай отырған және малдарын шаруа қожалық атына тіркемей отырған шаура қожалығы басшыларына ескертпе хаттар жолданды. Шарықты селолық округі бойынша 2014 жылдың 1 шілдесіне 10 шаруа қожалық басшылары малдарын шаруа қожалығы атына тіркетті, олар «Жігер», «Мирас», «келдібек», «Зинар», «Қыран», «Ерсін», «Оркен», «Шалқар», «Қойшыбай», «Найзақара», барлығы 353- бас ірі қара, 500 -бас қой-ешкі, 57- бас жылқы малдары.
«Жігер» шаруа қожалығы пайдаланбай отырған 341 га. жер учаскесін, «Жұлдыз» шаруа қожалығы 75 га. және «Саумалкөл» шаруақожалығы 1476 га. жер учаскелерін мемлекетке мемлекетке заңды түрде қайтарды.
2014 жылы Шарықты селолық округі бойынша «Қойшыбай» ШҚ-ғы Сыбаға бағдарламасы бойынша 26 миллион теңге несие алып 140 бас аналық және 5 асыл тұқымды бұқа сатып алып жұмысын жалғастыруда сонымен қоса «Бағылан» ШҚ-ғы 4 миллион 2 жүз мың теңге несие алып 24 бас аналық сатып алды. «А.Мустафин» ШҚ-ғы Сыбаға бағдарламасы бойынша 14 миллион 700 мың теңге несие алып 84 бас аналық сатып алуда. «Оркен» ШҚ-ғы Құлан бағдарламасы бойынша 4 миллион несие алып 15 бас жылқы сатып алды. 2014 жылы «Серік» шаруа қожалығы мал басын асылдандыру бағытында 2 бас асыл тұқымды бұқа, 1 бас аналық сатып алды. «Арнаш» шаруа қожалығы 4 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.
2015 жылы істелетін жұмыстар.
1. Әлеуметтік – мәдени саланы дамыту:
1.1. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасымен кәсіпкерлікпен айналысып жұмыс істеймін деген адамдарға несие алуларына көмек жасап жаңадан жұмыс орнындарын ашуға, өзін-өзі қамтыған адамдардың және жұмыссыздардың тұрақты жұмыспен қамтылуына жұмыс жасау.
1.2. «Қазақстан 2050» бағдарламасында көрсетілген «Басты міндет-кедейшіліктің өсуіне жол бермеу» мақсатында округ бойынша кедейшілік деңгейін қазіргі 0,83 %-дан азайту.
1.3.Азық – түлік бағасын өсірмеу үшін жеке кәсіпкерлермен меморандумға отырып үнемі қадағалап отыру.
1.4. Көш-қон мәселесіне анализ жасап, бақылауға алу, атқарылатын жұмыстар бойынша жоспар құру.
1.5. 2015 жылға орта мектеппен бірігіп, мәдени-спорттық іс шаралар жоспарын жасау. Дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген мәдени іс-шаралардың ауқымын кеңейту.
1.6. Спорт залдың мүмкіндігін толық пайдалану, спорт инвентарь алуға қаржы қарастыру.
1.7. Мешіт үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді округ тұрғындары мен ұйымдастыру.
1.8. Қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру, ақсақалдар алқасы, ардагерлер және әйелдер кеңесі, жастар тәрбиесі, қоғамдық тәртіп, мәдени – көпшілік шараларды өткізуде учаскелік полиция қызметкерімен бірігіп жұмыс жасау.
2. Көгалдандыру, тазалық жұмыстары:
2.1.Шөптікөл, Қызылшілік, Айыр елді мекендерінің күл-қоқыс қалдықтарын шығаруды ұйымдастыру, мекемелердің алдына ағаш көшеттерін егуді ұйымдасырып, сембіліктер мен ауылды күл қоқыстан тазалауды ұйымдастыру.
2.2. Көшені жарықтандыру және қосымша жарықтандыру жұмыстарын дамыту.
2.3. Ауылымыздағы «Жеңіс» саябағына қолдаушылар арқылы жөндеу жұмыстарын жасау.
3. «Қазақстан 2050 бағдарламасы»:
3.1. «Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу» мақсатында 3 шаруа қожалығын, 1 дүкен, 1 наубайхана, 1 жанар – жағар май станциясы, 1 дөңгелек және көлік жөндеу шеберханасын, 1 үлкен монша ашуға жағдай жасау сонымен қоса тойхана ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізіп іске қосу.
3.2. Дүкендерінің жер құжаттарын заңдастыру және тіркету, аулаларын абаттандыру.
3.3. Ұялы байланыс жүйесін іске қосуға жұмыс жасау.
4. Білім беру саласы:
4.1. «Қазақстан 2050» жаңа бағытын ескере отырып ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеу бағытында оқушылардың терең білім алып орта мектепті толық аяқтап шығуына, мамандықты дұрыс таңдау оның ішінде ауыл шаруашылық және тау-кен мамандықтарын таңдауына үгіт – насихат, тәрбие жұмыстарын жүргізу, ұлттық біріңғай тестіге дайындықты күшейту.
4.2. Орта мектепке Интернет жүйесін қосуға жұмыс жасау.
5.Денсаулық саласы:
5.1 ФАП-мекемесіне жөндеу жұмыстарын жасап, мамандардың сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету, ана мен бала өлімін болдыртпауға жұмыстар жасау.
6 Байланыс саласы:
6.1. Байланыс жүйесін жаңартып, сандық АТС орнатуды аяқтау.
7. Ауыл шаруашылығы саласы:
7.1. «Қазақстан 2050» бағдарламасының алтыншы міндетінде қаралған фермерлік пен шағын және орта бизнесті» жүзеге асыру бағытында жұмыстар жасау.
7.2. Шағын бизнес субьектілеріне кредит алу бойынша жағдай жасауға жұмыс жасалады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал алу, бірдейлендіру, жаңа инновациялық жобалар, ауылға инвестиция тарту, мал басын асылдандыру, егін шаруашылығын дамыту, көп жылдық шөп егу, малдарын шаруа қожалықтарына тіркемей отырғандарды тіркету, жалға алған жерлерін тиімді пайдаланбай жүрген шаруашылықтардың бос жатқан жерлерін мемлекетке қайтару секілді жұмыстар жоспарлануда.
7.3. Қызылшілік, Айыр, Шөптікөл елді мекендерінде ауыл тұрғындарын ұйымдастырып, мал сою пункттерін салу. Бұл мәселе бойынша округтан 4 өтініш тіркеліп, тиісті құзыретті органдарға өтініш беріліп, қатынастар жолданды.
7.4. Ветеринарлық, бірдейлендіру жұмыстарын жылдық жоспар бойынша уақытында толығымен орындалуын қадағалау.
7.5. Елді мекендерде мал бағынын ұйымдастыру.
Шарықты селолық округі әкімі М.Т. Садуакасов
Достарыңызбен бөлісу: |