Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: апта семинар сағат



бет1/10
Дата16.02.2024
өлшемі37.15 Kb.
#492178
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.


Алматы технологиялық университеті
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«IK 1101 Қазақстан тарихы»
пәнінен семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулары
(15 сағат)


Алматы, 2022


Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар:


1 апта. 1 семинар. 1 сағат.
1 семинар сабағының тақырыбы: Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі палеолит, мезолит, неолит, энеолит пен қола дәуірі кезеңдеріндегі рухани және материалдық мәдениеттің ерекшеліктеріне, зерттелу мәселесіне жаңаша талдау жасап, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы ауызша баяндау
Семинар сабағының жоспары:
1. Тарихи үдерісті кезеңдерге бөлу.
2. Адамның шығу тегі, тұрмысы мен шаруашылығы туралы тұжырымдар.
3. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тіл мен білім, діннің қалыптасуы.
4. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер.
5. Ежелгі кезеңдегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.


Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуір кезеңдерінің ерекшелігін көрсету. Қазақстан аумағының ландшафтық-климаттық өзгерістер, ежелгі адамдар және олардың даму кезеңдері мен тас дәуірі ескертекіштерінің тарихи маңызын айқындап, осы кезеңді зерттеген ғалымдардың негізгі көзқарастары мен тұжырымдарына кешенді түрде баға беру. Ежелгі кезеңдегі рухани және материалдық мәдениеттің ерекшеліктерін анықтап, әр кезеңдегі өнер мен діни түсініктердің дамуын, ескерткіштердегі антропо және зооморфтық бейнелердің, петроглифтердің ерекшеліктері мен ежелгі адамдардың тілі мен түрлі білімдерді меңгеруін зерттеу еңбектері арқылы кешенді түрде қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Қазақстан аумағындағы ежелгі ескерткіштер мен тұрақтардан табылған археологиялық жәдігерлерді сипаттап, оларды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне ауызша талдау жасалынады. Сонымен қатар алғашқы адамдардың пайда болуы туралы түрлі көзқарастарды сараптап, жазбаша дайындалуы қажет. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, пікірталас, дисскусия жасайды. Ежелгі кезеңде өмір сүрген адамдардың рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктеріне қатысты зерттеу еңбектері мен жаңа көзқарастарға ауызша талдау жасалынады. Өнер мен діннің қалыптасуы мен аймақтық ерекшелігін анықтап, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып картамен жұмыс жасайды. Ежелгі тұрақтардағы табылған материалдық құндылықтарға сараптама жасауды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет