Шаруашылық жүргізу құқығындағы №6 қалалық



Дата06.11.2023
өлшемі33.5 Kb.
#482471
Биялиева А хаттама


Хаттама

06.10.2023ж. Орал қаласы



Шаруашылық жүргізу құқығындағы "№6 қалалық емхана" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Қатысқандар: емхана директоры Ж.Ж. Шайхиев және емхана психологтары


Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:

  1. Емхана психологтарының ағымдағы жұмыс барысындағы туындаған мәселелері және басшылықпен кеңесе отырып, шешу жолдарын табу



Сөйлеушілер:
Емхана психологы А.К. Самарбаева пациенттерді қабылдау базасы Авиценна бойынша алдағы уақытта, психолог қабылдауына келетін пациент дәрігер жолдамасымен келу, жолдамасыз пациентті базаға сала алмайтындығымыз және дәрігерлер психологтың қабылдауына пациентті жібермейтіндігі жөнінде мәселе қозғалды.


Емхана психологы А.Н.Биялиева

  • емхананың жұмысын жақсарту мақсатында жүргізілетін анкета бойынша, пациенттердің анкетаны орындау барысында кері байланыс болмайтындығы жөнінде наразылықтарын білдіруі;

  • 9 ай бойынша ЖТД мен патронаждық медбикеге жүргізілген анкета сұрақтарын, жалпы емхана ұжымы бойынша анкета сұрақтарына өзгерістер енгізу керектігі жөнінде ұсыныс білдіру;

  • Отбасылық дәрігерлік орталығында таңғы анализ алатын кабинеттер, 2 кабинет (жалпы қан анализі кабинеті) мен 7 кабинет (биохимия кабинеті) арасында кезектен шатасу, пациенттер арасындағы дау-дамайдың көп болуына байланысты электрондық талон қою мәселесі қарастырылса;

  • емхана психологының еңбекақысы педагогикалық білімі бойынша жұмыс жасайтын орта білімді әлеуметтік қызметкерлердің еңбекқасымен салыстырмалы түрде қарағанда, еңбекақысының бірдей мөлшерде (87мың-95мың аралығы) алатындығы жөнінде сөз қозғалды;

  • пациенттерді қашықтықтан қабылдау кезінде Авиценнадағы А02.005.000 Консультация: Психолог (2890.01) қызметімен салғанда, 1 айда қанша пациент салатындығымыз жөнінде сұрақ қарастылды;

Басшы күн тәртібіндегі мәселені талқылай келіп қаулы етеді:
І. Психолог маманын жұмысқа қабылдау барысында 08.00-17.00 уақытында жұмыста болып, жұмысқа қабілеттілігін бақылап, тағылымдамадан өтуін дұрыстап қадағалансын.
II. Психолог Д.С.Каресова жұмыстан шығуына байланысты, 1 ай мерзімдік жұмыстан босатылған кездегі қызметі өтеуге психологтардан қарсылық туындамауына, бірауыздан келісуіне байланысты. Каресова Динараға жұмыстан шығуына рұқсаты берілсін.
III. Бос тұрған 2 штаттық психолог қызметіне қызметкер алыну жөнінде айтылды.
IV. Айтылған мәлелелер, ұсыныстар хаттама түрінде әкелінсін.
Жиналыс хатшысы: Биялиева А.Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет