Тақырыбы: Бағалаудың басқа түрлері
Қорқыт ата атындағы қызылорда университеті
Жаратылыстану институті
Орындаған: Байболат Ә.Т. Тобы: М-22-21 Жоспар: - ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
- ӨЗІН–ӨЗІ БАҒАЛАУ
1. Диагностикалық бағалау жүйесі - Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың алғашқы сабағында жүргізіледі.
- Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
- оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
- оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерінкөре білу қажеттілігі.
Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
Диагностикалық бағалаудың мақсаты :
Диагностикалық бағалау мұғалімге оқушының сұранысы бойынша оқу жоспарын өзгертуге немесе алдағы уақытта оқып- үйренуде туындайтын қиындықтарды жеңуді болжауға көмектеседі.
Диагностикалық бағалаудың бірінші буыны - оқушының бір тақырыпты, курсты оқығанға дейінгі жинақтаған білім қорына немесе дағдысы мен құзіреттілігінің деңгейіне сүйеніп, оның білім алу деңгейін алдын ала сараптау (алдын-ала тест алу). Бұл жұмыс мұғалімге жаңа тақырыптың қай бөлігінде оқушыға қиындық туындайтынын анықтауға және бұл қиындықтарды болдырмау қадамдарын жоспарлауға көмектеседі.
екінші буыны - жаңа тақырып бойынша оқушының білімін, іс-әрекеті мен дағдысын, құзіреттілігін тексеру болып табылады. Мұғалім тестілеуді тақырыпты оқудың соңында жүргізіп, оқушы өтілген тақырыпты қаншалықты дұрыс қабылдағанын, құзіреттіліктерді меңгеру дәрежесі туралы ақпараттар алады.
Педагогтар алдын-ала тест алудың мақсаттарының тізбегін анықтады:
- алғашқы білім мен тәжірибенің диагностикасы;
- алғашқы білім мен тәжірибенің өзектілігі;
- алғашқы білім мен тәжірибенің проблемалылығы;
- оқушылардың өз дайындық деңгейлерін өздігінен бағалауы;
- оқушының көзқарасынан пәннің маңызды аспектісін бөліп қарау;
- оқылатын тақырыпқа қызығушылық туғызу;
- оқытылатын тақырыпқа оқушылардың күтуін туындату.
2. Өзін–өзі бағалау. - Соңғы жылдары өзінің тиімділігін танытып отырған формативті бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
- Өзін-өзі бағалау – өзіне-өзі баға қоймаумен, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі. Ол тапсырманы орындау үдерісі сипаттамасымен, яғни оның оң және теріс жақтары, әсіресе, ұпайлармен тығыз байланысты.
Мұғалім оқушыға өзін-өзі бағалаудың төмендегідей алгоритмін ұсына алады:
1. Тапсырманы орындауда нені жасау қажет?Мақсат қандай болды? Қандай нәтиже алу қажет болды?
2. Нәтиже алу мүмкін болды ма? Шешу жолы, жауабы табылды ма?
3. Тапсырманың барлығын дұрыс орындады ма, әлде қателер жіберді ме?
4. Толығымен жеке орындады ма, әлде біреудің көмегіне сүйенді ме?
Қорытынды: - Әр мұғалім сабақ барысында оқушылардың кез-келген сабақтың соңында міндетті түрде қандай әсер алғанын анықтау үшін рефлексия жасатып, оны стикерге жазып ілдіру, эссе жазғызу, "Екі жұлдыз, бір тілек", «Қосу, алу, қызықты», «Білемін, үйрендім, білгім келеді...» әдістерін және смайликтерді қолдану арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіп отыруы қажет. Мектеп тәжірибесінде жеке тұлғаның шегініс жасау арқылы күнделікті әрекетіне бағалау жасайтын жеке бас күнделігінің болуының да маңызы зор. Бұл күнделіктің ересек жастағы оқушылардың дамуы мен өсіп-жетілуі жөнінде көп мәліметтер берері сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі: - 1. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.
- 2. Бобков Н.Е., Контроль за усвоением учебного материала //Советская педагогика. – 1984. - №9. - С.53-56.
- 3. Громова Т.Г. Не оценивать, а мотивировать // Управление школой. –2005. – 16-30 ноября (№22). – С. 23-25.
Достарыңызбен бөлісу: |