Шеберді саусағы асырайды



Дата26.04.2023
өлшемі439.05 Kb.
#472807
түріСабақ
толықтауыш

Шеберді саусағы асырайды

Толықтауыш

Бүгінгі сабақта

  • 7.1.1.4 мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыру арқылы негізгі ойды анықтау;
  • 7.2.1.1 әдеби тіл нормаларын сақтай отырып, өлеңдерді сюжетті мәтінге айналдыру
  • Толықтауыш тұрлаусыз мүшелердің бірі
  • Толықтауыш пен баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін атаймыз. Мысалы: Жазда ауылға барамын.
  • Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.
  • Толықтауыштың сызбасы ------------

Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері

Толықтауыштың сұрақтары

мысалдар

Тура толықтауыш табыс септігінде

Кімді? Нені?

Атамды көрдім

Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес септігінде

Кімге ? Неге?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?

Ертең қалаға барамыз
Досымда керемет кітап бар
Әкемнен сұрандым
Мұғаліммен тапсырма орындадық

1- тапсырма тура толықтауышты бір бағанға жанама толықтауышты бір бағанға бөліп жазыңыз


Даланы, қаламмен, мені, ағамды, мектепте, сыртта, бағаға, әдіспен, ешкімге, көлді, қарындасым кітап оқыды, білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез, мақсатты орында.

Тура толықтауыш

Жанама толықтауыш

2-тапсырма Мәтіннен толықтауыштарды табыңыз.


Жалқаугүл мен Іскергүл
Ертеде бір Жалқаугүл мен Іскергүл деген екі қыз болыпты. Жалқаугүл еш шаруа істей алмайды. Ал Іскергүл болса, барлық шаруаны шапшаң істейді екен.Бір күні Іскергүл шелегін алып, құдыққа суға барады. Су алып жатқанда шелек құдықтың ішіне түсіп кетеді.Ол шелекті алуға құдыққа түссе, судың ішінде бір қария отыр екен. Ол қария қызға айтады: сен енді маған қызмет ет содан кейін шелегіңді әкетесің дейді. Іскергүл келісіп, қарияның ұсынған тапсырмасын орындайды. Жыртылған киімдерін жамайды, тамақ пісіреді, төсегін мамықтан салып береді. Пісіп тұрған нанды алып, қарияға тәтті тағам дайындап береді. Сөйтіп үйге кететін күні жақындайды. Іскергүл қарияға айтады: ата мен бүгін үйіме кетемін дейді. Қария Іскергүлге ризашылығын білдіріп, шелегіне гауhар тас салып береді де, Іскергүлді үйіне жібереді.Үйіне жете бергенде, үйінің алдынан тауықтар шығып, алақай, алақай! Іскергүл келе жатыр қолында шелегі бар, ішінде бір уыс гауhар тасы бар деп айқайлайды. Далаға жүгіріп Жалқаугүл де шығады. Оған бар болған жағдайды баяндап береді. Біраздан соң Жалқаугүл жылап, шелегін алып, құдыққа барады. Шелекті суға лақтырып жібереді де,өзі құдыққа түседі.Шашы таралмаған, үсті басы кір қызды көрген қария шошып кетеді. Ата, менің шелегім түсіп кетті соны алуға келіп едім дейді.Қария тағы тапсырма береді. Берген тапсырманы орындай алмайды. Нан пісірейін десе, қолын күйдіріп алады. Тамақты дәмсіз пісіреді. Сөйтіп кетерде қария оған шелегіне мұз салып береді. Ол жылап үйіне қайтып келеді.
(https://erketai.kz/ertegiler-alemi/ertegi-zhalkaugul-men-iskergul/)

3- тапсырма Өлеңнен толықтауыштардың астын сызыңыз, өлеңді сюжетті мәтінге айналдырыңыз



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет