«Шемонаиха ауданының 2014 жылғы 3 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы»



Дата22.02.2016
өлшемі72.5 Kb.
#1210


«Шемонаиха ауданының 2014 жылғы 3 айындағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы»

АҚПАРАТ


  1. Өнеркәсіп

2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданда 8,59 млрд.теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарылды, ол өткен жылдың деңгейіне 106,6%. Табиғи көлем индексі 108,4% құрады.

Аудандағы өнеркәсіптің негізгі үлесін тау-кен өнеркәсібінің саласы құрайды (61,3%), өткен кезеңде 5,26 млрд.теңге сомаға өнім өндірілген, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2% аз. Әрекеттегі бағада табиғи көлем индексі – 93,8%.

Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 35,4% құрайды. Салада 3,04 млрд теңге сомаға өнеркәсіп өнімдері өндірілген, ол 2013 жылға қарағанда 132,3% құрады. Салалар бойынша ТКИ – 149,8%.


  1. Ауыл шаруашылығы

Тірідей салмақта 1023 тонна (105,4%) ет, 7712 тонна (100,2%) сүт, 1383 мың дана (102,1%) жұмыртқа өндірілді.

ІҚМ мал басы 31454 бас (102,0 %), қой және ешкі- 14771 бас (106,4 %), шошқа – 21587 бас (100,5%), жылқы – 3101 бас (102,8%), құстар – 62502 бас(100,3%) құрады.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне ауданда 333 шаруа қожалықтары, 43 ЖШС, 1 КС, 1 ӨК ( 1.01.2013 жылға 401 ШҚ, 41 ЖШС, 1 КТ, 2 ӨК), ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушылардың саны шағын шаруа қожалықтарын ірілендіруден 68 бірлікке қысқарды.

Ауданда 222,9 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері бар, оның ішінде 139,9 мың гектар егістік жер, 65,1 мың гектар жайылым, 17,87 мың гектар табиғи шабындық.

Аудан шаруашылығында 40-тан астам егін кешендері бар, оның ішінде 13 ипорттық өндіріс. Ағымдағы жылы ылғал сақтау технологиясы бойынша егістікті 39 мың га дейін жеткізу жоспарлануда.

2014 жылы егінге 95,0 мың га сүдігер жыртылды. Күздік дәнді дақылдар 2,5 мың га жерге егілді, оның ішінде: қарабидай 2,2 мың га, күздік бидай 0,3 мың га.

Бекітілген құрылымға сәйкес, 2014 жылы дәнді дақылдарға 82,0 мың га (111%) жер берілді. Майлы дақылдарды 38,4 га алаңға егу жоспарланған, оның ішінде күнбағыс – 36,8 мың га, рапс 1,5 мың га, сонымен қатар зығыр 600 га.

2014 жылы егу үшін 17100 тнна тұқым қажет. 2014 жылдың 1 сәуіріне «Казагрекс» АҚ 17060 тонна тексеруге берілді, оның 16470 (96,5%) тоннасы тексерілді. Оның ішінде сұрыптық сапасы бойынша: 1 репродукция 1742 тонна (10%), 2 репродукция – 2635 тонна (16%), 3 репродукция – 920 тонна (5%), 4 репродукция – 744 тонна (4%), 5 репродукция – 1579 тонна (9%).

Жаппай репродукциялы тұқымдардың негізгі бөлігі бидайдың Кутулукская сұрыбына, қарақұмықтың Сумчанка сұрыбына және бұршақтың Таловец 55 сұрыбына келеді.

Ағымдағы жылдан бастап ауданда 1,2 және 3 репродукциялы бидай, арпа, сұлы және күнбағыс шығаратын 5 тұқым шаруашылығы жұмыс істейтін болады, ол ауыл шаруашылық құрылымдарына жергілікті өндірушілерден сапалы тұқым алуға мүмкіндік береді.

Егіс науқанын жүргізу үшін ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарының теңгерімінде әр түрлі 1225 трактор, 400 автокөлік, аспалы құрал-жабдықтардың толық жиынтығы бар.Егін техникаларын жөндеу толық аяқталды. Ауыл шаруашлық техникасын жаңарту жоспар бойынша өтуде, тек 2013 жылы 44 бірлік техника сатып алынды, оның 9 бидай жинау комбайндары (оның ішінде 5 бірлігі ипорттық өндіріс), 2 «Макдон» шөп шабатын машина, 23 әр түрлі трактор.Ағымдағы жылы аудан шаруашылықтары 119,0 млн.теңгеге 17 бірлік техника сатып алынды.

Ауданға көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 3000 тонна дизельдік жанармай қажет, оның 500 тоннасын ауыл шаруашылық құрылымдары аудан және обылыс нарығынан алды, 2700 тонна жеңілдік бағамен бөлінді, Павлодар МХЗ әкелетін операторлар анықталды.

Топырақтың құнарлығын және ауыл шаруашылық дақылдардың шығымдылығын көтеру үшін ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары 1392 тонна минералды тыңайтқыш алуға өтініш білдірді (2013 жылы – 1227 тонна), 2014 жылдың 1 сәуіріне 640 тонна минералды тыңайтқыш алынды. 97,4 тонна көлемінде егінді арам шөпке қарсы өңдеуге гербицидтер сатып алынды.

3. Шағын бизнес

Ауданда 235 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2013 жылғы деңгейге 101,3% (232 бірлік).

Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны – 162 (жалпы көлемнен 68,9%, 2013 жылғы деңгейге – 108% (150 бірлік). Оның ішінде белсенділер саны – 138 бірлік ( 2013 жылғы деңгейге 95,8%). Бөлшек сауда айналымының көлемі 1685,1 млн.теңге, 2013 жылғы деңгейге 110,6%.

4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешендер
Бағалауды есепке алғанда негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 1 813,7 млн.теңгені құрады, өткен жылғы кезеңге қарағанда 115%. Табиғи көлем индексі – 113,1 %. Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 624,4 млн.теңге, 2012 жыл деңгейінен 2 есе көп.

Тұрғын үйді қолданысқа енгізу есептік кезеңде жалпы ауданы 2251 шаршы метрді құрайды (113,0%).


  1. Бюджет

2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында жеке табыс бойынша аудан бюджеті 112,1% орындалды, жоспар бойынша 261,5 млн.теңге, нақты түскені 293,3 млн. теңге (өткен жылғы деңгейге қарағанда 108%).

2014 жылдың 1 сәуіріне аудан бюджеті бойынша берешек –

0,5 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 млн.теңгеге төмен (2013 жыл – 1,1 млн.теңге).

Қосымша табыс көздерін анықтау бойынша іс-шаралар өткізу барысында келесі іс-шаралар жүргізілді:


  1. Алгоритм іс-шараларын орындау бойынша ақпаратты ұсыну мерзімі жөнінде мәліметтер дайындалды

  2. Мүлік салығы бойынша қосымша резервтерді іздеу жөнінде жұмыс тобы ұйымдастырылды

  3. Аудан әкімі орынбасарының басшылығымен 3 отырыс өткізілді

Резервтерді іздеу жөнінде жұмыс 8 тапсырма бойынша жүргізіледі.

2014 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша қосымша түсім 2,9 млн.теңге немесе 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 млн.теңгеге көп.

8 тапсырмадан 4 бойынша резервтер анықталды:

1. Есепке алынбаған жұмысшыларды анықтау – 0,73 млн.теңге, 7 төлеуші төлемге тартылды.

2. Көлік құралдары салығы бойынша резервтерді анықтау – 2,0 млн.теңге.

3. Мүлік және жер салығы бойынша резервтерді анықтау – 0,02 млн.теңге.

4. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша резервтер анықтау – 0,14 мың теңге.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,3% орындалды, жоспар бойынша 780,9 млн.теңге, игерілгені 775,1 млн.теңге, шоттағы қалдықтар 5,8 млн.теңге.

6. Халықты жұмыспен қамту
2014 жылдың қаңтар-ақпан айларында орташа номиналды еңбекақы 89260 теңгені құрады. Аз қамтылған азаматтар саны 837 адамды құрады (2014 жылдың 1 қаңтарына 837 адам).

2014 жылдың 1 тоқсанына ресми тіркелген жұмыссыздар саны 262 адам, ол 2013 жылғы деңгейден 22 % жоғары (2013 жылдың 1 тоқсанына - 214 адам). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздар санының өсуі ИРЗК ЖШС (Первомайский к.) жұмысшыларының босатылуы есебінен болды – 56 адам, оның ішінде жұмыспен қамту қызметіне 30 адам өтініш білдірді. Талданып отырған кезеңде 54 жұмыс орындары құрылды,(2013 жылдың І тоқсанына – 11 жұмыс орны).

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 39% (2014 жылы – 114 адам, 2013 жылы – 188 адам), тұрғын үй көмегі – 13 % (2014 жылы – 250 адам, 2013 жылы – 288 адам), балалар жәрдемақысы – 36 % (2014 жылы – 86 адам, 2012 жылы – 135 адам) азайған.

Ауданда тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының аясында 2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында келесілерге бағытталған іс-шаралар іске асырылуда:

- әлеуметтік жұмыс орындары – 26 адам, жоспар бойынша 25 адам, оның 6 жастар;

- жастар тәжірибесіне – 10 адам, жоспар бойынша 30 адам.

- жартылай жұмысбасты жалдамалы жұмысшылардың біліктілігін көтеруге – 11 адам, жоспар бойынша 25.


Аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында:

- әлеуметтік жұмыс орындарына – 3 адам;

- жастар тәжірибесіне – 3 адам.

Қоғамдық төленетін жұмыстарда 82 адам қатысты. Жұмыссыз азаматтардың 3 тобы «а/ш өндірісінің тракторист-машинисті» (19 адам) және «электргазбен дәнекерлеуші» (10 адам) мамандықтары бойынша оқытылуда.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» аясында аудан тұрғындары 207,8 млн.теңгеге 74 өтініш білдірді. аталған жобалар қаралуда.
7. Білім беру
Орта жалпы білім беретін мемлекеттік ұйымдар желісі 25 бірлікті құрады, оқушылар саны 5102 оқушы.

Балабақшалар саны 8 бірлік, шағын орталықтар – 20 топты қамтитын 15 бірлік. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100 % құрайды, мектепке дейінгі ұйымдарға 0-ден 3 жасқа дейін 320 бала тізімде тұр.

2014 жылы Шемонаиха қ. 280 орынға арналған балабақша құрылысы жалғасуда.
8.Денсаулық сақтау
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 2014 жылдың талданып отырған кезеңінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 жағдайға азайды және 6 жағдайды құрады, (2013 жыл– 7 жағдай); 100 мың тұрғынға 117,4 (55 жағдай), (2013 жылдың қаңтар-наурыз айлары – 152,8 (73 жағдай)). Туберкулездан өлім 1 жағдайды құрады (100 мың тұрғынға 2,1), (2013 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2 жағдай (100 мың тұрғынға 4,2)).

Тиісті кезеңде ауданда ана және бала өлімі тіркелген жоқ.



9. Құқықтық тәртіпті сақтау
2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында аудан аумағында 102 қылмыс тіркелді, ол 2013 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 29,2 % төмен (2013 жылдың қаңтар-наурызы – 144).


Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А. Самойлова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет