Жалпы отырысы



Pdf көрінісі
бет1/26
Дата27.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#481765
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
6сентября23-Мажилис-изд



МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 
Стенографиялық есеп 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ 
ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ 
2023 жылғы 6 қыркүйек 
Отырысты 
Қазақстан 
Республикасы 
Парламенті 
Мәжілісінің 
Төрағасы 
Е.Ж. ҚОШАНОВ жүргізді. 
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Құрметті депутаттар, баршаңызды 
тіркеуден өтулеріңізді сұраймын. Тіркеу режимі қосылсын. 
Нәтижесін экранға беріңіздер. Жұмысымызды бастау үшін қажетті кворум бар. 
Мәжілістің жалпы отырысын ашық деп жариялаймын. 
Құрметті депутаттар, күн тәртібінің жобасы сіздерде бар. Сол бойынша 
сұрақтарыңыз бар ма? 
ОРНЫНАН. Жоқ. 
ТӨРАҒА. Онда күн тәртібін дауысқа қоямын.
Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» – 88, «жақтағандар» – 88. 
Күн тәртібі бекітілді. 
Енді күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға көшейік. 
Алғашқы екі мәселе бір-бірімен байланысты. Сондықтан олар бойынша ортақ 
баяндама жасауды ұсынамын. Қарсылық жоқ қой? 
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 
Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке 
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін 
(Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» негізгі Заң жобасы және «Қазақстан 
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе Заң жобасы бойынша қорытынды 
әзірлеу жөнінде. 
Сөз Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы депутат Такиев Мәди Төкешұлына 
беріледі. 
ТАКИЕВ М.Т. Рақмет. 
Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті әріптестер! Аталған заң жобалары Мәжіліске 
Парламент депутаттарының бастамашылығымен 2023 жылғы 29 маусымда енгізілді. 


МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек 

Стенографиялық есеп 
Заң жобалары Президенттің жолдауларында берілген кейбір тапсырмаларының 
жүзеге асырылуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
Сонымен бірге осы заң жобалары аясында салық саясатын және салықтық 
әкімшілендіруді жетілдіруді көздейтін нормалар қарастырылған. 
Ілеспе заң жобасында «Азаматтық процестік және Әкімшілік рәсімдік-процестік 
кодекстерге, сонымен қатар «Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтар 
туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. 
Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобалары бойынша қорытындылар 
әзірлеуге дайын. 
Қолдауларыңызды сұраймын. Рақмет.
ТӨРАҒА. Мәди Төкешұлына сұрақтарыңыз бар ма? 
ОРНЫНАН. Жоқ. 
ТӨРАҒА. Онда қаулыларға жеке-жеке дауыс берейік. 
Бірінші кезекте «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 
туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және 
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 
Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 
бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулы дауысқа қойылады. Дауыс берулеріңізді 
сұраймын. 
Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» – 89, «жақтағандар» – 88, 
«дауыс бермегендер» – 1. Шешім қабылданды.
Келесі кезекте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық 
салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөніндегі қаулыға дауыс 
берулеріңізді сұраймын. 
Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» – 91, «жақтағандар» – 91. 
Шешім қабылданды.
Келесі мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
жолаушыларды 
автомобильмен 
тасымалдау 
саласындағы 
кейбір 
мемлекеттік 
функцияларды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге беру 
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде. 
Сөз Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы депутат 
Нұртай Салихұлы Сабильяновқа беріледі. 
САБИЛЬЯНОВ Н.С. Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті депутаттар! Аталған заң 
жобасы жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік 
функцияларды өзін-өзі реттеуге беруді көздейді. 
Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалы саласында өзін-өзі реттеуді енгізу: 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет