Шемонаиха ауданының қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің есептері. 2012 жыл. Шемонаиха қаласының Әкімі м. Е. Желдібаевтың есебі



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі206 Kb.
#5277
  1   2   3   4
Шемонаиха ауданының қала, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің есептері. 2012 жыл.
ШЕМОНАИХА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ М.Е.ЖЕЛДІБАЕВТЫҢ ЕСЕБІ
Шемонаиха қаласы 18 719 тұрғындары бар аудан орталығы болып табылады, олардың ішінде экономикалық белсенді тұрғындар – 7377 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 3482 адам. Орташа еңбекақы – 63 450 теңге. Облыс орталығына дейінгі арақашықтық 105 шақырым. Округ аумағы–5368 га, оның ішінде қоныстандырылған аймақ – 475 га, ауылшаруашылыққа пайдаланылатын жер – 4161 га.

Ауыл шаруашылығы. 01.11.2011 жылға мал басы – ІҚМ – 744 бас, КҚМ (қой, ешкі) – 1348, жылқы – 96, шошқа – 556, құс саны – 4628, омарта – 1166. 2655,7 цент. ет, 10641 центнер сүт өндірілді.

2011 жылы жиналған астық қорытындысы бойынша: дәнді-дақылдар– 370,4 тонна, күнбағыс – 75 тонна, орта астық өнімділігі: дәнді-дақылдар – 13,5 ц/га, күнбағыс – 15 ц/га, орташа өнімділік: дәнді-дақылдар –13,5 ц/га; күнбағыс – 15ц/га.



Өнеркәсіп және кәсіпкерлік. Шемонаиха қаласында 11 өнеркәсіптік кәсіпорын қызмет етеді, оның ішінде 3 ірі, ЖШС – 36, кооперативтер – 4 өнім өндіру көлемі жылына 750 млн. т. астам. 2012 жылғы 01 желтоқсандағы жағдай бойынша қала кәсіпорындарымен 1200 тоннадан астам өнім өндірілді. Тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 1569 адамды құрайды. Қолданыстағылары – 1453. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны екі мың адамнан астам.

Жолдар.

Автомобиль жолдарының жалпы арақашықтығы 120 шақырымды құрайды (140 көшелер мен тұйық көшелер), оның ішінде 45 шақырымы қара-қиыршықтаспен жабылған, 30 шақырымы тротуарлар, темір жолдар 20 шақырым, үш автомобиль көпірлері – Уба өз., Березовка өз., Шемонаиха өз., 7 жолаушылар көпірі. 2011 жылы жол жөндеуге «ШҚО Шемонаиха қаласының әкім аппараты» ММ-не 64 282 мың теңге бөлінді, оның ішінде: 1) ағымды жөндеуге – 11,42 млн., теңге, қара ұсақ таспен жабумен; 2) орташа жөндеуге – 41 млн. теңге, орташа жөндеумен қаланың 2 шақырым көшесі қамтылды; 3) Жолдарды жазғы ұстауға 3930 мың теңге бөлінді, «Востокдорстрой» ҚМКК-мен сомасы 3500 мың теңгеге шарт жасалды, толық игерілді. 4) Жолдарды қысқы ұстауға 8 362 мың теңге бөлінді, шарт «Востокдорстрой» ҚМКК-мен жасалды.



Электрмен жабдықтау «ШҚ Аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-нан жүзеге асырылады. 100 ТП бар, олардың 13-і ірі аралық станциялар, 12 ІТП және 1 қала аралық станция жөнделді.

Шемонаиха қаласында көшелерді жарықтандырумен 70 шақырым қамтылған, оларда 900 жарық орындары пайдаланылады. Көшелері жарықтандыруды ағымды ұстауға 3 496 мың теңге бөлінді.

2011 жылы «ШҚО Шемонаиха қаласының әкім аппараты» ММ-не көшелерді жарықтандыруды қалпына келтіруге:

1) Вокзальная көшесіне, ұзындығы 5 шақырымға, 10 467 мың теңге бөлінді. «Востокстройгрупп» ЖШС-мен сомасы 10 400 мың теңгеге шарт жасалды. Жұмыстар мердігермен шарт міндеттеріне сәйкес толық мөлшерде орындалды.

2) Чапаев көшесіне (Вокзальная көшесінің қиылысынан П. Морозов көшесінің қиылысына дейін) 2135,877 мың теңге бөлінді. Сатып алу процедуралары жүргізілді, «Горсвет» ӨК-мен сомасы 2135,877 мың теңгеге шарт жасалды, толық игерілді.

3) Ұзындығы 550 метр Уба өзені арқылы өтетін көпір мен жеңіс обелискісіне дейінгі автожолға. Сатып алу процедуралары жүргізілді, «Горсвет» ӨК-мен сомасы 1 388,8 мың теңгеге шарт жасалды, толық игерілді.



Сумен жабдықтау және арналық кәріз. Шемонаиха қаласында тұрғындардың 100% сумен қамтылған. Орталықтандырылған сумен 92,18 % қамтамасыз етілген, жергілікті көздерден қала тұрғындарының 7,82 % қамтылған. Шемонаиха қаласын сумен жабдықтаумен келесі ұйымдар айналысады: «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС, «Маракана» ЖШС, «Шемонаихинский водоканал» КМК сумен жабдықтау жүйелерінің ұзындығы 75,3 шақырымды құрайды. Тұрғындар үшін тариф 11,94-тен 16,11 куб метрді құрайды. Шемонаиха қаласы бойынша арналық кәріз қызметін келесі кәсіпорындар көрсетеді: «Маракана» ЖШС қаланың ықшам ауданына, ВИК-3 «Қазақмыс» Корпорациясы қаланың орталық бөлігіне, ЖК «Каимов» Шемонаиха қаласының т/ж станциясына. Осы ұйымдардың арналық кәріз жүйелерінің ұзындығы 12,6 шақырымды құрайды. Тұрғындар үшін тариф 4,35-тен 36,44 теңгені құрайды. Тұрғын үй қорының арналық кәріз қызметімен қамтамасыз етілу үлесі 45,2 пайызды құрайды.

Қаланың орталық бөлігін және ықшам ауданды жылумен жабдықтау «Қазақмыс» корпорациясы МХК қазандығынан жүзеге асырылады, ол қаладан 6 шақырым жерде орналасқан. Қала бойынша 26,6 шақ. құбырлар ЖК «О.А.Цыганкованың» балансында тұр. Тұрғын үй қорының жылумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілу үлесі 40,11 % құрайды.



Байланыс қызметтері. Шемонаиха қаласының аумағында екі цифрлық АТС бар (АТС-3 және АТС-36), техникалық жағдайы жөнделген, тозық 6 % құрайды. Шемонаиха қаласында телекоммуникация қызметтері бойынша 4 561 абонент есептеледі. Телефон аппаратына абоненттік төлем: жеке тұлғалар үшін – 624 теңге, заңды тұлғалар үшін – 950,43 теңге.

Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы: 4 мектеп, 2 колледж және 1 лицей. Қала мектептеріндегі оқушылар саны 2011 адамды құрайды, ҰБТ орта балы 82,3. 2011 жылы жазғы демалыспен 1635 адам қамтылды. Мектепке дейінгі білім беруді екі балабақша ұсынады: «Ақбота» балабақшасы ҚМКК және «Аленушка» балабақшасы» ҚМКК. Медициналық мекемелер барлығы алты бірлік, олардың ішінде дәрігерлік амбулаториялар – 2, орталық аудандық аурухана – 1, терівендиспансері – 1, стомотология – 2. Мәдениет мекемелері: 1 мәдениет үйі, 1 достық үйі, 3 кітапхана. Спорттық ғимараттар барлығы – 9, олардың ішінде 7 спорт залдары, 1 спорт кешені, 1 алаң.



Мүгедектерге, кәрі адамдарға және мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 196 жалғыз бастыларға және 25 мүмкіндіктері шектеулі балаларға қызмет көрсетіледі.

Шемонаиха қаласында тұрғын үй құрылысының дамуы 2011 жылы қала бойынша 5 991 текше метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 4011 текше метрі жеке тұрғын үй құрылысына және 1980 текше метрі пәтерлерге (ықшам аудандағы Жуков көшесі 21 үйде 120 пәтерлі тұрғын үйге) берілді. Шемонаиха қаласының тұрғын үй қорында 4429 жеке сектор үйлері және 105 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар. Бірақ, бүгінгі күні Шемонаиха қаласында тұрғындарды үймен қамтамасыз ету проблемасы орын алады. Қала бойынша тұрғын үй алу кезегінде 113 адам тұр.

Өтініштерді қарау. «ШҚО Шемонаиха қаласының әкім аппараты» ММ-не жазбаша түрде 246 өтініш түсті, олардың ішінде 223 жек тұлғалардың өтініштері және 23 заңды тұлғалардың өтініштері. Барлық өтініштер заңда белгіленген мерзімде қаралады, құзыреті шеңберінде тиісті шаралар қабылданады.

Қаржылық-бюджеттік сала. «ШҚО Шемонаиха қаласының әкім аппараты» ММ-не 2011 жылы 109 547 мың теңге бөлінді. «ШҚО Шемонаиха қаласының әкім аппараты» ММ бойынша бюджет қаражаттарын игеру 99,9 % құрайды (жылдық қордың 96,7).

Қайырымдылық және демеушілік көмек. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын және Шемонаиха қаласының 50 жылдығын өткізуге дайындық. 20 жарқын іс акциясы аясында Шемонаиха қаласы бойынша бюджеттен тыс қаражаттар есебінен жалпы сомасы 153,371 млн. теңгеге іс-шаралар орындалды: 1. «Исток» ЖШС ауданы Советский көшесіндегі «Светлячок» балабақшасын тапсыру (135,836 млн. теңге); 2. Аудандық мешіттің ғимаратын және жылу жүйесін күрделі жөндеу (4,2 млн. теңге); 3. 3 ықшам ауданындағы № 30 үй ауданында және «Барыня» дүкенінің ауданында екі балалар алаңын құру (0,45 млн. теңге); 4. Астафьев, А. Иванов парктерінің қоршауларын және шағын сәулет нысандарын сырлау (0,1 млн. теңге); 5. Шемонаиха қаласында металл конструкцияларына мемлекеттік және әлеуметтік тақырыпта баннерелер орнату. Шемонаиха қаласының екі жалғыз басты тұрғындарына электр кабельдерін, жарықтандыру плафондарын орнату, ауыстыру және электр өткізгішін жөндеу бойынша электромантаждау жұмыстары жүргізілді (0,45 млн. теңге). 6. Вокзальный, Астафьев, Советский к., қоршаулар дайындау, орнату және сырлау (0,8 млн. теңге); 7. Чапаев к., дүкендері кіреберістерін жөндеу (3,3 млн. теңге); 8. Восточный дүкені жанындағы Вокзальный к., суалғыны қоршау (0,45 млн. теңге); 9. Школьная к., Шемонаиха өзені арқылы өтетін жолаушылар көпірін жөндеу (0,1 млн. теңге); 10. Школьная к., Пионерская к., Шемонаиха өзені арқылы өтетін жолаушылар көпірін жөндеу (0,14 млн.теңге); 11. Ағаштарды кесу, аз қамтылған отбасыларын ағашпен қамтамасыз ету (0,45 млн. теңге); 12. Чапаев к., шұңқырларын жөндеу (0,360 млн. теңге); 13. № 5 ОМ дарынды оқушысы Бейсенов Тимурды «Күншуақ» фестиваліне қатысу үшін Алматы қаласына баруға демеушілік көмек (0,035 млн. теңге); 14. Шемонаиха қ., көшеттер мен бұталар отырғызу (0,4 млн. теңге); 15. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монумент орнату (3 млн. теңге); 16. Уба өзені арқылы өтетін автомобиль көпіріне және Жеңіс обелискісіне дейінгі жолға көмескі жарық орнатылды (1,4 млн. теңге); 17. Вокзальный көшесінің жарықтандыру тіректеріне жарнамалық баннерлер орнату (1 млн. теңге); 18. РФ жағынан Шемонаиха ауданына кіру жаққа «ҚАЗАҚСТАН» әріптері мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туымен жалау сап орнату (1 млн. теңге); 19. Вокзальный және Астафьев көшелері қиылысында баннерлер алаңын кеңейту (0,1 млн. теңге); 20. Кіре беріске арка орнату (2,8 млн. теңге);

Қала әкімінің 2011 жылға есеп беруінде қойылған тұрғындардың сұрақтары. 2011 жылдың 12,14, 18 қаңтарында Шемонаиха қаласы әкімінің Шемонаиха қаласы тұрғындарының алдындағы есеп беру кездесулері өтті, оған Шемонаиха қаласының 330 тұрғыны қатысты. Қала әкімінің осы есеп беру кездесулері барысында қала тұрғындарымен 33 ұсыныс айтылды: олардың 25-не түсініктеме және толық жауап берілді, 8-і жыл ағымында жұмыс істеу үшін бақылауға алынды, оның ішінде: 1. Жолаушылар көлігінің маршруткалары бойынша (қосымша аялдамалар орнату) - қосымша 10 дана аялдамалар орнатылды; 2. Бос тұрған үйлерді ұстау бойынша (Шемонаиха ст.) - бос тұрған пәтерлердің иелері табылды және мәселе шешілді; 3. Чапаев к., 75 – қоқыс тастайтын жер – жер телімінің тұрғындарымен жер телімін мақсаты бойынша және оны тиесілі жағдайда ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, ескерту жасалды. 4. Вербицкий көшесіне жол белгілерін орнату - бақылауда болады; 5. Украинский көшесінің жолын жөндеу - ағымды жөндеу жүргізілді, грейдірлеу; 6. Ықшам аудандағы базар, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасау – құзыретті органдарға бірнеше рет хат жолданды, түсіндіру рейдтері жүргізілді, мәселе бақылауда болады; 7. Хоккей қорабын абаттандыруға қаражат бөлу - хоккей қорабын жөндеуге қолдан келгенше көмек көрсетілді, 2012 жылы күрделі жөндеу жоспарланып отыр; 8. Жуков көшесінде автокөлік қозғалысының жылдамдығын шектеу – тиісті жол қозғалысы белгілері орнатылды.

2012 жылға Шемонаиха қаласының даму болашағы. 2012 жылға қаланың даму перспективасы болып Советская к. транспорттық-логистикалық орталығының құрылысын жалғастыру, «Триумф-Агро» ЖШС-нің базасында күнбағыс өңдеу бойынша май зауытын пайдалануға енгізу болып табылады. «Жол картасы бизнесі 2020» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық өнімдерін толығымен қайта өңдеу және жеміс көкөністерінің консервілрін өндіру цехын жіберу жөніндегі жобаны іске асыруды бастау. Теміржолшылар ықшам ауданында сумен жабдықтауды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі. әлеуметтік серіктестік меморандумдары аясында Шемонаиха қаласын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша жұмыстар жалғастырылады. Абаттандыру және санитарлық тазалау аясында апат қоқыс шығаратын жерлерді жою, қаңғыбас иттерді ұстау, ағаш көшеттерін отырғызу, «Восточный» дүкенінің жанындағы, А.Иванов паркіндегі скверлерді көгалдандыру, Вербицкий атындағы паркті қайта құру бойынша іс-шаралар өткізу, теміржолшылар ықшам ауданындағы паркті («Жастар» паркі) абаттандыру бойынша смета әзірлеу, автобус аялдамаларын орнату, «Восточный» дүкенінің жанындағы скверде ойын кешенін орнату жоспарланып отыр, Астафьев, Повстанческая, Украинская, көшелерін жарықтандыруды қалпына келтіру жоспарланып отыр. Қала көшелерін жөндеу жұмыстары жалғастырылады. 5000 текше метр жолды ағымды жөндеу, Жуков және Урицкий көшелерін орташа жөндеу жоспарланып отыр, Вокзал көшесін орташа жөндеуді, Астафьев көшесін орташа жөндеуді – тротуарларды жөндеуді жалғастырамыз. Жоғарыда көрсетілген барлық жобалар бойынша Шемонаиха ауданының бюджеттік комиссиясына сәйкес бюджеттік өтінімдер берілді. Қазақстан Республикасының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2012 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2012 жылы қаладағы көп пәтерлі үйлерді терможаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізу жоспарланып отыр.
ПЕРВОМАЙСКИЙ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ В.В. УВАРОВТЫҢ ЕСЕБІ

Первомайский округі саны 5460 адам болатын 4 елді мекеннен тұрады, соның ішінде Первомайский к.– 4405 адам, Барашки а.– 525 адам, Ново-Ильинка а.– 478 адам, Фестивальная станциясында – 52 адам. Округтің орталығы – Первомайский кенті. Этникалық құрамы бойынша оругтің тұрғындары көпұлтты. Облыстық орталыққа дейін 60 км, аудан орталығына дейін – 55 км, темір жол станциясына дейін – 60 км. Округтің аумағы – 20 084 га, оның ішінде елді мекеннің жерлері 3492га, ауыл шаруашылығы маңызы бар жерлер-12913га, оның ішінде егістік – 8168га, жайылым – 1981 га.



Ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 22 ауылшаруашылық құрылымдары тіркелген, оның ішінде өсімдік дақылдары және мал шаруашылығымен айналысатын 2 ірі құрылым бар («Ново-Ильинское»- ЖШС - 2180га егіндік жері бар, «Феденев А.М.» шаруашылық фермерлік қожалығы -3137га егіндік жері бар).

01.12.2011жылдағы мал басы: ІҚМ – 1300 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 85 басқа көбейген: Шошқа – 1375 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 75 басқа көбейген; Жылқы саны 239 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 12 басқа көбейген; Қой мен ешкі басы – 1410 бас, 2010 жылмен салыстырғанда 35 басқа көбейген; Құс саны – 4215, 2010 жылмен салыстырғанда 120 басқа көбейген; Омарта саны – 1078.

492 тонна ет өндірілген, сүт- 2018 тонна, жалпы жиналған астық – 4104 тонна дәнді дақылдар және 3080 тонна күнбағыс, дәнді дақылдардың өнімділігі 14 ц/га құраған, күнбағыс – 12ц/га.

Білім беру. Округ аумағында 4 мектеп жұмыс істейді – 1 бастауыш, 1 орта, 2 негізгі. Оларда 519 оқушы оқиды. Барлық мектептер компьютермен жабдықталған. 2011 жылы оқушылардың білім сапасы - 48 %, ҰБТ орта баллы – 81,6% құраған, мектеп түлектерінің ішінен 8 оқушы тегін оқу негізінде жоғарғы оқу орындарына түскен.

Денсаулық сақтау. Округте 3 медициналық мекеме бар, оның ішінде 1 аурухана (автокөлікпен жабдықталған) және 2 ФАП, медициналық қызметкерлердің саны 84 адам, оның ішінде 11 дәрігер, 39-орта медициналық персонал, 13 кіші медперсонал, басқалары – 21 адам.

Мәдениет және спорт. Первомайский округі аумағында МҮ жоқ. 2 кітапхана бар. Округта 2 мәдени жұмыстарды ұйымдастырушы жұмыс істеп, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған, мерейтойлар, айтулы күндерге байланысты шаралар жүргізіледі: дәрістер, концерттер, бұқаралық серуендер. Первомайский МӘМ мен мектеп негізінде көркемөнерпаздар ұжымы жұмыс істейді. Первомайский округі аумағында шаңғы жарыстары, жеңіл атлетика, волейбол, футбол сияқты спорт түрлері белсенді дамып келеді. «Металлург» стадионында үлкен футбол алаңы бар, сонда спорт секциясы ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Сонымен қатар хоккей қорабы жұмыс істейді. Шаңғыдан қысқы жарыстарға дайындық жаз мерзімінен басталады, секцияға 15 бала қатысады, жаттықтырушылары Захарченко В.Г. және Захарченко Г.П. Спортшы- балалар үнемі Шемонаиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінде өтетін дәстүрлі спартакиадаларына, облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Өнеркәсіп. Округ аумағында 4 кәсіпорын тіркелген: «ЕСЖК» ЖШС- жұмыс істеушілер саны 250 адам, «ПМЗ» ЖШС - жұмыс істеушілер саны 85 адам, «Востоксельхозпродукт» ЖШС -жұмысшылар саны 165 адам, «ИХМЗ» АҚ (қазіргі кезде өндіріс тоқтатылған). Округ аумағында шағын бизнес субъектілерінің саны 74 бірлік, оның 54-і дүкендер, тұрмыстық қызмет көрсететін 17 объект, 4 объект қоғамдық тамақтану орындары) 2 базар, 4 наубайхана, қарақұмық өңдейтін 1 ЖШС, күнбағыс дақылдарын өңдейтін ЖШС. Шағын бизнеспен айналысатындар саны 650 адам.

Инфрақұрылым. Инфрақұрылымға 2011 жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, толық игерілген:

- жолдарда 408 м2 асфальт төсеу арқылы ағымдағы шұңқырлы жөндеу 1 млн 432 мың теңгеге жасалған;

-ұзындығы 12 км электр сымдары желістеріне техникалық қызмет көрсету және сақтау жұмысы 600 мың теңгеге жасалған;

-электр желісін қалпына келтіру жұмысы 3 млн 140 мың теңгеге, соның ішінде: Первомайский кентінде ұзындығы 2,5 км, Барашки ауылында ұзындығы 1,5 км, Ново-Ильинка ауылында ұзындығы 1,5 км.



Телефон орнату – 850 телефон нөмірлері «Қазақтелеком» байланысы арқылы жасалған, сол сияқты ұялы телефон байланысы бар.

Қоғамдық-саяси жағдай - тұрақты. Үкіметтің атқарушы органдары қоғамдық бірлестіктермен бірігіп, округ азаматтарының моральды-психологиялық климатын, әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған шаралар жүргізіп отырады, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси, спорттық-бұқаралық шаралар өткізілген.

Құқықтық тәртіп сақтау. 2011 жылы ішкі істер органдарының қызметі келесі негізгі бағыттарда жүргізілген – қылмысқа, нашақорлыққа қарсы күресті нығайту, қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алу, оларды болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 2011 жылы құқықбұзушылықтың алдын алу есебіне 52 адам қойылған. Алкоголизмнен күштеп емдеуге 2 адам жіберілген. Әкімшілік жауапкершілікке 85 адам тартылған. 12 бірлік оқпен атылатын қару алынған. Округ аумағында 20-дан астам оперативтік-алдын алу шаралары жүргізілген. Құқықбұзушылықты ескерту, тыю және оның алдын алу мақсатында, полиция қызметкерлерімен күнделікті сағат 18.00-ден-02.00 аралығында көшелерде патрульдік бақылаулар жүргізіледі.

Шемонаиха ауданы әкімінің 2011 жылғы есеп беруінде тұрғындардан түскен сұрақтар.

-ұзақ мерзім бойы иесіз пәтерлерде құжатсыз тұрып жатқан тұрғындардың құқығын растайдын құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетуді жалғастыру. Құқығын растайтын құжаттарды ресімдеу мақсатында заңға сәйкес кейбір санаттағы азаматтарға түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр. 7 жылдан астам пәтерде тұрып жатқан азаматтар анықталған. Шемонаиха аудандық сотының төрағалығымен тыңдалым өткен. Жұмыс жалғасуда.

-қоқыс шығаруды ұйымдастыру. Жергілікті бюджет және кәсіпкерлер қаражаты есебінен кенттің кездейсоқ қоқыс орындары шығарылады.

-Первомайский ауруханасында дәрігерлердің қабылдау өткізуі (хирург, невропатолог, гинеколог). Аудандық аурухана дәрігерлерінің қабылдауы апта сайын жүргізіледі.

-көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары мен үйасты жайларын жөндеу. Первомайский кенті Металлургтер №1 үй мекенжайындағы 100 пәтерлік үйдің үйасты жайларын сумен қамтамасыз ету жүйесіне, шатырына жөндеу жүргізілген. Үй тұрғындары жұмыс шығынын өздері жапқан. Жұмыс жүргізуге материалдарды «Первомайский водоканал» КМҚК жеткізген. Первомайский кенті Металлургтер көшесіндегі 19, 60-пәтерлік тұрғын үйдің шатыры жөнделген. Үй тұрғындары жұмыс шығынын өздері жапқан. Жұмыс жүргізуге материалдарды «Первомайский водоканал» КМҚК жеткізген.



-Барашки ауылында су құбырларын салу және көшелеріне жарық беру. Ново-Ильинское ауылының көшелеріне жарық беру.

Қаржылық-бюджеттік сала. 2011 жылы 300 мың теңге жер салығы, 420 мың теңге мүлік салығы түскен.

2012 жылға Первомайский округінің даму проблемалары: 1.ЕХМЗ зауытын іске қосу. 2.Ауыз суымен қамтамасыз ету (Ново-Ильинское а., Барашки а.). 3. Қираған көпқабатты үйлердің қоқыстарын шығару. 4. МҮ ғимараты жоқ.

Усть-Таловка кентінің әкімі Е.И.Шабанованың есебі
Усть-Таловка кенті әкімшілік-аймақтық бірлігіне 7124 адам санымен 4 елді мекен кіреді. Усть-Таловка кенті – 6506 адам, Березовка селосы – 341 адам, Половинка селосы – 166 адам, Заречное селосы – 111 адам. Округтің көлемі – 7762 га, олардың 1667 га елді мекеннің жері, ауыл шаруашылық жерлері 2170 га, егістік 1430 га, жайылым 604 га.

Өнеркәсіп. Кент аймағында 3 өнеркәсіп кәсіпорны бар: «Мырышталған ыдыстар зауыты» ЖШС, «Промстрой» ЖШС, 4200 адам жұмыс істейтін Қазақмыс Корпорациясы Мыс-химимялық комбинаты. Округ аймағында шағын бизнестің 100 субъектісінен: 5 ШҚ, 37 дүкен, 16 тұрмыстық қызмет көрсету объектісі, 5 қоғамдық тамақтану объектісі, 1 базар, 1 наубайхана және басқалар. Шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 240 адам.

Ауыл шаруашылығы. Округ аймағында 8 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді, олардың 2 ЖШС, 5 шаруа қожалығы, 1 ӨС. Округте жердің негізгі бөлімі (2777га) «Камышинское -2» ЖШС, 991га жыртылған жері округтің басқа ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге бекітілген. 01.11.2011 жылға мал басы (бас): ІҚМ-544, сиыр- 217, жылқы – 71, шошқа – 570. 158 тонна ет, 561 тонна сүт өндірілді; егін шығымы 580 тонн- дәнді бұршақты және 286 тонна – күнбағыс құрайды, астықтың шығымы – 8 ц/га, күнбағыстың – 11,5ц/га.

Инфраструктура. 2011 жылы елді мекендерді жарықтандыруға 587 мың теңге қаржы жұмсалды, 2012 жылға 892,0 мың теңге жоспарланған. Елді мекендерді санитариямен қамтамасыз ету үшін 2011 жылы 391,0 мың теңге (2012 жылғы 418 мың теңге) бөлінді.

Білім беру. Округ аймағында 438 мектепке дейінгілер және 764 мектеп жасындағылар тұрады, балабақшасы және 2 компьютерлік сыныбы, 2 мультимедийный кабинеті бар, 4 кабинетте интерактивтік тақтасы бар, интернет жұмыс істейді, 320 бала қамтылған тегін тамақтандыратын Астафьев атындағы орта мектеп-гимназиясы жұмыс жасауда. Мектеп-гимназиясына округтің 3 ауылынан жеткізіледі. 2011 жылы оқушылардың білім сапасы 54%, ҰБТ орта балы 67,9 (2010 жылы – 70,52). Мектеп бітірушілері -30, олардың жоғары оқу орындарына түсетіндер -14, тегін негізінде – 9 адам. Колледжге түскендер -11, тегін негізінде – 6 адам. Денсаулық сақтау. Медициналық мекемелер: МХК медсанбөлімі (29 төсектік стационар), МХК профилакториясы, Березовка селосында ФАП. Санитарлық көлікпен қамтамасыз ету – 1 машина, медицина қызметкерлерінің барлық саны – 47 адам, оның ішінде 15 дәрігер, 32 адам орташа медқызметкер.

Мәдениет және спорт. Усть-Таловка кентінде 288 орынды «Горняк» клубы бар, 2 би студиясы, 2 хор, «Встреча» клубі және басқа ұйымдар жұмыс жасауда. Дене шынықтыру- спорт кешенінде спорттың 12 түрінен 24 секция жұмыс жасауда. Аудандық спорт жарыстарында және көркемөнерпаздар байқауында дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болады.

Қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Құқықтық тәртіп. Жыл басынан 31 қылмыс жасалды. Округ аймағында АІІБ, жол полициясының, мектептің, әкім аппаратының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 27 жедел-алдын алу шаралары өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мен ескерту, қоғамдық тәртіп күзеті, қоғамдық қауіпсіздік мақсатында жедел-алдын алу шаралары: «Қару», «Тұрмыс», «Жеткіншек», «Жол» өткізілді. Учаскелік инспектормен 132 жекелей тәрбиелік-алдын алу әңгімелері өткізілді. Алдын алу есебінде 75 адам тұр. Олардың 5 ішімдікпен қиянат жасайтындар, нашақорлар -17 адам, Өскемен қаласындағы СЛПУ-ға 5 адам ресімделген, бейберекет отбасылар- 12. 2011 жыл бойы 54,7 мың теңге сомасына 137 әкімшілік хаттамалар ресімделді. 3 қылмыс ашылған жоқ. Жыл көлемінде Волчанка ауылындағы «Сәуле» балалар үйіне бейберекет отбасылардан 6 бала орналастырылды.

Халықты әлеуметтік қорғау. Есепте тұрған жұмыссыздар саны -9 адам, қоғамдық жұмыстарға жіберілгендер- 21. 2011 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар - 30 адам 891 мың теңгеге. Мемлекеттік балалар жәрдемақысын алушылар 17 отбасы – 32 балаға 246,7 мың теңге, Березовка ауылы – 3 отбасы (8 көмек алушы) – 36,7 мың теңге. Тұрғын үй көмегін 64 отбасы 269,559 мың теңгеден алды.

Көріктендіру. Өткен жылы округтің елді мекендерінің көшелерін қоқыстан тазалау жүргізілген. 4 саябақ аймағы, көп қабатты үйлерге және мекемелерге жататын 29 аймақтары тазаланып көріктендірілді. 500м3 қоқыстар шығарылды, 2 рұқсат берілмеген қоқыс төгетін жер жойылды, 1025 ағаш көшеттері, 155 бұталар отырғызылды.Усть-Таловка кенті «ШҚО үздік ауылы» атты облыстық конкурста бірінші орын алды, қорытындысында 8,9 млн. теңге көріктендіруге бөлінді.

Меморандумдар. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына «20 игі іс» акциясының шеңберінде «Қазақмыс Корпорациясы» МХК кәсіпорынының және МХК кәсіподақ комитетінің басшылығымен балалар бақшасында жаңа топ ашу үшін 4,420 млн.теңге, жылу жүйесін жөндеу үшін – 15,5 млн.теңге, балалардың жазғы демалуына – 3 млн. теңге бөлінді. Әлеуметтік серіктестік шеңберінде клуб, дене шынықтыру және спорт кешені, аурухана, профилактория 100 млн теңге бөлінді. Жолдарды қыста ұстау мен көшелерді жарықтандыруға 5 млн.теңге көмек көрсетілді. Медсанбөлімі мен «Горняк» клубын жөндеу бойынша Қазақмыс Корпорациясымен жасалған 11 млн. теңге меморандум орындалуда. Усть-Таловка кентінде шаруашылық субъектілерімен 15 меморандум жасалды, олардың шеңберінде көріктендіру мен мұқтаждарға көмек көрсету проблемалары шешілуде.

Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет