«Шешен әдебиетіндегі менің сүйікті шығармам»
Урингалиева Назерке
№9 жалпы орта білім беретін мектебі
Орал қаласы
8 жас
87028070390
Шешен халқының шығармаларын оқи отырып, көптеген халық ертегілерімен таныстым.Ертегі желілері өзгеше көрінді.Шығармалардан әр халықтың сана сезімі мен тұрмыс салты көрініп тұрады.Солардың ішінен маған ой салған тамаша ертегіні таптым... Ол "Бай адам мен Бақыт" ертегісі деп аталады.
Шығарма түсінікті əрі жеңіл оқылады.Бай адам қанша дәулетті болса да, алға ұмытылып бақытты іздейді.Ертегіде бай адам тұлғасы шынайы қалпында бейнеленеді.Шығарманы оқып отырып, əрқайсысымыздың осы оқиға басымыздан өтіп жатқандай сезінгендей боламыз.Ертегі жаман əдеттерден аулақ болуға, адамға, жолдастыққа адал болуға тəрбиелейді.
Ертегідегі бай адамның адамға жақсылық жасаудан қашып, бақытты іздеуі қателік деп ойлаймын.Бақыттың берген бағытымен жүрмеді:падишаға үйленбеді, жеміс ағашының түбін қазбады.Адамдарға жақсылық жасамады.Тек өз мүддесі үшін жүрді.Біздің жанымыз ізгілік пен ізеттілікті жақсы көреді. Біз ізгі істер жасау арқылы біреулерді қуанта алсақ, біздің жан дүниеміз екі есе қуанары сөзсіз. Яғни, жақсылықты жасай алудың өзі бақыт! Ендеше, ертегінің өзін орыс тілінен ана тіліне аударып,оқырманға ұсынуды жөн көрдім.
Бай адам мен Бақыт туралы ертегі
Бірде Бақыт бай адамды тастап кетіп қалады.Бай адам бақытын іздеп жолға шығады.Жолда оған қотыр қасқыр кездесіп,байдан қайда бара жатқанын сұрайды.Бай оған бақытты іздеп келе жатқанын айтады.Қасқыр :-Егер бақытты тапсаң, менің ауруыма ем сұрашы,- деп өтінеді.Бай бақыттан емін сұрауға уәде береді.Әрі қарай жол тартып келе жатады.Жолда оған көп қиындық көрген адам кездесіп,жөн сұрасады.Адам байдан:-Егер бақытты тапсаң ,менің бағымдағы бір алма ағаш жеміс береді, екіншісінің неге бермейтінін сұрашы, -дейді.Бай бқыттан сұрауға уәдесін береді.
Бай бақытын іздеуді әрі қарай жалғастырып жолға шығады.Жолда оған бір падиша кездеседі.Екеуі жөн сұрасады.Падиша:- Егер бақытты көрсең,менің жағдайымды айтшы.Менде бәрі бар,дәулет те байлық та жеткілікті.Бірақ, жаным жай таппайды.соның себебін сұрашы, -дейді.Бай оған да сұрауға уәдесін беріп, әрі қарай бақытты іздеп жол тартады.
Көп жүріп,шаршап шалдығып,бір құздың басына келіп тоқтайды.Ойланып отырып: -Бақыт егер сен келмесең, мен осы құздан суға секіремін, -дейді.Бақыт қайдан екені белгісіз,сол жерден атып шығады.Бай оған : -Егер сен маған келмесең,мен осы жерде қаламын,- дейді. Бақыт оған : -Үйіңе қайт,мен сенің артыңнан барамын, - дейді.
-Мен жолда бір падишаны кездестірдім.Ол менен дүние мүліктің барлығы болса да жанының жай таппайтынын бақыттан сұрашы деп өтінді.Бақыт: -Ол падиша –әйел адам,сондықтан тұрмысқа шығу керек,- деді.
- Ал бір бақташы алма ағашының неге жеміс бермейтінін сұрашы деген еді, оған не жауап беремін? -Алма ағашының түбінде үлкен қазына бар, соны қазып алсын,- деді.
Жолда тағы маған қотыр қасқыр кездесті,ол ауруының емін сұрашы деді, оған не жауап айтайын? -Ол қайырымдылықты білмейтін адам етін жеу керек- деді.
Әлгі адам падишаны кездестіріп бақыттың жауабын айтады.Падиша оған «үйленейік» деп ұсыныс айтты, адам одан бас тартты.Кейін бақташы кездесіп,бақыттың жауабын тыңдаған соң адамға « қазынаны қазып ал» деп ұсыныс айтты.Адам одан да бас тартты. Қасқыр барлық жағдайды мұқият тыңдап, адамның қайырымсыздығын көріп: - Ендеше, қайырымы жоқ сен болдың ,мен сені жеймін! деп бас салып адамды жеп қойды.
Ертегі идеясы оқырманға « Басыңдағы бақытты бағалай біл» деген ұранды ұсынады.Бай адамның басындағы барына қанағат етпей бақытты іздеуі оқырманға ой салады.Жалпы бақыт біздің болашағымыз, арманымыз, әрбір күніміз, ата-анамыз, отбасымыз, өміріміз.
Бақыт әр адамда болады. Мысалы, мен бақыттымын. Себебі: менің әкемде, анамда бар. Онымен қоса менің денім сау, қол-аяғым аман."Бақытты адам" - деп бай адамдарды айтпайды, бақытты адам деп денсаулығы бар, отбасы бүтін адамды айтады. Менің анам маған үнемі айтады: "Бақыт деген байлық емес, бақыт деген денсаулық, ата-анаң, туған бауырларың және өзіңнің туып өскен жерің" - дейді. Менің ең бірінші бақытым денсаулығым, екінші бақытым бақытым ата-анам, үшінші бақытым туып өскен жерім, елім . Мен бақыттымын өйткені, мен жарық дүниені көремін, жақсы сөздерді естіп, оқып, көріп біліміді шыңдаудамын, екі қолыммен еңбектенудемін, өз аяғыммен жүріп баратын жерлерге барудамын.
Мен бақыттымын, өйткені мен Тәуелсіз елде, Тәуелсіз мемлекетте тіршілік етудемін. Менің елімнің туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Туған елімнің табиғаты тамаша, көркем! Біз өз елімізде бақытты өмір сүрудеміз. Ақындар жырлағандай менің бақытым тілім, өз ана тіліңде сөйлеу, білім алу қандай бақыт, сонымен қатар менің бақытым Отаным. "Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас" - дегендей өз жеріңнің топырағы да, суы да, құсы да, тіпті қыбырлаған жәндігі де саған бақыт сыйлайды.
Міне, шешен халқының ертегісі қолдағының қадірін білуді, адамға құрметпен қарауды, жақсылық жасауды үйретері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |