«313»(574) Кернебаев Айдын Сапарович



Дата07.07.2016
өлшемі163.58 Kb.
#183833
УДК 338.26 «313»(574)

Кернебаев Айдын Сапарович, докторант Карагандинского экономического университета Казпотребсоюза,87027401318

Кернебаев Айдын Сапарұлы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің докторанты,87027401318

Kernebaev Aidyn Saparovich, doktorant Karaganda economic university Kazpotrebsoyuz

МИРОВОЙ ОПЫТ И СТРАНОВЫЕ ОСОБЕННОСТИ УПРАВЛЕНИЯ КВАЗИГОСУДАРСТВЕННЫМ СЕКТОРОМ ЭКОНОМИКИ

ЭКОНОМИКАНЫҢ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ОНЫ БАСҚАРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

INTERNATIONAL EXPERIENCE AND MANAGEMENT FEATURES COUNTRY QUASI-GOVERNMENT SECTOR OF THE ECONOMY

В данной статье расматривается мировой опыт и страновые особенности управления квазигосударственным сектором экономики. Вопросы об оправданности существования государственного предпринимательства. Неолиберальная (неоклассическая) экономическая доктрина, оказывающая сейчас большое влияние на экономическую политику во многих западных странах, исходит из необходимости освободить государство от несвойственных ему функций, одной из которых и считается предпринимательство.

Аталмыш мақалада экономиканың квазимемлекеттік секторын дамытудың әлемдік тәжірибесі мен оны басқарудағы мемлекетаралық ерекшеліктері қарастырылған. Көптеген батыс елдеріндегі экономикалық саясатқа жоғары ықпал ететін жаңа либералдық (жаңа классикалық) экономикалық доктрина, мемлекетті өзіне тиеселі емес функциялардан босату қажеттілігінен шығады, олардың біріне кәсіпкерлік жататыны айқын көрсетілген.

This article examines the international experience and country management features quasi-public sector of the economy. Questions about the justification for the existence of state business. The neoliberal (neoclassical) economic doctrine, is now providing a great influence on economic policy in many Western countries, it is based on the need to relieve the state of his unusual features, one of which is considered to be business.


Қазақстан Республикасында, экономиканы мемлекеттендірудің ұзақ кеңестік тәжірибесіне орай, экономиканы мемлекетсіздендіру бастапқы кезеңде қарқынды дамып жатты, ал мемлекеттік мүліктің қалған бөлігі стратегиялық салаларға немесе олардың тиімсіздігі салдарынан жеке форманың өмір сүруі мүмкін емес болатын салаларда шоғырландырылған.

Соған қарамастан, соңғы жылдары, әсіресе дағдарыс салдарынан, мемлекеттің позициясы басқа бағытқа ие болды. Оған қоса, мемлекеттік мүлік пен мемлекеттік кәсіпкерлікке қатысты түрлі саяси күштер өкілдерінің қатынасы бір бірінен ерекшеленеді. Мемлекеттің жеке мүдделері болмауы тиіс, ол өндірістің жұмыс істеуіне жағдай құру және шаруашылық қызметтің белгілі ережелерінің ұстанылуын бақылау үшін қызмет етуі керектігі сөзсіз, экономикада мемлекеттік мүліктің сақталуы ақталған салалар жоқ деген пікір бар. Бірақ осыған қарама-қайшы пікірлер бар, олардың ұстанушылары экономикадағы мықты квазимемлекеттік сектордың құрылуын талап етеді. Мемлекеттік мүлік 20-30% құруы керек немесе осы үлесті айтарлықтай жоғары етуі керек деген пікірлер бар.

Осыған негізделе отыра, ұлттық экономикадағы мемлекеттік кәсіпкерліктің тиімділігіне баға берудің шетелдік тәжірибесін зерттеу оны түсінуге және Қазақстан экономикасын қайта ұйымдастыруда пайдалануға мүмкіндік береді.

Егер дамыған мемлекеттердің барлық жиынтығын қарастыратын болсақ, онда жуырдағы уақытқа дейін, экономистердің айтуы бойынша, мемлекеттің қатысуынсыз өтетін өндіріс саласы мүлде болған емес (орман шаруашылығы, ішімдік және темекі компаниялары, банктер, агроғарыштық концерндер, құрылыс компаниялары). Мемлекеттерде мемлекеттік қаржылық мекемелер әлдеқайда белгілі болып есептеледі. Жапонияда мемлекеттің мүлкіне мерзімінен бұрын несиелендірудің мамандандырылған қаржылық институттары кіреді. Германияда жер үкіметтеріне тиеселі осындай жерлердің банктері бар. Жалпы оларға елдің банк бизнесінің бесінші бөлігі кіреді. Францияда мемлекеттің бақылауына "Марсейез де креди", "Креди эндюстри-эль э коммерсьяль", "Креди лионне", 'Труп дес'ас-сюранс насьяналь" (ГАН) және "Касс сантраль де реассюрене" сақтандыру компаниялары және т.б кіреді. Және ол соңғы жылдары "Банк насьяналь де Пари", "Юнион дес'ассю-ранс де Пари" (ЮАП) және "Ассюранс женераль де Франс" (АЖФ) сақтандыру компанияларының жеке капиталға сатылуынан соң орын алған. Италияда мемлекет активтердің үлкендігі бойынша екінші банкке - "Банко ди Рома", сонымен қатар "Банка национале дель лаворо" иеленеді. Жуырдағы уақытта оның бақылауына "Банко ди Наполи", "Медиобанка" тобы, "ИНА" сақтандыру компанияларының тобы кірді. Швецияда үлкендігі бойынша екінші орында "Нордбанкен" банкі орналасқан. Австрияда мемлекеттегі банктердің үлкендігі бойынша екінші орындағы "Кредитанштальт" банкінің 70% мемлекетке тиеселі. Аустралияда мемлекет үлкендігі бойынша мемлекеттегі төртінші "Коммонуэлс оф Аустралия" банкінде өз үлесіне ие болды. Грекияда мемлекеттің басқаруында бірқатар банктер бар, олардың ең үлкені – Ұлттық банк – ол банк нарығының үштен бір бөлігін бақылайды [1 , б.14]. Барлық аталып өткен мемлекеттік институттар, шүбәсіз, осы елдердегі өнеркәсіптік салаға байланысты.

Экономиканың мемлекеттік секторын қарастыра отыра, оның алуан түрлілігін есепке алу керек, себебі ол қаржы көздерін анықтаудың негізі болып табылды. Мемлекеттік кәсіпорындардың үш негізгі заңды формалары бар: бюджеттік кәсіпорындар (біз оларды қазыналық деп атадық), жария құқық кәсіпорындары және жеке құқық кәсіпорындары.

Бюджеттік кәсіпорындар, министрліктердің, тізімдемелердің және муниципалитеттердің әкімшілік құрылымдық бөлімдері сияқты, заңды тұлғаның қалыптасуынсыз өмір сүреді, олар бар болғаны кішігірім шаруашылық, қаржылық және заңды өзіндік күшке ие немесе мүлде ие емес.

Жария құқық компаниясы – ол, тәртіп ретінде, арнайы парламет актілері негізінде құрылатын мемлекеттік бірлестіктер, олар өзін өзі ақтау қағидаларында жұмыс істейтін заңды түрде тәуелсіз және экономикалық түрде өздігінен әрекет ететін кәсіпкерлік ұйымдар болып табылады. Қазақстанда олардың көшірмелеріне Ұлттық компаниялар жатады. Ал олар квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылады. Сәйкесінше, Ұлттық компаниялардың қаржылық менеджментін зерттеудің заңлығы күмән тудырмайды, одан артық, ол қажетті үрдіс.

Бірақ шын мәнінде, мемлекет қаржы министрі тұлғасында, салалық «жетекшілік етуші» министр тұлғасында немесе қандай да бір басқа тұлға мен органдардың атында осы кәсіпорындардың қызметіне бірқатар арнайы келісілген жағдайларда араласу құқығын сақтайды, сонымен қатар басқарушылар кеңесінің төрағасын тағайындайды (немесе тіпті барлық кеңесті толығымен). Кейбір жағдайларда заңдарда мемлекеттік кәсіпорындардың басқарушы органдарына міндетті тәртіпте кіретін лауазымды тұлғалар заңда тікелей аталып өтеді. Тізімдемелік кәсіпорын мен мемлекеттік бірлестік формасы анықтамасы бойынша бір ғана иегерді көрсетеді, ол - үкімет, нақты тізімдеме, штат (жерді, федералдық құрылым мемлекеттеріндегі провинциялар) немесе муниципалитет.

Бюджеттік кәсіпорындармен және жария құқық кәсіпорындарымен қатар капиталисттік дамыған мемлекеттерде мемлекет, оның бөлек институттары тұлғасында жалғыз иегер немесе жеке құқық компаниялары - жеке заңды, физикалық тұлғалармен бірге иегер болып табылады. Ол, тәртіп ретінде, акционерлік, сонымен қатар коммандиттік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып табылады. Әдетте ондай кәсіпорындарға қатысу үлестері бір емес, бірнеше мемлекеттік субъектілерге тиеселі болады. Осылайша, Францияда бірқатар компаниялар үкіметтің иелігіне немесе басқа мемлекеттік компаниялардың иелігіне тиеселі болды. Капиталдың мемлекеттік капиталмен осылайша өзара алмасуы Италия мен Францияда кең таратылған.

Соңғы уақытта көптеген мемлекеттерде мемлекеттік кәсіпорындардың басқа формаларының акционерлік қоғамдарға айналуына және олардың акциялардың бөлшектеп сатылуына байланысты аралас, жеке-мемлекеттік компаниялардың саны артты. Бірақ ондай компаниялардың шарттарында жеке ұстаушылардың үлестерін шектеу шаралары қарастырылды (мысалы, француздық "Аэроспасьяль"- аэроғарыштық сала және "Снекма", - әуе моторларының өндірісі – 30% акция). Статистика мемлекеттің жеке иелігінде жатқан аралас мүлкі бар кәсіпорындарға 51 және одан артық акциялық пайыздарды жатқызады, бірақ бақылау үшін айтарлықтай кішігірім қатысудың өзі жеткілікті [2 , б.21].

Мемлекет өндірістік холдингтік компаниялармен қатар басқарушылық компанияларды да иеленді. 30-40 соңғы жылдар ішіндегі мемлекеттер бойынша мысалдар анық: Италияда – ең үлкендері - "ӨҚИ" (Өнеркәсіптік қайта құру институттары), "ГМИ" (газ және мұнай индустриясы), "ЭНЭЛ" (электроэнергетика), "ИНА" сақтандыру тобы. "ОҚИ" өз кезегінде "Финсидер" (қара металлургия), "Финмекканика" (машина құрылысы), "Финкатиери" (кеме құрылысы), "СТЕТ" (телефон байланысы), "Финмаре"(кеме құрылысы) және "СМЕ" (Италияның Оңтүстігінің әртараптандырылған концерні) холдингтерінен құралған. Сонымен қатар, ОҚИ тобына бірқатар банктер кірді ("Банка ди санспирито", "Банка коммерциале итальяна", "Кредите итальяно"); Ұлыбританияда 60-80 жылдары "Транспорттық холдинг компаниясы", "Ұлттық кәсіпорындар басқармасы" мемлекеттік холдингі жұмыс істеді; Швецияда кейінірек "Прокордиаға" өзгерген "Статсфоретаг" холдингі; Францияда Ядролық энергия бойынша Комиссариат (КЭА) өзінің - "КЭА-эндюстри" атты өнеркәсіптік холдингіне ие болды. Мемлекеттік холдингтер басқа елдерде де өмір сүрді.

Осылайша, бір мемлекеттерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басым формасы мемлекеттік бірлестіктер болса (Франция, Ұлыбритания, Жапония), басқа мемлекеттерде (Германия мен Италия) жеке құқық мемлекеттік компаниялары басым рөл атқарды. Бірақ ол квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңадан құрылғанын немесе бар кәсіпорындардың мемлекеттің иелігіне өткеннен соң құрылғанын білдірмейді. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің пайда болуының басым формасы жеке кәсіпорындардың қайта өзгеруі болып есептелді (ұлттандыру, муниципализациялау жолымен).

Онымен бірге квазимемлекеттік сектор субъетілерін басқарудың алуан түрлілігі есебінен оларды басқарудың біріңғай орталығы жоқ. Олар қаржы министрлігіне немесе салалық министрліктерге, тіпті болмаса муниципалды билікке бағынады.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің өмір сүру себептерінің таусылмайтынын білу қызықты. Ол үш түрлі мәні бар жағдайлардың күшімен туындайды:

- Жағдайлардың бірінші тобы өндірістің мемлекеттік ұйымының жеке ұйымдардан басым болуымен немесе белгілі шарттарда анықталады;

- Жағдайлардың екінші тобы талап етілетін өндірісті жеке негізде ұйымдастырудың мүмкінсіздігі жағдайларында туындайды (өндіріс факторларының жеткіліксіздігі (жеке капитал мен кәсіпкерлік кадрлар), жоғары тәуекелдік (болашақтың анықсыздығы), кең әлеуметтік трансформация, және экономикалық дағдарыстардан, соғыстардан соң шаруашылықты қалыпқа келтіру, ұлттық нарықты сыртқы бәсекеліктен қорғау және т.б.).

- Жағдайлардың үшінші тобы нарықтың қателіктері мен шығындарына байланысты болып келеді.

Осы жерден өндірісті жеке негізде ұйымдастырудың мүмкінсіздігі және сырттан келетін бәсекелестікке қарсы тұра алу қабілетсіздігі квазимемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігінің өмірге келуіге жол ашты.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің артықшылықтары, ең алдымен, сала квазимемлекеттік кәсіпорындарын біріңғай ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымға біріктірудің есебінен қарастырылды. Сонымен қатар, ұлттандырудың жұмысшылардың бағалы қасиеттерін өзгеруге алып келетіні күтілді, олар өздерін қоғамның басқа азаматтарынан артық сезініп, қарқынды қызмет ете бастауы керек болды.

Нарықтың кемшіліктеріне байланысты квазимемлекеттік кәсіпорындардың пайда болуы себептерін теориялық талдау айтарлықтай өңделген.

Зерттеушілердің ескертуінше, өндірісті жеке ұйымдастыру монополизация жағдайларында тиімсіз, немесе субъект нарықтағы өз орнын өзінің жеке мақсаттарында пайдалануы мүмкін (табиғи монополиялардың салалары – сумен және газбен қамту, электроэнергия беру, сымды телефон байланысы, темір жолдар және т.б.). Олардың мемлекеттік бақылауға өтуі қоғамды жеке монополисттердің жаңсақ әрекеттерінен қорғауға кепілдік берді. Соның өзінде монополизация жағдайының сақталуы жағымсыз салдардың сақталуы мүмкін екенін білдіреді, бұл жерде мемлекет, монополияның иегері ретінде рөл атқара отырып, қаншалықты деңгейде монополизмнің жағымсыз салдарын төмендетуге қабілетті деген сұрақ туындайды.

Нарықтың толық емес ақпараттандырылу немесе серіктестік етуші субъектілердің мүдделерінің қақтығысуы сияқты кемшіліктерінің салдарына трансакциялық ұсталған шығындар жатады. Трансакциялық ұсталған шығындардың мөлшері мен түрлі жағдайлардағы дұрыс емес әрекеттердің таратылуы субъектілер әрекеттерінің этикасымен, негізінен экономикалық жекешеліктің жылдамдығымен анықталады [3 , б.12].

Мемлекеттің, оның тапсырысы бойынша жеке компанияның көрсететін қызметтері мен тауарларының келісілген талаптарға қаншалықты сәйкес келетінін анықтаудың ұсталған шығындары жоғары болуы мүмкін, ал келісімнің шарттарын ұстанбау салдарынан орын алған шығындар болса айтарлықтай көп болуы, тіпті олардың мемлекеттік өндірісін ұйымдастырудың өзі арзанға түсуі мүмкін.

Жеке кәсіпкерлер тарапынан көрсетілген ниетсіздіктің құрбаны мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар үшінші тұлғалар да (үлестердің сақталуына кепілдік берілмеген жағдайда) болуы мүмкін. Жеке иегердің ниетсіз болып шығуы қауіпі стратегиялық салалар мен өндірістердің ұлттық мемлекеттік капиталмен бекітіліп, туындатылған, негізінен, қарулануды өндіру (мысалы, Франциядағы "Аэроспасьяль" және Испаниядағы "КАСА") және "Фраматом" мемлекеттік ядролық реакторларын (Францияда) өндіру бойынша мемлекеттің кәсіпорындардың өмір сүруімен туындатылған.

Онымен бірге үкіметтің әлемдік тәжірибесінде олардың мемлекеттері экономикалаларының басым салаларының шетелдік компаниялардың қолдарына өтуі қалыпты жағдай (Латын Америкасы, онда жекешелендіру дамыған мемлекеттердің компанияларын жаппай таралуымен жіктеледі).

Арам ниетті әрекет формалары ретінде жеке мүліктен түсетін табыстарды қоғам мүдделеріне қайшы келетін мақсаттарда пайдалану әрекеттері де қарастырыла алады. Егер табыс, пайыз, дивидендтер, рента, роялти және т.б көп жағдайларда шетелдіктермен тұтынылып, шетелге шығарылса, онда мүліктің мемлекетке өтуі олардың мемлекет ішінде қайта инвестициялануын қамтамасыз ете алады, табыстардың әлеуметтік бөлінісінің дұрыс жолын көрсетеді. Ондай өтпелі кезеңге өтудің алғышарты кәсіпорындардың өзін ғана емес, олардың ақшалай ағымдары өтетін қаржылық мекемелерді де ұлттандыру болып табылады.

Қоғам тарапынан табыстардың дұрыс емес реттелуі нарықтың өзінше бір кемшілігін көрсетеді. Ондай кемшілікті бастан кешіру үшін квазимемлекеттік кәсіпорындардың қайта реттемелеушілік функциялары пайдаланыла алады. Бірақ дәл осы функциялар олардың сынаушыларымен әлдеқайда зиянды болып қарастырылады.

Британдық экономист С. Литтлчайлдтың тұжырымдауы бойынша, квазимемлекеттік кәсіпорындардың басты мақсаты табысты қайта реттемелеуде жатыр. Американдық экономист Л. Де Алесси квазимемлекеттік кәсіпорындарды саяси деп атайды, оның айтпағысы, олар немесе тікелей туындайды, немесе ары қарай табыстар мен байлықтарды қайта реттемелеудің саяси мақсаттарын іске асыру үшін пайдаланылады.

Тәжірибеде ол әдетте мемлекеттік кәсіпорындар бағасының төмендеуін, демек, субсидияланудың немесе олардың көтерілуін, соған сәйкес, табыстардың экспроприациясын білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындарға қарағанда жеке компаниялардағы тұрақты субсидиялау ереже емес, ерекшелік болып табылады.

Мемлекеттің ұсынатын игіліктерінің бірқатарының маңызды сипаттамасына (пошта және телефон байланысы қызметтері, электроэнергиямен қамту және т.б.) дәстүрлі түрде олардың жалпыға бірдей және тең қол жетімділігі болып табылады. Бұл атауда олардың барлық тұлғаларға, олардың тұратын жері мен игілігіне қарамастан қол жетімділігін түсінуге болады. Францияда оларды «әлеуметтік қызметтер» деп атайтыны бекер емес. Айқасқан субсидиялаудың жоқтығы жағдайында азаматтардың бір бөлігі осы қызметтерді тұтыну мүмкіндігінен айырылады.

Табыстарды бағаларды арттыру формасында, оларды белгілі қоғамдық қажеттіліктерге жұмсаумен реттемелеудің пайдасына дәлелдемелер бар.

Бірақ, соған қарамастан, жеке кәсіпорындардың аталған функцияларды атқаруына арналған жағдайлардың жасаудың орнына квазимемлекеттік кәсіпорындардың құрылуы себебі не? Егер тәуекелдік жоғары болса, оны бөлуге (капиталға қатысу жолымен емес) немесе осы немесе басқа формаларда оларды сақтандыруға болады; егер табыс жоғары болмаса, оны субсидияларды ұсыну есебінен арттыруға болады; егер монополизация жоғары болса, монополияларды бақылауды күшейтуге немесе бәсекелестікті мадақтауға болады; егер табыстарды реттемелеудің қалыптасатын әдістері әлеуметтік жағынан тиімсіз болса, оны салықтардың көмегімен жөндеуге болады.

Жоғарыда аталып кеткен тезистердің ішінде әдебиетті қарастыру негізінде біз кейбір қажетті жағдайларды анықтадық, олардың ішінде мемлекеттік кәсіпкерліктің осы немесе басқа формаларындағы қажеттілік мақсаты туындайды. Табиғи нарықтық кемшіліктерді жөндеу немесе қоғамдық қалаулы мақсаттарға қол жеткізу үшін басқа стратегиялардың (мысалы ынталандыру немесе реттемелеу) алдында мемлекеттік бірлестіктердің пайдасына таңдау жасау керек – деп француз мемлекеттік секторының американдық зерттеушісі X. Фейгенбаум жазып өткен болатын [4 , б.9].

Бірақ та әлемнің барлық мемлекеттерінде 20-шы ғасырдың соңына орай мемлекеттік кәсіпкерлікті пайдалану және оны мақсатты пайдаланудың мүмкіндіктерін азайтудан түсетін әлеуметтік және экономикалық табыстардың жойылуы немесе қысылуына алып келген факторлардың жиынтығы қалыптасты.

Біріншіден, көптеген мемлекеттерде квазимемлекеттік сектор уақыт өте келе дамудың ішкі логикасынан айырылды, тым кішкентай және әртараптандырылған болып кетті, сол себепті оны басқару қиындатылды.

Екіншіден, квазимемлекеттік сектордың артықшылықтары соңғы он жылдықтар ішінде маңызды әлеуметтік және саяси сілкіністерсіз өткендігі есебінен бағасыздандырылды (соғыстар, апаттар және әлемдік ауқымдағы басқа да катаклизмдер).

Үшіншіден, дәл осы бағытта интернационализация есебінен пайда болған нарықтық реттемелеудің арттырылған тиімділігі жұмыс істейді.

Төртіншіден, интернационализацияның өсімі және, негізінен, үлкен трансұлттық компанияларды құрылуы капитал бойынша таза ұлттық компаниялардың тарапынан шетелдік бәсекелестікке қарсы тұруды ауырлата түсті, тіпті оны мүмкін еместей етті. Оның салдарының бірі ретінде үкіметтердің стартегиялық салалар мен кәсіпорындарды ұлттық басқаруды сақтаудан бас тартуын атап өтуге болады.

Бесіншіден, мемлекеттік қаражаттардың жетіспеушілігінің және қысымдылығының артуы күшімен үкіметтерге квазимемлекеттік кәсіпорындарды дамытуға арналған қаражаттар жетіспейтін болды. Егер өз кезегінде мемлекеттік қазына инвестициялық қаражаттардың әлдеқайда үлкен қоры болса, қазіргі кезеңде ол рөл көптеген мемлекеттерде ұлттық қорлы нарықтарға және капиталдың халықаралық нарығына өтті. Бірақ үкіметтің қолында қаражат болса да олар оны квазимемлекеттік кәсіпорындарды қолдау үшін пайдалана алмас еді, себебі оған қазіргі таңда халықаралық ұйымдар тосқауыл жасауда (ЕО, ДСҚ және т.б.).

Алтыншыдан, қаржылық шектеулердің салдарынан үкіметтердің квазимемлекеттік кәсіпорындарға қолдау көрсетуі мүмкіндіктері ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар қазынаны толықтырудың басқа да қосымша көздерін іздестіру қажеттілігі туындады. Жекешелендіру осындай құралға айналды.

Жетіншіден, мемлекеттік кәсіпкерліктің оны реттемелеу бөлігіндегі артықшылықтары жеке секторды реттемелеу тәртібін дамыту есебінен жоққа айналды.

Сегізіншіде, квазимемлекеттік кәсіпорындар жеке кәсіпорындарға қарағанда көптеген жағдайларда (немесе, солай деп есептелді) әлдеқайда тиімсіз болып шықты.

Бізге 20 ғасырдың 80-ші жылдары мемлекеттік кәсіпкерлік рөлінің жойылуы мен оның табыстарының төмендеуін сипаттаған мемлекеттердің жиынтығы бойынша негізгі факторларды жүйелі түрде көрсету мүмкіндігі берілді, ол 1 суретте көрсетілген.
1 сурет – Мемлекеттік кәсіпкерліктен түсетін әлеуметтік және экономикалық табыстардың рөлінің төмендеуіне немесе қысылуына алып келген факторлар

group 20

Ескерту: автормен құрастырылған

80-ші жылдардың басынан бастап, квазимемлекеттік кәсіпорындар, жеке кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда тиімсіз деген пікір кеңінен қалыптасты. Ол пікір төмен табыстылықтың (немесе тікелей шығындылықтың) және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жоғары шығындарының көптеген куәліктеріне арқа сүйенеді. Бірақ осыдан квазимемлекеттік кәсіпорындардың барлық қатынастарда тиімсіз екеніне байланысты қорытынды жасау дұрыс емес.

Мемлекеттік және жеке кәсіпорындарды салыстыру, егер осылар да, басқалары да бірдей қаржылық және техникалық-экономикалық нәтижелерді көздесе дұрыс болар еді. Бірақ олардың мақсаттары әдетте бір біріне қайшы.

Дамыған мемлекеттердегі мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың салыстырмалы тиімділігі туралы мағлұматтар растағандай, бәсекелі салаларда олардың арасында айырмашылықтар көрінбейді. Ол "қоғамдық міндеткерліктердің" үлкен немесе кіші ауқымы сияқты сыртқы мәжбүрлеумен түсіндірілуі мүмкін (олардың бәсекелестік жағдайларында жеке кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуі мүмкінсіздігінің күшімен). Белгілі экономист Ж.-Ж. Лаффон: "Англия мен Франция сияқты ескі демократиялық елдердің жағдайларында жеке меншіктің қандай да бір формасының артықшылығын, әсіресе, егер инвестициялар сияқты ұзақ мерзімді шешімдердің сапасын ескерсе растайтын куәліктер жоқ. Эмпирикалық куәліктер жоқ, не болмаса бір мәнді сипаттама бермейді; кейбір мемлекеттік фирмалар жақсы жұмыс істейді, басқалары нашар қызмет етеді " [5 , б.24].

Егер квазимемлекеттік кәсіпорындар бойынша жоғарыда аталып өткен сұрақтарды қаражат мәселесіне байланысты сұрақтарға қосса, онда шетелдік мемлекеттерде мемлекеттік қаражаттар мен инвестициялар арасындағы мұндай өзара байланыс өзінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарына ие. Ол негізінен экономикалық жағдаймен, мемлекеттің күштерімен, оның заңнамалық және атқару органдарының басқарудың осы немесе басқа әдістерін өңдеуімен анықталады. Соның өзінде мемлекеттік саясат бірнеше ерекшеліктен көрініс табады:

- бір жағынан, мемлекет, инвестиция саласындағы ғылыми зерттеулер мен өңдеулерді қаржыландыра отыра, инвестицияларды басқарудың белгілі әдістері мен тәсілдерінің тиімділігін арттыру саласындағы зерттеулерді ынталандырады;

- басқа жағынан, мемлекет, өзінің инвестициялық қызметінде белгілі басқарушылық әдістерді пайдалан отырып, бірлестіктер мен басқа да үлкен құрылымдарға пайдаланылатын әдістерді бағалап, оларды өз қызметтерінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Осылайша, экономикалық және өнеркәсіптік саясатты іске асыру барысында нарықтық құрылымдармен және мемлекеттік аппаратпен пайдаланылатын басқару әдістері ғылыми зерттеулер мен жинақталған нарықтық тәжірибенің нәтижесі болып табылады. Бұл жерде жетекші мемлекеттердің экономиканың квазимемлекеттік секторын дамытуы мен оны басқарудағы мемлекетаралық ерекшеліктері бойынша тәжірибесі біз үшін маңызды болып қалмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Kevin R. Kosar «The Quasi Government: Hybrid Organizations with Both Government and Private Sector Legal Characteristics» Analyst in American National Government June 22, 2011. – 23p.

2. Степашин С.В., Столяров Н.С., Шохин С.О., Жуков В.А., «Государственный финансовый контроль»: Учебник для вузов. – СПб.: Питер, 2004. – 311с.

3. Making the Position of Governments in the Field of Politics Stronger // The 12th Conference of Experts of UNO on the Point of State Management. – N.Y. –2015.Ibid.,11-12p.

4. Фурщик, М.А. Инвестиционный фонд – перспективы для промышленных предприятий. 2012.- 344с

5. Фыонг, Н.В. Эффективное взаимодействие государства и предприни-мательского сектора как фактор улучшения национального инвестиционного климата. 2012.- 166с.



Рекомендация научного руководителя

Статья «ЭКОНОМИКАНЫҢ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ОНЫ БАСҚАРУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР» докторанта PhD первого курса кафедры Экономической теории и ГМУ рекомендована к публикации научным руководителем



Подпись научного руководителя _____________________ Таубаев А.А.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет