Кодексінің 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»



Дата30.06.2016
өлшемі81.92 Kb.
#167986
түріКодекс



Жоба

Қызылорда облысының елді

мекендерінде иттер мен мысықтарды

асырау және серуендету, қаңғыбас

иттер мен мысықтарды аулау және

жою Қағидасын бекіту туралы

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабына сәйкес және аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдігінің ұсыныстары негізінде Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берілген Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидасы бекітілсін.

2. «Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау қағидасын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 121 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4488 болып тіркелген, «Сыр бойы» газетінің 2013 жылғы 22 тамыздағы № 124 және «Кызылординские вести» газетінің 2013 жылғы 22 тамыздағы № 124 сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қызылорда облыстық

мәслихатының

___сессиясының төрағасы






Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы


А. Оңғарбаев




Б. Еламанов

Қызылорда облыстық маслихатының

2014 жылғы «__» _________ №__ шешімімен

бекітілген


Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен

мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы

1. Жалпы ереже


1. Осы Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы

(әрi қарай - Қағида) Қызылорда облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тәртібін белгілейді.

2. Қағида, меншiктiк нысанына қарамастан, иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-иелер) қолданылады.

3. Қағида «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрленді.

2. Иттер мен мысықтарды асырау шарттары
4. Иттер мен мысықтарды ұстайтын иелерiне санитариялық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды ұстану керек.

5. Көп пәтерлі тұрғын үйлердiң және жатақханалардың ортақ пайдаланылатын орындарында (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, шатырлар, төбелер, подвалдар), сонымен қатар балкондарда және лоджияларда иттер мен мысықтарды ұстауға жол берілмейді.

6. Меншігінде, иелігінде, пайдалануында жеке тұрғын үйі бар тұлғалар иттерін жеке ауласы аумағында ұстау керек, сондай-ақ жеке ауласының кіреберісіндегі дарбазада ит бар екендігі туралы ескерту белгісі болуы қажет.

7. Иттер мен мысықтардың иелерінде иттер мен мысықтарға ветеринариялық мекемелер беретін ветеринариялық паспорттардың болуы міндетті.

3. Иттер мен мысықтарды асырау тәртiбi

8. Иттер мен мысықтардың иелерi мiндеттi:

1) иттер мен мысықтарды ауруға күдікті болуына байланысты кенеттен құлауы жағдайында ветеринариялық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландыруға;

2) иттер мен мысықтар өлекселерін жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда жоюды ұйымдастыру бойынша кідіріксіз шаралар қолдануға;

3) ветеринариялық мекемелердің мамандарына олардың негізделген талабы бойынша қарауға, диагностикалық зерттеуге және емдеу-алдын алу шаралары, егу, вакцинация жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсетуге.

9. Иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекiтiлген фактiлерге күдiктенгенде, бұған дейін көрсетiлген инфекцияға қарсы иммунизация (вакцинация) процедураларын өтпегендер, заңнамамен белгіленген тәртіппен алып қоюға, қажет болғанда кейiн жойылуға жатады.

4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртiбi
10. Иттер мен мысықтардың иелерi келесілерді:

1) иттер мен мысықтарды балалар алаңдарында, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң телiмдерінде, мектеп аулаларында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерiнiң аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, гүлзарларда серуендетуге жол бермеуді;

2) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, қоғамдық шомылу жерлерінде, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су тарту құрылысында жануарларды шомылдыруға және жуындыруға жол бермеуді;

3) иттер мен мысықтарды арнайы бекітілген, арнайы қоршалған жерлерде немесе ашық алаңдарда серуендетуді;

4) иттер мен мысықтардың иелері серуендету кезінде өздерінің жануарларымен қалдырған барлық табиғи шығарылымдарын (экскременттерін) тазартуды;

5) адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлiктерде (автобустағы жинақтау алаңшаларында) және басқа да қоғамдық орындарда иттердi қысқа тiзгiнде, тұмылдырықпен ұстауға және иттер мен мысықтардың декоративтiк түрлерiн сөмкеде, арнайы арналған торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде), немесе қолда алып тасымалдауды;

6) иттердi түнгi уақытта серуендеткен кезде олардың иелерi тыныштықты сақтау шараларын қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

5. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою

     

11. Кәсiпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде иелері байлап кеткеннен басқалары, қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар, қараусыз (қаңғыбас) деп есептеледi және қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау бойынша мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен мiндеттi аулауға жатады.



Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылып жүргiзiледi.

12. Адамгершілік қағидаттарының сақталуымен бірге қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою тиісті аумақтарда тұратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, ұйымдастырылады және өткізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жөніндегі жұмысқа наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмайтын тұлғаларға рұқсат етіледі.

6. Қорытынды ережелер
13. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн иттер мен мысықтардың иелері «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 311-бабына сәйкес жауапкершілікте болады.

«Қызылорда облысының елді мекендерінде иттер мен

мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасы»

жоба атауы


Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасына
         анықтама–негіздеме




Көрсетiлуi тиiс мәлiметтердiң тiзбесi

Мемлекеттiк органның
ақпараты


1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

2.

Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi) негіздемесі

Осы жоба «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-1 тармағы 27 тармақшасы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 311-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген

3.

Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)

Жобаны қабылдау иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды заңдастырады

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер

Жоқ

5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актiлердiң реквизиттерiн көрсете отырып заң сараптамасын өткiзбей керi қайтарылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздей ме

Жоқ

7.

Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдарымен келiсу туралы мәлiмет

Қажет етеді

8.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау (тарату) туралы мәлiметтер

Жоқ

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмi (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)

Жоқ

 
Басқарма басшысының

орынбасары Д. Ибрагимов




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет