Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің 201___жылғы
«__» ______№____
бұйрығымен бекітілген
Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидалары
-
Жалпы ережелер
-
Осы Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республиксы Заңының 5-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату тәртібін айқындайды.
Шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін Мемлекеттік техникалық қызмет (бұдан әрі – МТҚ) жүзеге асырады.
-
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
-
ақпаратты криптографиялық қорғау құралы (бұдан әрі – АКҚҚ) – криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін, кілттерді генерациялауды, қалыптастыруды, таратуды немесе басқаруды іске асыратын құрал;
-
аралық (бағынысты) тіркеу куәлігі – негізгі және (немесе) аралық тіркеу куәлігін пайдалана отырып қол қойылған, «жеткізуші» өрісі негізгі тіркеу куәлігі туралы ақпаратты, ал «субъект» өрісі аталған тіркеу куәлігі туралы ақпаратты қамтитын тіркеу куәлігі;
-
әмбебап цифрлық нөмірлеу жүйесінің нөмірі (Digital Universal Numbering System Number, бұдан әрі – DUNS нөмірі) – заңды тұлғалардың, заңды тұлғалар тобының және ірі компаниялар бөлімшелерінің;
-
кері қайтарылып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі (бұдан әрі – ҚТКТ) – қолданысы тоқтатылған тіркеу куәліктері, олардың сериялық нөмірлері, кері қайтару (жою) мерзімі және себебі туралы мәліметтер қамтылған тіркеу куәліктері тіркелімінің бөлігі;
-
куәландырушы орталық (бұдан әрі – КО) – электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
-
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СбҮТ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдаланумен шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалылығын растауды жүзеге асыратын мемлекеттік техникалық қызмет;
-
негізгі тіркеу куәлігі – «субъект» және «жеткізуші» жолдары сәйкес келетін тіркеу куәлігі;
-
тіркеу куәлігі – электрондық цифрлық қолтаңбаның Заңының талаптарына сәйкестігін растау үшін КО беретін қағаз тасығыштағы құжат немесе электрондық құжат;
-
шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы – (бұдан әрі – шетелдік мемлекеттің СбҮТ) – шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген уақытта электрондық құжатқа қол қойған тұлғаға қатысты электрондық құжаттардағы электрондық цифрлық қолтаңбаны автоматты режимде тексеру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;
-
электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар терімі;
-
Rivest, Shamir және Adleman тегілерден құрылған аббревиатура (Rivest, Shamir және Adleman, бұдан әрі – RSA) – үлкен тұтас сандарды факторлау міндетін есептеу күрделігіне негізделетін, ашық кілті бар криптографиялық алгоритм;
-
Х.509 – ашық кілттерді ЭЦҚ бар тіркеу куәлігінің көмегімен бөлу деректерінің және процедурасының форматтарын анықтайтын стандарт.
-
Куәландырушы орталықтарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату тәртібі
-
КО берген ЭЦҚ ашық кілтінің және тіркеу куәлігінің тиесілігі мен жарамдылығын растауды тексеру мақсатында КО-ның мына талаптарға сәйкес болған кезде ҚР СбҮТ тіркеуі жүзеге асырылады:
-
КО негізгі тіркеу куәліктерінің X.509 (3-нұсқасы) стандартына сәйкестігі;
-
КО нормативтік – техникалық құжаттарында бекітілген Интернетте белгіленген мекенжайы бойынша тәуліктік қолжетімділік режимімен 24 (жиырма төрт) сағаттан кем емес жарамдылық мерзімімен және тәулігіне кем дегенде 1 (бір) рет шығару мерзімділігімен КО ҚТКТ қолжетімділігі;
-
Қазақстан Республикасының КО ҚР СТ 1073-2007 «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» (бұдан әрі – ҚР СТ 1073-2007) стандартының талаптарына сәйкес сәйкестік сертификаты бар АКҚҚ пайдалануы;
-
Қазақстан Республикасының КО-да ГОСТ 34.310-2004 «Ақпараттық технология. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру процестері» немесе RSA стандартына сәйкес криптографиялық алгоритмді қолдануы;
-
шетелдік КО-ны уақытша орналасу елінің заңнамасына сәйкес құрылуы және қызмет етуі;
-
мемлекеттік шетелдік КО қоспағанда, шетелдік МО-ның уақытша болу елінің аумағында кем дегенде 2 (екі) жыл қызмет етуі;
-
ЭЦҚ-ны шетелдік КО қорғалған кілтті ақпаратты тасығыштарда ұсынуы.
-
КО-ны ҚР СбҮТ тіркеу үшін куәландырушы орталығы РМК-ға келесі құжаттарды ұсынады:
-
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КО-ны ҚР СбҮТ тіркеуге өтініш;
-
құрылтайшы – шетелдік заңды тұлға шетелдік мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын нотариалдық куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді-көшірме немесе басқа заңдастырылған құжат (бұдан әрі – заңдастырылған үзінді-көшірме);
-
еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда уақытша орналасу елінің заңнамасына сәйкес авторлық құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері;
-
Куәландырушы орталығы АКҚҚ-ның ҚР СбҮТ бағдарламалық қамтамасыз етуімен үйлесімділік хаттамасы;
-
КО негізгі немесе аралық (бағынысты) тіркеу куәлігі;
-
КО қызметі регламентінің (қағидаларының) көшірмесі немесе уақытша орналасу елінде қолданылатын құжат;
-
осы шетелдік КО-да және оның пайдаланушылары қолданатын АКҚҚ шетелдік мемлекеттің тиісті стандарттарының талаптарына сәйкес сәйкестік сертификатының көшірмесі;
-
DUNS номер.
-
Қазақстан Республикасының КО тіркелу үшін РМК-ға келесі құжаттарды ұсынады:
-
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КО (шетелдік мемлекеттің СбҮТ) ҚР СбҮТ тіркеуге өтініш;
-
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы
№ 1222 қаулісімен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккретиттеуді жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының КО аккретиттеу туралы куәліктің көшірмесі;
-
еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері;
-
Қазақстан Республикасы куәландырушы орталығы АКҚҚ-ның ҚР СбҮТ бағдарламалық қамтамасыз етуімен үйлесімділік хаттамасы;
-
Қазақстан Республикасы КО негізгі немесе аралық (бағынысты) тіркеу куәлігі;
-
ҚР КО ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасы аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестік аттестатының көшірмесі;
-
пайдаланушылары Қазақстан Республикасы КО-ның тіркеу куәліктерін қолданатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
-
тіркеу куәліктерін қолдану қағидалары (саясаты);
-
Қазақстан Республикасы КО-да және оның пайдаланушылары қолданатын АКҚҚ-ға ҚР СТ 1073-2007 стандартының талаптарына сәйкес сәйкестік сертификатының көшірмесі.
-
РМК куәландырушы орталықты ҚР СбҮТ тіркеу туралы өтінішті алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4,5 - тармақтарында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексерді.
Құжаттарды тексерудің нәтижесі бойынша РМК куәландырушы орталықты ҚР СбҮТ тіркеу туралы қол қойылған келісімнің (бұдан әрі – Тіркеу туралы келісім) екі данасын жібереді.
-
КО Тіркеу туралы келісімге қол қойып, бір данасын РМК-ға қайтарады.
Қол қойылған Тіркеу туралы келісімді алғанан кейін ҚР СбҮТ куәландырушы орталығын тіркейді.
-
РМК келесі жағдайларда тіркеуден бас тартады және дәлелді жазбаша негіздеме бере отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады:
-
КО осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
-
КО осы Қағидалардың 4, 5-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынбауы.
-
КО ҚР СбҮТ-мен әрекеттесуді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша РМК-ға ҚР СбҮТ-мен әрекеттесуді тоқтату туралы өтініш ұсына отырып, мынадай:
-
күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын РМК-ны өз қызметін тоқтату туралы ақпараттандыру арқылы КО қызметін тоқтатқан;
-
ҚТКТ жариялауды бір айда 2 (екі) реттен артық кешіктірген;
-
Тіркеу туралы келісімнің талаптарын орындамаған жағдайларда тоқтатады.
-
Шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату тәртібі
-
Шетелдік ЭЦҚ мен шетелдік тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының КО берген ЭЦҚ және тіркеу куәлігімен қатар тану мақсатында ҚР СбҮТ шет мемлекеттің СбҮТ тіркеуді мынадай талаптарға сәйкестігі кезінде жүзеге асырады:
-
шетелдік мемлекеттің СбҮТ негізгі және (немесе) аралық тіркеу куәлігі ITU телекоммуникациялар жөніндегі халықаралық одақтың X.509
(3-нұсқасы) форматына сәйкес болуы тиіс;
-
шетелдік мемлекеттің СбҮТ-ның немесе шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркеу куәлігін берген КО-ның ҚТКТ шетелдік мемлекеттің СбҮТ нормативтік-техникалық құжаттарында бекітілген Интернеттегі белгіленген мекенжайы бойынша қолжетімділігі;
-
шетелдік мемлекеттің СбҮТ уақытша орналасу елінің қағидалары бойынша сертификатталған АКҚҚ-ды қолданады.
-
ҚР СбҮТ шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркеу үшін шетелдік мемлекеттің СбҮТ РМК-ға келесі құжаттарды ұсынады:
-
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР СбҮТ –да шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркеуге өтініш;
-
заңдастырылған үзінді-көшірме;
-
еркін таралмай пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификатардың көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттардың көшірмелері немесе уақытша орналасу елінде пайдаланылатын ұқсас құжат;
-
қолданылатын АКҚҚ-ға ауқытша орналасу елінің тиісті стандарттары бойынша сәйкестік сертификаты;
-
ҚР СбҮТ-мен шетелдік мемлекеттің СбҮТ интеграциялану хаттамасы;
-
шетелдік мемлекеттің СбҮТ негізгі және (немесе) аралық тіркеу куәлігі;
-
DUNS нөмірі;
-
шетелдік мемлекеттің СбҮТ қызметі регламентінің (қағидаларының) көшірмесі немесе уақытша орналасу елінде пайдаланылатын ұқсас құжат.
-
ҚР СбҮТ-да шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркеу туралы өтінішті алған сәттен бастап РМК 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың
11-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексерді.
Құжаттарды тексерудің нәтижесі бойынша РМК шетелдік мемлекеттің СбҮТ-ға КО пайдаланушыларының ЭЦҚ өзара тексеру туралы қол қойылған келісімнің (бұдан әрі- Өзара тексеру туралы келісім) екі данасын жібереді.
Шетелдік мемлекеттің СбҮТ Өзара тексеру туралы келісімге қол қойып, бір данасын РМК-ға қайтарады.
Қол қойылған Өзара тексеру туралы келісімді алғаннан кейін
ҚР СбҮТ шетелдік мемлекеттің СбҮТ тіркейді.
-
РМК мынадай:
-
шетелдік мемлекеттің СбҮТ осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
-
шетелдік мемлекеттің СбҮТ осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынбаған немесе дұрыс емес ақпаратты бере отырып, ұсынған жағдайларда тіркеуден бас тартады және жазбаша дәлелді негіздемені бере отырып, ұсынылған құжаттарды қайтарады.
-
Шетелдік мемлекеттің СбҮТ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР СбҮТ әрекеттесуді тоқтату туралы РМК-ға өтінішті ұсыну арқылы мынадай:
-
РМК күнтізбелік 20 (жиырма) күн бұрын өз қызметін тоқтатау туралы хабарландыру арқылы шетелдік мемлекеттің СбҮТ қызметін тоқтатқан;
-
ҚТКТ жариялауды бір айда 2 (екі) реттен артық кешіктірген;
-
Өзара тексеру туралы келісімнің талаптарын орындамаған жағдайларда ҚР СбҮТ-мен әрекеттесуді тоқтатады.
Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларына
1- қосымша
Нысан
Куәландырушы орталықты (шетелдік мемлекеттің сенім
білдірілген үшінші тарапын) Қазақстан Республикасының
сенім білдірілген үшінші тарапында тіркеуге өтініш
Ұйымның атауы:___________________________________________________
Мекенжайы:_________________________________________________________
_____________________________________________( КО немесе шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапының атауы) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________(қандай мақсатта) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы жүйесінде тіркеуді сұраймын.
Ескертпе:
Өтініш беруші өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
Мерзімі 20___ жылғы «____» ___________
Басшы _________ _____________
МО (болған кезде) (қолы) (аты, тегі)
Шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларына
2- қосымша
Нысан
КО (шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапының)
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен әрекеттесуін тоқтатуға өтініш
Ұйымның атауы:___________________________________________________
Мекенжайы:_______________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________________________
(КО немесе шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапының атауы)
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы жүйесінде _____________________________________________ ретінде тіркелген КО (шетелдік мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапын) алып тастауды сұраймын.
Мерзімі 20___ жылғы «____» ___________
Басшы _________ _____________
МО (болған кезде) (қолы) (аты, тегі)
Достарыңызбен бөлісу: |