Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 История итальянской литературы XIX-XX веков. М., 1990.
2 Берлин П. Очерки современной журналистики. // Периодическая печать на Западе // СПб., 1904.2. Вестник МГУ. 1990. №3. Вестник МГУ. 1992. № 4.4. Вестник МГУ. 1993. №4.
3 Золотых А.Д. «Пополо» главная газета христианско-демократической партии Италии. //Вестник МГУ. 1983, № 6.
4 Лабриола А. Периодическая печать Италии. // Периодическая печать на Западе. СПб, 1994.
5 Капекки В. Ежедневная печать в Италии. Милан, 1984.
6 Кин Ц. Выбор или судьба: итальянская культура в преддверии XXI века. М., 1988.
7 Лозин В. Краткий справочник итальянской печати. М., 1946.
8 Ломбардо М. Периодическая печать в Италии. Рим, 1985.
9 Соколов B.C., Виноградова С.М. Периодическая печать Италии. СПб, 1997.
10 Немилов А. Н. Культура итальянского Возрождения и Европа. // Культура и общество Италии накануне нового времени. М., 1993.
11 Урина Н.В. Средства массовой информации Италии. М., 1996.
12 Ленер Д., Синицина М. Эффект Сильвио Берлускони. М., Олма-Пресс, 2002.
13 Урина Н.В. Итальянская журналистика в 1945-1990 гг. М., МГУ, 1999.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1. Италия журналистикасында саяси басылымдардың орны «Джорнале дель пополо», «Италиа дель пополо», «Авантидiң», «Темпоның», «Маттионың», «Республиканың» беделi неліктен жоғары болды?
2. «Сицилия Либерато» газетінің тарихы туралы не білесің?
3. Италиядағы таралымы ең көп газет миллиондық «Секоло» («Ғасыр») газеті 0ай жылы шықты?
4. «Стефани» ақпарат агенттігі Муссалини басқаруымен фашизмнің ресми қаруына не себепті айналды?
5. 1948-1953 жылдары БАҚ жүйесінде қандай ерекшеліктер бар?
6. 1950 жылдардағы «Эспрессо» апталығы мен «Джорджо» күнделікті газеттерін шығару туралы идеяны кім ұсынды? Оның маңызы қандай болды?
7. Италиядағы телеарналардың тууы мен қалыптасуында қандай маңызды ерекшеліктер бар?
8. "Репубблика" газеті тарихындағы Э. Скальфаридің орны қандай?
9. «Коррьере Делла Сера» газетінің басты ерекшелігі неде?
10. 1981 жылы Баспасөз туралы Заңда қандай мәселелерге байлынысты шешімдер қабылданды?
11. Италиядағы күнделiктi, аудандық, провинциялық, кешкiлiк, таңертеңгiлiк басылымдардың ерекшелігі неде?
12. Италия мерзiмдi басылымдарында әйелдер журналының маңызы. Танымалы «Донна Модерна» журналы қай жылдан бастап шықты?
13. «Унитаның» дамуы мен қалыптасуындағы жаңа сатысы ретінде қандай оқиғаларды атар едің?
14. «Палермо», «Кальяри», «Рим радиосы» тарихы қашаннан басталды?
15. 1975 жылы сәуір айында «РАИ-дың» саяси тәуелсіздігі туралы Заң қабылданғанда қандай мәселелер басты назарда болды?
16. Не үшін 1980 жылы 11қарашасы Берлусконидің «Бесінші арнасының» ресми туған күні болып саналады?
17. 1970 жылдардағы Италия тележүйесіндегі құрылымдық өзгерістер туралы не білесің?
18. С.Берлускони қай жылдардан бастап Еуропа нарығына енді?
19. 1999 жылы Италия Германиямен, Испаниямен біріккен қандай жобаға қол қояды?
20. «ANSA» ақпарат агенттiгi қашан құрылды?
1.9 Испания, Нидерланды Корольдiгi, Финляндия журналистикасы
Газет-журналдары. Испаниядағы алғашқы шыққан газет “Гасета нуэва де Мадрид” деп аталады. Бұл газет Испаниядағы “Саяси және әскери оқиғалар туралы мәлiмдеу немесе газет” деген тақырыпшалармен шыққан. Оған Хуан Австрий үлкен үлес қосты. Аз уақыт iшiнде өзiнiң 20 нөмiрiн жарыққа шығарып үлгередi. “Гасета нуэва де Мадридтен” соң, күнделiктi газеттер де өз жалғасын тапты. Мысалы, Барселонада – “Диаро де Барселона”, Валенсияда – “Диаро де Валенсия”, Севильде – “Диаро историко и политико де Севилья” басылымдары жарық көрген. Соңғы жиырма жыл iшiнде Испания баспасөзiнде басып шығару және таратудағы обьективтi және субьективтi қиындығы жоқ жылдарды кездестiру қиын. Испанияда және шет елдерде 1997 жыл аяғы 1998 жылдың басында шыққан сараптамалық мақаласында Испания баспасөзiнiң табысы жария етiлдi және соңғы он жылдағы ең жақсы экономикалық және жекелеп сату арқылы 370 млрд. письет түсiрдi. Ал таза түсiмi 41 миллион письетті құрайды [1,25-б].
Испания баспасөзiнiң директоры – Юас Ности: “ Испанияда баспасөзі мұндай кездердi бағаның тұрақтылығы арқылы бастан кешiрдi. Бұл сол мемлекет экономикасының көтерiлуiнiң айғағы. Күнделiктi мерзiмдi басылымды таратуда жақсы жағдай туып отырған жоқ. Грекия мен Португалияның алдында болса да, дамыған елдермен теңесе алмады” [2,28-б],- деп түсінік береді. Испанияда газет саны 1000 адамға шаққанда 1004.8 данадан тиедi. Испандықтардың көбi спорт туралы газеттердi көп оқиды. Жергiлiктi сарапшылар жастардың оқуға құмарлығы үрейлендіреді деп жазады. Онда цифрлық баспасөз БАҚ-тың дамуының басты бағытын құрайды және қоғамдық теледидардың моделi, БАҚ-та цифрларды сөйлету кеңінен өрістеген.
Испаниядағы ең озық газет – “Эль Понс” күнделiктi таралымы – 450-175 000 дана. 2007 жылмен салыстырғанда 9 500 есеге артып отыр. Ол жексенбiлiк ұсыныстарын “Вьехро” журналында басады. Ал, бейсенбi сайын “Себер Пайс” қосымшасын шығарады. Музыка, поэзия, тарихқа бағытталған бес жаңа журналды атап өтуге болады. Поэзияға арналған “Поэзия”, музыка туралы “Эфе Эме” журналы бар [2,56-б]. Тарих тақырыбындағы “Ла Рассан” 500 данамен шығатын журнал. Сонымен қатар, Д.Саларонның редакциялауымен “Ла Авентурас Историкас” деген журнал шықты. Ол безендiрiлуi жағынан “Ист-16” журналына өте ұқсас болды. 2008 жылы “Актуалитаг Экономика” журналы 900 испандық басқармалардың арасында сауалнама жүргiзген. Нәтижесiнде, зерттеушiлердiң өзi күтпеген жайттар анықталады.
Испаниядағы ең үлкен газет – “Лавангвардия”. Бұл газеттiң жексенбiлiк қосымшасы бар, жалпы таралымы – 1 860 000 дана. Бұл газет елдегi өзiнiң қосымшасын Интернет желiсi арқылы тарататын, яғни өзiнiң де, қосымшаларының да электрондық нұсқасы бар жалғыз газет. Бұл газеттiң қосымшалары қатарына “Эль Перидико” 1 434 000 дана. “АВС” жексенбiлiк қосымшасы 1 150 000 және журнал типтес қосымшасы “Эль Мундо” 936 000 оқырманы бар екен [3, 49-б]. Осы газет-журналдардың бәрi “Пренсо Иберика” баспа тобына қарайды. Осындай басылымдарды шығара отырып, баспа тобы Андалузиядағы өзiнiң “Баспасөз дүңгішектерін” ашқан, Андалузияда бұрын бiрде-бiр басылым болмаған екен.
“Ла Опиньон де Малага” басылымның “Жексенбiлiк магазин” атты қосымшасы және күнделiктi “ЛУСИ” басылымы бар. Бұл басылымдарда негiзiнен музыка, кино, өнер, әдебиет және қоршаған ортаға байланысты ағымдағы ақпараттар жарияланып отырады. Газет оқырмандардың кең аудиториясына арналған. Алайда, кейде мақалаларынан газеттiң жас оқырмандардың жүрегiне жол тауып, жанын жаулап алуға арналған материалдар ағынын аңғаруға болады. Бұл газет ”Пренса Иберика” баспа тобының шығаратын 12-шi газетi. “Пренса Иберика” баспа тобының бастыратын басқа басылымдарына “Ла Опиньон де Мурсия”, “Информасион”, “Фаро де Вига”, “Провинсия”, “Леванте-элье”, “Ла нуэво эспанья”, “Диарио де хирона”[4,58-б] жатады.
“Ла Опиньон де Малага” басылымы басылғанға дейiн баспа тобы барлық басылымдардың жалпы таралымы – 291 034 болды. Қазiргi кезде бұл баспа тобының жоспарында тағы да бiрнеше басылымдарды алуды жоспарлап отыр. 2000 жылы Испания баспасөзiнiң бiр компания қоластында шоғырлануы барысында жаңа баспа концерн топтары пайда болды. Бұл баспа тобы “КОРРЕО” деп аталады. Баспа тобының иелiгiнде “Эль Коррео Эспаньол” күнделiктi, “Эль Пуэбло Баско” және тағы басқа күнделiктi газеттер бар. Бұл басылымның жалпы бiр реттiк таралымы Испаниядағы күнделiктi газеттердiң жалпы ұлттық таралымының 18 пайызын құрайды. Кезiнде “АВС” басылымдар шоғырын басатын “Пренс эспаньола” компаниясынан бөлiнiп шыққан Коррео С.Берлускони, Лео Кирх қол астындағы жеке меншiк “ТЕЛЕ-5” телеарнасының 25 пайыз акциясын сатып алды. Бұл жерде ескеретін жайт “ТЕЛЕ-5” арнасы шығыны көп арна болып есептеледi. Тек 1994 жылдың өзiнде телеарна төрт миллиард письет шығынға ұшырады. Берлускони бұл арнаны тұтасымен сатуға оқталған. Алайда, жiгерлi және iскер жаңа директор М.Карлотти телеарна қожайындарын Латын Америкасында испан тiлiндегi телебағдарламалардың көптеп шығарылуы мен таралуына апаратын жолдағы кедергiлерден өтетiн өзiндiк бiр көпiр қызметiн атқаратын стратегиялық жолдың көзiн ашады. Жаңа директор 1994 жылдың соңында қызметiне кiрiсіп, осыдан кейiн “ТЕЛЕ-5” мексикандық “Телевисбон” мен француздық “ТФ-1” компаниялардың ұсынысын қабылдамай, ақпараттық және хабар тарату торабын қол астына жинай бiлген испандық компаньонды таңдайды [5,75-б].
Испания баспасөзiне тән ерекшелiктер аясында дамып отырған баспасөзден бүгiнде халық арасында онша танымал емес және беделi аймақтық және жергiлiктi баспасөз топтары мен басылымдары өз орнын табуға тырысуда. Солардың бiрi – “Канариас-7” күнделiктi газетiн шығаратын Канарлық баспагер жергiлiктi “Эль диа” және “Канал-7” компаниялары, “Коблевисьон Канарион С.А.” компаниясының акционерлерi болды. “Каблевисьон компаниясы” мен “Диарио де Бургое” келiсiмшартқа отырып, басты мақсаты ең алдымен Бургоста, кейiн Кастилья және Леон провинцияларында кабельдiк телевидения ұйымдастыруды көздейді. Бұл Испания БАҚ-да қалыптасып отырған жекелеген мысалдар испандық БАҚ-ның таңдаған жолы жабылып қалудан сақтанудың және дамудың таңдаулы әдiсi болып саналады.
“Эспаньола” газетінің негiзi 1995 жылы мамырда қаланған. 1995-1997 жылдары “Жаңа жер” деген басқа атпен шығып келеді. “2000 жылдан бастап газет айына бiр рет шығады. Таралымы – 15 000 дана. Газет беттерiнде туристерге арналып Испанияның көріктi жерлерi туралы жазып, кеңестер бередi, әдеби, тарихи мақалалар басып, аспаздық мәзірлер туралы да жариялап отырады” [6,25-б].
Телерадиосы. Испанияда екi жалпы ұлттық телеарна бар. Оларға “ТВЕ-1”, “ТВЕ-2”. Каталония мен Балеар құрлығында екi арна каталандық және “Канал-9” валенсиялық тiлде таратылады. Сонымен қатар, Испанияда екi жекеменшiк арналар “Антена-3” және “Теле-5” арналары қосымша таратылады. Европалық елдерден берiлетiн хабарлар мен бағдарламаларды спутниктiк антенналардың көмегiмен қонақ үйлердiң келушілері көруiне мүмкiндiк туғызған.
Испанияда мемлекеттiк және жекеменшiк радиостанциялар орналасқан. Радиохабар испан тiлiнде және автономиялық облыстардың ортақ тiлiнде таратылады. Жергiлiктi радиотораптар туристерге арналған курорттық аймақтарға Еуропа тiлдерінде хабарды ағылшын тiлiнде, бiр сағаттан соң немiс, француз тiлдерiнде таратылады.
Ақпарат агенттiктерi. “ЭФЭ” агенттiгi. Бұл агенттiк соңғы жылдардағы “Фабра”, “Фаро”, “Фебус” агентiктерiнiң қосылуының нәтижесiнде дүниеге келген. Испан тiлдес елдер арасындағы ең iрi ақпарат агенттiктерінiң бiрi. Мадридте орналасқан, құжат жүзiнде акционерлiк қоғам болып есептеледi. Алайда, оның акциясының 30 пайызы мемлекет бақылауындағы ұлттық өнеркәсiп институтына тиесiлi.
“ЭФЭ” елдiң жаңалықтарын мемлекеттiк және тәуелсiз мекемелерге, елшiлiктерге, шетелге, оның iшiнде Латын Америкасына таратады. 30 ақпарат агенттiгiмен ақпарат алмасады. Барлығы 1690, Испанияда 620, ал шетелде 1070 жазылушылары бар. “ЭФЭ” құрамында 2500-дей адам қызмет iстейдi. Шетелде 80 тiлшiлер пунктi мен бөлiмдерi бар. Агенттiктi 250 адамнан тұратын әкiмшiлiк кеңес басқарады [7,36-б].
Нидерланды Корольдiгi. Газет-журналдары. 1998 жылдың бiрiншi қаңтарында Нидерланды Корольдiгiнде бәсекелестiк жөнiнде заң қабылданды. Негiзiнде голландық баспагерлер өзiн-өзi басқару кодексi бойынша жұмыс iстейдi. Баспасөз рыногында «De Telegraf», «Wegenek» атты компаниялар аймақтық газеттердi өздерiне қосуда. «De Telegraf» компаниясының баспасөз нарығындағы бөлiгi 24,6% - дан 25,8% - ға өссе, «Wegenek» компаниясының бөлiгi 14,8% - дан 16 % - ға өстi.
«United Dutch Newspapers» UDW (Нидерланды газеттер концернiн) газет концернi, акционерлiк қоғам. Бұл концерн 16 күнделiктi газет шығарады, олардың барлығы да голланд тiлiнде басылады. Бұл басылымдар шығатын аймақтарының атауына байланысты аталған концерннiң штаб-пәтерi Гаага қаласында орын тепкен.
«De Telegraf» («Телеграф») - Голландиядағы ең iрi күнделiктi шығатын газет. Шығу тарихы 1893 жылдан бастау алады. Таралымы 800 000 дана, голланд тiлiнде басылады. Әлемнiң көп елiне таратылады. «De Telegraf» газетi белгiлi бiр саяси немесе дiни бағытты ұстанбайды. Ол сондай-ақ ешбiр партияны қолдамайды. 1989 жылдан бастап Мәскеуде тұрақты өкiлдiгi жұмыс iстейді, тiлшiсi - Ван Дер Слоот Питер.
«Volkskrant» («Фолькскрант») - күнделiктi тәуелсiз газет, таралымы - 400 000 дана. Әлемнiң жиырмадан астам елiнде тiлшiлерi бар, Мәскеудегi меншiктi тiлшiсi - Рийс Барт.
«Financiel Economisch Magazine» - FEM ( ФЕМ ) - бұл Нидерланды Корольдiгiнде шағатын беделді экономикалық журнал. Басты тақырыбы - қаржы, бизнес, банк, сауда, экономика, биржа жаңалықтары т.б. Әлемнiң көптеген елдерiнде тiлшiлер бөлiмшелерi бар, Мәскеудегi тiлшiсi - Ван Шайк Джонни.
Нидерланды Корольдiгiндегі баспасөз кеңесi 1960 жылдан бастап жұмыс iстейдi. Негiзгi мақсаты - азаматтарды жауапкершiлiгi жоқ журналистерден қорғау. Бұл кеңестiң басшысы мен хатшысы заңгер болуы тиiс. Бұл ұйымды басылымдардың өзі қаржыландырады, құрамы Нидерланды Корольдiгi журналистерiнiң ұйымы, Редакторлар Ассоциясынан тұрады. Бұл кеңес 16 адамнан, сегiз журналист және БАҚ саласындағы журналист емес сегiз адамнан құралған [8,97-б].
Телерадиосы. Соңғы уақытта Нидерланды Корольдiгiнде мемлекетiк радиостанциясынан гөрi тәуелсiз радиостанциялар басым. Телевидение саласында тәуелсiз және мемлекеттiк арналар арақатынасы тең дәрежеде.
1942 жылы негiзi қаланған “Nidetlandse Omtoepptogramm Stichting» Нидерланды жаңалықтар тарату корпорациясына қарайтын мемлекеттiк телевидение. Ол хабарларын ел iшiнде голланд тiлiнде таратады. Штаб-пәтерi Хильверсюль қаласында орналасқан. Әлемнiң бiрнеше елдерiнде меншiктi тiлшiлерi бар. Соның iшiндегi Мәскеудегi меншiктi тiлшiсi - Петер Д Амкур. Нидерланды Корольдiгi радиосының әлемдiк қызметi - голланд тiлiнде әлемнiң түкпiр-түкпiрiне жаңалықтар таратады. Мәскеудегi меншiктi тiлшiсi - Гроот Куркамп Хирт Герардус. “RTL – 4» («Radio Television Lyksemburgһ») - Люксембург радиосы және телевидениесi атты корпорациясының Нидерланды Корольдiгiндегі филиалы, хабарлары голланд тiлiнде жүргiзiледi. Сонымен бiрге немiс, француз тiлiнде жаңалықтар ағымы таратылады. Мәскеудегi меншiктi тiлшiсi - Врукхаусен Рейнаунд Юго [9,256-б].
Финляндияның интернеттендiру кезеңiндегi басылымдары. Финляндияның “Хельсингин саномат” газетiнiң шолушысы Пентти Садениеми Интернет дәуiрiнде фин журналистерi қалай өмiр сүруде деген сауалға: «Жаңа технологиялар журналистің жұмысын жеңілдете, әрі жайландыра түсті. Барлығында жеке компьютері бар, бұрынғысынша жүгіру, жан-жаққа телефон шалу, мекен-жайларды іздеудің қажетті жоқ. Әріптестерімізбен электронды пошта арқылы байланыс жасаймыз. Әсіресе, шетелдегі журналистермен қарым-қатынас жасау аса қолайлы» [10,2-б],- деп жауап берген.
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология /ЖАКТ/ журналистердiң кәсiби қызметiне тигiзiп отырған ықпалы БАҚ зерттеушiлерiн қызықтыратын тақырып. Әлемдiк Интернет жүйесi өзiнiң көлемi, адамдар санына қарамай барлық редакциялардың қызметiне елеулi өзгерiстер әкелдi. Электронды массмедия, электронды версиялар дәстүрлi БАҚ-та жаңа журналистиканың бастауы, ХХI ғасырдағы жаңа типтi журналистиканы қалыптастырды. Әлемде жаңа ақпарат технологиясын игеруден АҚШ-тан кейінгі екiншi орынды иемденiп отырған финдiктер экономикасы дамыған елдер қатарына кіреді. ЖАКТ бойынша барлық әлемдiк рекордтарды жаңартқан ұялы телефондармен жарақтанған, бiлiм саласын толық Интернетпен жабдықтаған Финляндия БАҚ-ның жаңа мәдени деңгейге көтерiлген. Кешкi “Илталехти” газетiнiң редакторы Ханна Исосари ЖАКТ-ты пайдалану редакциядағы кадрдың жас мөлшерiне тiкелей қатысты дегендi айтады. Жастар жаңа жүйемен жұмыс iстеуге әуес. Тампере университетiнiң оқытушы-ғалымы Ари Хейнонен: “Кейде практикант-студент Интернет арқылы тұтас редакция ұжымынан да артық жұмыс iстейдi”,- деген пікір айтады. Редакциялардағы электронды пошта, әлемдiк жүйемен байланыста болуы жастардың Интернет жүйесiн тез игеруiне септігін тигізуде екен.
“Нелонен” коммерциялық телеаранасы бірінші жыл жұмыс iстей бастағанда барлығы 20 журналистің орта жасы 20-35 аралығында болған. Жаңа технологияны алғашқы күннен пайдаланғандықтан, кәсiби қызметтi электронды поштаны жөнелту, қабылдау әлемнiң “БИ-БИ-СИ”, “СИ-ЭН-ЭН” тәрiздi компанияларынан ақпараттар алу, Интернетпен жұмыс iстеу телевидениенiң төртiншi арнасы үшiн күнбе-күнгi кәдiмгi жұмыс болып есептеледi. “Нелонен” басшылығы журналистiң БАҚ-тағы тәжiрибесiмен бiрге, компьютерде жұмыс iстеу шеберлiгiн басшылыққа алуды өз тәжірибесіне кіргізген. Әрине, жаңа қызметкер программист болуы шарт емес, әйтсе де бiлiм министрлiгiнiң арнайы бағдарламасы бойынша финдiк студенттер мен мектеп оқушыларының Интернетке енуiне шек қойылмағандықтан, оны игеру бұл елде әлемдегі ең жоғары дәрежеге көтерiлген. Қазiр кез-келген студентте тегiн электронды мекен-жай, пошта жәшiгiне әрбiр оқушы ие. Осыдан-ақ телекомпания журналистерiнiң компьютердi жеңiл игеретiндiгiн түсiну қиын емес.
«МТВЗ» коммерциялық арнасының кадр алу тәртiбi “Нелоненнен” айырмашылығы жоқ. “Жаңа келген маман интернетпен жұмыс iстей алуы керек. Бiз жаңа қызметкер жаңа технологиямен тiл табыса алатындығына сенiмдi болуымыз керек”, - дейдi «МТВЗ» арнасының хабар бөлiмiнiң редакторы Томи Линдблом.
«ТВ 2» қоғамдық телевидениесі де компьютермен жұмыс iстеу тәсiлдерiне ден қойған. Фин радиосы да жаңа технологияны игеруде БАҚ журналистерiнiң жаңа үлгiсiн жасауда терiскей Еуропада жетекшi орын алады. 1997 жылдың көктемiнде «Юлейсрадио» қоғамдық хабар таратушы корпорациясы цифрлық форматпен тұрақты радио хабарын бере бастады. Қазiр «Юлейсрадио» телерадиокомпаниясы жайлы толық мағлұматты, сондай-ақ цифрлы хабар таратуға қатысты алуан сұрақтарға жауапты Интернет арқылы алуға әбден болады. Цифрлық хабар таратуға көшу редакцияның жұмыс стилiн түбiрiнен өзгерттi. Оның нақтылы мысалын қоғамдық «Юлейсрадио» ақпараттық корпорациясының “Радио Ньюс Юкеннен” арнасы жұмысынан көруге болады. Мұнда 100 журналист, 11 халықаралық журналист жұмыс iстейдi. Барлығы Интернетке кiре алады, жеке электронды адрестерi бар. Әр тiлшiде “отты нүктелерден” ақпарат беретiн техникамен жабдықтылған. Сол арқылы Жер шарының кез-келген нүктесiнен “Нью стар системз” бағдарламасы бойынша хабар бере алады. Студияда хабар әзiрлеу қажеттiгi жойылған. Студияны модернизациялауға толық көшкенiне қарамастан журналистің компьютердi игерудегi шеберлiгi маңызды. Финдiктер радионы көп тыңдайды. Хельсинки университетiнiң медиазерттеуiне қарағанда 2008 жылы 12-69 жас арасындағы финдердiң 76 пайызы радио тыңдаса, телевидениенi 88 пайызы көрген. Егер финдiктер БАҚ-қа күн сайын 8 сағат 30 минут уақыт жiберсе, соның iшiнде радиоға 2 сағат. 16 минут уақыт кетіреді, телевидениеге 3 сағат 12 минут уақытын бөледi екен. Бұл елдiң тұрғындары радиоға, газеттерге таңертеңгiлiк жұмысқа шығарда және жолда көп уақыт бөлетін көрінеді. Финляндияда қызметке, мектепке, университетке барар жолда радио тыңдау дәстүрге айналған.
Фин радиосы телевидение сияқты “жасарып” келедi, мұны жаңа технологияның енуiне байланысты деп кесiп айту қиын. Қырық жастан асқан мемлекеттiк шенеунiктер телефон мен факстi ақпарат алу көзi деп санаса, Интернеттi пайдалану компьютерлiк жүйе арқылы ақпарат алудың негiзгi көзi ретiнде есептейдi екен. Бүгiнгi БАҚ-та 30-дан асқандар үшiн Интернетке, мектепке, жоғары оқу орындарында үйренбесе, арнайы курстар ашқан. Бағытына қарамастан журналистер электронды поштаны жиi пайдаланып, электронды байланыс ақпаратты алушы, жөнелтушi үшін де оң қызмет етуде.
1997-1998 жылдары телемәтін қызметiн 63-65 пайыз көрермен пайдаланған. Олардың 15 пайызы 15-24 жас, 12 пайызы 25-44 жас, 11 пайыз 45-59 аралығындағылар болатын. Кабельдi және спутниктi телевидение тартылған үйлердiң 59 пайызы телемәтінді, 52 пайызы антендi телевизорлары барлар құрайды. Бұдан телевизорды тек жастар көредi деген ұғым туу мүмкiн. Бiрақ 50 жастағы финдiктерде Интернет телевидениесiнiң бетiн пультпен парақтап, олар бағдарламаны жасауға да қатысады екен [11,56-б].
Фин баспасөзi Интернет ықпалына көп ұшырап, “Машинаны басқаруға машықтануға жұмыс үстiнде де үйренуге болады, ең бастысы адам жаза бiлсiн, ал жас пен компьютерлiк шеберлiктiң еш маңызы жоқ”, - дейдi. Пентти Саденеми. “Әйтсе де журналистердiң компьютердi игеруге деген көзқарасы төмендегенiне қарамастан “Хельсинтин саномат” редакциясы ЖАКТ-ы жетiлдiрiп отыр. Бiр жыл бұрын ғана редакцияда бiр ғана компьютер болса, қазiр әр журналист, әр қызметкер Интернетке еркiн ене алады. Шетелдiк тiлшiлермен байланыста электронды пошта кең түрде пайдаланылады. “Роуд Раннер” компьютер жүйесi – осы заманғы телетайп – “Хельсинтин саномат” редакциясын әлемдегi «Рейтер», «Франс Пресс» тәрiздi ақпарат агенттiктерiмен байланысады, түрлi телекомпаниялармен, газеттермен, мәселен “Вашингтон пост” газетімен байланыс орнатқан. Редакцияның ақпарат орталығындағы мониторлардан “Файнэншл Таймс”, “Гардиан”, “Айриш Таймс” газеттерiнiң хабарлары бой көрсетедi, “Юнайтед Стейтс Ньюсон-Лайн”, “Эн-Зет Зет он-лайн” жаңалықтары түсiп жатады. Журналистер күн сайын Фин парламентi мен үкiметiнiң ВЕБ-беттерiн өз жұмыстарында пайдаланады. “Хельсингин Саномат” басылымы дәстүрлi жазылып алушылар қол жеткізетін басылым болғанына қарамастан электрондық версиясы көп газеттерге Интернет арқылы беріледі. Он-лайн версиясын жасау жазылып алушыларды көбейтудi мақсат тұтқанымен “Хельсингин Саномат” газетiнiң негiзгi материалдары төлем арқылы тек жазылып алушыларға берiледi. Тегiн “Сату-алу” бөлiмi арқылы шағын хабарларды көруге болады. Фин бұқаралық ақпарат құралдарының iшiнде ерекше сұранысқа ие “Илталехти” немесе “Толаус Саномат” басылымдары екен.
Финнiң барлық басылымдарының Интернетте өз беттерi бар. 1997 жылы 33 газет өз материалдарын әлемдiк жүйеге енгізген, соның iшiнде 22 газет күн сайын, 11 газет аптасына 4 рет шығатын басылым бар. 14 студенттiк журнал, 36 мамандандырылған, 26 кең аудиторияға арналған басылымы бар. Барлығы 91 журнал шығады. Елдiң күн сайын шығып тұратын газеттерiнiң 60 пайызы Он-лайн беттерден тұратынын ескерсек, журналистика жедел дамып келе жатқанын аңғарамыз.
Баспасөздің электронды версиясы, электронды газет, телевидениенің үйдегi беттерi мен радиоарналары аудитория үшiн жаңалық болғанымен, финдiктердің ықыласына ие болып отыр. Электронды версия – ең алдымен шапшаң алынатын аса пайдалы материалдар болып табылады. “Хельсингин Саномат” электронды версияны пайдалану арқылы аз жазып алушыларын көбейтедi. “Хельсингин Саноматтың” журналистерi Он-лайн газетi финдер үшiн әсiресе шет елдерде, мәселен, екi-үш күн кешiгiп жететiн Австралияда тұратын финдерге аса қажет. “Электронды версия бүгiнгi таңда Жер шарының кез-келген нүктесiнде өз аудиториясын сақтаудің тиiмдi жолы болып отыр. Үйге таңертеңгi төрт-бесте келетiн газеттi “табиғи” түрде оқуға әдеттенiп алған оқырмандар таңсәрiден машинамен жұмыс iстеуге ынталы емеспіз” [12,25-б], - дейді екен.
Өзiнiң экономикалық бағытына қарамастан “Толоус Саномат” газетiнiң журналистерi үшiн электрондық версия аудиториясын молайту мақсатын көздейдi. Он-лайн редакциясының елдегi және шетелдегi қаржы-ақпараттық бәсекеге төтеп беруге ықпал етуде. Инженерлер-экономистер, саясаткерлер үшiн газет Интернетке жол ашуға тиiс. “Толоус Саномат” газетiнiң атқарушы директоры Яйви Хярконен: “Финляндияда жүйелi беттер ашып, ие болу керек. Нарық заңы солай”,- дейдi. Басқа БАҚ қызметкерлерiнiң пiкiрi де осындай. Ари Хейнонен: «Қазіргі уақытта дәстүрлі газет-журналдар алдында бір-ақ таңдау бар. Ол – интернет жүйесіне көшу немесе біржола жабылу» [13,15-б], - деп айтады. “Кауппалехти” атты қаржы-экономика газетiнiң 22% оқырманы Интернет арқылы, швед тiлiндегi аса iрi басылым “Хурудстадбладет” газетiн интернет арқылы 20% оқырман оқиды.
Қазiр зерттеу орталықтары ЖАКТ пайдалану жөнiнде тұрғындармен жұмыс жүргiзгенде интернетте ақпаратты орналастыру, әрi iздестiру құралы ретiнде қажеттiлiгi ескеруде. Интернет қажет, оңтайлы әрi одан шет қалу мүмкiн емес. Фин журналистерiн Еуропадағы көп әрiптестерi қолдайды. Мәселен, немiс зерттеушiсi Гюнтер Рагер Ресей мен Германиядағы БАҚ дамуы жөнiндегi симпозиумде “Компьютер жүйесін жетік білетін пайдаланушылар БАҚ-тан қажеттi ақпаратарды барынша мол сүзiп алатын болады. Интернет бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз бiрлiкте болса ғана өз маңызына ие болады” [15,4-б],- деп атап көрсеттi. Бұқаралық ақпарат құралдарының одан әрi дамуы үшiн жаңа технологияның ықпалын дөп басып айту қиын. Редакциялардағы кез-келген коммуникацияны, соның iшiнде Интернеттi аудитория толыққанды меңгеруі тиіс. Электрондық БАҚ-тың ықпалы оқырмандар үшiн жаңа журналистиканың бастамасы, ал оның негiзiн осы заманғы коммуникацияны жақсы меңгерген мамандар құрайды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Испания в ЕС / под ред. Н.П. Шмелева. М., 2003.
2 Авилова А.В., Акимов B.C., Баранова Т.Н. Современная Испания. - М., Политиздат, 1983.
3 История печати: Антология. / Сост. Я.Н. Засурский, Е.Л. Вартанова. Т. 2. М., 2001.
4 Буторина О.В. Испания: стратегия экономического подъема. М., 1994
5 Додолев М.А. Послевоенная испанская историография. М., 1992.
6 Гинько В.Г. Испанская пресса до и после принятия закона о печати 1966 г// Вестн. Моск. Ун-та, Серия X, Журналистика, №3, -1974.
7 Вартанова Е.Л. Основы медиаэкономики и медиаменеджмента за рубежом. - М., Факультет журналистики МГУ, 2002.
8 Курышева Ю. В. Современная журналистика Испании в контексте общеевропейских интеграционных процессов // Средства массовой информации в современном мире. Молодые исследователи: сборник тезисов V межвузовской научно-практической конференции студентов и аспирантов. СПб., 2006. С. 97 - 99.
9 Курышева Ю. В. Принципы и стратегии информационной политики ЕС // Вестник СПбГУ. 2007. Серия 9. В. 1. Ч. 2. С. 256-260.
10 Вартанова Е.Л. Финская модель на рубеже столетий: информационное общество и СМИ Финляндии в европейской перспективе. – М., Изд-во Моск. ун-та, 1999. – 287 с.
11 Вартанова Е.Л. Северная модель в конце столетия. Печать, ТВ и радио стран Северной Европы между государственным и рыночным регулированием. М., 1997.
12 Вартанова Е.Л. Финская модель на рубеже столетий. М., 1999.
13 Гуревич С. М. Газета: вчера, сегодня, завтра. Учебное пособие для вузов. М., 2004
14 Вартанова Е.Л. Финляндия. Энциклопедия мировой индустрии СМИ. М., 2006.
15 Засурский Я.Н. Глобальное информационно пространство в условиях мобильной коммуникации. 7.02.2006. Медиаскоп. www.mediascope.ru.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1.Ақпараттық-коммуникациялық технологиясының /ЖАКТ/ журналистің кәсiби қызметiне ықпалы бар ма?
2. Испаниядағы “Эль Понс” күнделiктi газеті қай жылдан бері шығады?
3. Голландиядағы ең iрi күнделiктi газеті қалай аталады?
4. Испаниядағы “Лавангвардия” газетінің бет-бейнесі туралы не білесің?
5. Испанияның “ТВЕ-1”, “ТВЕ-2”, “Канал-9”, “Антена-3”, “Теле-5” арналарынің бір-бірінен айырмашылығы неде?
6. “ЭФЭ” ақпарат агенттiгi жұмысын қашан бастады?
7. Нидерланды Корольдiгiндегі қандай беделді экономикалық журналдар бар?
8. “Nidetlandse Omtoepptogramm Stichting» Нидерланды жаңалықтар тарату корпорациясы.
9. Финляндияның интернеттендiру кезеңiндегi басылымдары қандай өзгеріске ұшырады?
10. Финляндияның “Толоус Саномат” қай бағыттағы басылым?
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖУРНАЛИСТИКАСЫ: КЕШЕ, БҮГІН
2.1 Шығыс Еуропа журналистикасының дамуы
Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігі қазір жеке егемен мемлекет. Бұған дейін ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Осман империясының құрамында болып, Австрия-Венгрия мен Ресей империясының құлдырғанға дейін сол елдердің ықпалында болды. Әлемнің ірі алпауыт мемлекеттерінің соғыстық ықпалын көрген Шығыс Еуропа соғыстық іс-әрекеттің құрбаны да болды. Соғыс кезінде ұлттық баспасөз орталығы мен радионың дамуы мен қалыптасуы маңызды болады. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары соғысқа дейінгі БАҚ-тың құлдырауын туғызып, көптеген Шығыс Еуропалық журналистер соғыс алаңы мен ұлтшылдар абақтысының құрбаны болды.
Шығыс Еуропа мемлекеттерін Қызыл Әскерден босатқаннан кейін, баспасөз орталықтары жабылды. Он жыл көлемінде 1935 жылдың мамыр айынан 1944 жылдың қыркүйегіне дейін фашистердің ықпалымен болгар коммунистік «Работническое Дело» газеті шығып отырды. 1944 жылдың 9 қыркүйегінде антифашистік революцияның аяқталуына байланысты баспасөз өз тәуелсіздігін алды. «Борьба» соғыс тұсында шыққан Югославия халықтық-бостандық армиясы мен партизандар тобының бірлескен газеті еді. 1944 жылдың 25 мамыры мен 1945 жыл аралығында шыққан бостандыққа ие болған газет кейіннен Белградтан шықты. Тарихы 1942 жылдың ақпанында бастау алған «Szabad Nep» («Свободный Народ») газеті Венгрияда шықты. Ол кезде баспасөз белгілі бір топтық бөліністен құрылды. 1) Либеральды және демократиялық партия басылымы; 2) Коммунистік партияның баспасөз органы; 3) Патриоттар органының баспасөзі; 4) Жеке баспа компаниясы мен тобы. 1946 жылы Германия Социалистік жеке партиясы құрылды, оның басты баспа орталығының басылымы «Neues Deutschland» («Новая Германия») 1946 жылдың сәуір айында құрылған. Польша коммунистері мен социалистерінің бірігіп, Польшаның жұмыскерлер партиясымен 1947 жылы ортақтасуына орай «Tkybuna Ludu» газеті жарыққа шықты.
Кеңестік тәжірбие негізнде партиялық басылымдар құрылып, күнделікті жетекші газеттер жарыққа шықты. Орталық партия комитеті тұсынан «Правда» газеті мен саяси-ұйымдық журнал яғни ішкі партия жұмысын талқыға салушы «Партийная жизнь» журналы қызмет істеді. Кеңес Одағы кезінің өзінде-ақ партиялық сан түрлі журналдар шығып тұрды. Олар саяси жұмыс пен партияны насихаттаумен айналысты. Мысалы, Венгрияда «Propagandista» («Пропагандист»), Болгарияда «Политическая просвета» сынды партиялық басылымдар болды. Германия Демократиялық Республикасында мемлекеттік баспа иесі министрліктер мен әкімшіліктер болды. Партиялардың 20 баспа орталығы болып, қоғамдық-ұлттық баспа орталықтары қызмет істеп, Либеральды-демократиялық партияның «Der Morgen» («Утро»), Ұлттық демократиялық партия жанынан – «Nazional Zeiting» («Национальная газета»), Демократиялық шаруалар партиясынан – «Bauern Echo» («Крестьянское Эхо»), Шаруалар – демократиялық Одағынан – «New Zeit» («Новая Время») сынды газеттер шыққан. 1900 жылы Болгарияда шаруалар партиясы құрылып, «Земледелско знаме», «БЗС» баспасөз органының басылымы аталды. 1902 жылдан бері шығатын газет социализм тұсында Болгарияның шаруалар жұмысын насихаттаумен айналысып, БКП-ның аграрлық саясатын да жазды. Партиялардың одақтасуымен Польшадан «Zielony Sztandar» («Зеленое Знамя») газеті шығып, нақты шаруалар партиясымен бірлесіп қызметін бастады. «Tygodnik Demokratyczny» («Демократический еженедельник») газеті Демократиялық партияның, «Lidova democracie» («Народная демократия») газеті Чехословакия елінің чехослав халықтық партиясының, «Sloboda» Словянның бостандық партиясы атынан шығып тұрды. Жоғарыда аталған газеттер таралымы шектеулі болды. 1989 жылдың соңына дейін «Ксенжка-Праса-Рух» баспа орталығы Польшаның газет-журналдарының шығуын қадағалап, жұмыс барысымен танысып отырды. Саяси оппозициялық журналистиканы қалыптастыру мен басылымдар дәуірін орнату кеңестік кезеңінен кейін жүзеге асып жатты. Оппозициялық баспа Шығыс Еуропа елдерінде социалистік кезеңде өздері үшін шығарып отырды. «Солидарность» Одағының «Gazeta Wyborza» («Выборная газета») Польшаның 1989 жылға дейінгі бетке ұстар басылымы болды.
Шығыс Еуропа елдерінде баспасөз қызметі әсіресе бұқаралық-қоғамдық ұйымдарында ерекше маңызға ие болды. Олар саяси жүйеге қызмет етіп, қоғамдық ұйымдар үшін идеялық-тәрбиелік және насихат жұмыстарымен айналысты. Ол ұйымдарға мыналар жатады: Болгариядағы «Отечествен фронт», «Szabad Fold» («Свободная Земля») мен «Magiar Nemzet» («Венгерская нация») Венгрияда, «Romania Libera» («Свободная Румыния») Румыния елінде, Албан жұртшылығында «Bashikimi» («Единство») ұйымдары. Шығыс Еуропа елінің коммунистік жастар ұйымы болды. «Junge Welt» («Юный мир») Германияда, «Народна Младеж» Болгарияда, «Mlada Fronta» («Молодежный Фронт») Чехословакияда шығып тұрды.
Шығыс Еуропа баспасөзі көбінде социалистік идеологияны насихаттаумен айналысты. Социалистік кезеңдегі БАҚ-ның ақпарат көздері адам еңбегіне арналуы тиіс деген идея ұстанды. Шынында да, көптеген басылымдар жұмысшы күші, шаруа қызметі, интеллегенцияға арналды. Алайда, БАҚ-та шаруалар құқығының қорғалуы мен өмірі жазу, олардың өміріндегі өзекті мәселені қозғап, жауап іздеуге талпынды. 1948 жылы қабылданған Бүкіл Одақтық адам құқықтары мен бостандықтары жайлы декларацияны Шығыс Еуропа мемлекеттері қолдағанымен елдің БАҚ өкілдері адам құқығы бұзылуын жазып, кезеңнің проблемалық ахуалын талқыға салып, көп жаза бермеді. КСРО-ның қысымынан Шығыс Еуропа БАҚ-ы көбіне Кеңес Одағын насихаттаумен болды.
1990 жылдардағы реформа кезеңіндегі БАҚ. Социализмнің тоқырауы ауыр саяси және идеялық күйзелісті бастан кешірген партиялардың мерзімді басылымының ықпалы мен санының қысқаруына, ұлттық мерзімді басылымдардың мақсатты өзгерісіне әкелді. Қоғамдық экономикалық реформаларға көшуге байланысты баспасөз үстінен жүргізілетін партиялық-мемлекеттік бақылау жүйесі тоқтатылып, цензура жойылды. Саяси автономияны қолдап, компартиялық әріптестікті қолдамайтынын салтанатты түрде жария еткен бұрынғы "одақтық" партиялар өздерінің журналистикасында толық дербестікке ие болды.
«Gazeta Wyborcza» - Полшаның «Ынтымақтастық» («Солидарность») баспасөз органы болып табылады. Бұл қозғалыстың билікке келуінен кейін Полшаның ең мықты газеттерінің біріне айналды. Елде баспасөз бостандығына жол берілгеннен кейін оппозициялық саяси күштер әр түрлі идеялық-саяси бағыттағы газет-журналдарды жарыққа шығара бастады. Монархиялық, экологтардың басылымы «Жасылдар» және т.б. анархиялық және ультраұлттық басылымдарға дейін шықты. Баспасөз бен ақпарат бостандығына заңмен кепілдік берілуі БАҚ-тың дамуына өз ықпалын тигізді. Шығыс Еуропаның көп елдерінде БАҚ пен журналист құқығы, сөз бостандығы жоғары тұрды. Батыстың мониторингтік ұйымдары Болгария, Венгрия, Польша, Чехия, Словакия, Словениядағы тәуелсіз баспасөз елдері ретінде сипаттады, ал Румынияда БАҚ «жартылай тәуелсіз» күйінде деп есептелді. Милошевич кеткенге дейін Югославиялық баспасөзде сөз бостандығы болған жоқ.
Социализм ыдырағаннан кейінгі алғашқы айларда Шығыс Еуропа мемлекеттерінде жекеменшік баспасөз пайда бола бастады. Польшада кезінде «ПОРП» атты баспа концерніне тиесілі болған газеттер мен журналдар жекешелендірілді. Нәтижесінде Польшаның БАҚ- ның 85% жекешелендіріліп, тіпті кейбірі шетелдіктердің меншігіне көшті. Осыған ұқсас үрдістер өзге де Шығыс Еуропа елдерінде болып жатты. «1940 жылдың соңында жабылып қалған тарихи басылымдар қайта жарыққа шыға бастады, өсек-аяңға негізделген баспасөз пайда болды. Жергілікті өзін-өзі басқару дамыған елдерде жаңа жергілікті мерзімді басылымдардың қалыптасуында белсенді үрдістер жүріп жатты. Клерикальды БАҚ дамыды» [1,4-б]. Баспадан шығатын газет– журналдардың жалпы саны бірден өсті. Ақпарат пен коммуникация саласында нарықтық қатынастардың таралуы баспаханалық материалдар мен қызмет көрсетудің, жазылушыларға газет–журнал жеткізудің бағасының қымбаттауына әкелді. Коммерциялық бәсекелестік негізінде экономикалық жағынан пайда әкелмейтін баспа өнімдері көп ұзамай жабылып қалып отырды.
Шығыс Еуропа елдеріндегі реформа кезеңі БАҚ-тың ұлттық нарығына батыстық медиакорпорациялардың интенсивті экспансиясының басталуымен тұспа-тұс келді. Бұрынғы ГДР-дің газет-журнал нарығына Батыс Германдық баспа компанияларының араласуы санаулы айлардан-ақ Шығыс Германияның мерзімді басылымдарының сипатының өзгеруіне әкелді. 1990 жылдың бірінші жартысында онда күнделікті 24 газет, 42 апталық газет пен 240 журнал таралды. Олардың барлығы Батыс Германдық корпорацияларға тиесілі еді. Тіпті Батыс немістерге орналған «сары басылым» «Bill» газетінің таралымы бір миллион данадан асып түсті. Көп ұзамай Шығыс Германияда таралатын жазылып алынатын басылымдардың жартысы екі батысгермандық концерндердің – «Генрих Бауэр – Ферлаг» және «Грунер унд Яр» бақылауына көшіп, ал «Шпрингер – Ферлаг» концернінің еншісіне дүңгіршектерде сатылатын басылымдардың 63% тиесілі болды [2,139-б].
Венгрияда танымалы және ірі басылымдардың акция пакеттері Р.Мердок, Лорд Ротермирон және т.б. батыс коммерцияларын басқаратын медиа магнаттардың қолына көшті. Польшада Норвегиялық және Германдық баспа корпорацияларының экспансиясы нәтижесінде аймақтық газеттерді қоса алғанда, баспа өнімдерінің барлығы дерлік солардың бақылауында болды. «Rzeczpospolita» («Республика») ықпалды «сапалы» газетінің акциясының жартысынан астамы Норвегиялық концерн «Оркланың» меншігіне өтті. Медиалық мекемелерден коммерциялық табысқа жетуді мақсат еткен шетел баспагерлері Шығыс Еуропа елдерінің мемлекеттік саясатына еш қарсылық білдіре алмады, сондықтан да олардың шығарып отырған басылымдары билікке келгенде «қолының қысқалығын» көрсетеді.
Бүгінде Шығыс Еуропалық мерзімді басылымдар нарығында (әсіресе журналдар) маңызды орынды батыс корпорациялары шығаратын басылымдар алады. Польшада поляк тілінде, Болгарияда болгар тілінде және Шығыс Еуропа елдерінің өзге де халықтарының тілдерінде жарыққа шығатын басылымдар трансұлттық басылымдық құрылымдарға, нарықтық ортадағы көп жылдық тәжірибеге сүйенеді және ұлттық басылымдарға маңызды бәсекелес болып табылады. Осылайша әйелдер аудиториясына арналған «Cosmopolitan» және өзге де журналдар ұлттық әйелдер басылымдарын ығыстырды. Маңызды өзгерістер радио, телевизия бағдарламаларында да болды. Реформаның алғашқы сатысында-ақ Шығыс Еуропа телекомпаниялары бағдарламасынан Кеңес Одағының телехабарлары алынып тасталды. Телевизия, негізінен, бизнес, коммерциялық бағытқа көбірек бет бұрды. Батыс Еуропаның тәжірибесіне сүйеніп, мемлекет иелігіндегі телекомпанияларды қоғамдық телевизия етіп өзгерту үрдісі қарқынды дамыды. 1990 жылдардың басында ірі қалаларда жекеменшік радиостанциялар, коммерциялық телевизия, соның ішінде эфирлік, ғарыштық, кабельдік жүйелер жедел дамыды. Радио, телевизияның жаңа компанияларын құрғанда шетел инвестициясы мен техника, технологиялары шешуші рөл атқарды. Американдық инвесторлардың ықпалымен құрылған «TV NOVA» коммерциялық телекомпаниясы Чехияда ұлттық қоғамдық телевизияны ығыстырды. Коммерциялық телерадио корпорациялары негізінен Батыс мемлекеттерінен импортталған фильмдер мен бағдарламаларды мол пайдаланды. Мысалы, Польшадағы «Polsat» коммерциялық тележүйесі үнемі голливудтық фильмдер, АҚШ пен Батыстың өзге де елдерінің көңіл көтеретін бағдарламаларын жиі көрсетеді [3,12-б].
1993 жылы негізі қаланған Польша бағдарламаларының ұлттық кеңесі реформаның алғашқы жылдарында басталған телеөнімдердің ретсіз дамуын тоқтату жөнінде үндеу тастаған еді. Ел сенаты, жергілікті әкімшіліктер, құқық қорғау орындары және жеке адамдар телевизия бағдарламаларын сынға алып, әсіресе зорлық-зомбылықты насихаттауға қарсы шықты. Жүргізілген зерттеулер бойынша, телекөрермендердің көпшілігі Польшаның телевизиясын өте көп зорлық-зомбылық оқиғаларын көрсетеді деп мәлімдейді. Соның ішінде ең көп сынға ұшыраған арна «Polsat» болды [4,21-б].
Аталмыш арнаның бір сағаттың бағдарламасында 57 рет зорлық-зомбылық бейнеленген сюжет көрсетілген екен. «Polsat» телебағдарламасының директоры осы сынға берген жауабында қатыгез көріністердің көрермендерді аса қызықтыратындығын айтып «ақталған». Халық тарапынан көбейген сын-ескертпелер бағдарламалардың даулы тұстарын үйлестіру мақсатымен радио, телекомпаниялар туралы кодекс әзірлеу туралы шешім қабылдауға жеткізді. Кодекс жасау үшін комиссия құрылып, оған әр радио, телекомпаниядан және Баспасөз этика кеңесі, Польша бағдарламаларының ұлттық кеңесінен екі-екіден өкілдер қатыстырылған және электрондық ақпарат құралдарының өнімдерін әзірлеу ісінің жаңаша жүйесі қалыптастырылды. Жаңа жүйедегі баспасөз, бұқаралық ақпарат құралдары ішінде онлайн медиа қызметінің құқықтық ортасын қалыптастырған БАҚ туралы заң актілері бекітілді. Польша және Шығыс Еуропаның өзге елдерінің тәжірибелері көрсеткендей, ондағы БАҚ-тар өзін-өзі үйлестіру механизмін қалыптастырған көптеген елдерде журналистердің кәсіби этикасына арналған жаңа кодекстер қабылдады. Жарияланымдардың мониторингін және массмедия жұмысына қоғамның ықпалын қамтамасыз ететін мекемелер мен органдар құрылды [5,21-22-б].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 A Brief Profile of the American Press. U. S. Journalism and the Print Media. Reston. VA. 1992. P. 4.
2 Рагер Т. Как новая техника меняет облик ежедневной газеты//«Neue Technologien und die Entwicklung der Medien in Russland und Deutschland» – «Новые технологии и развитие СМИ в России и Германии». Франкфурт-на-Майне. 1998. С. 139.
3 Геруля М. Местная периодическая печать Польши 1990-х гг. Типология, современное состояние и перспективы развития. Ростов-на-Дону, 2001.
4 New Ethical Code for Polish Broadcasters. // TV East Europe. Monitoring the TV markets of Central and Eastern Europe // financial Times. № 15, may 1998.
5 The Board for International Broadcasting. 1988. Annual Report on Radio Free Europe / Radio Liberty, Ink. P. 21–22.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1. 1935 жылдың мамыр айынан 1944 жылдың қыркүйегіне дейін фашистердің ықпалымен шыққан газет қалай аталады?
2. 1942 жылдың ақпанында Венгрияда шыққан «Szabad Nep» («Свободный Народ») газеті қандай бағытты ұстанды?
3. Болгарияның коммунистік «Работническое Дело» газеті қай жылдан бастап шығып тұрды?
4. Кеңес дәуірінде Шығыс Еуропа баспасөзі көбінде қай идеологияны насихаттаумен айналысты?
5. Чехословакияның халықтық партиясының «Sloboda» басылымы Словенияның қай партиясы атынан шығып тұрды?
6. «TV NOVA» коммерциялық телекомпаниясы Чехияда қандай телевизияны ығыстырды?
7. Шығыс Еуропадағы 1990 жылдардағы реформа кезеңіндегі БАҚ-тың ерекшелігі неде?
8. «Генрих Бауэр – Ферлаг», «Грунер унд Яр» бақылауындағы басылымдар қалай аталады?
9. Чехияда ұлттық қоғамдық телевизияны коммерциялық телекомпаниясы не себепті ығыстырды?
10. Польшаның «Polsat» коммерциялық тележүйесі туралы не білесің?
2.2 Поляк Халық Республикасы бұқаралық ақпарат құралдары
Газет-журналдары. Польшаның газет-журнал нарығы 1990 жылдардың басында-ақ елеулi өзгерiстердi бастан кештi. Екi-үш жылдың iшiнде мерзiмдiк басылымдардың елеулi бөлiгi жаңарып, басылымдардың 75 пайызы жаңадан құрылып, елеулi сiлкiнiстен өттi. Газет-журнал бизнесi тұтынушылар үшiн қалыпты арнаға түсіп, өзгерiстер басылым таралымына немесе иесiнiң алмасуына қатысты болды. Тұрмыстың қымбаттауына, қағаз құнының өсе түсуiне т.б. байланысты соңғы жылдарда шағын басылымдар инвесторлар таба алмай, бәсекелестiкке төтеп бере алмай жабылып қалды. Бұл үрдiс жалпы ұлттық газеттерге салқынын тигiзіп, жаңа буындағы “Новы свят” газетi өмiр сүруiн тоқтатты. Балалар мен мектеп оқушыларына арналған көне басылым “Свят молодых” газетi де шықпай қалды. Белгiлi, әрi ықпалды “Газеты Выборчей” (60 000 дана) және “Жечьпосполнтой” (40 000 дана) басылымының таралымы қысқарды. Бұл таралымдардың қысқару себебiн шамамен он пайызы қайтарым пайызын реттеумен байланыстырады. Мұның негiзгi себептерi “салмақты” басылымға деген көпшiлiк қызығушылығының төмендеуiнен, “бұқаралық” өнiмдердiң ығыстырып шығуынан iздестiрген жөн. Шынында да тап осындай басылымдар 1995 жылы өз жағдайларын жақсартып алды. Мәселен, “Барлығы көпшiлiк үшiн”, “Курьер польски” газетiнiң таралымы екi есеге дейін (130 000 дана) өстi. Оның қожайыны П.Солож Польшадағы газет iскерлерiнiң өкiлi болып табылады. Бульварлық бағыттағы “Супер экспресс” “Боннэр” Швед коцернiне қарайтын газет Варшавада түстен кейiн шығып тұрды. Жоғарыдағы өзгерiстер сатиралық апталық “Нет!” басылымына әсер ете алмады. Ол өзiнiң орнын берiк ұстанып таралымын өсiрді. (700 000 дана). Бұрыннан келе жатқан апталық, “Пшиятюлка” 1 миллион 100 мың таралыммен шығып тұрды. Немiстiң көркем безендiрiлген “Тина” (1 600 000 дана) және “Най” (1 миллион 300 000 дана) журналдарының поляктiк версиясы жарық көрiп келедi. Аса көркем безендiрiлген, жаңа баспаханалық басу тәсiлiмен шығатын бұл журналдар қымбат тұрады. Бiздiң байқауымызша мұндай басылымдарды шығару аса қиын. Өздерiнiң құнын өтеу қымбат жарнамалар арқылы жүзеге асады. “Най” журналының сыртқы мұқабасының құны АҚШ-тың 10 000 долларын құрайды екен [1,25-б]. Телеаудиторияны қамтитын апталық таралымы рекордтық дәрежеде, Бертельсман немiс концернi қожалық ететiн “Телемагазин” журналы Польшада екi миллион данамен шығады, “Телетыдзень” апталығы (иесi – “Бауер” немiс тобы) 100 000 данамен тарайды. “Бауер” тобының “Супер ТВ” басылымын Польшада аса белгілі теледидар бағдарламаларын жариялап, жарнамалайды.
Телеапталықтар негiзiнен шетел баспа фирмалары арқылы жарық көредi, сондықтан да сауда жүйесінде қызмет көрсету жарнамасы қамтылады, ақсүйектерге қатысты өсек-аяңдарға орын берiліп, тағам мәзірлерi, денсаулыққа байланысты кеңестерге көп орын береді. Шетел журналистикасының өнiмдерiнiң есiрткi тәрiздес поляк басылымдарын ығыстырып шығаруы поляк қоғамын қатты алаңдатып отыр. Польшада шынайы поляктiк бiр ғана басылым – “Газета Выборча” қалды деп есептеледi. Қазiргi кезде “Газета выборчаның” (1989) “табыс формуласын” жасағандардың iшiнде Гжегош Линденберг рентабельдi көпшiлiк басылымдарды шығаруға, соның ішінде “Супер экспресс” басылымының жағдайын жақсартуға көмектесті. Жалпы Польшаның аймақтық апталықтары таралымы жағынан жоғарылар қатарында есептеледi, 188 баспа өнiмi екі миллион данамен таралады. Күнделiктi баспасөз төрт миллион данамен 83 басылым тарайды. 1993 жылдан жалпыполяктiк католиктiк газет “Слово – дзенник католицей” шығып тұрады. 1995 жылдан тұрақты 60 000 данамен (жексенбi күндерi 140 000 дана) шығып келедi.
Бүгінгі таңдағы поляк баспасөзiнде iскерлік баспасөздің саны арта түсуде, олардың мазмұны нарықтық экономикаға әсер етіп, биржадағы, базардағы, қаржы саласындағы жаңалық, ақпаратты жедел жинап, таратады. Бiр бөлiгi шағын таралыммен шыққанымен, жаздырып алушылар арқылы бүкiл Польшаға тарайды. Күн сайынғы “Босс-финансы” – 200 000 данамен, “Гельда Варшавская” – 1 500 дана, осы тектес басылымдардың iшiнде поляк және ағылшын нұсқасымен 65 000 таралыммен күн сайын шығатын “Нова Эуропа” газетi. Газеттiң 54 пайыз акциясын иемденiп отырған Миланнан келген “Иль Соле – 24 оре” баспагерлер тобы бәсекелестiк қабiлетi бар поляк газеттерiнiң iшiнде “Файеэншл тамс” тәрiздес қаржы-экономикалық газеттер шығып келедi [2,7-б].
Бай инвесторлары ішінен болашағы бар БАҚ-қа ие болатын іскер адамдар табу поляк газет, журналдар нарығында аса маңызды мәселеге айналып отыр. Польшадағы газет-журнал бизнесiне шетел капиталын құюды қатыстыру жағына шектеу қойылмаған. Бірақ мәселенің бұл жағы әлі де реттелмеген, БАҚ-ты сатып алу, сату туралы ережелер нақты бекітілмеген. “Өткен үш-төрт жыл iшiнде Польшадағы бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің өз иелерiн кем дегенде төрт реттен ауыстырып үлгеріптi. Елдегi бұқаралық ақпарат құралдарында “банкротқа ұшыраған, коммунизмнен капитализмге өту” кезеңiнде Латын Америкаландыру үрдiсi белсендi жүргiзiлуде”-дейді сарапшылар.
Кейiнгi жылдары Польшадағы БАҚ-қа шетел капиталын құю орын алған. “Эрсана” немiстiң Бертелсман концернi, “Оркла-Пресс” атты Норвегия концернi поляк БАҚ-тарының нарығына ене бастады. “Эрсана” толық меншiгiндегi немесе жартылай меншiгiндегi сегiз газет немiстердiң Шығыс Бавариядағы Бертельсманның “Пассауэра Нойе Прессе” концернiнiң иелiгiне ауысты. Олар кезiнде Чехия мен жоғарғы Австрияның аймағындағы газеттерді сатып алып, бұл концерн жалпы поляктiк маңызы бар баспасөздің көп бөлігін сатып алып, өзінің нарықтағы орнын танытты. Осы уақытқа дейiн “Эрсананың” иелiгiндегi “Жечьпосполита” газетiне де қызығушылық бiлдiруде дегендi сарапшылар айтады. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, оған 45-тен 87 пайызға дейiнгi акция тиесiлi көрiнедi. Безендiрiлген апталықтардың iшiнде немiстiң “Бауэр”, “Бурда”, “Аксель”, “Шпрингер” медиатоптарының орны басым. 2011 жылы Американың қаржысы жастарға арналған “You” журналына бағытталып, тағы басқа бiрқатар басылымдарға берiлген көрінеді [3,27-б].
Телерадиосы. Электрондық бұқаралық ақпарат құралдары саласында шетел капиталын құюға әуел баста шектеу қойылған болатын. Оның соңы радио және телевидения туралы жаңа жарғының 33 бабында заңдастырылып, электронды БАҚ-қа шетел капиталын берудiң жалпы көлемi 33 пайыздан аспауы көзделген. Поляк сарапшыларының пiкiрiнше бұл шектеу жуық арада жойылатын сияқты. Өйткенi электрондық БАҚ қыруар қаржыны талап етедi, ал ондай қаржы Польшада, тiптi жаңа бай газет қожалары “Фибак” пен “Соложда” да жоқ екен. Еуропадағы аса iрi қаржыгерлер iске араласпай отырғаны да осы шектеулерге байланысты екен. Шетел капиталымен немесе аралас капиталмен құрылған коммерциялық телевидениялар аз емес. Мысалы, Польшадағы бiрiншi коммерциялық “ПОЛЬСАТ” телестанциясының негiзiн белгелі баспагер “З.Солож” қалып, ол 1993 жылға дейiн Голландия территориясында жұмыс iстеп, кейiннен консенция құқығын алған соң Вроцлаваға табан тіреген.
Польшаның телевидения және радио хабарын таратуды “Крайова Рада” деп аталатын ұйым реттеп отырады. Оның тоғыз адамнан құралған мүшесi бар, оның үшеуiн ел Президентi тағайындайды, екеуiн Сенат, төртеуiн Сейм сайлайды. “Крайова Рада” Польшаның қоғамдық телевидение және радиосының директорлар кеңесiнiң жұмысын бақылап отырады. Поляктiң қоғамдық телевидениясы - екi арна арқылы хабар таратады. Бiрiншiсi тәулiгiне 20 сағат жұмыс iстейдi, сенбiде – 21 сағат, жексенбiде – 19 сағат. Екiншi арна тәулiгiне 16 сағат жұмыс iстейдi, жұмасына – 18 сағат, жексенбiде – 17 сағат. Үшiншi арна “ТВ Полония” тәулiгiне 16 сағат жұмыс iстейдi, шетелде тұратын алты миллион поляк тiлдi азаматтарды хабар-ошармен қамтамасыз етеді. “Телегазета” арнаулы хабары екiншi бағдарламаның эфирiн жиi пайдаланады. Тәулiгiне 20 сағат жұмыс iстейдi. “Варшава телеорталығы” (ВОТ) астана мен оның төңiрегiндегi 100 шақырымдық радиусты қамтиды. Ол “51-шi арна” арқылы жұмыс iстейдi. Коммерциялық телевидения “ПОЛЬСАТ” жалпы поляктiк маңызға ие 35-шi арнада тәулiгiне 20 сағат жұмыс iстейдi. Коммерциялық “Канал + Польска” (француз капиталымен шығатын) кешкi 20.00 сағаттан бастап жұмыс iстейдi. “41-шi арнадағы” кабельдi телевидениені Польшада “ОРТ - Останкино” деп аталады. Арнаулы кабельдік арнаның көрермендерi 23 телестанциямен, спутниктiк “Еуроспорт”, “Астер Сити” т.б. байланыстырады [4,58-б]. Польшаның қоғамдық телевидениесi iрi қалаларда аумақтық маңызы бар он станцияға ие. Бұлардан басқа аймақтарда 14 коммерциялық телестанциясы бар. Сондай-ақ, католиктер орталығы “Непокалянуведе католиктiк телеарнасы” іске қосылған.
Польша радиосындағы қоғамдық сипаттағы бес бағдарлама жалпы поляктiк маңызға ие, бiрiншi және бұрынғы төртiншi бағдарлама “Радио Бис” тәулiк бойы жұмыс iстейдi, екiншi және үшiншi бағдарлама тәулiгiне 20 сағат жұмыс iстейдi. Жалпы поляктiк маңызы бар “Голос Харцества” поляк Харцерлерi Одағының радиосы тәулiк бойы жұмыс iстейдi. Варшавадағы поляк радиостанциясы шетелдерге 20 сағат бойы хабар таратады. Үш коммерциялық радиостанциясы: “РФМ”, “ФМ”, “Радио Зет”, католиктiк “Радио Мария” елге тәулiк бойы хабар-ошар таратады. “Радио Мария” өз хабарларын берудi таңғы 6. 00 сағатта бастайды. Польшада 140-қа жуық жекеменшiк тәуелсiз жергiлiктi және аймақтық маңызы бар радиостанция жұмыс iстейдi, соның он төртi түрлi католик діні өкілдерінің иелiгiнде.
Поляк телевидениесiн қайта құру, хабар беру сапасына қатысты көп сын айтылып, баспасөз, телевидение бағдарламасының кемшіліктері жиi сыналады. Телеэкранда көрсетілетін фильмдердегi зорлық-зомбылық, мазмұны күдiктi сериалдар, мағынасыз жарнамалар негізгі сынның өзегі. Соңғы уақытта Польшаның ұлттық жарнама индустриясы пайда болып, тележарнама, әсiресе поляк азық-түлiк өнiмдерiне қатысты жарнамалар жақсара түскен. Ұлттық телесериалдар түсіру қыруар қаржыны талап етеді. Сондықтан оларды әзiрге түсiруге қаржы көздерінің болмауынан кешеуілдеуде екен. Қазіргі таңда жиырма жыл бұрын түсірілген поляк-кеңес сериалдарын көрсетумен шектелуде.
1995 жылы Польша телевидениесінің 91 пайызы, екiншi арнасының эфирінің 75 пайызы шетелдiк фильмдермен толтырылады. Телевидениедегi жартысына жуық өнiм, соның iшiнде коммерциялық жолмен алынған Американдық фильм 49 пайызын құрайды. Мәдениеттi американизациялауға қарсы шыққан коммунистер, сосын “Солидарность” саяси тобы қарсы болуына байланысты қазiр американ фильмдерiн көрсетуге жасанды түрде шектеу қойылып отыр екен. Мәселен, “Канал+Польска” Еуропалық, соның iшiнде сапасы жақсы француз фильмдерiн көрсетуімен көрермен көңілінен шығып келеді. Қазір осының бәрiне шек қоятын Польшада ұйым жоқ. Поляк телевидениесiнде таза поляк дiнін, тілін, ділін насихаттайтын хабарлар, публицистикалық бағдарламалар да баршылық.
Елдiң жаңа Президентiн сайлау жылында баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары тегiс қатысты. Президенттi сайлау науқаннан соң сарапшылар БАҚ-тың рөлi туралы қорытынды жасады. Жетекшi басылымдардың бiрi “Газета Выборча” қазіргі Президенттің кандидатурасын барынша қуаттады. Обьективтi тепе-теңдiктi сақтау мақсатымен газет басқа да кандидаттар туралы да жазды.
“Газеты Выборча” газетiнiң бас редакторы Адам Михниктiң Санкт-Петербургте 1996 жылы 1 ақпанда өткен “дөңгелек стол” басындағы мәжiлiсте: “Баспасөз телевидениеге қарағанда “плюралистеу” болғандығын атап көрсеткен болатын. Алайда саяси фактор шешушi маңызға ие болды: өз кандидаттарының пайдасы үшiн пiкiр бiлдiрген “оңшыл” орталық пен “оңшылдар” Польшаның өткенiнен сыр тартса, “солшылдар” келешектi қорғауды негiзге алды. “Газета Выборча”, “Жечьпосполити”, “Супер экспресс” – оңшыл бағытты ұстанған басылымдар Валенсе мен Куронды мадақтау басылымдарын жариялап, Квасневскийдi сынауға күш жұмсады. Поляк телевидениесiнде тек бiр ғана кандидат Валенсенi ғана насихатталды. Телевидение “антикоммунизмдi” насихаттап, Президенттiк орын үшiн болған күресте А.Квасневскийдiң жеңiске жетуiне көмектестi [2,36-б],-деп пікірін ашық айтады.
Ақпарат агенттiктерi. “Поляк баспасөз агенттiгi” (ПБА). Мемлекеттiк ақпарат агенттiгi. “Польпресс” агенттiгiнiң негізінде 1945 жылы 18 қазанда құрылған, Варшава қаласында орналасқан. Меншiктi тiлшiлер мен шетел ақпараттық агенттiктерiнен келетiн хабарлармен поляк газеттерiн, радио және телевидениесiн, мемлекеттiк орындарды толық қамтамасыз етедi. Ақпаратты шетелге күн сайын бiр миллионға жуық сөз таратады. Алуан түрлi көкейкестi тақырыптағы 30-ға жуық бюллетендерiн, құжаттар жинақтарын басады. “Поляк баспасөз агенттiгi” шетелдiк жазылып алушыларға ақпаратты орыс және ағылшын тiлдерiнде жеткiзiп отырады, күнiне орта есеппен 25-30 материал береді. Қызметкерлер саны 800 адам. Агенттiктiң шетелде 25 бөлiмi және жергiлiктi 48 бөлiмшесі бар екен.
“Поляк баспасөз агенттiгi” фотохабарларын “Фотоақпараттық орталық агенттiгi” таратады. “Поляк баспасөз агенттiгiнің” әлемнiң 48 елінің ақпараттық агенттiктерiмен берiк байланыс орнатқан.
“Интерперсс Поляк агенттiгi” 1967 жылдың мамырында құрылған, Варшавада орналасқан. Польшаның саяси, экономикалық және мәдени өмiрi жайлы ақпарат бередi. Күнделiктi ақпарат бюллетенiнiң “Қазiргi Польша” айлық бюллетенiн, “Польша” көркем безендiрiлген журналын, әр түрлi анықтамалық, сараптамалық материалдарды қамтитын, көкейкестi тақырыптағы шетел тiлдерiндегi кiтаптар және брошюралар, поляк фотосуреттерiнiң альбомын басып шығарады.
“Фотоақпараттық орталық агенттiгi” (ФОА). Баспасөз және ақпарат агенттiгiнiң “Фотохроникаларының жұмыс агенттiгiнiң” және “Полякфильмнiң” бiрiгуiнiң нәтижесiнде 1951 жылы құрылды. “ФОА” “ПХР” және шетелдегi күнделiктi оқиғаларын көркем бейнелейтiн фотоақпаратты баспасөзге, кiтап басылымдарына жеткiзедi. Ақпарат агенттiгiнiң фотоқызметтерiмен және көптеген шетелдiң фотоагенттiктерiмен фотоақпарат алмасады [3,24-б].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Геруля М. Местная периодическая печать Польши 1990-х гг. Типология, современное состояние и перспективы развития. Ростов-на-Дону, 2001.
2 Евсеева Л.П. Средства массовой информации Польши 1976-2000 гг., M., 2001.
3 Зарубежная журналистика. 2005, M., 2006.
4 Здравомыслов А. Г. Методология и процедуры социологических исследований. М., 1969.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1. Қазіргі поляк БАҚ-тарында iскерлік баспасөздің саны артуының қандай себебі бар?
2. Поляктiң қоғамдық телевидениясы туралы не білесің?
3. Польшада мәдениеттi американизациялауға қарсы шыққандар кімдер?
4. Польшаның аймақтық апталықтары таралымы мен тарихы туралы не білесің?
5. “Газета выборчаның” “табыс формуласын” жасаған кім?
6. Польша радиосындағы қоғамдық сипатта неше бағдарлама бар?
7. “Голос Харцества” поляк Харцерлер Одағы радиосы қай жылдан бері жұмыс істейді?
8. Коммерциялық “ПОЛЬСАТ” телевидениесінің хабар тарату ерекшелігі неде?
9. Американың қаржысы Польша жастарынаа арналған қай журналға бағытталды?
10. Шетелде тұратын алты миллион поляк тiлдi азаматтарды хабар-ошармен қамтамасыз ететін қай арна?
11. “Фотоақпараттық орталық агенттiгiнің” қай жылдан жұмыс істейді?
12. “Газета Выборча”, “Жечьпосполити”, “Супер Экспресс” басылымдарының ұстанған бағыты қандай?
13. “Крайова Рада” ұйымының жұмысы туралы не білесің?
14. Поляк телевидениесiн қайта құру, хабар беру сапасына қатысты сын не үшін айтылды?
15. “Поляк баспасөз агенттiгiнің” тарихы мен тәжірибесі туралы не білесің?
2.3 Венгрия, Югославия, Болгария бұқаралық ақпарат құралдары
Газет-журналдары. Венгрияда қазiр “толық сөз бостандығы” бар, бiрақ Орталық Еуропаның бiрiншi болып демократияға бет алған мемлекетiнен “Венгрия үкiметiмен БАҚ-тың арасындағы қарым-қатынастар қиындап бара жатыр“ деген хабар келiп жатыр. Венгрия үкiметi, хабарлар бойынша баспасөз iсi туралы жаңа заң қабылдау туралы ойлануда, онда жеке адамдарды немесе үкiметтi сынауды азайту керек делiнген. Ақпарат алушылар саны азайып, тек қана таңдаулы журналистер министрлермен кездесуге шақырылады. “журналистер бұрынғы өкiметтi жақтаушылар, коммунист социалистер“, - деп ақталады.
Шетел инвесторлары Венгрия БАҚ-на қаражат құюын жалғастыруда. “Мирроф групп”, “Эшти Хирлоп” кешкi газетiн мемлекеттiк “Ньюспейпер Нарниг Компанимен” бiрге иеленiп отыр. Аймақтық газеттердi “Шпрингердiң” концернi сатып алған және олардың заңдылық дәрежесi әлi белгiсiз. Аудиовизуальдық құралдар бойынша радио, телевидение басқару орындарына қатты тартыстар болуда. Осы екi қызметтi бiрiктiрiп, Премьер министрдiң қол астына бағындыру әрекеттерi жасалды. Соңында екi басты партия Басқарушы Венгр демократиялық форумы мен Тәуелсiз-демократтар одағы бiр-бiрiмен келiсiмге келіп, радиотелевидениенің басшылары ешбiр партияны қолдамаймыз деген шешімге келеді.
Шет тiлiндегi газет, журналдары. Венгрияда күнделiктi ағылшын және немiс тiлдерiнде “Дайме Нахрихтен” және “Дайми Ньюс” газеттерi шығады. Бұл газеттер саясат, спорт және мәдениет туралы кең ауқымды тақырыптардың барлығын қамтып жазады. Апта сайын шығатын “Budepecht Rundschofa” газетi дүние жүзiндегі экономиканың қыр-сыры туралы сараптамалық талдау жасап жазатын басылым. Ай сайын шығатын “Будапешттік бағдарлама” (“Будапештская программа”) Венгр астанасындағы мәдени шаралар туралы ақпараттар жазып, орыс, ағылшын, немiс, француз, чех, сербi, хорват тiлдерiнде таратады.
“Будапештское солнце” газеттiнің негiзiн қалаушы Джим Майкл. Венгр халқының оптимизмi мен сенiмi Венгрияның жаңа шыққан газетiнен сезiледi. 1993 жылдың 4 наурызынан бастап шығады, оқырманға ақпаратты ағылшын тiлiнде бередi. Бұл газет тек қана Венгрия территориясында ғана емес, сонымен қатар алыс, жақын шетелдерiнiң оқырмандарына танымал. Мұнда Венгрияның мен шетелдiң халықаралық қарым-қатынасы, экономикасы, мәдениеті, саясаты жан-жақты қамтылады. Бұл газеттiң көңiл сергітуге арналған беттерi де бар, ол 1996 жылдан бастап Иствам Саммердiң қолына көштi. Бұдан кейiн газеттiң мақсаты мен мiндетi өзгеріп, газет әкiмшiлiгi жарнаманың газет бизнесiндегi орнын жоғары бағалап, ағылшын тiлiн кеңінен насихаттауды өз мiндетiне алды. Газеттiң безендірілуін де үлкен өзгерiстер енген.
“Демократ” - (“Der Demokrat») күнделiктi венгер газетi. Мемлекеттiң Демократиялық одақтың ұйымы болып табылады. Бұл газет жергiлiктi аймақтар үшiн Будапештте шығарылады, 1945 жылы негiзi қаланған. Коммунистiк–социалистiк идеяларға қарсы оппозициялық көзқарасты ұстанады. Соңғы бiрнеше жыл iшiнде жергiлiктi тұрғындар арасында кеңінен тарап, “Сөз бостандығы - біздің басты мiндетiміз” деген ұранмен жұмыс істейді. Газеттiң көп бөлiгi екi түстi және кейбір беттерi түрлi-түстi болып та шығады. Газетте суреттер, кестелер, диаграммалар және т.б. аз берiледi. “Надьвилаг” (Большой мир”) ай сайын шығатын журнал. Венгр жазушыларының жалғыз басылымы болып табылады, Будапешт қаласында шығады, 1979 жылы негiзi қаланған. Студенттер мен мұғалiмдер арасында кең тараған. “Кепеш Гипорт” (“Спорт в иллюстрациях“) - апта сайын шығатын, көркем-иллюстрациялық спорт тақырыбына арналған журнал. Дене шынықтыру мен спорт iстерi мемлекеттiк басқармасының органы. Спорттан басқа журналда атақты спортшылар туралы, өтіп жатқан спорттық шаралардан соңғы жаңалықтар мен спорттың өзекті мәселелеріне арнап оқырмандарға статистикалық материалды көптеп жариялайды [1, 45-б].
Телерадиосы. “Jiwentus Radio“ 1989 жылы жергiлiктi станция ретiнде “Siofor” студиясында негiзi қаланған. Станция көңiл сергітетін және спорт бағдарламаларын күнi бойы Балатон өзенiнде демалатын туристер үшiн таратады. Радионың хабар таратуына тыйым салынған кездерi де болған, ол кезде радио бiрнеше уақытқа, кейде бiрнеше айға жұмысын тоқтатып отырған.
“Juventus“ радиосы 1993 жылдың қаңтарынан бастап Венгрияның 4,5 бөлiгiне (тек солтүстiк шығыс бөлiгiнен басқа) хабар таратады. 1993 жылы 23 шiлдеден бастап өз күшіне енеді. Оның толқындары Будапешттен 100-120 км тарала бастады. Бұл радионың жұмыс күнi таңғы алтыдан бастап түнгi үшке дейінгі аралықты қамтиды.
“Juventus Radio“ ең алдымен музыкалық радиостанция, музыкамен бiрге қысқа саси-қоғамдық жаңалықтар, спорт жаңалықтары және ауа-райы хабарларын, 20-45 жас арасындағы тыңдаушылар үшiн бередi. 1996 жылы бұл радиостанция тыңдаушылары “Kossuth» радиосынан кейiнгi екiншi орынды иеленедi.
Қазiргi кездегi Венгрияның теледидары жедел қарқынмен даму үстінде және көп телекомпаниялар мен телестанциялар жарнаманың арқасында өмiр сүрiп жатыр. Телевидениеге түсетiн 75% қаржы көзі жарнама бизнесi арқылы келіп, қалған бөлiгi мемлекеттiң бюджеттен түседi екен. Венгрияда соңғы 5-7 жыл iшiнде “ТВ-1”, “ТВ-2”, “Nadvilage” арналары пайда болды. “ТВ-1”, “ТВ-2” мемлекеттiк телеарналары тәулiгiне 20 сағат хабар таратады, хабарларының көпшiлiгі мемлекеттiк венгр тiлiнде берiледi [2,4-б].
Югославия. Югославия ақпарат таратудан дүние жүзiнде сегiзiншi орын алады. Апталық басылымдарға қарағанда, күнделiктi газеттердi көп шығарады. Бұрыннан елде болып келе жатқан соғыстың зардабынан бұқаралық ақпарат құралдары бiршама әлсiреп қалған, бiрақ қазiр қарқынды даму үстінде. Бастапқы кезде әлемдiк стандартқа жауап беру үшiн жақсы журналист кадрлары жетiспейді екен. Атақты “Tanjug” жаңа телеграфтық агенттігінде басында тоғыз журналист қызмет атқарса, ал қазiргi кезде агенттiкте 900 адам, 100 тілші, 50-i шет елдерде жұмыс істейді. 1943 жылы 5 қарашада пайда болып, Болгарияда орын тебеді. Агенттiк газет-журналдарға, радио, телевидениеге, iшкi және сыртқы елдерге ақпарат таратады. Әлемдегi 90 ұлттық агенттiктерден 25 мыңнан астам күнделiктi хабарлар алып отырады. Дүние жүзiнде өзiнiң тiлшiлiк пунктерi бар. Шетелге тiкелей трансляция жасау арқылы алты тiлде бағдарламалар таратып, серб, хорват, ағылшын, француз, испан, немiс, орыс тiлдерiнде ақпарат таратады. Агенттiк ақпарат тарату жолдарын бiрнеше кеңестерге бөлiп тастаған. Олар: “Tanjug – Ecos” елде болып жатқан және шет елдердiң экономикаға байланысты жаңалықтарын жинап, соны жан-жаққа таратуды жүзеге асырады.
“Tanjug» радиосы 24 сағат бойы музыка мен ақпараттық хабарларды берiп тұрады. “Tanjug» Интернетке ең соңғы жаңалықтарды шығарады. Бiрiккен мемлекеттердiң Координациондық комитеттiң Пула ақпараттық агенттігінің мүшесi, Европадағы Альянс агенттiгiне хабар-ошар таратады [3,78-б].
Достарыңызбен бөлісу: |