Тапсырма 3. Ерекше белгілерін төмендегілерде сипаттаңыз:
а) иксодидтердің ұрғашысы мен аталығында;
б) иксодидтердің аргас кенелерімен салыстырғандағы.
Тапсырма 4. Паразитиформды кенелермен күресте қолданатын акарицид-тік препараттарды атаңыз ......
Бақылау сұрақтары:
1 Кенелердің қандай ерекшеліктеріне қарай ұрғашысын аталығынан, имагоны нимфадан айыруға болады?
2 Иксодид кене туыстарын денесінің қандай бөлігіне қарап айыруға болады?
3 Паразитиформды кенелер қандай рөл атқарады?
4 Иксодидтердің аргас кенелерінен қандай айырмашылықтары бар?
5 Иксодес, дермацентор, боофилюс, гиаломма, гемафизалис, рипицефалюс туыстарының морфологиялық ерекшеліктері неде?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.100-107.
Ыбраев Б.К. Жануарлардың арахноэнтомоздарын балау және дауалау. Астана, 2002 – Б.3-11.
Тақырып № 3-4. Акариформды кенелерді анықтау және жүргізілетін күрес шаралары
Ұзақтығы - 2 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді акариформды кенелермен таныстыру және зертханалық тәсілдермен балауды игерту.
Сабақтың мазмұны:
1 Студенттер тері қырындысын алуды, оларды жөнелтуге дайындауды және диагнозды қою тәсілдерін меңгерту.
2 Саркоптоид кенелерінің морфологиялық ерекшеліктерімен, құрылысымен және айыра балау тәсілдерін игерту.
3 Акарицидтік препараттармен танысу, саркоптоидоздарды емдеу және жүргізілетін ветсаншараларды игеру.
4 Студенттерді саркоптоидоздарда емдік-дауалақ шараларды жоспарлауды үйрету.
Тапсырма 1. Төмендегі қойылған сұрақтарға жауап беріңіз:
1 Қандай акариформды кенелер жануарлардың тоғышары?
2 Саркоптоидоздарда жануарларда байқалатын сыртқы белгілері?
3 Саркоптоидоздарды балаудың қандай әдістерін білесіз?
4 Морталды тәсіл дегеніміз не?
5 Виталды әдіс дегенді қалай түсінесіз?
6 Гамма-изомер дегеніміз не?
7 Қыс уақытында саркоптоидоздарды емдеуді қалай жүргізу керек?
8 Авермектиндерді, неоцидолды, креолинді, диазинонды қолданғаннан кейін қанша уақыт өткенде малды союға болады?
Тапсырма 2. Саркоптоид кенелердің ерекшеліктеріне қарай айыру кестесі
|
Sarcoptes Саркоптоидоз
|
Psoroptes
Псороптоз
|
Chorioptes
Хориоптоз
|
Otodectes Отодектоз
|
Demodex Демодекоз
|
Knemidocoptes Кнемидокоптоз
|
Денесі
|
|
|
|
|
|
|
Сирақтары
|
|
|
|
|
|
|
Бейім мал, құс
|
|
|
|
|
|
|
Мекен орны
|
|
|
|
|
|
|
Денедегі алғашқы қабыну орны
|
|
|
|
|
|
|
Кене суреті
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 3. Саркоптоидоздарда қолданылатын акарицидтік препараттар және оларды қолдану жолдарын көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтары:
1 Саркоптоид кенелерінің туыстарын атаңыз.
2 Адамда кененің қандай түрі қышыма тудырады?
3 Саркоптоид кенелерін қандай белгісіне қарай ажыратуға болады?
4 Қышыма белгілері қандай ауруларда тіркеледі?
5 Неліктен қыста инъекциялық, апликациялық авермектиндерді қолданған, ал жаз уақытында ауырған малды акарицидтік ванналарда тоғытқан дұрыс деп ойлайсыз?
6 Тоғыту ваннасындағы гамма-изомерді қалай білуге болады?
7 Саркоптоидозды балау қалай жүргізіледі?
8 Морталды және виталды әдістердің қандай түрлерін білесіз және қырындыда қандай объектіні зерттейді?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.107-114.
Ыбраев Б.К. Жануарлардың арахноэнтомоздарын балау және дауалау. Астана, 2002 – Б.12-21.
Тақырып № 5-6 Жәндіктердің морфологиясы. Бөгелек тудырған ауруларды балау және жүргізілетін күрес шаралары
Ұзақтығы - 2 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді жәндіктердің жалпы құрылысымен таныстыру. Бөгелектердің ересектері мен личинкаларының анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін игеру қажет.
Сабақтың мазмұны:
1 Жәндіктердің жалпы құрылысымен танысу.
2 Бөгелектердің дене ерекшеліктерін ескере басқа қанатты жәндіктерден (бал арасы, сона, жабайы ара) айыру.
3 Гиподерма, эструс және ринэструс бөгелектерінің айырмашылықтарын игеру.
4 Гастрофил мен гиподерма личинкаларының құрылысын және ерекшеліктерін зерттеу.
Тапсырма 1. Айырмашылықтарын көрсетіңіз: А) кенелердің жәндіктерден. Б) бөгелектердің соналардан. В) бөгелектер, масалар, шіркейлер, соналар жұмыртқаларын қайда салады?
Тапсырма 2. Бөгелектердің имаго және личинкаларының пішіні: дене бітімі қандай?
Ұрғашысының имагосы:
гастрофилдің ............ гиподерманың .............. эструстың ..............
Личинкасы:
гастрофилдің ............ гиподерманың .............. эструстың ..............
Тапсырма 3. Бөгелек тудырған ауруларда қолданылатын препараттарды атаңыз: гиподерматозда ………гастрофилезде …………эстрозда ……………
Тапсырма 4. Бөгелектердің морфологиясы
|
Имагоның морфоло-гиясы
|
Жұмыртқасын салатын жері
|
1,2,3 саты-дағы личинка-ларының мекені
|
Личинка-ның морфо-логиясы
|
Ұшу мерзімі және жерге қуыршақтануға түсу уақыты
|
Hypoderma bovis
|
|
|
|
|
|
Hypoderma liniatum
|
|
|
|
|
Gastrophilus
vеterinus
|
|
|
|
|
|
Gastrophilus pecorum
|
|
|
|
|
Gastrophilus haemorroidalis
|
|
|
|
|
Gastrophilus intestinalis
|
|
|
|
|
Oestrus ovis
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
1 Жәндіктердің өрмекшітәрізділерден айырмашылықтары.
2 Бөгелектердің соналардан морфологиясы бойынша айырмашылығы неде?
3 Қарын, тері асты және танау қуысы бөгелектерінің айырмашылықтары қандай?
4 Бөгелектердің елімізде ұшу мерзімдері қашан және қандай ветеринариялық-санитариялық шараларды қамту керек?
5 Бөгелектердің қандай түрі жұмыртқа салады, қайсысы тірі туады?
6 Гиподерма личинкалары қандай орындарда мекендейді?
7 Гастрофилез, ринэстроз, эстроз, гиподерматозды балау әдістері қандай?
8 Жануарлар қалай залалданады және қандай дауалау шараларын жүргізген дұрыс?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.114, 137-146.
Ыбраев Б.К. Жануарлардың арахноэнтомоздарын балау және дауалау. Астана, 2002 – Б.22-38.
Тақырып № 8. Жануарлардың эктопаразиттерін анықтау және жүргізілетін күрес шаралары
Ұзақтығы - 1 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді эктопаразиттерді жинау, бекіту, тасымалдауға дайындау әдістеріне үйрету. Бит, жүн-, мамық-, қауырсынжегіш және қой мелофагын айыруды игерту.
Сабақтың мазмұны:
1 Жануар денесінен эктопаразиттерді жинау әдісін игеру.
2 Бит, жүн-, мамық-, қауырсынжегіш және қой мелофагын ерекшеліктеріне қарай негізгі морфологиялық құрылысын ескере айыру.
3 Эктопаразиттерді арнайы ерітінділерде бекіту және этикеткалауды үйрену.
Тапсырма 1. Эктопаразиттерді ажырата балау кестесі
|
Бит
|
Жүн-, мамық-, қауырсынжегіш
|
Қансорғыш
|
Латынша атауы
|
|
|
|
Басының құрылысы
|
|
|
|
Дене пішіні
|
|
|
|
Сирақ пішіні
|
|
|
|
Аурудың атауы
|
|
|
|
Тапсырма 2. Бит, қансорғыш, жүн-, мамықжегіштердің суретін салу.
Тапсырма 3. Эктопаразиттермен залалданған жануарларды емдеуге қолданатын препараттарды көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтары:
1 ІҚМ, қой, жылқы, шошқада эктопаразиттер дененің қай жерінде жиі кездеседі?
2 Бит, қансорғыш, жүн-, мамықжегіштердің бір-бірінен айырмашылықтарын атаңыз?
3 Бит, қансорғыш, жүн-, мамықжегіштер немен қоректенеді?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.130-135.
Ыбраев Б.К. Жануарлардың арахноэнтомоздарын балау және дауалау. Астана, 2002 – Б.51-58.
Тақырып № 9-10-11-12-13 Кокцидиоздар мен мастигофороздарды балау және жүргізілетін күрес шаралары
Ұзақтығы – 5 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді эймерий, трипаносом мен трихомонад түрлерінің ерекшеліктеріне, оларды кокцидиоз, киеңкі және трихомонозды балау әдістеріне үйрету.
Сабақтың мазмұны:
1 Ауруларға бейім жануарлардан сынамаларды (нәжіс, жыныс жолдарынан сұйықтық, қан) алу техникасына үйрету және Дарлинг әдісімен зерттеуді игерту.
2 Бауыр жұғынды, ішектен қырынды, түйіндердің сықпасын алу, сынама дайындау және ооцисталарға зерттеуді игеру. Анықталған ооцисталардың суретін салу, туысқа дейін жіктеу.
4 Анықталған ооцистаны гельминт жұмыртқаларынан, ауа көпіршіктерінен және басқа ұқсас объектілерден айыру.
5 Грегерсен әдісімен нәжістегі жасырын қанды анықтау.
6 ІҚМ мен жылқының жыныс жолдарынан алынған шайындыны ауру қоздырушыларына зерттеу. Қоздырушылардың (трипаносом, трихомонад) морфологиясына назар аудару және суреттерін салу.
Тапсырма 1. Төмендегі кестені толтырыңыз
|
Қоздырушы-ның атауы
|
Биотұғырығы
|
Сыртқы белгілері
|
Балау әдістері
|
Қоян эймериозы
|
|
|
|
|
ІҚМ эймериозы
|
|
|
|
|
Тауық эймериозы
|
|
|
|
|
ІҚМ трихомонозы
|
|
|
|
|
Жылқы киеңкісі
|
|
|
|
|
Тапсырма 2. Ауру қоздырушыларының суреттерін салыңыз.
Тапсырма 3. Төмендегі ауруларда қолданылатын препараттарды атаңыз және қолдану жолын көрсетіңіз:
эймериозда:
киеңкіде:
трихомонозда:
Бақылау сұрақтары:
1 Кокцидиозға қандай жануарлар сезімтал?
2 ІҚМ, қой және құс эймерийлерінің түрлерін атаңыз.
3 Ооциста дегеніміз не және оның құрылысындағы ерекшеліктер?
4 Кокцидий ооцистасына қандай ұқсас объектілерді білесіз?
5 Трихомона мен трипаносомалардың морфологиялық ерекшеліктері неде және оларды қалай айырады?
6 Эймериозды балау тәсілдерін атаңыз.
7 Жылқы киеңкісі мен ІҚМ трихомонозын қалай анықтайды?
8 Кокцидиоздар мен эймериоздар терминінің айырмашылығы неде?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.72-81.
Тақырып № 14. Пироплазмидоздарды зертханалық жағдайда балау және жүргізілетін күрес шаралары
Ұзақтығы - 1 сағат.
Сабақтың мақсаты: студенттерді пироплазма мен тейлерий қоздырушыларын айыруды үйрету. Пироплазмидоздарды тірі малда анықтау әдістерін меңгерту. Емдеуге, алдын алуға қолданатын препараттармен таныстыру.
Сабақтың мақсаты:
1 Ауру, аурудан күдікті малдан перифериялық қанын алу.
2 Алынған қаннан жұғынды дайындау.
3 Қан жұғындысын дайындау, спиртте бекіту және Романовский әдісімен бояу.
4 Пироплазмидаларды қан жұғындысында зерттеу техникасын қолдана сынамаларда анықтау.
5 ІҚМ пироплазмозын, тейлериозы мен франсайелезін, жылқы нутталлиозының қоздырушыларының морфологиясын зерттеу.
6 Пироплазмидоздарға қарсы қолданылатын химиотерапевтикалық препараттардың түрлері мен қолдану жолдарын игеру.
Тапсырма 1. Пиропламидалардың жалпы морфологиясы:
биотұғырығы - дене пішіні - тұрқы - жайғасуы -
денешіктердің жайғасу бұрышы - эритроциттегі саны -
Тапсырма 2. Пироплазмидоздарды балау әдістерін атаңыз:
Тапсырма 3. Пироплазмидаларды жіктеу кестесі
Ауру түрі
|
Қоздырушының латынша атауы мен сыртқы белгісі
|
Тасымалдай-тын кене туысы
|
Балау мен қоздырушының морфологиясы
|
ІҚМ пироплазмозы
|
|
|
|
Жылқы пироплазмозы
|
|
|
|
Жылқы нутталлиозы
|
|
|
|
ІҚМ бабезиозы
|
|
|
|
ІҚМ тейлериозы
|
|
|
|
ІҚМ франсайеллезі
|
|
|
|
Тапсырма 4. Пироплазмидоздарға қарсы қолданылатын препараттарды атаңыз.
Бақылау сұрақтары:
1 Неліктен пироплазмидоздарды балау үшін жұғындысына перифериялық қанын алады?
2 Пироплазмидалардың пішіндері қандай болады?
3 Қан жұғындысын зерттегенде қандай қан түйіршіктеріне назар аударылады және неге?
4 Пираплазмидоздардың қайсысында беткейлік лимфатүйіндері ісінеді, гемаглобинурия байқалмайды, ал қоздырушысы алмұрттәрізді денешіктері эритроцит ішінде шашырап жатады?
Әдебиет:
Есімбеков Ж.М. және басқалары. Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы – Алматы, 2000 – Б.64-70.
Достарыңызбен бөлісу: |