Тақырыбы: Автоматтан ату әдісі және ережесі
АК күту, сақтау және жинақтау. АК тексеру және атуға дайындау.
Слайд №1-9
2. АК ату әдісі және ережесі.
Автоматы қолданудағы қауіпсіздік тәсілдері.
1. Автоматпен атуға дайындалу және ату әдістері Автоматтан ату әдістері.
Ату әдістеріне - атуға дайындалу (қаруды оқтау, ату қалпына ыңғайлану);
Атуды жүргізуге- көздеу, демді ұстау, шүріппені ағыту
Атуды аяқтауға-ағытқыш ілмекті басуды тоқтату, қаруды оқсыздандыру.
Әртүрлі ыңғайлы қалыптардан атуды үйрету мақсатында мысалға мынадай пәрмен беріледі: «Нысана бойынша жатып (тізерлеп, тұрып)-ат». Осы пәрмен бойынша қажетті түрде айтылған қалыпқа түрып, көздеп, демді ұстап, атуды жүргізу.Үйренуші ату әдісін орындау барысында өзіне ыңғайлы қимылдар мен дэлдеуді қаматамсыз етеді, эр тындаушы жеке ерекшеліктеріне байланысты өзіне қолайлы жэне тұрақты ату жағдайын калыптастырады. Осыған байланысты ол қаруды бірқалыпты қолда ұстап, денені, қолды, аякты ыңғайлы қалыпқа келтіру тиіс.
Автомат ұрыс жағдайында жарақталған оқжатарымен қоса тасымалданады. Автоматтан ату, қарсыластың керінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден және әртүрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін.
Жаяу тәртіпте орыннан атыс жүргізу кезінде автоматшы ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды (жергілікті жер жағдайы мен қарсылас атысына байланысты). Қозғалыста автоматшы жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.
Ұрыс жағдайында ату орны атыс жетекшісінің бұйрығымен таңдалынып. жабдықталады. Жағдайға байланысты ату үшін орын ретінде ор, оқпана, жыра, сондай-ақ тас, ағаш арты не өз бетінше таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшігі ғлмарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалуы да мүмкін.
Атута белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: «Ахметовке (автоматшы) ату орны сонда - ұрысқа!» Автоматшы бұл пәрмен бойынша aтy орнына орналасады да, атуға оңтайланады.
Ату орнын ауыстыру үшін: «Ахметов (автоматшы), анау жерге жүгіріп өт - алға!» - деген пәрмен беріледі. Автоматшы бүл пәрмен бойынша жаңа орынға жылжу жолын, аялдама үшін тасалау жерлерді және жылжу әдісін белгілеп алады. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен ягүгіре өтуімен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматтың ауыстырғышын жоғары көтеріп қояды.
Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жылжуда және жүгіріп өтуде автомат бір немесе екі колмен ұсталынады. Жер бауырлап жылжығанда автомат оң қолмен жоғарғь: антабкадағы баудан немесе қүндықтан ұсталынады
Автоматшы атыс тапсырмаларын табысты орындау үшін автоматтан ату тәсілдеріы жетік меңгеруі тиіс.
Әрбір автоматшы ату тәсілдерін орындаудың жалпы ережелерін басшылыққа жэне езінің жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, ату үшін мейлінше ыңғайлы жэне түрақты орын алып, басы, қол-аяғы мен денесі үшін бірыңғай жағдай жасауы қажет. -Автоматшының дене ерекшеліктеріне байланысты атысты сол иықтан жүргізуге және ашык көздерімен көздеуге рұқсат беріледі.
Автоматтан ату атуға оңтайланудан, атуды жүргізуден және атысты тоқтатудан кұралады.
Автоматты "кеудеге" жағдайында ұстау үшін - сол қолмен құндағының астынан жэне үңғы жабқышына ұстап, оны біраз алға, жоғары қарай көтеріңкірейді де, оң қолды автомат бауының астынан шығарады, содан соң бауды бастан асыра тастайды да, оң қолға автоматты ұңғы бастырмасынан жэне құндақтан алады.
Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты ұңғы жабқышынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан үстап, осымен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жамбас тура бұрышқа шамалас жақын болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыстырып, нысанаға қарай бағыттайды.
Тұрып ату қалпын кабылдау үшін:
егер автомат "белдікке" қалпында болса, онда нысана бағытына катысты оңға жартылай бүрылу керек, сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы калыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі;. Бір мезгілде оң қолымен бауды сәл көтере үстап, автоматты иықтан алады да, сол колымен құндақ пен үңғы жабқышынан ұстап, ауызғы бөлігін алға нысана жаққа тез бағыттау қажет
егер автомат "кеудеге" қалпында болса, онда автоматтың құндағынан және ұңғы жабқышынан сол қолмен ұстап, біршама көтере отырып, баудан оң қолды босатады да, басынан асыра лақтырады. Сонымен бір мезілде оңға жартылай бүрылу керек, сол аяқты баспай түрып, оны сол иық деңгейінде жылжытып автоматшыға ыңғайлы қалыпқа түрады, автоматты қарқынды түрде үңғы жағымен алға, нысанаға қаратып ұстайды.
"Кеудеге" жағдайында автоматтан ату үшін бауды мойыннан түсірмеуге рүқсат беріледі, өйткені ол автоматты атыс кезінде нық ұстап тұруға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |