«Шығыс Қазақстан облысы аумақтарын аймақтарға бөлу туралы» 2011 жылғы 21 қыркүйектегі №204 қаулыға өзгерістер енгізу туралы



Дата09.06.2016
өлшемі36.86 Kb.
#126049



«Шығыс Қазақстан облысы

аумақтарын аймақтарға бөлу туралы»

2011 жылғы 21 қыркүйектегі

204 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, 26-2-бабына, «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 6027 бұйрығына сәйкес, Үржар ауданы әкімдігінің «Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта ауылында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 570, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-18-138, «Бақты ауылдық округінің Бақты ауылында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 571, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5-18-139 қаулылары, Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2012 жылғы 9 қөтардағы 05-00/4-09 хаты негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы аумақтарын аймақтарға бөлу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 204 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2556, 2011 жылғы 17 қазанда 121 (16597) «Дидар», 2011 жылғы 15 қазанда № 119 (19107) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мынадай аумақтарды қамтитын 3 шақырым радиустағы аусыл эпизоотиялық ошағымен қолайсыз аймақтар:

Күршім ауданы Теректі ауылдық округінің Қарашілік ауылы;

Үржар ауданы Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта ауылы, Бақты ауылдық округінің Бақты ауылы;

2) мынадай аумақтарды қамтитын буферлік аймақтар:

300 шақырым радиуста:

Күршім ауданының Күршім, Сарыөлең, Қалғұтты, Маралды, Абай, Құйған, Балықшы, Боран, Қалжыр, Ақбұлақ, Төсқайың және Теректі ауылдық округтері;

60 шақырым радиуста:

Үржар ауданының Ақжар, Алтыншоқы, Көлденең, Ақшоқы, Бестерек, Благодарное, Жаңа Тілек, Бақты, Егінсу, Елтай, Көкөзек, Коңыршәулі, Қаракөл, Көктерек, Қарабұта, Қаратал, Қаратұман, Қарабұлақ, Қабанбай, Көктал, Мақаншы, Науалы, Жоғарғы Егінсу, Ново-Андреевка, Салқынбел, Үржар, Шолпан ауылдық округтері;

3) мынадай аумақтарды қамтитын 350 шақырым радиустағы бақылау аймақтары:

Көкпекті ауданының Үлгілімалшы, Самар, Казнаковка, Ново-Тимофеевка, Теректі, Миролюбовка ауылдық округтері, Катонқарағай ауданының Большенарым ауылдық округі, Зайсан ауданының Біржан, Қаратал ауылдық округтері;

Абай ауданының Кеңгірбай, Көкбай, Құндызды, Арқат, Қасқабұлақ, Сарыжал, Тоқтамыс, Медеу, Қарауыл ауылдық округтері, Аягөз ауданының Аягөз қаласы, Айғыз, Ақшатау, Ақши, Ақтоғай, Ақшәулі, Байқошқар, Баршатас, Бидайық, Карағаш, Емелтау, Қопа, Мәдениет, Майлин, Малгелді, Мыңбұлақ, Косағаш, Өркен, Сарыарқа, Нарын, Мамырсу, Тарбағатай, Тарлаулы ауылдық округтері, Жарма ауданының Ақжал, Әуезов, Аршалы, Белтерек, Божегур, Бірлік, Бірлікшіл, Делбегетай, Жаңғызтөбе, Жайма, Жарық, Жарма, Қалбатау, Қапанбұлақ, Қаратөбе, Қарасу, Қызылағаш, Суықбұлақ, Терістаңбалы, Үшбиік, Шалабай, Шар ауылдық округтері, Зайсан ауданының Зайсан қаласы, Дайыр, Сартерек, Айнабұлақ, Қарабұлақ, Кеңсай, Шілікті ауылдық округтері, Көкпекті ауданының Тассай, Үлкен Бөкен, Қарағандыкөл, Көжайық, Биғаш, К. Аухадиев атындағы ауылдық округтері, Тарбағатай ауданының Екпін, Көкжыра, Құмкөл, Ойшілік, Қызылкесік, Жантікей, Сәтпаев, Кіндікті, Ақсуат, Ақжар, Жаңаауыл, Қарасу, Жетіарал, Маңырақ, Құйған, Тұғыл ауылдық округтері, Семей қаласы, Семей қаласының Жазық, Озерки, Жиеналы, Достық, Приречный, Ертіс, Знаменка, Новобаженово, Абыралы, Айнабұлақ, Алғабас, Қараөлең, Таңат ауылдық округтері, Курчатов қаласы».

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Келісілді:


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Ветеринариялық бақылау және қадағалау

комитетінің Агроөнеркәсіптік кешендегі

мемлекеттік инспекция комитетінің

Шығыс Қазақстан облыстық



аумақтық инспекциясының бастығы К. Тоқтасынов
.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет