Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы, Ғани Мұратбаев атындағы бастауыш сынып мұғалімі Тыныбаева Ақерке Өкенқызы .
Тақырыбы : Кел ойнайық .
Білімділік мақсаты : Оқушылардың білімін тексеру . Қазақтың ұлттық ойындары
туралы түсінік беру .
Дамытушылық
мақсаты : Оқушылардың қимыл – қозғалыс қабілетін арттыру .
Тәрбиелік мақсаты : Ойындарға қысқаша түсініктеме беріп , осы ойындардың
ойналу жолын түсіндіру.
Көрнекілігі : Ұлттық ойындарға байланысты суреттер . Ұйымдастыру кезеңі .
Сәлеметсіңдер ме , балалар .Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Кел ойнайық» .
Балалар сендер достарыңмен қандай ойынды ойнағанды жақсы көресіңдер ?
Ойынды қандай жерде ойнауға болады ?
Иә әр жерде ойнауға болады . Далада болсын , жазық жерлерде болсын ,үйдің ішінде бола береді .Ол қандай ойын ойналатынына байланысты .
- Қәне кім айтады үй ішінде ойналатын қандай ойын ? Олар әсіресе қыздар арасында ойналатын ойындар : қуырмаш , дәрігер , сатушы , мұғалім т.б
Ал сыртта ойналатын ойындар олар ұлдар арасында , әсіресе доп , футбол , жасырынбақ т.б
- Сонымен балалар ойын дегеніміз - ол бала тәрбиелеудің маңызды құралы екен және де баланың іс – қимылының негізгі түрі .
Ойынды тудыратын негізгі нәрсе ол баланың нақты тілегі мен қызығуы .Яғни мына сендердің тілектеріңмен қызығушылықтарың ойынды тудырады екен .
-Әр ұлттың өзіне ғана тән ерекшеліктері ,дәстүрлері сонымен бірге ұлттық ойындары болады .Қыз қуу , теңге алу ,ақ сүйек ,көкпар , жасырынбақ , алтыбақан , күміс алу ,арқан тарту т.б ойындар бар .
Бұл ойындардың өздеріне тән ерекшеліктері , айырмашылықтары бар . Мысалы бәйгеде атпен жарысу белгіленген жерге дейін .
Оқушылармен ақ сүйек ойынын ойнатамын . Енді балалар бір – біріңмен сайысып ойнағыларың келе ме ?
-Жақсы балалар біз сендермен шағын сайыс өткізіп жіберейік . Ол үшін сендерді екі топқа бөлейік . Сайыстың шарты жеңілген балалар өз өнерлерін көрсетеді .
1-ші тобымыздың атын «Ортеке»
2-ші тобымыздың атын «Алтын сақа» деп қояйық.
-Балалар енді өз топтарыңның басшыларын сайлап алыңдар .Топ басшысы ортаға шықсын .
1-ші Ортеке тобының жетекшісі .
«Ортеке»- біздің тобымыз.
Ойынға шықтық жарысып .
Жолдаймыз «Алтын сақаға»
Сәлемді үзеңгі қағысып .
«Алтын сақа» тобымыз аталады .
Біз боламыз Алтын сақа қатарлары .
Ұлттық ойын ойнайық үйренейік .
Арайлансын болашақ атар таңы .
Келесі ойынымыздың шарты «Әріп таңдау» ойыны . Екі топтан бір – бір бала шығып ойнайды .
Асылан саған А әрпі берілді . Ал Кәусар саған С әрпі берілді . Енді кезек- кезек менің сұрағыма жауап берсеңдер .
Сенің атың кім ? Асылан .
Фамилияң ше ? Ахметов .
Қайдан келдің ? Алматыдан .
Онда немен барасың ? Автобуспен .
Онда не өседі ? Алма .
Сені Алматыда кім қарсы алады ? Алмас .
-Екінші топқа да осындай сұрақтар беріледі .
-Енді жұмбақ шешіп көрейік
Ортеке тобына
-
Аппақ , аппақ ақ мамық ,
Жерде жатыр тапталып . (қар)
-
Айдалада ақ отау ,
Аузы мұрны жоқ отау .(жұмыртқа)
Алтын сақа тобына .
-
Қардай аппақ ,
Өзі сондай тәтті – ақ .(қант)
-
Суға жанбайды ,
Отқа батпайды .(мұз)
-Енді мақал – мәтелге кезек берейік .Мақал- мәтел айтып жарысады .
Келесі ойынның аты «Көпір» деп аталады . Ойынға 2 көпір керек . Көпір жасайтын екі баланың көздері байлаулы болуы керек .Олар бір- біріне қарама - қарсы тұрып , қолдарын созып көпір жасайды .Саусақтарының ұшын ғана тигізіп тұрады . Ойын ережесі : қалған балалар осы көпірден бір- бірлеп өтуі керек . Қай топтың баласы аз ұсталса солар жеңімпаз аталады . Ұсталған балалар өз өнерлерін көрсетеді.
Қорытынды .
Жеңімпаз топты атап , сыйлықтар тарату .
Достарыңызбен бөлісу: |