Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі



Дата11.07.2016
өлшемі122.54 Kb.
#190570
"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 421 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қазанда № 3521 болып тіркелді


"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 02.12.2014; "Бесқарағай тынысы" 03.12.2014 № 97

     РҚАО-ның ескертпесі.


     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 2–тармағына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгілі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Н. Сыдыков







Бесқарағай аудандық
әкімдігінің 2014 жылғы 26
қыркүйек № 421 қаулысына
қосымша

«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


      2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес іске асырады.
      3. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы басылған мөрі мен мөртаңбасы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгіде бланкілері мен қазынашылық органдарында есеп шоты бар.
      4. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.
      5. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар, егер де заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса.
      6. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат санының лимиті және оның құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: 070300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин, 146 көшесі.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      11. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден іске асырылады.
      12. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл шруашылығы және ветеринария саласын дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.


      14. Міндеттері:
      1) мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының басты бағыттары мен тетіктерінің жобаларын әзірлеу;
      2) агрөнеркәсіп кешенінің дамуы саласындағы өңірлік бағдарламаны және ауылдық аумақтарды дамытудың аудандық бағдарламасын әзірлеу;
      3) агроөнеркәсіп кешенінің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу;
      4) тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға мониторингті іске асыру, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі кәсіпорынның экономикалық паспорттарын жүргізу;
      5) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      6) тракторларды және қолдан бөлек құрастырылған өзі жүретін механизмдерді, прицептерді, өзі жүретін арнайы құрастырылған құралды, өзі жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын және механизмдерді, жоғары жылдамдықтағы арнайы машиналарды жыл сайын мемлекеттік байқау жүргізеді;
      7) стратегиялық жоспарын әзірлеу;
      8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы Бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға қатысу;
      9) Қазақстан Республикасының Орман Кодексіне сүйене отырып орман қорын қорғау, күзету, ормандарды ұдайы ұлғайту мен орман өсіру туралы іс-шара жоспарын әзірлеуге және іске асырылуына қатысу;
      10) су объектілерін су қорларын пайдалану және күзету саласында өкілетті органдардың келісімі бойынша келісілген және бірлесе пайдаланумен ұсыныс дайындайды;
      11) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
      12) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      13) ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      14) Бесқарағай ауданның аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      15) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті асырған кезінде қоршаған ортаны ластауды алдын алу және оны жою.
      15. Функциялары:
      1) мемлекеттің аграрлық азық-түлік саясатының агроөнеркәсіп бағыттары мен тетіктерінің көлемінде агроөнеркәсіп кешені нысандарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      2) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, іс жүзіне асыру, талдау және мониторинг жүргізу;
      3) ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жұмысының өңірлік моделін дайындау, бағаны қалыптастыру, шығындар құрылымы және ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын төмендету бағыттары, ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек өнімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасап, кеңестік көмек беру;
      4) суармалы жер шаруашылығын дамыту және гидромелиоративтік құрылыстарды қалпына келтіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу;
      5) суармалы жер шаруашылықтарында ауыл шаруашылық құрылымдарындағы ауыспалы егістіктерді әзірлеу бойынша кеңестік көмегін жүргізу;
      6) гидромелиорация және су сақтау жаңа технологияларын тарату бойынша іс-шаралар жүргізу;
      7) суару, тамшылап суғару, ауыл шаруашылық дәнді-дақылдарын суару прогресивтік технологияларын енгізу;
      8) фирмалардан, пестицидтер мен минералдық тыңайтқыштарды жеткізушілерден ақпараттар жинауды іске асыру және оны ауданның барлық ауылдық округтеріне жеткізу;
      9) ауыл шаруашылығы құрылымдарының дақылдарын өңдеудегі технологияның сақталуына мониторинг жүргізу;
      10) техникалық қызмет көрсету және машина-трактор паркін жаңалау бағдарламасын жүзеге асыру және жөндеу мәселелерінде бақылау жүргізу;
      11) ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы тұқымдық материалдардың сапасының уақтылы тексерілуіне бақылау жасау;
      12) ауыл шаруашылығы құрылымдарына егістік көлемдері, өнімділігі, ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімі туралы мәліметтер беру бойынша мониторинг жүргізу;
      13) ауыл шаруашылық тауарларымен және оның өңделген өнімдерімен ауданды қамтамасыз ету жөнінде мониторинг жүргізу (астық және оның өнімдерін өңдеу, көкөніс, картоп, ет-сүт өнімдерін өңдеу т.б);
      14) картоп және көкөніс үшін қоймаларға мұқтаждық және қамтылу есептерін жүргізу, картоп, көкөніс шаруашылықтары өнімдерін қайта өндеу және дайындау бойынша ауылдық тұтыну кооперативтерін құру;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс және аудан бойынша тұқым теңгерімін жасау;
      16) апробатордың және тұқым эксперттері мамандарын даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
      17) тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға субъектілердің құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәліктің күшін тоқтату;
      18) астықты өндіру, қабылдау, сақтау, тиеп жөнелту және қайта өңдеу орындарына және астық нарығына бақылауын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға кедергісіз кіру;
      19) сорттық және тұқымдық бақылауын іске асырады;
      20) тракторларды және қолдан бөлек құрастырылған өзі жүретін механизмдерді, прицептерді, өзі жүретін арнайы құрастырылған құралды, өзі жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын және механизмдерді, жоғары жылдамдықтағы арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуге сәйкес келетін құжаттарды және мемлекеттік тіркелген нөмірлік белгілерді берумен мемлекеттік тіркеуді жүргізеді, аталған көліктерді және тіркемелерді пайдаланатын, оның ішінде сенім хат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізеді;
      21) тракторларды және қолдан бөлек құрастырылған өзі жүретін механизмдерді, өзі жүретін арнайы құрастырылған құралды, өзі жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын және механизмдерді, сонымен бірге жоғары жылдамдықтағы арнайы машиналарды жүргізушіден емтихан алады және оны басқаруға құқықтық куәлік береді;
      22) тракторларды және қолдан бөлек құрастырылған өзі жүретін механизмдерді, прицептерді, өзі жүретін арнайы құрастырылған құралды, өзі жүретін ауыл шаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналарын және механизмдерді, сонымен бірге жоғары жылдамдықтағы арнайы машиналарды, қарда жүретін квадроцтклдерді және басқа да техникаларды қарап, жыл сайын байқау жүргізеді;
      23) техникалық қызмет көрсету бойынша есебін дайындайды;
      24) өңірлік инвестициялық бағдарламаларының жобасын әзірлеу және оның аудан аумағында жүзеге асуын іске асырады;
      25) ауылдық аумақтарды әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымдар құру бағытында дамудың өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша мониторинг жүргізеді;
      26) агроөнеркәсіп кешенінің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын дайындауға қатысады;
      27) агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша экономикалық паспорттарын жасайды;
      28) даму стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысады;
      29) аудан көлемінде мал шаруашылығы саласының дамуын талдау, әзірлеу және мал өнімдерінің сатылуын іске асыру;
      30) нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен субсидия төлеу үшін ауыл шаруашылығы тауаларын өндірушілер тапсыратын құжаттарды қабылдау және тексеру;
      31) келісімдер жасауға қатысу;
      32) қаражаттардың игерілуіне және нысаналы пайдаланылуына бақылау жасау;
      33) ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығы мен қой шаруашылығын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуына талдау жасау, оның уақтылы және толық көлемде орындалуына бақылау жасау;
      34) мал қыстағы науқанының өту барысына талдау жасау;
      35) агроөнеркәсіп кешенінің мамандарына ауыл үшін көпшілікке ортақ маман кадрларға сұранысы мен қамтылуына мониторинг жүргізу;
      36) «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын әзірлеу;
      37) аудан әкімінің сайтына материалдар дайындауды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      38) малдардың жұқпалы ауруларына жол бермеу бойынша аудандық ветеринарлық қадағалау органдарымен бірлесе жұмыс істеу;
      39) аудандағы елді мекендердегі жануарларды ұстау ережесін әзірлеу;
      40) өңірлік шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы техникаларының есебін жүргізу, қажеттілігін анықтау, сатып алу және механизация саласына озық тәжірибелер туралы ұсыныстар енгізу;
      41) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен стратегиялық жоспарлар негізінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолданыстағы Бағдарламасына және оның іске асыратын іс-шаралар Жоспарына ұсыныстар жасайды;
      42) аудан әкіміне, аудандық атқарушы органға аудан аумағындағы ауыл шаруашылығының даму қорытындысы туралы ақпарат береді.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) аудан әкіміне өңірлік аграрлық азық-түлік саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныс енгізуге;
      2) агроөнеркәсіп кешенінің дамуының өңірлік бағдарламасын және ауылдық аумақтарды дамытудың аудандық бағдарламасының жүзеге асуын қадағалауға;
      3) Бесқарағай ауданның аумағыннан қажетті ақпараттар сұрауға;
      4) жергілікті атқарушы органдарына ауданның дамыту жоспарларын жүзеге асыруға қайшылық келтіретін, олармен қабылданған актілерге өзгертулер енгізу немесе күшін жою туралы ұсыныс енгізуге;
      5) өз құзыреті шеңберінде орындауға міндетті нұсқау беруге, нормативтік актілерге ұсыныс енгізуге;
      6) өз құзыреті шеңберінде белгіленген уақытта жергілікті атқарушы органдардан ақпараттар сұрауға және алуға;
      7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруға;
      8) халықтың арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге;
      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеуге;
      10) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, тізбелер бойынша сондай-ақ малдардың энзоотикалық аурулары бойынша аса қауіпті ауруларды алдын алу жөніндегі ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
      11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринариялық анықтаманы беруге;
      12) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан бөліммен белгіленген мерзімді өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға құқылы.
      «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) ветеринарлық преператтардың республикалық қорын қоспағанда, аса қауіпті малдар ауруларын алдын алу жөніндегі ветеринарлық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізу) ұйымдастыруға;
      2) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық алдын алу шаралары және диагностикасы ауруларының тізбесін әзірлеу мен уәкілетті органға беруге;
      3) алдын алу шаралары мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарын мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыруын жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және жүргізуді, жинақтауды, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға табыс етуге;
      5) жүзеге асыратын өндіріс объектілерін қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияны ұйымдастыруға;
      6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыруға;
      7) қаңғыма иттер мен мысықтарды ұстау және жоюды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
      8) мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыруға және оларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды қамтамасыз етуге;
      9) заңнамамен оған жүктелген өзге де құқықтарды іске асыруға міндетті.
 

3. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылық жасауды мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерін және оның функцияларының орындалуына дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.


      18. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының құзыреті:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлім мүддесін қорғайды;
      6) Бесқарағай ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
      8) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.
      Бөлім басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
 

4. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.


      «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық иелігіне жатады.
      22. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

      23. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет