Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің



Дата20.05.2022
өлшемі3.21 Mb.
#458360
ата-анаға кеңес


Ата-аналарға психологиялық кеңес
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің
“Балғын негізгі орта мектебі” КММ
психологы Садыкова Айнагуль Насимоллиновна
Балаңызды сүйіңіз! Яғни оның қасыңызда барына қуаныңыз, ол өзі қандай болса, солай қабылдаңыз, оны қорламаңыз, оны жәбірлемеңіз, оны өзіне деген сенімділігінен айырмаңыз, оны нақақтан жазаламаңыз, оны өзіңіздің сеніміңізден мақұрым етпеңіз, сізді жақсы көруіне жағдай тудырыңыз. 
Балаңызды қорғаңыз!Яғни оны жаны мен тәніне қауіпті нәрселерден сақтаңыз, тіпті-егер қажет болса-жеке мүдделеріңізді құрбан етіп, басыңызды қатерге байлай отырып қорғаңыз. 
Балаңызға жақсы үлгі болыңыз!Оның бойына дәстүрлі құндылықтарға деген құрмет сезімін дарытыңыз, өзіңіз де сол құндылықтарға сәйкес өмір сүріңіз, балаға жауапкершілік сезіммен қараңыз. Балаға үй іші тату, қарттарын құрметтеп, жақсы көретін, барлық туған-туысқандармен және дос-жарандармен етене жақын әрі шынайы байланыста болатын отбасы, ошақ қасы керек. Бала адалдық, кішіпейілділік, жарастық ұялаған отбасында өмір сүруге тиіс.
Балаңызбен ойнаңыз!Яғни, балаңызға көбірек уақыт бөліңіз, оған қалай сөйлеп, қалай ойнау ұнаса, солай сөйлеп, солай ойнаңыз, оның ойындарына шындап ден қойыңыз, оның ұғым-түсініктер әлеміне бейімделіңіз. 
Балаңызбен бірге еңбектеніңіз!Балаңыз жұмысқа қатысқысы келгенде, оны демеп жіберіңіз. Балаңыз өсіңкірегенде шаруашылыққа қажетті барлық жұмыстарға қатыстырып үйретіңіз. Қолы бос кездері мен каникул уақытында ол мектеп ұйымдастырған іс-шара түрлеріне қатысуға тиіс.
Баланың оңай болмаса да, өз бетімен өмірлік тәжірибе алуына жол беріңіз! Бала өз басынан өткерген тәжірибені ғана мойындайды. Сіздің жеке тәжірибелігіңіз балаңыз үшін көп жағдайда құнсыз болып шығады. Оған өзінің жеке тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беріңіз. Шамадан тыс қорғашталған, қауіптің қай-қайсысынан да «қамсыздандырылған» бала көп жағдайда әлеуметтік мүгедекке айналады.
Балаға адамдық бостандықтың мүмкіндіктері мен шектеулерін көрсетіңіз!Ата-анасы баланың алдымен әрқайсысының дарындары мен ерекшеліктеріне сәйкес адамның жеке басының дамуы мен тұлғалануының тамаша мүмкіндіктерін ашуға тиіс. Сонымен бірге оған кез-келген адам отбасында ...,ұжымда...және жалпы қоғамда өзінің іс-әрекеттерінің белгілі бір шектеулерін мойындауы және сақтауы тиіс екенін көрсету қажет.
Баланы тіл алғыш етіп үйретіңіз!Ата-анасы баланың мінез-құлқын қадағалап отыруға және оның іс-қылықтарын оның өзіне де, басқаларға да нұқсан келтірмейтіндей етіп бағыттап отыруға міндетті. Баланы белгіленген ережелерді сақтағаны үшін қолпаштап отырған жөн! Алайда қажет болған жағдайда жаза арқылы ережелерді құрметтетіп отыру керек. 
Баладан пісіп–жетілу сатысына және өзіндік тәжірибесіне сәйкес шама-шарқы жететін пікірлер мен бағаларды ғана күтіңіз! Бала осынау соншама күрделі дүниеде бағдар жасап үйренгенше, оған ұзақ уақыт қажет.
Оған қолыңыздан келгенше көмектесіңіз, және де жинақтаған тәжірибесі мен өзінің пісіп-жетілу сатысына сәйкес өзіндік пікірін немесе қорытындысын айта алатын кезде ғана баладан оларды талап етіңіз.
Балаға еске түсіруге болатын құндылыққа ие әсерлерді басынан кешіруге мүмкіндік беріңіз! Бала да, үлкендер сияқты, әсерлермен «қоректенеді», олар балаға басқа адамдардың өмір-тіршілігімен және айналадағы дүниемен танысуға мүмкіндік береді.
Күліп,

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет