Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі
"М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты" КММ
9 «Б» сынып оқушысы
Абзалбек Диана Серікқызы
Жетекшісі: Исабекова Алмагүл Серікқызы
Зайсан климатының өзгеру ерекшеліктері.
Күз мезгілі: (Қыркүйек):
Зайсан климатының күз мезгіліндегі өзгерістері жауын-шашын айына 1-2 рет жауады. Температура тұрақсыздығын көре аламыз. +19ºС-тан +2º аралығында болады. Айлардың жалпы 19 күнінде ашық, қалған күндерінде бұлтты және жауын-шашынды болып келед. Желдің соғу бағыты көбінесе шығыс және солтүстік шығысы болды.
Қыс мезгілі: (Ақпан):
Зайсан климатының қыс мезгіліндегі өзгерістері қар айлар бойынша 3-4 күн жауады. 13 күндей бұлтты, 12 күндей ашық болады. Орта есеппен температура -4ºтан -12ºС аралығын көрсетеді. Желдің соғу бағыты шығыстан.
Көтктем мезгілі: (Мамыр):
Көктем айындағы Зайсан климатының өзгерістері айлардың 15 күні бұлтты, 14 күні ашық болып келеді. 2-3 күні жауын-шашынды. Қысым мөлшері тұрақты. Температура орта есеппен +15º-пен 22º аралығындағы температураны көрсетеді. Желдің соғу бағыты батыс.
Жаз мезгілі: (Шілде):
Жез мезгіліндегі Зайсан климатының өзгерістері айлардың 6-7 күні жауын-шашашынды. 18-20 күні ыстық және ашық күндер. 7-8 күні бұлтты. Орта есеппен температура өлшемі +24º пен +28ºС аралығын көрсетеді. Желдің соғу бағыты оңтүстік-батыс.
Зайсан климатының өзгерістерінің Зайсан ауданы табиғатына, адамға әсері.
Зайсан ауданының климатын зерттеу барысында жауын-шашын және қар аз түстінін статистика бойынша байқауға болады. Қазгидрометтің дерегіне сенсек, қардың көлемі әдепкі нормадан төмен. Сарапшылардың сөзінше, қыстағы жауын-шашынның аз түсуі топырақтағы ылғалдың азаюына әкеледі. Егер көктем мен жаз ыстық болса, қуаңшылық маусымы күтіп тұр. Әйткенмен, мұның бәрі болжам ғана. Күзгі жауын-шашын жақсы болса, келесі жылы мол егін болады. Құрғақшылық болған жағдайдың өзінде, ол өнімділікке әсер етпейді.
Жаңбыр тамшыларының дыбысы – босаңсуға көмектесетін дыбыстық терапия. Жүрек-тамыр ауруларынан зардап шегетін адамдарға аса пайдалы. Сонымен қатар, жаңбырдан кейін ауа тазарып, тыныс алу жеңілдейді. Ол – жазда өсімдіктердің қурап қалмауына көмегін тигізеді. Сондай-ақ, жаңбырлы аймақтарда орналасқан өсімдіктер жылдам және үлкен болып өседі. Орман өрттерінің саны азаяды!
Сонымен қатар, Зайсан ауданының климатында бұлтты күндерді көп байқауға болады. Бұлтты немесе тұманды күндері жарықтың түсуі азаяды. Ол көзге кері әсер етіп, бастың ауруына жиі себеп болады. "Көздің шаршауының белгісі әркімде әртүрлі. Мысалы, менің ұйқым келеді. Яғни бастың емес, негізінде көздің ұйқысы келеді. Жатқан кезде көз жұмылады, ал ми әрі қарай жұмыс істей береді. Шаршаған көздерді үнемі көзді қасығың келіп тұрады. Сондай-ақ көз немесе бас ауруы мүмкін", — деді Лещенко. Дәрігер бұлтты күндері тәуліктің кез-келген уақытында жарықты қосып қоюға кеңес берді.
Жел, боран, дауыл құбылыстар қанның биохимиялық құрамына әсер етеді. Қатты дауыл соғып, бірде күн жылынып жақсы болып тұрса, адамның қан ұйығыштығы артып кетеді. Жоғары температурада болған әсер бүйрекке, қанда минералды заттардың жиналуына әсер етеді. Суық ауада тамыр тромбтары шығып, үлкейіп, сіңіріліп кетеді. Адам ағзасы күн радиациясынада әсері бар. 75 пайызы магнит өрісі мен ғарыш сәулелерінің әсерінен ауырады. Психикалық аурулар мен жүрек қан тамырлары ауруларына ауырғандар көп кездеседі.
Зайсан климаты құбылмалы, және климаттың өзгерісі табиғатқа да адамға да әсер етеді. Зерттеулер бойынша, жауын-шашын, жел, бұлтты күндердің зияны да, пайдасы да болатынын байқаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |