«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, индекс 070400, телефон/факс:87235121001, электрондық мекенжайы: kadr@boroduliha.vko.gov.kz) «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ E-G-3 (14-9-4) санаты бойынша «Б» корпусының бас маманына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға және «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ E-G-3 (14-4-2) санаты бойынша «Б» корпусының бас маманына бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53 813 теңгеден 72 391 теңгеге дейін.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ бас маманының функционалдық міндеттері E-G-3 (14-9-4): Азаматтардан салық жинау. Салық есептеу және өткізу құжаттарын жүргізу. Үй маңындағы жер учаскелерін қайта өлшеуді қадағалау, жер учаскелерін қайта өлшеу актілерін құру, уақтылы жер учаскелерінің өзгерімін енгізу. Округ аумағындағы базарлар, өндірістік ғимараттар мен коммерциялық құрылымдар жұмысын қадағалау. Азаматтар мен жеке кәсіпкерлердің жеке меншігіндегі салық салынатын нысандарға салық салынбаған нысандарды анықтау мақсатымен үнемі түгендеп отыру (жер учаскелері, мүлік пен көліктер). Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі - жоғары кәсіптік (экономикалық, қаржылық, заңгерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес еңбек өтілі бар болған жағдайда, орта білімнен кейінгі (экономикалық, қаржылық, заңгерлік) білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманының функционалдық міндеттері E-G-3 (14-4-2): Ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс жоспарын құруға катысады, ұсыныстар енгізеді, ауыл шаруашылық құрылымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асырады, профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлейді және уәкілетті органға береді. Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы занмасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есеп беруді жүргізу, жинақтау, талдауды жүзеге асырады және оларды уәкілетті органға береді;
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша іс-шаралар өткізуді, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізуді ұйымдастырады; халықтың арасында ветеринария мәселері бойынша ағарту жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделейді; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринарлық іс-шаралардың орындалуын қамтамысыз етеді; жануарға ветеринарлық паспорт береді; тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қолданылатын ветеринарлық анықтаманы береді. АҚ және ТЖ жөніндегі жұмысты жүргізеді.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары қәсіптік (ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес еңбек өтілі бар болған жағдайда, орта білімнен кейінгі (ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария) білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарлама ақырғы рет жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні.
Қажетті құжаттар тізбесі: нысан бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен нысан бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру кезіне жарамды шекті мәннен төмен емес нәтиже көрсеткіштерімен тестілеуден өткені туралы сертификат.
Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде, сонымен қатар электрондық пошта арқылы бере алады (құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен бұрын кешіктірмей береді).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Бородулиха ауданы әкімінің ресми сайтында және «ШҚО Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналастырылады.
Әңгімелесу кандидаттарды хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өткізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |