Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы ----
№ --- қаулысымен
бекітілді
«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет регламенті
-
Жалпы ережелер
1. «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің жергілікті атқарушы органы бөлімшесінің ветеринарлық дәрігері (бұдан әрі – Қызмет беруші) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жануарға ветеринариялық паспортты (жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын, жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) беру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс-әрекеттері
тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға Қызмет берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің ________ № _____ қаулысымен бекітілген «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» стандартының 9-тармағында көзделген өтінімі мен құжаттарының болуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) Қызмет алушының құжаттарын қабылдау және тексеру, Қызмет алушының өтінімін кіріс құжаттары журналында тіркеу.
Орындалу ұзақтығы – мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;
2) ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым жануарларды бірегейлендіруді жүргізу туралы тізім береді.
Орындалу ұзақтығы – жиырма төрт сағат ішінде;
3) жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйым берген тізімнің негізінде ветеринариялық дәрігер жануарға жеке нөмір және жануардың иесіне ветеринариялық паспорт береді.
Орындалу ұзақтығы – жануарға ветеринариялық паспорт (жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) беру мерзімі жануарға жеке нөмір немесе оны беруден бас тартқан сәттен бастап – бір жұмыс күні ішінде, жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру мерзімі иесі, оның жануарына паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
6. Осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-ші іс-әрекет бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі Қызмет алушыға, осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-әрекетті орындауды бастауға негіз болатын тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беру болып табылады. Қабылданған құжаттар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 2-ші іс-әрекетті орындау үшін жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне беріледі. 2-ші іс-әрекеттің нәтижесі жануарға ветеринариялық паспорт беру болып табылады.
3. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы өзара іс-әрекеттері
тәртібінің сипаттамасы
-
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысады:
1) ауылдық, кенттік округтің жергілікті атқарушы органының ветеринариялық дәрігері;
2) ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ветеринариялық ұйымы;
8. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті ветеринариялық рәсімдерді (іс-әрекеттерді) сипаттау:
1) ауылдық, кенттік округтің ветеринарлық дәрігерінің жануарлардың иелерінен жануарға ветеринариялық паспортты және ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) алуға құжаттарды қабылдауы, тұтынушының өтініші тіркеу журналында тіркеледі және талон беріледі.
Орындалу ұзақтығы - мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;
2) ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым жануарларды бірегейлендіруді жүргізу бойынша 2 данада тізім ұсынады, ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігерінің және кенттік, ауылдық округтің ветеринариялық дәрігерінің қолын және соңғысының мөрін қойып бекітеді. Бір данасы жануарға ветеринариялық паспортты ресімдеу үшін ауылдық, кенттік округтің ветеринариялық дәрігеріне беріледі.
Орындалу ұзақтығы - жиырма төрт сағат ішінде;
3) ауылдық, кенттік округтің ветеринариялық дәрігері ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым жануарларды бірегейлендіруді жүргізу бойынша берген тізімнің негізінде жануарға жеке нөмір береді, деректерді дерекқорға енгізуді жүзеге асырады және жануардың иесіне ветеринариялық паспорт береді.
Орындалу ұзақтығы - жануарға ветеринариялық паспортты (жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) беру мерзімі жануарға жеке нөмір немесе оны беруден бас тартқан сәттен бастап – бір жұмыс күні ішінде, жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру мерзімі иесі, оның жануарына паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
Рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес әрбір іс-әрекетті (рәсімді) өтудің блок-сызбасында көрсетілген.
«Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметі регламентіне 1 қосымша
Қызмет алушы
Ауылдық, кенттік округтің ветеринариялық дәрігерінің жануарлардың иелерінен жануарға ветеринариялық паспортты және ветеринариялық паспорттың телнұсқасын (жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) алуға құжаттарды қабылдауы, тұтынушының өтініші тіркеу журналында тіркеледі және талон беріледі.
Орындалу ұзақтығы - мемлекеттік қызметті алуға дейін күтуге рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;
Ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым жануарларды бірегейлендіруді жүргізу бойынша 2 данада тізім ұсынады, ветеринариялық ұйымның ветеринарлық дәрігерінің және кенттік, ауылдық округтің ветеринарлық дәрігерінің қолын және соңғысының мөрін қойып бекітеді. Бір данасы жануарға ветеринариялық паспортты ресімдеу үшін ауылдық, кенттік округтің ветеринариялық дәрігеріне беріледі.
Орындалу ұзақтығы - жиырма төрт сағат ішінде;
Ауылдық, кенттік округтің ветеринариялық дәрігері ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым жануарларды бірегейлендіруді жүргізу бойынша берген тізімнің негізінде жануарға жеке нөмір береді, деректерді дерекқорға енгізуді жүзеге асырады және жануардың иесіне ветеринариялық паспорт береді.
Орындалу ұзақтығы - жануарға ветеринариялық паспортты (жануарға ветеринариялық паспорттың үзіндісін) беру мерзімі жануарға жеке нөмір немесе оны беруден бас тартқан сәттен бастап – бір жұмыс күні ішінде, жануарға ветеринариялық паспорттың телнұсқасын беру мерзімі иесі, оның жануарына паспорттың жоғалғаны туралы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.
Достарыңызбен бөлісу: |