Құрастырған: Булембаева Ж. Т. Казнаковка, 2015 Булембаева Жанар Толеухановна «Казнаковка орта мектебі»



Дата07.07.2016
өлшемі118.51 Kb.
#183705
«Казнаковка орта мектебі» КММ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Ақпараттық-коммуникативтік технологияны химия, биология сабақтарында тиімді қолдану»

Құрастырған: Булембаева Ж.Т.

Казнаковка, 2015




Булембаева Жанар Толеухановна

«Казнаковка орта мектебі» КММ

химия және биология пәні мұғалімі

«Ақпараттық-коммуникативтік технологияны химия, биология сабақтарында тиімді қолдану»

«Заманына сай бөркіңді ки» мақалы елу жылда ел жаңа екендігіне дәлел болғандай - ақ. ХХІ ғасыр адамзаттың өміріне үлкен өзгерістерді әкеліп жатыр. Адам қажеттілігі күнбе - күн жаңалықтардың тууына әсер етуде. Сол жаңалықтарды мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан оқушыларға түсіндіру мен ұғындыру дәстүрлі технологияларды түрлендіріп, дәстүрлі емес ақпараттық - коммуникативтік технологиялардың элементтерін жоспарлы әрі дұрыс тиімді пайдалана отырып, сонымен қатар, жүзеге асырушы пәндік мультикабинеттердің рөлі зор деп білемін. Сабақта жаңа әдістері мен техникалық жетістіктерді, оның ішінде интерактивті тақтаны пайдалану - сабақ өтудің тиімділігін арттырып, оқушы білімін тексеру жолын жеңілдететін, білім-білік дағдыларын дамытуда таптырмайтын құралдардың бірі болып саналады. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ-ны қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол бағыт - бағдар берушінің функциясын атқарады. (№5 слайд. 1-кесте)

Осы аталған критерийлерді пайдалана отырып, мынадай салыстырмалы кестені ұсынамын. (1-кесте)


Сабақтың параметрі

АКТ-ны қолданатын сабақ

Дәстүрлі сабақ

ақпаратты беру

оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады 

мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануы

жұмыс қарқыны

қарқыны әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады 

мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады

 оқушымен кері байланыс 

түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады. 

ағымдық бақылау

Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Бұл қазіргі ғылыми басылымдарда, теледидарда да, арнайы тәжірибе алмасушы пәндік сайттарда да АКТ пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігіне қол жеткізу үрдісінің өзектілігін бірауыздан құптап отыр. Осыдан шығатын мәселе- ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы өз білімін жетілдіруді көздейді. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Ұлы данышпан Әбу Насыр әл- Фараби «Әрекетіміз дұрыс болу үшін біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз» деп атап көрсеткендей, оқушы жүрегінен жол табам деген ұстаз мына қағидаттарды естен шығармауы тиіс деп ойлаймын: оқыту мазмұны мен әдіс икемділігінің маңызды қағидаты. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен деңгейіне сай оқу мазмұны мен әдісін таңдау болып табылады.



Әдіс түрлері:

  • дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

  • әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

  • ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру); 

  • оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

    АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін:

  1. сабақты түрлендіріп өткізу;

  2. сабақта ақпарат құралдарын пайдалану;

  3. оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету- интернетке шығу.

Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:

- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;


- Танымдық қабілетін қалыптастырады;
- Этнопедагогикалық тәрбие береді;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;

Химия және биология пәнін меңгертуде видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы.



Өзімнің  іс-тәжірибемнен мысал келтірсем,  биология сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады:

  1. Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану;

  2. Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдануға;

  3. Зертханалық жұмыстарда;

  4. Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.

2011 жылдан бастап маған биология мультимедиялық кабинет берілді. Бүгінгі таңда кабинеттің жоспарлы сабақ үрдісі өз нәтижесін көрсетіп, еңбегімнің жемісі бар деуге болады. Бұл АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Кабинеттегі Class board тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы артуда.

Сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалану кезінде байқалатын жетістіктер :

1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі мүмкін емес.

3. Слайдтарда қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

4. Сабақта ЕNT +5 тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.

5. Class board көрсеткіш таяқшаның көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

7. Сабақтың өнімділігі артады.

8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Сабақты түсіндіру кезінде мұғалімге тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдануға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаның тиімділігін көрсетеді. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.



Мұғалімнің электронды оқулықты пайдалану

(1-сызба)















Ақпараттық –коммуникативтік технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық- психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Тәжірибемде іске асырылып жатқан жұмыстарым менің күнделікті талмай еңбек етуімнің жемісі. Бұл үрдіс жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

1. Интернет ресурстарын қолдану суреттер, видео, теориялық материалдарды электронды түрде алып, қолдана аламыз. Мысалы: Химиялық элементтердің қолданылуы, биологиялық ролін түсіндіруде интернет ресурстарын қолдану арқылы өте көрнекі слайдтар жасауға болады. Интернеттен кейбір элементтер туралы тереңірек мәліметтерді алып, аз уақытта өңдеп, сабаққа қолдана аламын.

2. Электронды оқулық, видео тәжірибелер жасау. Дайын электронды оқулықты қолдану, реактивті үнемдеу мақсатында тәжірибелер көрсету –сабақ сапасын жақсартады, пәнге деген қызығушылықты арттырады.

3. ҰБТ-ға дайындықты жүзеге асыру. Теориялық материалды мұғалім бағыттауымен оқушының өзі игеруге мүмкіндік жоғары. Уақыт үнемделгендіктен, есептер шығаруға мүмкіндік мол болады және

материалдық шығын көлемі азаяды. Электрондық оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру электрондық оқулық пен ақпараттық коммуникациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады. Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әртүрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне, оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр. Мысалы: 8 сыныпта химия, биология пәні бойынша электронды оқулықты кеңінен пайдаланамын. Химиядан «Атом құрылысы», биологиядан «Бұлшық еттер» тақырыбында өткізілген сабақтың презентациялық материалдарын ұсынамын.

«Бұлшық еттер» тақырыбына арналған сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бұлшық еттер туралы жалпы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық: АКТ-ның әдіс-тәсілдерін белсенді қолдану арқылы оқушыларды жеке жұмыс істеуге, басқаларды тыңдау, өз көзқарастарын дәлелдеп қорғай білу, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Бұлшық еттер туралы білімдерін жүйелеу, оқушылардың ақыл-ойын, ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, денсаулықты күтуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақта күтілетін нәтижесі оқушылар бұлшық еттің құрылысы және топтарға бөлінуі, адам өміріне оның денсаулығында атқаратын қызметі мен қажеттілігі жайлы толық ақпарат алады. Кез-келген жұмыс нәтижемен өлшенеді десек, презентация жасау және оны сабақ процесінде қолдану жеке өзімнің, оқушыға білім беру кезінде күнделікті дағдыма айналды деп толық айта аламын. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігін пайдалануда мен 11 сыныпқа арналған электрондық оқулықты органикалық химия пәнінен зертханалық тәжірибелерді көрсетемін. Бұл уақытты үнемдеп қана қоймай, оқушылардың белсенділігін арттырады.

Электрондық оқулықпен оқытудағы жетістіктер:

Бұл жағдайда оқушылардың пәрменділігі артып, олардың интеллектуалдық дамуына әсер етеді. Электрондық оқулықпен жұмыс істеудің интеллектуалдық ерекшеліктері:



  1. танымдық қызығушылық, оқу мотивациясының дамуы ақпараттық эрудиция, қабілеттілігі;

  2. ақыл-ой еңбегінің қарқындылығы, адамгершілік рефлексиясының, өзін-өзі бақылаудың жоғары деңгейі;

  3. шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айтуы;



  1. интеллектуалдық-логикалық дағды салыстыру, анализдеу қажетті ақпаратты тез таба білуі;

  2. практикалық кері байланысты қамтамасыз ету жағдайды, оқиғаны сипаттау, анықтама беру.

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ, мұғалімдер де өздеріне көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабақта пайдалануды – оқытудың жаңа ақпараттық технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Оқушының электронды оқулықты пайдалану сызбасы

(2-сызба)



скругленный прямоугольник 3скругленный прямоугольник 5

блок-схема: подготовка 1блок-схема: подготовка 2прямая со стрелкой 9

прямая со стрелкой 14

скругленный прямоугольник 4скругленный прямоугольник 6

прямая со стрелкой 13

прямая со стрелкой 10прямая со стрелкой 11

скругленный прямоугольник 8прямая со стрелкой 12

скругленный прямоугольник 7

бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғары деңгейде болады. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, видео, мультимедия, гипертмәтіндік элементтер мүмкіндігі пайда болады. Ол білім алушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал болып табылады. Электронды оқулықты сабақтың әр түрінде және сатысында қолданылады, ол: аралас сабақта, күнделікті және қорытынды бақылау сабақтарында, оқушылардың компьютерлік кабинеттерінде, өзіндік дербес дайындықтарында, үй компьютерлерінде жүзеге асырылады. Электронды оқулықтың артықшылықтары оқытылатын тақырыптарға жаттығуды орындаумен бекітілді. Оқушының білімін тексеру дайындалған сұрақтар мен есептер бойынша тест түрінде алынады және бағаланады. Жауаптардың нәтижелері мониторға шығады, осы сәттен бастап оқушының өзінің жауаптарына талдауы және қатемен жұмысы басталады. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру барысында төмендегі нәтижелер күтіледі:

- Химия пәнін оқытуда білім сапасы артады;

- Компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, оларды тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді;

- Химиялық түсініктер мен концепциялды оқып үйренуге қажет жоғары деңгейдегі ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуда компьютерлік техниканы тұрақты қолдану мүмкіндіктері пайда болады;

- Оқу мәтіндері қысқа да нұсқа берілгендіктен кейбір сөздердің түсініктемелері, анықтамалары, қорытындылары, кестелері, суреттері, сызбалары графиктері арқылы толтырылады.

Қорытындылай келе, акпаратты - коммуникативті технологияны химия сабақтарында қолдану білім сапасының артуына оң әсерін тигізеді:

1. Білім байқауы, тапсырмалар, есептер, видео тәжірибелер көрсету интерактивті тақтаны экран ретінде қолдануға мүмкіндік береді.



2. Әр сабақта презентация құру, тестілік жарлықты қолдану жүзеге асып жатады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникативті технологияны пайдалану оқушылардың өз бетімен білім алу құзіреттілігін дамытуға және білім сапасын арттыруға үлкен әсер етеді. Сондықтан мектепте оқытылатын сабақтардың сапасына өзгеріс енгізу - бүгінгі өмір талабы. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші барлығымыз болашақта өркениетті елдердің жаңа технологиясын меңгертіп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шыға берейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет