Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2013 жылғы «___» __________
№ ___ қаулысымен
бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 691 қаулысымен
бекітілген
|
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының
2011-2015 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
Мазмұны
1. Миссиясы мен пайымдауы
2. Дене шынықтыру және спорт саласының ағымдағы жағдайын және даму үрдісін талдау
3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
6. Тәуекелдерді басқару
7. Бюджеттік бағдарламалар
7.1. Бюджеттік бағдарламалар
7.2. Бюджеттік шығыстар жиынтығы
1 бөлім. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы - облыста дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында спорттық, қоғамдық ұйымдардың қызметін тиімді мемлекеттік басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету.
Пайымдауы - Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстандағы спорт орталығы. Облыста салауатты өмір салты қағидаларын дамытуға ықпал ететін білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру ұжымдарының кең жүйесі, облыс спортшыларының республикалық және халықаралық ареналарда табысты өнер көрсетуі.
2 бөлім. Дене шынықтыру және спорт саласының ағымдағы жағдайын
және даму үрдісін талдау
2010 жылы «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) қызметі Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
1 стратегиялық бағыт. Бұқаралық спорт пен жоғары жетiстiктер спортын дамыту.
Реттелетін сала немесе қызмет саласы дамуының негізгі параметрлері
Басқарма спорт инфрақұрылымын одан әрі дамыту, материалдық-техникалық базаны жақсарту және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыс жүргізуде. Облыста спорттың 73 түрі таралған: жазғы олимпиада түрлері - 24, қысқы олимпиада түрлері – 8, олимпиадалық емес түрлері – 41.
Дене шынықтыру мен спортпен облыс көлемінде шұғылданатындар саны 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 350204 адамды құрады, бұл жалпы халық санының 25,1% құрайды.
Ай сайын күнтізбелік жоспарға сәйкес қалалар мен адандардағы жастарды, мекеме ұжымдарын, оқушыларды тарта отырып, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру және сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.
Облыста ағымдағы жылы Семей қаласы мен Абай, Аягөз аудандарында спорт бөлімдері ашылды. Қазіргі таңда Ұлан мен Катонқарағай аудандарында, Курчатов қаласында спорт бөлімдерін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» 2008 жылғы 16 қазандағы №314 бұйрықпен облыстың жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарының қолданыстағы бағдарламаларына өзгеріс енгізді. 2013 – 2014 оқу жылының басында 687 облыс мектептерінде 3-ші дене тәрбиесі пәні енгізілді (100%).
Облыстың білім беру мекемелерінде, жалпы білім беретін мектептерде, орта кәсіптік оқу орындарында дене шынықтырумен қамтамасыз етуге қажет спорт инвентарлармен қамтамасыз ету бойынша кезең-кезеңмен іске асырылуда.
Оқу бағдарламасын және сыныптан тыс, спорттық-бұқаралық жұмыстарын үздік орындау үшін облыс мектептерінде 660 спорт залдары, 679 спорттық алаңдар, 160 бейімделген орындар және 262 мектепте шаңғы базалары.
Бүгінгі таңда облыстың білім мекемелерінде спорттық мүлікпен және жабдықтармен қамтылуы 60 % құрайды.
2013 – 2014 оқу жылына білім басқармасымен барлық білім мекемелеріне қалалық және ауылдық мектептердің, күндізгі жалпы білім беру мектептері мен арнаулы орта оқу орындарының оқушыларының дене шынықтыру бойынша сабақтарын қамтамасыз етуге қажетті спорттық мүліктің және жабдықтардың типтік табелі берілді.
Мектеп лигаларын өткізу туралы ҚР БҒМ дене шынықтыру орталығының Ұлттық ғылыми-практикалық ережесіне сәйкес облыста мектепішілік және мектепаралық лигалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Облыста жалпы білім беретін мектептер базасында спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт клубтарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұқаралық спорт түрлері бойынша мектеп аралық жарыстарды өткізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Аталған шаралар дәстүрлі негізде өтеді және оған барлық мектептік мекемелер барлығы қатысады.
2013-2014 оқу жылдарына арналған спорттық-бұқаралық шралар күнтізбелік жоспарына «Мектеп лигасы» бағдарламасы аясында спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу жоспарланған (волейбол, футбол, баскетбол).
Бүгінгі күнде танымал спорт түрлерінен студенттер, балалар мен жасөспірімдер спортын, мектептер мен студенттік лигаларды нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде:
1) Жыл сайын мектеп және колледж оқушылары, университет студенттері арасында жазғы және қысқы Спартакиада ойындары өткізіледі;
2) Шығыс Қазақстан облысы қалаларының университет, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында 11 спорт түрінен спартакиаданы өткізу (соның ішінде 2 қысқы спорт түрінен);
3) Аталған жарыстар қорытындысы бойынша облыс оқушылары арасынан республикалық жарыстарға қатысуға команда құрамы іріктеледі (2012 жылы – Қазақстан Республикасының колледж бен мектеп оқушылары арасындағы VI жазғы спартакиадада – 5 орын, 2013 жылы VI қысқы спартакиадада – 1 орын).
Облыстағы танымал спорт түрлерінен мектеп лигасын өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үш спорт ойындарынан 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары топтары бойынша мектеп лигасын өткізу (баскетбол, волейбол, (қыздар мен ұлдар), шағын футбол (ұлдар) бойынша ақпарат облыстың қалалық және аудандық білім бөлімдеріне ұсынылды. Қазіргі таңда қалалық және аудандық жарыстардың 2 кезеңі өткізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 41 хаттамасына сәйкес, мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен жыл сайын Кіші универсиада өткізу жоспарлануда.
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спортпен шұғылданатындар саны 1945 адам. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың 100 аса іс шара өткізілді, жалпы оған 1500 адам қамтылды.
Жыл сайын облыстың қалалары мен аудандарында әкімдердің басшылығымен мүмкіндіктері шектеулі жандардың, соның ішінде балалар және жасөспірімдердің қатысуымен 150 астам ірі іс-шаралар өткізіледі.
Атап айтқанда, «64» дойбыдан ШҚО чемпионаты, қол күресінен, шаңғы жарысынан «Спешиал Олимпикс» қозғалысының облыс чемпионаты, үстел теннисінен облыс біріншілігі, шағын футболдан облыс кубогы, көру мүшелері зақымданған спортшылар арасында облыс чемпионаты және т.б. өткізілді.
«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігі Өскемен қаласының дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі жаттығу залдарына және бассейнге тегін барады.
Өскемен қаласында жазғы кезеңде мүгедектер және мүмкіндіктері шектеулі жандарға «Алтай» стадионы пайдалануға тегін ұсынлады, қысқы уақытта коньки жалға ақысыз негізде беріледі.
Семей қаласындағы «Шамшырақ» клубында І және ІІ топтағы мүгедектер аптасына екі рет (сәрсенбі, жұма күндері) ақысыз негізде жаттығу залында шынығады. Сонымен қатар, Семей қаласының №3 мектеп-интернатында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналып тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрінен секциялар ұйымдастырылған, осы мектеп тәрбиеленушілері үнемі әр түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жеңіл атлетикадан көру мүшелері зақымданған адамдар арасындағы жыл сайынғы жарысты «Өскемен қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізу дәстүрге айналған.
Облыс аумағында футбол, волейбол, кокпар спорт түрлерінен 11 кәсіби спорт клубтары қызмет етеді. Жазғы олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен спортшылардың шеберлігін жоғарылату қажеттілігі бар.
Біздің облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көбінде қоғамдық бастамамен жүргізіледі. Спорттық-бұқаралық іс шаралар қоғамдық бірлестіктерді тарту арқылы жүргізілуде. Өскемен қаласында облыстық «Мүмкіндігі шектеулі жандардың спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын (бұдан әрі қарай-Кәсіпорын) құру бойынша жұмыстар жүргізілуде және Кәсіпорынның тиісті саладағы уәкілетті органы ретінде Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын белгіленеді.
2012 жылы ШҚО әкімдігі ЮНИСЕФ және халықаралық ұйымен бірлесе отырып, «Интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қоғамды дамыту» жобасын жүзеге асыруды бастады
Жоба аясында интеллектуалдық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған іс-шаралар кешенін Семей қаласындағы медициналық университет базасында 2013 жылғы сәуір-мамыр айларында және Өскемен қаласында 2013 жылғы қыркүйек-желтоқсан аралығында өткізу қарастырылған.
Модель жастардың қатысуы мен қоғамның ШҚО ерекше қажеттіліктері бар балалардың қабілеттері туралы қоғамның ақпараттандырылуына ықпал ететін балалардың спорттық бағдарламаларды қамтиды. Бұл 2012-2015 ж. Арналған ШҚО- ЮНИСЕФ бірлескен бағдарламасы мақсаттарымен сәйкес келеді, яғни инклюзивті қызмет жүйесін құру, интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі балалардың денсаулығы, дамуы, қорғау және қоғам өміріне қатысуға қатысты.
ЮНИСЕФ-пен бірлескен жұмыс бойынша жоба мақсаты интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі балалардың мүмкіндіктері мен олардың отбасы. Жобаның негізгі міндеттері болып спорт, денсаулық және білім беру бағдарламалары арқылы интеллектісі бұзылған адамдар туралы және олардың қажеттіліктері туралы қоғам білуі тиіс.
Өз жұмысын жоба «Дені сау атлет» бағдарламасы бойынша тренингтен басталды, Семей қаласындағы медициналық университет базасында, оған 150 студент-волонтер 5 медициналық пән бойынша қатысты (құлағы, көздері, тістері, ССӨ, фант-фитнес). СпешиалОлимпикстің келесі бағдарламасы «Жас спортшылар», 2-7 жас аралығындағы интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған. Балалар бейімделген дене шынықтыру қызметіне қатыса алды. Жобаны «Дені сау отбасы» форумы жалғастырды. Форумға интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі балалары бар отбасылар шақырылып, үйде жұмыс жасау үшін әдістемелік материалдар таратылды. Келесі кезең бойынша «Бірлескен спорт» бағдарламасы бойынша оқыту семинары өтті, ол интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі балалар мен сау балаларды бір спорт алаңында біріктіруге бағытталған. Семей; Өскемен қалаларының арнайы орта мектеп мұғалімдері аталған тренингке қатысып, футбол арқылы инклюзивті спортты дамыту дағдыларына ие болды.
Бірлескен жобаның екінші кезеңі Өскемен қаласында басталды «Жас спортшылар» бағдарламасы. 25 қыркүйекте, ДШСК-не, 2-8 жас аралығында мүгедек балалары бар отбасылар шықырылды, сонымен қатар №21 қосалқы мектептің 1,2 сынып оқушылары. Оқушыларға балалардың дене шынықтыруы үшін арнайы жаттығулар ұсынылды. Балалармен үйде жұмыс жасау үшін әдістемелік материалдар таратылды.
10-11 қазанда «Спешиал Олимпикс» және ЮНИСЕФ бірлескен жобасы бойынша «Дені сау атлет» бағдарламасы және шағын футболдан республикалық турнир өтті. Турнирге 130 астам спортшы қосалқы мектептер мен мектеп интернаттардан қатысты: Алматы, Семей, Риддер, Зырян, Серебрянск, Аягөз, Өскемен спортшылары. «Дені сау атлет»бағдарламасында (құлағы, көздері, фант-фитнес) медициналық колледж студенттері қатысты, сонымен қатар волонтерлер ретінде гуманитарлық колледж студенттері шақырылды.
Күнтізбелік жоспар бойынша үстел теннисінен облыстық жарыстар өткіздік, оған 50 астам қосалқы мектеп интернат спортшылары қатысты. Қарағанды қаласында 2013 жылғы 10-11 мамыр аралығында шағын футболдан республикалық жарыстарға «Спешиал Олимпикс» «Өскемен қаласындағы жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернат» командалары қатысты. Облыс командасы 16 жас және одан үлкен дивизионында 2 орын алды.
Астана қаласында, 2013 жылғы 18-19 қазанда шағын футболдан Қазақстан футболының 100 жылдығына орай республикалық турнир өтті. Облыстан «Жастар арнайы үйі» тәрбиленушілері қатысты. Балалар өз топтарында бірінші орын алды.
Шығыс Қазақстан облысы спортшылары Қазақстан Республикасының қысқы спорт түрлерінен ұлттық құрамасының негізгі бөлігін құрайды және 2014 жылы Сочи қаласында өтетін Олимпиадалық ойындарға лицензия жеңіп алуға 28 спортшы-кандидат ұсынады. Спортшылардың дайындығы Спорт және дене шынықтыру істері Агенттігімен, спорт түрлері бойынша Федерациялармен, Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен келісілген және бекітілген жеке дайындау жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджет деңгейінде облыс басшыларының қолдауымен спортшы- кандидаттарға барынша жағдайлар жасалынған: ай сайын ақшалай қаражат төленеді, қажетті спорттық құрал-жабдықтар және керек-жарақтар сатып алынады, оқу- жаттығу жиындарына және әртүрлі деңгейдегі жарыстарға шығу қамтамасыз етіледі.
Қазіргі уақытта облыстың халық саны көп қалалары мен аудандарында өңіріміздің спортшыларының, яғни олимпиадалық лицензияларды жеңіп алуы ықтимал кандидаттардың суреттері бейнеленген баннерлер, билбордтар және постерлер дайындап орналастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде шұғылданатын балалардың санын көбейту мақсатында облыста 2458 спорт секцияларына 96319 балалар мен жасөспірімдер спортпен шұғылданады. Барлық спорт секциялары ақысыз негізде жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда облыс көлемінде ағымдағы жылы 3996 спорт-бұқаралық іс-шаралар, олар 500 мыңға жуық адамды қамтыды, соның ішінде 145 мың адам, яғни 45% 14-29 жас аралығындағы жастар санатынан.
Өткен жылы «Қазақстан барысы» турнирінің көрсетілімі күрес секцияларына 3 мыңнан астам облыс бойынша әр түрлі жас санаттарындағы балалардың келуіне септігін тигізді (жалпы саны – 8 мың. бала). Ағымдағы жылғы жарыста жерлесіміздің жеткен жеңісі жекпе жек, күрес түрлеріне қызығушылық білдірушілер санын арттырады деп ойлаймыз. Бұл өз кезегінде жаттықтырушылар құрамын дайындау бойынша, жаңа секциялардың және мамандандырылған залдардың ашылуы бойынша жаңа міндеттер қояды.
Облыстағы спорт пен дене шынықтырумен шұғылданушылар санының артуына қазақстан футболыны отаны саналатын Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдығын атап өтуге арналған іс шаралар септігін тигізуде. Барлық аудандар мен ауылдық округтерде жасанды және табиғи жабындысы бар 112 футбол алаңдары салынды. Футбол алаңдары республикалық, жергілікті/ облыстық және демеушілер қаржысы есебінен жүргізілді.
Шығыс Қазақстан облысында спортпен шұғылданушылардың қызметіне спорт ғимараттарының саны 3070 бірлікті құрайды. 2013 жылы Қазақстан футболының 100 жылдығы аясында облыс бойынша 112 футбол алаңдары салынды. Облыста барлығы 26 ДШСК бар.
2013 жылы Күршім және Көкпекті аудандарында спорт модульдері салынды.
Мемлекеттік және жеке меншік әріптестік аясында жекпе-жек сарайы мен жеңілатлетикалық манеж, олимпиядалық жүзу бассейні, Риддер және Зырян қалалрындағы хоккей модульдері, Шемонаиха ауданындағы спорт модулінің құрылыстары жоспарланған.
Бүгінгі таңда Өскемен қаласында мұздатқыш құрылғымен және мұз құюға арналған заманауи техникамен жабдықталған 2 хоккей модулі жұмыс жасайды. Аталған нысандарда шайбалы хоккеймен және шорт-трекпен айналысатын спортшылар дайындалады.
Сонымен қатар, осындай ұқсас жабық хоккей модульдердің құрылысы Семей, Риддер, Зырян қалаларында және Глубокое, Шемонаиха аудандарында белсенді жүргізілуде.
Сондай-ақ, облыс аудандарында қысқы мерзімде ашық хоккей қораптары құйылады, мектеп командалары үшін спорттық инвентарь сатылып алынады.
Оқу жылының басынан қалалық және аудандық білім беру және спорт бөлімдеріне қолда бар хоккей қораптарын қайта жаңғырту тапсырмасы берілген. Бүгінде білім беру мекемелерінде 176 хоккей қораптары бар.
ҚР Үкіметінің «оқушылар мен ересек халық арасында Президенттік тестілеуді қабылдау туралы» қаулысына сәйкес барлық білім беру мектептерінде 5,9,10 сынып оқушылары арасында оқы жылының басында және соңында президенттік қабылдау жүргізілуде.
Жаңа редакция арқылы Қазақстан Республикасы халқының дене тәрбиесі жағынан дайындығына Президенттік тестілеу жүргізу туралы Ережесін апробациялау үшін Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен білім мекемелері бекітілді.
ШҚО әкімі жүлдесіне арналған халықтық спорт ойындары дәстүрлі ойындарға айналды, оның бағдарламасына 20 спорт түрлері қамтылған, және 8000 астам спортшылар қамтылған. Ақтық балалар спорт ойындары және «Саулетай», «Жулдызша», «Былғары доп» жарыстары облыстың әкімшілік орталықтарында өтеді, ал іріктеу турлары жер жерлерде жалпы білім беретені мектептерде өтеді.
2013 жылы «Жұлдызша» шайбалы хоккей ойындары қайта жандандырылып, оған 500-ден астам бала қатысты.
Сондай-ақ оқушылар арасында шахматты дамыту мақсатында қалалар мен аудандарда «Белая ладья», шаңғыны дамыту үшін «Лыжня зовет» және конькимен жүгіру спортынан «Лед надежды нашей» жарыстары жоспарлы түрде өткізілуде.
Жазғы маусымда барлық елді мекендерде «Былғары доп» жарыстары ұйымдастырылды. Семей қаласында 2013 жылы Қазақстан футболының 100 жылдығына орай «Миллиондар кубогі» мен ШҚО әкімі жүлдесіне арналған «Былғары доп» турнирлерінің ақтық ойындар өткізілді.
2013 жылғы Дене шынықтыру және спорт басқарамасының нақтыланған бюджеті 3351773,8 мың тенге. Сонымен қатар қалалар мен аудандар әкімдіктеріне спорты дамуыту мақсатында 876326,0 мың тенге. Бюджет спорт пен дене шынықтырудың дамуын қарастырады, соынң ішінде спорттық жарыстарды өткізу, облыс бойынша спорттық жарыстарға спорт түрлері бойынша құрама командаларды әзірлеу және қатысу.
Мектеп құрылысы кезінде облыстың білім мекемелерінде насихатталатын спорт түрлерін ескере отырып спорт алаңдарын салу қарастырылған (жасанды жабындысы бар футбол алаңдары, хоккей қорапшалар, гимнастикалық қалашықтар).
Негізгі проблемаларды талдау
Дегенмен, бұқаралық дене шынықтыру мен жоғары жетістіктер спортын ары қарай дамыту барысына ең алдымен мыналар кедергі келтіріп отыр:
1. Саланың материалдық-техникалық базасының нашарлығы.
Спорттық құрылғылардың жеткіліксіздігі айқын сезіледі. Облыстағы дене шынықтыру және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жағдайы тұрғылықты халықтың да жоғары білікті спортшылардың да сұранысын қанағаттандырмайды. Облыстағы 666 спорт залдың 632-і жалпы орта, кәсіптік және жоғары білім беру мекемелерінде, ал облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында 34 ғана зал бар.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін бейімделген спорттық құрылыстардың жетіспеушілігі; осы санаттағы адамдардың психологиялық тұйықтылығы.
Жоғары жетiстiктер спорты спорт құрылғыларына өте мұқтаж, 34 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ішінде тек 15 ұйымның ғана өз базасы бар. Халықаралық стандарттарға сай келетін сапалы құралдар мен заманауи жабдықтардың жетіспеушілігі сезіледі. Спорт құрылғыларының көпшілігі жарыстар мен оқыту-жаттығу үрдістерін жүргізу үшін талап етілетін халықаралық нормаларға сай келмейді. Оқыту-жаттығу үрдістерін, жарыстарды және жиындарды ұйымдастыру жеткіліксіз қаржыландырылады.
2. Бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы.
Қажеттілікті қанағаттандырмайтын материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүліктер мен жабдықтардың жоқтығы спорт резервін және халықаралық топтың спортшыларын жоғары деңгейде дайындауды ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Балалар-жасөспірімдер клубтары желісі нашар дамыған, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалу орындарында спорт алаңдары жетіспейді.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі бүгінгі күні 6 - 18 жас аралығындағы балалардың жалпы санының 10,6% ғана жаттығу мүмкіндігін қамтамасыз ете алады.
3. Спорттың ғылыми және медициналық базасының жоқтығы, білікті мамандардың жетіспеушілігі.
Заманауи спорт түрлі инновацияларға ерекше бейім келеді және спортшылармен жұмыс істеудің ғылыми және инженерлік ізденістерге негізделген жаңашыл әдістерін меңгерген мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлуді талап етеді.
Қазіргі уақытта білікті мамандардың ерекше жетіспеушілігі сезіледі. Облыстың жетекші жаттықтырушылары зейнеткерлік жасына жақындаған немесе зейнеткерлік жаста, ал жас, болашағы бар бапкерлер төменгі жалақыға байланысты жұмысқа тұрғылары келмейді, ауылдық жерлерде олар мүлде жоқ.
Қазіргі уақытқа дейін дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері жоқ. Бүгінгі күні спортшылар үшін медициналық қызметтер бір ғана мекемеде – облыстық медициналық бірлестік жанындағы спорт медицинасы бөлімшесінде ұсынылады.
Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Дене шынықтыру мен спорттың даму жағдайына бірқатар ішкі, негізінен мынадай әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді: халықтың дене шынықтыру белсенділігінің жеткіліксіздігі, бұл спорттық орталықтарда бос уақытты өткізу бағаларының жоғары болуына және спорттық құрылғылардың шектеулі болуына байланысты. Балалар, жасөспірімдер және ересек адамдар арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау жұмыстары жеткілікті дәрежеде жүргізілмейді. Арнайы спорттық құрылғылар мен мамандарды талап ететін «әйелдерге» арналған спорт түрлері (мәнерлеп сырғанау, көркем және спорттық гимнастика, спорттық би) нашар дамыған. Қиындық ауылды жерде ерекше байқалады, онда дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатындардың 21% ғана әйелдер құрайды.
Спорт резервін дайындау және халықаралық деңгейдегі спортшыларды тәрбиелеу халықаралық спорт ұйымдарының жылдам өзгеріп отыратын талаптарын, спортшыларды дайындаудың түрлері мен әдістерін жетілдіріп отыруды, спортшыларды тәрбиелеу жүйесін ары қарай дамытуды ескере отырып, оқыту-жаттықтыру үрдісін ұйымдастыруда жаңа әдістерді талап етеді.
Саланың дамуына сыртқы факторлардың ықпал етуі әлемдік аренадағы спортшылар бәсекесінің артуынан көрінеді, бұл спортшылардың кәсіби шеберлегінің өсуі үшін заманауи шаралар қабылдауды талап етеді.
3 бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары,
іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары,
іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
1 стратегиялық бағыт. Бұқаралық спортты, дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту және Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының республикалық, халықаралық жарыстардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
1.1 мақсат. Халықты салауатты өмір салтына, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін бағытталған бюджеттік бағдарламалар кодтары: 260003000, 260004000.
Нысаналы индикатор (түпкілікті қол
жеткізу мерзімін
(кезеңін)
көрсете отырып)
|
Ақпа-рат көзі
|
Өлш.
бірл.
|
Оның ішінде, аралық мәні көрсетіліп
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылданатын барлық жастағы халықты қамту
|
ведом-ство-лық статис-тика-лық дерек-тер
|
%
|
9,2
|
15,3
|
17,1
|
21,2
|
24,0
|
26,3
|
28,2
|
2. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту
|
ресми
дерек-
тер
|
%
|
10,2
|
10,5
|
10,5
|
11,65
|
11,71
|
11,77
|
11,84
|
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары және әдістері:
1.1.1 міндет. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халыққа жағдай жасау
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
Ақпа-рат көзі
|
Өлш. бірл.
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013
жыл
|
2014
жыл
|
2015
жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Ауылдық тұрғындардың жалпы санынан дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын ауылдық тұрғындардың үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
7,2
|
16
|
16,2
|
16,4
|
17
|
17,5
|
18
|
2. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын мүгедектер
|
ресми дерек-тер
|
%
|
203
|
203
|
203
|
230
|
400
|
800
|
1600
|
3. Бұқаралық спорт іс-шараларына қатысатын халықтың үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
29,7
|
30,4
|
32,9
|
33,8
|
35
|
36
|
37
|
4. Бұқаралық спорт іс-шараларына қатысатын балалар мен жасөспірімдер үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
63,2
|
64,7
|
66,6
|
68,0
|
77
|
78
|
79
|
5. Оқушылар-дың жалпы санындағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын оқушылар үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
26,2
|
29,5
|
30
|
30,5
|
33
|
34
|
35
|
6. Студенттердің жалпы санындағы дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданатын студенттер үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
18,2
|
18,5
|
19
|
20
|
25
|
26
|
27
|
7. Шаңғы спорты бойынша спорт секцияларының саны
|
ресми дерек-тер
|
бірл.
|
138
|
140
|
142
|
237
|
240
|
242
|
244
|
8. Шаңғы спортымен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны, адам
|
ресми дерек-тер
|
бірл.
|
12945
|
13122
|
13845
|
15466
|
18000
|
20000
|
22000
|
9. Шаңғы спорты түрімен шұғылданатын халықтың үлесі
|
ресми дерек-тер
|
%
|
0,75
|
0,8
|
0,97
|
1,05
|
1,26
|
1,4
|
1,5
|
10. Балалар мен жасөспірімдер-ге арналған спорт мектептері, спорт түрлері бойынша клубтар, тұрғылықты жері бойынша спорт клубтары, жоғары спорт шеберлігі мектептері санын арттыру
|
ресми ақпарат
|
бірл.
|
|
|
|
|
1
|
1
|
|
11. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған нысандар саны
|
ресми ақпарат
|
бірл.
|
2795
|
2804
|
2845
|
2888
|
2990
|
3050
|
3100
|
12. Мүгедектер арасында өткізілетін бұқаралық спорттық іс-шаралар саны
|
ресми ақпарат
|
саны
|
74
|
78
|
85
|
95
|
153
|
155
|
158
|
13. Ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар саны
|
ресми ақпарат
|
саны
|
300
|
309
|
320
|
204
|
650
|
670
|
690
|
14. Спорттың бұқаралық түрлері бойынша спорттық іс-шаралар саны
|
ресми ақпарат
|
саны
|
1501
|
1589
|
1692
|
725
|
2000
|
2200
|
2400
|
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Дене шынықтыру және спортты дамытудың салалық бағдарламасын іске асыру
|
|
х
|
х
|
х
|
х
|
2. Президенттік көпсайысты тапсыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған шараларды іске асыру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
3. Білім беретін мекемелердің оқушылары, студенттер мен 24 жас және одан жоғары жастағы тұрғындар арасында Президенттік тест тапсыруды ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
4. Халықтың барлық топтары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық жарыстар ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
5. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында облыстық спорт іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
6. Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер ұжымдарының күн тәртібіне тұрақты түрде өндірістік гимнастиканы өткізуді енгізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
7. Спорттың бұқаралық түрлері бойынша бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
8. «Қыс» қысқы спорт фестивалін ұйымдастыру және өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
9. Білім беретін мекемелердің оқушылары мен студенттері арасында нашақорлықтың, шылым шегудің және т.б. алдын алуға бағытталған облыстық спорттық іс-шаралар
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
10. Әскер қатарына шақырылған және шақырылу жасына дейінгі жастар арасында спартакиада
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
11. Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен форумдар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
12. Тұрғылықты жері бойынша балалар- жасөспірімдер аула клубтары және спорт клубтары желісін құру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
13. Білім беретін мекемелерде спорттық секциялар мен спорттық клубтар ашу бойынша шараларды іске асыру (облыстық білім басқармасымен бірлесіп)
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
14. Мүгедектерге арналған спорт клубтарын ашу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
15. Типтік спорттық модульдерді салу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
16. Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
17. «Президенттік миля» (2400 м.) тесттерін тапсыру арқылы 24 жас және одан жоғары жастағы халықтың дене шынықтыру дайындықтарын жыл сайынғы тестілеуді ұйымдастыру
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
18. Мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық спартакиада
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
19. Мүгедектерге дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға арналған спорт ғимараттарына қолжетімділік үшін жағдай қамтамасыз ету
|
|
|
х
|
х
|
х
|
1.2 мақсат. Спорт резервін дайындау, халықаралық сыныпты спортшыларды тәрбиелеу, Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының сапалы дайындалуы мен олардың табысты өнер көрсетуі үшін жағдай жасау.
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар кодтары: 260004000, 260006000, 260007000
|
Нысаналы индикатор (түпкілікті қол жеткізу мерзімін (кезеңін) көрсете отырып)
|
Ақпа-рат
көзі
|
Өлш.
бірл.
|
Оның ішінде, аралық мәні көрсетіліп
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014
жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Республикалық кешенді жарыстарда жалпы командалық орын
|
ресми ақпарат
|
орын
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
1-3
|
2. Спортшылар-дың жалпы санынан Қазақстан Республикасының құрама командаларында-ғы облыс спортшыларының үлесі
|
ресми ақпарат
|
%
|
8,6
|
9,1
|
9,7
|
10,1
|
10,7
|
11,1
|
11,7
|
Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері:
1.2.1 міндет. Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының шеберлік деңгейін арттыру
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
Ақпа-рат көзі
|
Өл-шем бір-лігі
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2009
жыл
|
2010
жыл
|
2011
жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014
жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1. Қазақстан Республикасы
спорт шеберлерінің санын арттыру
|
ресми ақпарат
|
адам
|
79
|
84
|
85
|
86
|
87
|
88
|
89
|
2. Спорт шеберіне үміткерлер санын арттыру
|
ресми ақпарат
|
адам
|
279
|
292
|
293
|
294
|
422
|
423
|
424
|
3. Бірінші спорт разряды бар спортшылар санын арттыру
|
ресми ақпарат
|
адам
|
401
|
444
|
445
|
446
|
452
|
454
|
456
|
4. Республика-лық және халықаралық спорт жарыстарына қатысатын спортшылар саны
|
ресми ақпарат
|
адам
|
503
|
507
|
510
|
513
|
1578
|
1601
|
1640
|
Тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар
|
Жоспарлы кезеңде іске асыру мерзімі
|
2011
жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014
жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Шығыс Қазақстан облысының құрама командалары үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
2. Шығыс Қазақстан облысының құрама командалары мен ең мықты спортшыларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
3. Астана, Алматы қалаларында (Қазақстан) өтетін VII қысқы Азия ойындарына дайындалу және қатысу
|
х
|
|
|
|
|
4. Лондон қаласында (Англия) өтетін ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындарға дайындалу және қатысу
|
|
х
|
|
|
|
5. Нанкин қаласында (Қытай) өтетін жасөспірімдерге арналған ІІ жазғы Олимпиадалық ойындарға дайындалу және қатысу
|
|
|
|
х
|
|
6. ХVII жазғы Азия ойындарына дайындалу және қатысу
|
|
|
|
х
|
|
7. Сочи қаласында (Ресей) өтетін ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындарға дайындалу және қатысу
|
|
|
|
х
|
|
8. VIII қысқы Азия ойындарына дайындалу және қатысу
|
|
|
|
|
х
|
9. Оқу-жаттығу үдерістерін медициналық және медико-биологиялық қамтамасыз ету
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
10. Ведомствоға қарасты спорт ұйымдарын спорт құралдары және жабдықтарымен жабдықтау
|
х
|
х
|
х
|
х
|
х
|
Достарыңызбен бөлісу: |