Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Алмасай ауылдық округіне қарасты Өскемен-Алматы тас жолының 17 км орналасқан елді мекені тұрғындар жиынының хаттамасы
№ 7 ХАТТАМА
29.05.2014 ж.
жиынға қатысқан
адам саны..................76
Жиын төрағасы: Р. Мухамеджан
Жиын хатшысы: А. Байсеркенова
Күн тәртібінде:
-
Өскемен-Алматы тас жолының 17 км орналасқан елді мекенін ауыл ретінде есепке алып және атау беру туралы.
Тыңдалды: Алмасай ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Р. Мухамеджан тұрғындарға Өскемен-Алматы тас жолының 17 км орналасқан елді мекенін ауыл ретінде есепке алып және «Айтқұл» атауын беру ұсынысын айтып, осы мәселені жиналыста талқыға салуды ұсынды.
Осы ұсыныс бойынша сөз алғандар:
-
Ауылдың байырғы тұрғыны Бишарип Слямова: 1978 жылы Күршім ауданынан көшіп келдім. Осы ауылда еңбек еттім, зейнеткерлікке шықтым. Заман өзгерді, аталарды еске алып, осы елді мекенді ауыл ретінде тіркеп, «Айтқұл» атауын берілуін қолдаймын.
-
Валентин Пожидаева ауыл тұрғыны, зейнеткер: Осы ауылға тың көтерілген 1959 жылы келіп еңбек еттім. Балаларымды өсірдім, бақытты отбасының бірімін. Бабалардың атын еске алғанымыз дұрыс. Елді мекен ауыл ретінде тіркеліп, «Айтқұл» атымен аталғанын қолдаймын. (орыс тілде сөйледі)
-
Тоқтархан Мухатов ауыл тұмасы, тыл еңбеккері, зейнеткер: Менің ойымша, осы ауылдың болашағы зор, себебі үлкен тас жолының бойында орналасқан. Екінші жағынан темір жол салынды. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Жұмыс болғаннан кейін көшіп келем, үй саламын дегендер көбейді. Осы елді мекен жеке ауыл ретінде тіркелгенін және «Айтқұл» атамыздың аты берілгенін қолдаймын.
-
Сеилгазинова Галия ауыл тұрғыны: Осы елді мекен бөлек ауыл ретінде тіркеліп, «Айтқұл» аты берілуін қолдаймын.
Жиын төрағасы сөз алғандардың пікірлерін ортаға салып, дауыс беруге ұсынды. Жиналған елді мекен тұрғындары барлығы елді мекен бөлек ретінде тіркеліп, «Айтқұл» аты берілуін бір ауыздан қолдады, қарсылар жоқ.
Елді мекен тұрғындар жиынының ШЕШІМІ :
Өскемен-Алматы тас жолының 17 км орналасқан елді мекенін ауыл ретінде тіркеп және «Айтқұл» атымен атау туралы ұсыныс Ұлан аудандық құзыретті мекемелерге берілсін.
Қосымша: Осы хаттаманың шешімін қолдап, қол қойған елді мекен тұрғындарының тізімі -2 бет
жиын төрағасы Р. Мұхамеджан
хатшысы А. Байсеркенова
Достарыңызбен бөлісу: |