Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы «С. Аманжолов атындағы орта мектеп» кмм исканова Назигуль Ермековна химия, биология пәнінің мұғалімі



Дата16.05.2024
өлшемі21.01 Kb.
#501298
Кәсіби шебер педагог


Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы
«С.Аманжолов атындағы орта мектеп» КММ
Исканова Назигуль Ермековна
химия, биология пәнінің мұғалімі


Кәсіби шебер педагог – заман талабы

Ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу- білімнің, соның ішінде болашақ ұрпақтың білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздегі әлеуметтік- экономиканың дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу –аса маңызды міндеттердің бірі.


Өмірдегі көп мамандықтардың ішінен жан – жақты білімділікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық екені баршамызға мәлім. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғалым теңіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттермен қарым - қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Мұғалім өнерлі, жан – жақты дамыған, білім мен ғылымның қайнар бұлағы. Ата – аналар қауымы тарапынан көрсетілетін сенім мен құрмет, ұжымның ыстық ықыласы, оқушының білімге деген талпынысы ұстазды алға жетелеп, жігерлендіреді.
Ал XIX ғасырдың ұстазы қандай болмақ керек, әрине өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш – жігерін, парасат – қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Сондай-ақ ұстаздың күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап, оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Осы тұста ақын Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деген өлең жолдары ойға оралады. Шәкірттері жеке тұлға болып қалыптасып, өмірде өз орындарын тауып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны деп есептеймін.
XXI ғасыр білім мен ғылымның қарқынды дамыған уақыты. Қазіргі сабақ процесінде түрлі педагогикалық әдістерді және инновациялық технологияларды қолдану заман талабы болып отыр. Оқу жұмысында оқытудың белсенді формаларын енгізу, оқушының ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын оятады. Сабақ барысында мұғалімнің уақытты тиімді пайдалануға, оқушының тақырыпты өз бетімен меңгеріп өзін – өзі бағалауға, өз біліміндегі кемшілік тұстарымен жұмыс жасауға дағдыландырады.
Қазіргі заманға сай өзгерістер, жаңа ақпарат технологияның пайда болуы, мәдениеттің, іскерліктің қарқынды дамуы – адамды осы заманға сай болуын талап етеді сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақты заманға сай азамат етіп оқытып, тәрбиелеп шығару үшін оқытушы білім беру әдістерін шыңдата түсуі қажет. Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол оқыту процесіне педагогикалық технологияларды кеңінен енгізу. Сондықтан мен өз сабағымда барлық әдістерді бірден қолданбасам да, сол әдістердің кейбір элементтерін сабағымның кезеңдеріне ыңғайландырып қолданамын. Сабақ барысында қолданылатын әдістер:
-Саралап деңгейлеп оқыту;
-Топқа бөліп оқыту;
-Сын тұрғысынан ойлау;
-Интерактивті әдіс;
- Миға шабуыл;
- Модульді оқыту әдісі;
-Дөңгелек үстел;
-Семинар.
Мұндай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады. Сабақтың сапалы да нәтижелі өтуі – мұғалімнің әрбір тақырыпты оқушының жас және психологиялық ерекшелігін ескере отырып, оны өмірмен байланыстыра, ұштастыра білуінде. Сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, одан қорытынды шығара білу оқушыны өз бетінше ізденуге, іскерлікке дағдыландырады.
Соның ішінде интерактивті әдістер, электронды оқулықтардың маңызы зор. Мұңдай сабақтарда оқушы өзін түрлі рөлде сынап көреді. Сонымен қатар баланың жеке дамуы, қорытынды жасай білуі арқылы оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Интерактивті оқыту әдісі оқытуды нәтижелі ету үшін оқушы өзінің жетістігін, зерделік деңгейін сезінетіндей жағдай жасайды. Интерактивті оқыту кезінде ролдік ойын, пікірталас тыңдау, талқылау әдістерін қолдануға болады.
Сынып ішінде мұғалімге жауап берген уақыттағыдай емес, бір – бірімен сұхбаттасу кезінде оқушы психологиялық кедергіге ұшырамайды. Сұхбаттасу барысында балалар, сыни ойлау, ақпаратты жағдайды талдау, салыстыру барысында өзекті мәселелерді шешу, альтернативті пікірлерді салмақтау, шешім қабылдау, пікір таластарға қатысуды, басқа адамдармен сұхбаттасуды үйренеді.
Сабақты түрлендіріп әр түрлі бағытта, формада өткізу оқушының зейінін аударуға, сабақты ынталандыруға, ақпаратты дұрыс қолданып көрсетуге және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі ақпараттар ағыны уақытында мұғалім заман көшінен қалмай, әрдайым өзін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.
Биология ғылымы – эксперименттік ғылым. Биология сабақтарында оқушылардың қабылдаған теориялық білімдерін бекіту үшін, пәнге деген қызығушылықтарын ояту үшін зертханалық жұмыстардың маңызы зор.
Зертханалық сабақтар оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеуге қабілеттерін дамытып, зерттеп, бақылаған жұмыстарына қорытынды жасай білуге үйретеді. Сондықтан мен пән мұғалімі ретінде биология сабақтарында зертханалық жұмыстарды оқу материалдардың, көрнекі құралдардың жағдайына байланысты өткізуге тырысамын.
Зертханалық жұмыстар оқушыларға келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

  • оқушы бойында алған білімін игеріп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысы қалыптасады, ал бұл қазіргі уақыттың талабы;

  • маңызды биологиялық құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап, мәнін терең түсінеді;

  • зертханалық жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерін игереді;

  • тәнтану және жануартану курсынан алған білімдерін зертханалық жұмыстармен практикада бекіту арқылы, дене бөліктерін толық ажырата білуге дағдыланады;

  • зертханалық жұмыстарды жүйелі түрде өткізу, теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыру оқушының медицина саласына қызығушылығын оятады.

  • алған білімді тәжірибеде нақты қолданып көрудің икем дағдысын қалыптастыруға көмектеседі, кәсіби бағдар беруге жетелейді.

Әр ұстаздың бойынан табылуға тиісті мынандай қасиеттерді даралап көрсетуге болады:

  • дүниетанымдық көзқарасы, сенімі;

  • қызметіне бейімділігі;

  • кәсіптік білім мен біліктілігі;

  • қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезімі;

  • ұйымдастырушылық қабілеті;

  • заманға сай жаңашылдығы.

XXI ғасырдың басында адамзат баласы дамудың жаңа кезеңі – жаһандану дәуіріне аяқ басты. Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңі қоғамдық дамудың бар саласын қамтыған жаһандану үрдісімен ерекшеленетінін білеміз. Сондықтан еліміздің білім беру жүйесі де жаһандану жағдайына халқымыздың төл тарихына, мәдениетіне және рухани өміріне, ана тіліне сүйіспеншілікпен құрмет сезімін қалыптастыратын ұлттық ерекшеліктерге үлкен мән беріп отыр.


Өмір ағымы талап етіп отырған жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, үйлесімді жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп және әр ұстаздың алдында тұрған негізгі міндет деп ойлаймын.
Ал жоғарыда аталған қасиеттер мен қазіргі заманғы саналы да сапалы педагогикалық технологиялармен қаруланған ұстаздар қауымы қазақ елінің мәртебесін көтеретін жас ұрпақтарды тәрбиелеп шығаратынына сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет