Шығыс Қазақстан облысы, «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі туралы ереже



Дата13.06.2016
өлшемі75.01 Kb.
#131418
«БЕКІТЕМІН»

Тарбағатай ауданы әкімінің 12.01.2010 жылғы № 6

қаулысымен


Шығыс Қазақстан облысы, «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

Тарбағатай ауданының Әкімдігінің

12.01.2010 жылғы

931 қаулысына

___қосымша

«Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің құрылымы.



р/с

Лауазымы

Бірліктердегі саны

1

2

3

1

Бөлім бастығы

1

2

Бас маман

3

3

Нұсқаушы

2

4

Компьютер техникасының оператор

1

5

Хатшы-машенист

1

6

Қызыметтік автокөлік жүргізуші

1

Аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Муадинов


Жалпы ереже.
1.1. «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан былай-бөлім) атқарушы орган болып табылады, оның заңды тұлға статусы бар. Бөлім тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмысын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін Тарбағатай ауданы Әкімдігінің белгілеген тәртібіне сай өкілеттіліктер шегінде аудандық тұрғын үй-шаруашылық, жол шаруашылығы, жолаушылар көлігі мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі функцияларды орындайды.


    1. 1.2.«Бөлім» өзінің іс-қимылдарын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, басқада нормативтік құқықтық актілерге, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    2. 1.3. Бөлімнің толық атауы:

Мемлекеттік тілде: «Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: Государственное учереждение «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Тарбагатайского района».

1.4. «Бөлімнің» орналасқан жері: 071500

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы Абылайхан көшесі, № 11 үй.




  1. Бөлімнің заңды статусы.

2.1. «Бөлім» мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқысын алады.

2.2. «Бөлім» Заңдылыққа сәйкес мемлекеттік Елтаңба бейнеленген, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған бланкалары, мөрі, мөртабаны және банктерде шоттары бар.

2.3. «Бөлім» басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды және оны құра алмайды.

2.4.«Бөлім» аудан Әкімдігі бекіткен мемлекеттік тапсырысты толық көлемінде орындау, оған оперативтік пайдалануға берілген мемлекеттік мүліктің сақталуы үшін жауапкершілік атқарады. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
3. Мемлекеттік органның мекеменің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары.
3.1.«Бөлімінің» функциясы - тұрғын үй-коммуналдық кешенді басқару, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдардың желілерін дамытуды қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдармен өзара ынтымақтаса қимылдап, жол құрылысы және жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін, жолаушылар тасмалдауды ұйымдастыру.

3.2.Жергілікті атқарушы органдармен өзара ынтымақтаса қимылдау кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру жөніндегі шараларды ұйымдастырып, жүзеге асыру жол қозғалысының қауіпсіздігін, экологиялық қорғанысты және қоршаған ортаны жол саласындағы әр түрлі іс-қимылдар әсер етуінен қорғауда жол саласында бірыңғай техникалық саясат жүргізуді қамтамасыз ету.

3.3.Жергілікті атқарушы органдармен бірге ауданның көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының жұмысына бақылау және үйлестіру функцияларын орындайды.

3.4.«Бөлім» су құбыры-кәріз желілерін қайта құрудың, жергілікті маңызы бар жолдардың жүйелерін қамтудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысуды қамтамасыз етеді.

3.5.«Бөлім» алдына қойған міндеттерді орындауға бағытталған мемлекеттік қаражаттарды бөлуге және ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.

3.6.Аудан Әкімінің бағдарламаларын жасау жөнінде жұмыс жүргізеді:

1)су құбыры-кәріз желілері мен құрылыстарын қалпына келтіру жөнінде;

2)жылумен жабдықтау көздерін қалпына келтіру жөнінде;

3)жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жөнінде.

3.7.«Бөлім» бақылау жасайды:

1)тұрғын үйлер мен коммуналдық объектілерді қыс жағдайындағы жұмысқа әзірлеудің барысына;

2)су құбыры желілері мен құрылыстарын жаңғырту және жаңадан салуды жүзеге асыру;

3)Жергілікті автомобиль жолдар желілерінде жол құрылысы және жөндеу жұмыстарының барлық түрлерін ұйымдастыруға, сондай-ақ, автомобиль жолдарын және ондағы құрылыстарды сақтауды қамтамасыз етуге:

4)Ауданішілік бағыттарда жолаушылар тасымалдау мәселелерін ұйымдастыруға,

3.8.Техникалық және пайдалану жағдайын зерттеу:

1)автомобиль жолдарын және ондағы құрылыстарды;

2)су құбыры-кәріз шаруашылығының объектілерін.
4. Мемлекеттік мекеме мынандай құқықтарға ие:
4.1.Құрылтайшының тапсырмасына сай бөлімнің құзыры шегіндегі мәселелер бойынша ауданның көпсалалы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың іс-қимылдарына тексеру жүргізуге.

4.2.«Бөлімге» жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті статистика қызметкерлерінен, мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындардан ақпарат сұрауға.

4.3.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы», «Қазақстан Республикасының Кодексін» бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге.

4.4.Заңнамаға сәйкес басқада құқықтарға ие.


5. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру.
5.1.Тарбағатай ауданының Әкімі мемлекеттік органның құрылтайшысы болып табылады.

5.2. Құрылтайшы заңнамада белгілеген тәртіппен мына функцияларды жүзеге асырады:

1)Мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітуге;

2)«Бөлімді» ұстауға смета (шығыстар жоспары) бекітеді;

3) «Бөлімге» берілген мүлікті пайдаланудың тиімділігі және сақталуы үшін бақылауды іске асырады;

4)«Бөлімнің» Ережесін бекітеді, Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

5) «Бөлімнің» шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;

6)«Бөлімнің» құрылымын және шекті штат санын бекітеді;

7) Заңнамамен бекітілген өзгеде функцияларды жүзеге асырады.

5.3.Мемлекеттік органды аудан Әкімі лауазымға тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.

5.4.Мемлекеттік органдардың басшысы мемлекеттік органның жұмысын ұйымдастырып басшылық жасайды, мемлекетті органға жүктелген міндетін орындау және оның өз функцияларын іске асыру үшін дербес жауапкершілікте болады.

5.5.Осы мақсаттарда бірінші басшы:

1)мемлекеттік орган мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

2)«Бөлімдегі» қызметтік лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы аудан Әкіміне ұсыныстар енгізеді;

3)«Бөлім» қызыметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпке сай тәртіптік жазалар қолданылуы туралы аудан Әкіміне ұсыныс енгізеді;

4)Заңнамаға сәйкес басқада өкілеттік жүзеге асырылады.

5.6.«Бөлімнің» жұмысын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеменің басшысы заңнама және осы Ережемен белгілеген тәртіпте:

1)«Бөлім» атынан сенімхатсыз іс-қимылдар жасайды;

2)барлық кәсіпорындар мен ұйымдарда «Бөлімнің» мүдделерін қорғайды;

3)осы Ережеде белгіленген жағдайда және шекте мүлікке өкім етеді;

4)шарттар жасайды;

5)сенімхат береді, банктан есеп айырысу шоттарын ашады, қаржының тәртіптік сақталуы үшін жауапкершілікте болады;

6)«Бөлімнің» қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7)«Бөлім» қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерінің шегін белгілейді;

8)Құрылтайшымен келісім бойынша еңбек ақы қорының үнемделген қаржысын «Бөлімнің» қызметкерлерін ынталандыру үшін бөледі.

6. Бөлімінің іс-қимылдарын қаржыландыру тәртібі.
6.1.Бөлімнің қызметі тек аудандық бюджет есебінен іске асырылады.

6.2.Бөлім бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкес есеп береді.

6.3.Бөлімнің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру мен ревизия жасауды өкілетті орган заңдылықта белгілеген тәртіпте жүзеге асырады.
7. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапкершілігі.
7.1.Бөлім бастығы өз міндеттемелері бойынша оның қарамағындағы ақша қаражаттарына қолданыстағы заңдарға сәйкес жауап береді.

7.2.Мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдардың қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әрбір фактісі бойынша мекеме басшысы «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 Жарлығы негізінде жауаптылықта болады.


8. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.
8.1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыруды, тарату мен қысқартуды аудан Әкімдігі іске асырады.


Аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Мауадинов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет