Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2008 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі



Дата17.07.2016
өлшемі142.9 Kb.
#206081
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2008 жылы  атқарған жұмыстары туралы   есебі

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша есепті кезеңде  белгілі жұмыстар атқарды.


Күршім, Глубокое, Бесқарағай, Зырян аудандарында және Риддер, Өскемен қалалары әкімдіктері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінде және облыстың денсаулық сақтау және білім, ауылшаруашылығы, статистика, санитарлық-эпидемиологиялық, энергетика және тұрғын үй басқармаларында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша тексерулер жүргізілді.
2007 жылғы жұмыстардың қорытындысын шығару, мемлекеттік тіл саясатының одан әрі жетілдірудегі облыстың мемлекеттік органдарының міндеттерін анықтау, мемлекеттік және басқа тілдердің қолданылуы мен дамуын қамтамасыз ету, облыста саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтай отырып теңдестірілген тіл саясатын жүргізу мақсатында «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудағы 2007 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2008 жылға міндеттер» атты облыстық кеңес өткізілді.
Мемлекеттік органдарда  мемлекеттік тілді іс жүргізуге енгізетін және ілеспе аударма жүргізетін мамандар жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы «Карьер» біліктілікті көтеру және кадрларды қайта дайындау институтының негізінде 28 қаңтардан 9 ақпанға дейін Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандарының Курчатов және Риддер қалаларының 15 аудармашылары үшін  біліктілікті көтеру курсы ұйымдастырылды.
Облыс әкімі жанындағы  мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттыру және қайта дайындаудың өңірлік орталығы негізінде облыстық департаменттер мен басқармалардың 26 аудармашысы ілеспе аударма жүргізу бойынша курстан өтті.
5 наурыз күні Мемлекеттік тілді оқыту орталығының негізінде  «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы мемлекеттік тілді және іс қағаздарын қазақ тілінде ресімдеуді үйрету»  атты семинар-кеңес өткізілді.
11 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру тобының кезекті отырысы өткізілді. Онда Бородулиха ауданының әкімі Т.Т. Әбілмәжіновтің, Үржар ауданы әкімінің орынбасары  М.О. Ақажанованың, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары  С.Қашқынбаевтың  іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі хабарламалары тыңдалды. 
Наурыз айының 12-де «Үміт» балалар үйінің негізінде «Облыстың балалар үйлеріндегі мемлекеттік тілді дамыту мәселелері» атты облыстық семинар өткізілді. Бұл шараның өткізілуі  мемлекеттік тіл саясатының талаптары мен балаларды ерте жастан мемлекеттік тілге үйрету міндеттерінен туындады.
Ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық ономастикалық комиссияның отырысы өткізіліп елді мекендердің, физикалық-географиялық нысандардың атауларын атау және қайта атау  бойынша 17 мәселе қаралды. Шемонаиха ауданы ономастика комиссиясының төрайымы Л.Беляеваның «Шемонаиха ауданы әкімдігінің Қазақстан Республикасының ономастикалық жұмыстарының тұжырымдамасы негізінде аудандағы ономастикалық жұмыстарды жүйелендіру және үйлестіру жөніндегі жұмыстары туралы» хабарламасы тыңдалды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» туралы 18-бабының талаптарын орындау бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген мониторинг көрсеткендей облыстың электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік тілдегі хабарлардың көлемі  жалпы хабарлар көлемі  жиынтығының жартысынан көбін құрап, заң талабы сақталып отыр.
Сәуір айында «Тілі бірдің тілегі бір» айдарымен      Мемлекеттік    сыйлықтың    иегері,   Қазақстанның     еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаева шығармашылығының 40 жылдығына арналып, «Ұстаздың сөзі-ана тілдің көзі» тақырыбымен 9-11 сынып оқушыларының арасында шығарма конкурсы өткізілді. Конкурсқа облыс мектептерінен 70-тен үміткерлер қатысты.
Сәуір айында студенттер мен жастардың арасында мемлекеттік тілді үйренуді насихаттау және тіл білгендерді көтермелеу мақсатында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында мемлекеттік тілді білуден облыс әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі облыстық конкурс өткізілді, оған  Семей және Өскемен қалаларында іріктеу сайысынан өткен 5 команда қатысты. Бірінші орынды Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Жігіттер» командасы, екінші орынды С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ақ тамақ қарлығыштар», үшінші орынды Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Жігер» командасы иеленді.
Сәуір айының 22-де студенттер мен жастардың арасында  мемлекеттік тіл саясатының маңызды бір саласы «Мемлекеттік тілдің бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбымен телепікір сайыс өткізілді. Оған Семей және Өскемен қалаларының пікірсайыс клубтары қатысты. Пікірсайысқа қатысушылар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, мәртебесін көтеру жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.
Сәуір айының 15-де «Жексенбілік мектеп тыңдаушыларының мемлекеттік тілді меңгеруі: концептуалды жолдар және дидактикалық мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Отырыс барысында облыстағы жексенбілік мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу жайы талданып,  жақсарту жолдары белгіленді.
Наурыз айының 22-нен сәуір айының 22-не дейін елді мекендердегі  көрнекі ақпарат пен деректемелерді, маңдайша жазуларын, жарнамаларды  «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 21-бабының талаптарына сәйкестендіру мақсатында  облыс аумағында «Тілге құрмет-елге құрмет» айлығы өткізілді. Оның негізгі мақсаты-жұртшылықтың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлердің назарын көрнекі ақпарат пен деректемелерді тәртіпке келтіруге аудару болып табылды. Айлық барысында 200-ден астам рейдтер ұйымдастырылып, мемлекеттік тілде қате ресімделген 123 жарнамалар алынып тасталынды, 19 нысан иелеріне ескерту хаттары жіберілді.
16 мамыр күні жексенбілік мектептердің оқу жылын қорытындылаудың семинар-сабағы өткізіліп, жексенбілік мектептердің материалдық базасын нығайту мақсатында  ұйымдастыру техникалары сатып әперілді. Ана тілдері мен мемлекеттік тілді үйренуде жетістіктерге жеткен 19 оқушыға «Аюлы» демалыс үйінде 20 маусымнан 2 шілде аралығында демалуға басқарманың тегін жолдамасы табыс етілді. Демалыс кезінде қазақ халқының  салт-дәстүрлері мен мәдениеті, өнерімен танысу сабақтары жүргізілді.
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2 басымдығын жүзеге асыру мақсатында 16-18 мамыр күндері Славян жазбасы мен мәдениетінің күндері Славян қоғамдық бірлестігімен бірге дәстүрі «Беловодье» мерекесі шеңберінде өткізілді. Тілдерді дамыту басқармасы «Бастеньки» фольлорлдық ансамблінің альбомын 200 дана етіп шығарып, ұлттық-мәдени орталықтарға таратты. Сонымен қатар, облыста жазушы, жерлесіміз А. Ивановтың 80 жасқа толу мерейтойына байланысты әртүрлі шаралар өткізілді.
21-22 мамыр күндері  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен  Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Жаһандану сыны жағдайындағы Абай және Шәкәрім мұралары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Ресейден, Қытай және Монғолиядан және Қазақстанның  16 ғалымдары қатысып, өз ойларын ортаға салды. Секциялық отырыстарда 76 баяндама жасалып, конференция ұсынымдары тиісті органдарға жіберілді.
2007-2008 оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың оқу кабинеттерінің арасындағы «Қазақ тілінің үздік кабинеті» конкурсының қорытындысы шығарылды. Бірінші орынды Салық комитетінің, екінші орынды Қаржы басқармасының және үшінші орынды Статистика басқармасының кабинеттері иеленді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсын аяқтаған 124 тыңдаушыға оқыту орталығының сертификаттары табыс етілді.
Абай және Шәкәрім шығармашылығын басқа ұлт жастарының арасында насихаттау және кеңінен таныстыру мақсатында маусым айының 5-6-да ұлы ойшыл, философтар Абай мен Шәкәрімнің туып, өскен жері Абай ауданында 18-30 жас аралығындағы басқа ұлт өкілдері жастарының арасында «Мақсұтым-тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары өткізілді. Конкурсқа қатысушылар соңынан Жидебайдағы кешенмен танысып, Абай мұражайын қызықтады.
Ұлттық-мәдени орталықтарында мемлекеттік тілді үйренуге насихаттау мақсатында маусым айының 13-де ұлттық мәдени орталықтардың отбасылары арасында «Мемлекеттік тіл және отбасы» конкурсы өткізілді.
Журналистер күні қарсаңында баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің арасында мемлекеттік тіл мәселелері бойынша өзекті проблемаларды көтеріп, оларды шешуге ат салысқан журналистер мен баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы конкурс қорытындысы шығарылды.
Маусым айының 26-да Зырян қаласындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығының негізінде  «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Жолдауы аясында ересектерге мемлекеттік тілді жеделдете оқытудағы ақпараттық технологияның рөлі» тақырыбымен көшпелі семинар-кеңес өткізілді. Оған оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері мен мұғалімдері, аудан және қалалардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің  меңгерушілері қатысып, ой бөлісті.
Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының және Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті 3 отырыстары өткізіліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан жылдың әрбір айы сайын  облыстың аудандары мен қалалары әкімдіктері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің,  облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарының құжат айналымына мониторинг жүргізіліп отырылды. Ай сайын облыстың мемлекеттік органдарындағы құжат айналымына тұрақты мониторинг жүргізу және осы бағытта жұмыс жүргізу нәтижесінде облыстың аудандары мен қалаларындағы мемлекеттік органдарда шығыс құжаттарында 66,6 пайыздан 94,3 пайызға жетті. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармаларда бұл көрсеткіш шығыс құжаттарында 2007 жылғы 27,6 пайыздан 74,8 пайызға жетті. Ал республикалық бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармаларда 38,5 пайыз және 63,2  пайыз сәйкестікте болды. Облыс әкімі аппаратында кіріс құжаттарында 2007 жылы бұл көрсеткіш 21,7 пайыздан 2008 жылы 38,6 пайызға, шығыс құжаттарында 2007 жылғы 26 пайыздан 75,4 пайызға дейін жетті.
Шілде айының 22-де «Көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде ресімдеудің проблемалары және оны шешу жолдары» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырыс өткізілді. «Дөңгелек үстел» отырысына облыс орталығындағы және Семей қаласындағы жарнама агенттіктері мен көркемдеуіш орталықтардың өкілдері, аудан және қалалардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің меңгерушілері, қалалардың сәулет және қала құрлысы бөлімдерінің мамандары, облыстық прокуратура және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл отырыстың мақсаты көрнекі ақпарат құралдарын заң талабына сәйкестендіру және ресімдеу бойынша бірыңғай талаптарды мүлткісіз орындауға қол жеткізу болды.
«Дөңгелек үстел» барысында көрнекі ақпаратты ресімдеу мен орналастырудағы проблемалар және оны шешу жолдары талқыланды. «Дөңгелек үстел» соңынан «Мемлекеттік тілдегі ең үздік жарнама» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурс 4 номинация бойынша қортындыланды. «Мемлекеттік тілдегі ең үздік әлеуметтік және саяси жарнама» номинациясы бойынша Өскемен қаласының «Жаңа тау» жарнама агенттігі, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік коммерциялық жарнама» номинациясы бойынша Семей қаласының «Өмір» шаруа қожалығы, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік тележарнама» номинациясы бойынша «31 теларна» телеарнасы,  «Мемлекеттік тілдегі баспа бұқаралық ақпарат құралдарындағы ең үздік жарнама» номинациясы бойынша  «Бипек Авто» АҚ  жарнамалары үздік деп танылып, басқарманың дипломдары және  бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Тамыз айында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорын-дардың, мекемелердің аудармашылары арасында қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мақсатында «Жылдың үздік аудармашысы» облыстық конкурсы өткізілді. Оған барлығы 14 аудармашы қатысып, ресми және көркем мәтіндерге аударма жасады, жаңадан бекітілген терминдерді білетіндіктері тексерілді, ілеспе аударма жүргізді. Республикалық конкурсқа қатысқан облыс әкімі аппаратының бас маманы-аудармашысы Көккезова Ф. жүлделі 2-орынды иеленді.
Мемлекеттік орган қызметшілерінің арасындағы «Мемлекеттік тіл-менің тілім» облыстық конкурсында жеңімпаз атанған Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы күрес қызметінің бас инспекторы Антон Азикенов республикалық конкурста 1 орында иеленіп, Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетің дипломымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.
Тамыз айының 21-нен қыркүйек айының 21-не дейін облыс көлемінде «Тіл-достықтың кепілі» атты  Қазақстан халқы тілдерінің айлығы өткізілді. Айлық барысында тілге байланысты әртүрлі шаралар: конкурстар мен байқаулар, дөңгелек үстелдер және т.с.с өткізілді. Көрнекі ақпараттарды ретке келтіру бойынша рейдтер ұйымдастырылды. Айлық қорытындысы бойынша салтанатты жиналыстар өткізіліп, мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға белсене араласқандарға әртүрлі марапаттаулар жасалды. Бұл шаралар облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқармалардың басшыларының қатысуымен өткізілді.
Қыркүйек айында көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы дәстүрлі ХІ облыстық байқау өткізілді. Оған облыс аудандары мен қалаларынан  18 үміткер қатысып, Бас жүлдені үржарлық С.Шәкенов, бірінші орынды семейлік Ә.Әлекеева иеленді. Қыркүйек айының 18-19-да өткен республикалық байқауда Ә. Әлекеева бас жүлдені иеленіп, С. Шәкенов көтермелеу сыйлығымен марапатталды.
Көркемсөз оқу шеберлерінің О. Бөкей атындағы байқау ұлттық  мәдениет пен қазақ әдебиетінің бір туар өкілдеріне деген қызығушылықты арттырумен қатар, олардың шығармаларын білудің жоғары деңгейін де көрсетті, сол арқылы облыс жастарының шығармашылық әлеуетін айқындауға мүмкіндік береді.
Қыркүйек айында «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасының аясында «Тілдарын-2008» облыстық олимпиадасы өткізіліп, оған мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген жастар қатысты. Бас жүлдені М. Әуезов атындағы Семей педколледжінің 2 курс студенті Садықова Р. иеленіп, қараша айында өтетін республикалық олимпиадаға қатысып, көтермелеу сыйлығына ие болды.
Қыркүйек айының 19-да Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тілдер шеруі» фестивалі өткізілді. Фестивальға облыстың ұлттық-мәдени орталықтары мен жекелеген көпке танымал орындаушылар,  шығармашылық ұжымдар қатысты. Фестивальға қатысушылар әртүрлі ұлттар мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсете білді.  Қазақ, орыс, украин, татар және неміс  тілдерінде әндер орындалып, өлеңдер оқылды.  Облыстағы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға белсене араласқан мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдеріне, журналистерге, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметкерлеріне, ғалымдарға және журналистерге облыс әкімі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің Құрмет грамоталары табыс етілді. Аудан және қалалардағы «Тіл мерекесі» фестиваліне алғашқы рет облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  Тіл туралы» Заңының 21-бабының талаптарын орындау барысы тексеру- кестесіне сәйкес тексерілген қалалар мен аудандарда, облыстық басқармаларда, ұйымдарда және мекемелерде ШҚО  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының және қалалар мен аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тұрақты бақылауында. Үстіміздегі жылдың  қыркүйек –қазан айларында мәдениет және тілдерді дамыту және ішкі саясат бөлімдерінің, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің мамандары қатысумен көрнекі ақпараттардың заң таптарына сәйкестігін тексеру бойынша рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында шаруашылық етуші субъект иелеріне көрнекі ақпаратты ретке келтіру бойынша ұсынымдар жасалып, мәтінді аудару, орналастыру бойынша көмектер көрсетілді.
Ағымдағы жылдың қараша айында «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, студенттер мен жастарды ұйымдастыра отырып  «Тілбұзарға тосқауыл» атты акция өткізілді. Акция өткізу кезінде «Тілбұзарға тосқауыл»  деп жазылған  жеңіл бас киім киіп, көгілдір галстук таққан 60 акцияға қатысушылар облыс орталығында 96 шаруашалық етуші субъектілерде рейдтер жүргізді. Болған жерлерде көрнекі ақпаратты заң талаптарына сәйкес дұрыс ресімдеу мен орналастыру бойынша ақпаратық-ұсынымдық бет жасалып таратылды.
Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының және Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының кезекті 3 отырыстары өткізіліп, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. 23 қазанда өткен облыстық ономастика комиссиясының отырысында Семей қаласы ономастика комиссиясының ҚР мемлекеттік  ономастикалық жұмыс жөніндегі тұжырымдамасына сәйкестендірудегі жұмысы туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары, ономастика комиссиясының төрағасы Т. Мүсәпірбековтің  хабарламасы тыңдалды және 4 физикалық географиялық нысандардың атауларын өзгерту туралы шеешімдер қабылданды.  2008 жылы ономастика комиссиясының отырыстарында 5 мектеп, 2 теміржол стансасына атау беру, 14 елді мекенді, 4 ауылдық округті қайта атау туралы шешімдер қабылданды
Қыркүйек айының 17-де Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының негізінде Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастамасымен «Облыстың емдеу, аурудың алдын алу ұйымдарында мемлекеттік тілде іс жүргізудің жағдайы туралы»  кеңейтілген кеңес өткізілді. Оған қалалық және аудандық денсаулық сақтау бөлімдердің меңгерушілері мен аудармашылары және мемлекеттік тілде іс жүргізуші мамандары қатысты. Мемлекеттік тілде іс жүргізудің жағдайы талданып, кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді.
17 қазанда  «Қазақмырыш» АҚ негізінде облыс орталығындағы ірі өнеркәсіп орындары: «Титан-магний комбинаты» АҚ, «Ульбі металлургиялық зауыты» АҚ, Арматура  зауыты, Машина жасау зауыты, Бипек Авто АҚ, Азия Авто АҚ тағы да басқа өндіріс орындары басшыларының, мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыруға жауапты адамдардың, үйірме оқытушыларының және оқыту орталықтары директорларының, ғалымдар мен тіл мамандарының қатысуымен  «Мемлекеттік тілді оқытудың проблемалары және оны шешу жолдары» тақырыбымен семинар–кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте оқытудың инновациялық технологияларын пайдалана отырып, мемлекеттік тілді оқытуға қызметшілерді жаппай тарту қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар қазан айында жастар мен студенттердің арасында «Мемлекеттік тіл және патриотизм- Қазақстан халқы бірлігінің негізі» тақырыбында  «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. «Дөңгелек үстел» барысында жастардың мемлекеттік тілді оқып-үйренуге деген қызығушылықтарының зор екендігі,  мемлекеттік тіл де мемлекеттік нышанның біреуі болғандықтан әрбір Қазақстан азаматы білуге тиісті екендігін жастар шын ниеттерімен айтып, ой бөлісті. Отырыс негізінде облыс жастарына арнап  мемлекеттік тілді үйрену де патриотизм, Қазақстан халқын топтастырушы негізгі фактор екендігін баса айта отырып, үндеу қабылданды.
Қазан айының 29-да «Тіл мәдениеті және жастар» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Отырысқа студенттер мен жастардың өкілдері, ғалымдар, тіл мамандары, журналистер, ақсақалдар алқасының мүшелері қатысып, қазіргі кездегі тіл мәдениеті мен тіл тазалығы мәселелері талқыланып, термин  сөздерді дұрыс пайдалану  туралы келелі пікірлер айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша  ұсынымдар қабылданды.
2008 жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес ересектерге қазақ тілін жеделдете оқытудың мәселелері» тақырыбымен облыстық семинар –тренинг өткізілді. Оған қала және аудандардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің меңгерушілері, оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері, ғалымдар  шақырылды. Биылғы 2008-2009 оқу жылында  246 тыңдаушы облыстық басқармалардан, 1398 тыңдаушы қала және аудандарлың мемлекеттік органдарынан және 2435 тыңдаушы республикалық бюджетен қаржыландырылатын облыстық басқармалардан мемлекеттік тілді оқыту үйірмелеріне тартылды. Мемлекеттік органдардың қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытып-үйрететін үйірмелердегі оқытушылар арасында ағымдағы жылдың қазан айында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсы өткізілді. Риддер қаласының мемлекеттік тілді оқыту орталығынының оқытушысы Р. Қамшыбаева «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» облыстық конкурсының жеңімпазы атанып бас жүлдені жеңіп алып, басқарманың дипломымен және бағалы сыйлық (ноутбукпен) марапатталып, қараша айында өтетін республикалық конкурсқа қатысты.
Қараша айының 12-де Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында шешендік өнер шеберлерінің «Бас қаруым-баба тілі» атты  облыстық конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты  шешендік өнерді насихаттау, жастардың сөз мәдениетін арттыру, шешен сөйлей білу дағдысын қалыптастыру болды. Конкурсқа 13 үміткер қатысты. Конкурстың Бас жүлдесін семейлік Н.Өмірбаев, 1-орынды Семей қаласындағы «Қайнар» университетінің студенті Мағзам Гүлзипа, 2-орынды Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Досжан Қаймоллаев, 3-орынды Семей пединститутының студенті Шыңғыс Үмбетаев иеленді.
Қараша айының 20-да мектепке дейінгі мекемелерінің басқа ұлт өкілдері тәрбиеленушілерінің арасында 2-ші  рет «Қазақшаң қалай, балақай?» облыстық конкурсы өткізілді. Конкурс  биыл 27 басқа ұлт өкілдері тәрбиеленіп жүрген «Күншуақ» қазақ балабақшасында өткізілді.  Конкурс басқа ұлт өкілдерінің ата-аналары мен тәрбиеленушілерінің қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру және орыс тілінде тәрбиелейтін бала бақшалардағы мемлекеттік тілді оқытудың жайын зерделеу мақсатында өткізілді.  Конкурстың бас жүлдесін Өскемен қаласндағы №7 «Радуга» балабақшаның тәрбиеленушісі Скворцова А. жеңіп алды,  1-3 орын алғандар да дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болса, қалған қатысушылар көтермелеу сыйлығы мен грамоталарға ие болды.
Есепті кезеңде облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тіл саясатының проблемалары бойынша 249 материал жарық көрді, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында эфирге 14 материал шығып, 18 сюжет көрсетілді, 2 тікелей эфир ұйымдастырылды.
ШҚО Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы мен оны іске асырудың іс-шаралар жоспары   2006 жылдың 20 желтоқсанында облыстық мәслихат сессиясының №20/312-ІІІ шешімімен бекітілді. 2007 жылға облыстық бюджеттен 28 млн. 595 мың теңге қаражат бөлінді. Ал 2008 жылға  27 млн. 498 мың қаражат қарастырылды.  Ал облыстың аудандары мен қалаларында өңірлік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2008 жылы 46 млн. 710 мың теңге бөлінді, оның ішінде 30 млн. 766 мың теңге мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа да санаттарын  мемлекеттік тілге тегін оқыту үшін қарастырылып, толығымен игерілді.

 

 



Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет