Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі



бет1/3
Дата24.02.2016
өлшемі0.64 Mb.
#13988
  1   2   3
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі




Сіздердің жаңалықтарды білуге деген құмарлықтарыңызды қолдаймыз

және көмектесеміз!


Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі

Семей – 2015 ж.


Алғы сөз:
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығымен бірлесе отырып, 1999 жылдан бері «Семей аймағында аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегін» электрондық түрде дайындап, қазақ және орыс тілдерінде шығарады.

Әдебиеттерді насихаттауда және еліміздегі көрнекті оқиғаларды хабарлауда көрсеткіштің алатын орны ерекше. Мұнда туған өлкеміздің тарихы, экономика және мәдениет саласындағы маңызды оқиғалар туралы, мерейтойлары аталатын белгілі жерлес тұлғаларымыздың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар берілген.

Аталып отырған күндер тізбесі айы бойынша реттеліп, қысқаша анықтамалар мен әдебиеттері берілген даталар жұлдызшамен белгіленген.

Айы, күні белгісіз тұлғалар туралы анықтамалар мен әдебиеттері берілген даталар да енгізілді. Күнтізбе аталып өтілетін даталардың әріптік көрсеткішімен жабдықталған.

Құрал туралы пікірлер туындаса, төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:

071400


Абай көшесі, 86

Шығыс Қазақстан облыстық

Абай атындағы әмбебап кітапхана,

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

Телефон: 8(7222) 52 04 94

Факс: 8 (7222) 52 04 94

Веб-сайт: www. semeylib.kz

E-mail: semeybib@yandex.ru


071400


Абай көшесі, 84

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы

ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі,

Телефон: 8(7222) 52-06-07

E-mail: kgu-cdni@rambler.ru


Семей өңірінде 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі

*2 қаңтар «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Медеу Сәрсекенің туғанына 80 жыл (1936) (1936)


*5 қаңтар Жазушы, ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедханұлының туғанына

100 жыл (1916-2004)


7 қаңтар Семей қалалық теледидар және радиохабарлар комитетіне 50 жыл

(1966)
*8 қаңтар Еңбек ардагері, «Құрмет», «Парасат», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің

иегері Хафиз Матаевтың туғанына 85 жыл (1931)

*21 қаңтар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері,

әнші Роза Байдалинаның туғанына 80 жыл (1936- 2012)
*2 ақпан «Дариға-ай» жастар театрының құрылғанына 15 жыл (2001)
22 ақпан Семейде «Білім» қоғамының құрылғанына 65 жыл (1951)
9 наурыз Семейде мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамының

құрылғанына 45 жыл (1971)


14-15 наурыз Семей қаласында әйелдердің 1-губерниялық сьезінің ашылғанына

95 жыл (1921)


*17 наурыз Сазгер Бекен (Бекенғали) Жамақаевтың туғанына 85 жыл

(1931-1972)


25 наурыз Қалалық денсаулық сақтау бөліміне 90 жыл (1926)
1 сәуір Орталық кітапхананың құрылғанына 40 жыл (1976)

*30 сәуір Жазушы, журналист, ҚР Президентінің «Алтын барыс» белгісінің

иегері, Абай атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты,

Сұлтан Оразалиновтың туғанына 75 жыл (1941)


*1 мамыр Ақын, журналист, сазгер Арғынбек Ахметжановтың туғанына

80 жыл (1936)

*7 мамыр Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейінің

ашылғанына 45 жыл (1971)

7 мамыр ТВК-6 телеарнасының ашылғанына 25 жыл (1991)
*16 маусым Қазақстанның халық әртісі, дәстүрлі ән өнерінің ірі тұлғасы

Мәдениет Ешекеевтің туғанына 80 жыл (1936-1997)


20 шілде Жазушы А.Жүнісовтің туғанына 90 жыл (1926)

21 шілде Ақын Валерий Зубовтың туғанына 60 жыл (1956)

*29 шілде Өлкетанушы В.Н.Кашляктың туғанына 65 жыл (1951-2013)

*3 тамыз Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әртіс,

Әнші Дауыл Қайроллиннің туғанына 70 жыл (1946-2002)

*11 тамыз Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы- экономикалық колледжіне

85 жыл (1931)
11 тамыз «Еңлік-Кебек» кинотеатрының ашылғанына 25 жыл (1991

*15 тамыз Ғалым, жазушы, журналист, абайтанушы Тұрсын Жұртбайдың

65 жыл (1951)

26 тамыз Семейдің аяқ-киім фабрикасына 75 жыл (1941)

*29 тамыз Семей атом полигонының жабылғанына 25 жыл (1991)

*29 тамыз Семей ядролық полигонының құрбандарын есте сақтау үшін

«Өлімнен күштірек» монументінің ашылғанына 15 жыл (2001)

1 қыркүйек 19 қыркүйек Семейдің былғары-мех бірлестігіне 45 жыл (1970)

*26 қыркүйек Саяси жер аударылушы, зерттеуші, Абайдың досы Е.П. Михаэлистің

туғанына 175 жыл (1841-1913


*10 қазан Жазушы, журналист Ғазиз Сапаевтың туғанына 90 жыл (1926 - 2012)

*10 қазан Әнші, сазгер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген

мәдениет қызметкері Тұрсынғазы Рахимовтың

туғанына 65 жыл (1951)

*11 қазан «Құрмет белгісі» орденінің иегері, жазушы Роллан Сейсенбаевтың

туғанына 70 жыл (1946)

*15 қазан Қазақстанның халық артисі Тұратай Иісованың туғанына

85 жыл (1931-1994)

*22 қазан «Казполиграф» АҚ-ның құрылғанына 70 жыл (1946)

*5 қараша Халық жазушысы Тұрсынхан Әбдірахманованың туғанына 95 жыл

(1921-2003)


*11 қараша Саяси жер аударылушы, орыс жазушысы, Ш.Уәлихановтың досы

Ф.М.Достоевскийдің туғанына 195 жыл (1821-1881)

*20 қараша Қазақстанның Халық артисі, театр актері

Бекен Имахановтың туғанына 80 жыл (1936)


*27 қараша Жазушы Сәду Машақовтың туғанына 110 жыл (1906-1996)

*30 қараша Әнші, Мәдениет қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері

Мапруза Өтеуленованың туғанына 55 жыл (1961)
*7 желтоқсан Этнограф, шежіреші Молдабек Жанболатұлының туғанына 80 жыл (1936)

Айы, күні белгісіз анықтамалары мен әдебиеттер тізімі берілген күндер
*1626 Атақты би, кемеңгер ойшыл Әнет бабаның туғанына 390 жыл (1626-1723)
*1856 Ақын Әріп Тәңірбергеновтің туғанына 160 жыл (1856- 1924)
*1861 Ақын Ақылбай Абайұлының туғанына 155 жыл (1861-1904)

*1876 Ақын, аудармашы Тұрағұл Ибрагимовтың туғанына 140 жыл (1876-1934)

*1886 Журналист, қоғам қайраткері «Қазақ тілі газетінің бас редакторы

Мәннан Тұрғанбаевтың туғанына 130 жыл (1886-1937)


*1891 Ғалым-биолог Жұмахан Күдериннің туғанына 125 жыл (1891-1938)

*1901 «Қазақ тілі» газетінің редакторы

Шәймерден Омарұлы Тоқжігітовке

115 жыл (1901-1937)

Семей қаласындағы «Дарынды балаларға

1996 арналған облыстық мамандандырылған

балет мектебінің ұйымдастырылғанына

20 жыл (1996 жыл)


Аталып өтілетін күндерге

қысқаша анықтама және әдебиеттер тізімі


2 қаңтар «Құрмет» орденінің иегері, жазушы

Медеу Сәрсекенің туғанына 80 жыл (1936)

Жазушы Медеу Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында туған. Орта мектепті 1953 жылы бітіріп, Қазақтың Политехникалық инстиутына түсіп, білім алып шыққан соң журналистикаға келеді. «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастайды.

Кейіннен Семейге келіп, зауытқа инженер болып қызмет етеді. Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүреді. Әрине, басты қызметі әдебиет болды. «Ғажайпы сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады.

Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады.

Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.

2002 жылы академик Қ.Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сапаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан сутеткер еді.

Жазушы тағы да бір есімді оқырмандарына танытып отыр. Ол «Ғибратты ғұмыр» сериясымен «Ебіней Бекетов» атты күрделі еңбек еді. Мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, біртуар ғалым Ебіней Арыстанұлы Бекетовтің қиын да, қилы тағдыры, ғұмыр тарихы туралы сыр шертеді.

Әдебиеттер:

Сәрсеке, Медеу (жазушы). "Тендерге түскен әйел" - Талдықорған театрында // Семей таңы . - 2014. - 10 маусым. - Б. 2

Сейсенұлы, Дәулет. Томскіліктер алғысы [мәтін] / Д. Сейсенұлы // Семей таңы . - 2013. - 11 маусым. - Б. 2

Сәрсеке Медеу. "Семей таңы» газетінің атын жаңғыртушы // Семей таңы . - 2013. - 19 ақпан. - Б. 4

Сәрсеке М. Мәскеу «ЖЗЛ» сеиясы. 9-кітап // Егемен Қазақстан.-2010.-29 желтоқсан.-13 б.

Сәрсеке М. Қырық жыл өмірімді Сәтбаевқа арнағаныма титтей де өкінбеймін // Дидар.-2010.-27 наурыз.-5 б.

Сәрсеке М. Газетпен бірге есейдім // Семей таңы.-2009.-3 желтоқсан.-5 б.

Сәрсеке М. Тамыры тереңге жеткен: ғұлама ғалым, әйгілі әдебиетші, ақын, аудармашы, сыншы Ебіней Бекетов туралы // Семей таңы.-2005.-18 наурыз.

Сәрсеке М. Абай тойы.- Алматы: Атамұра, 1996.-288 б.

Сәрсеке М. «Ақылды адам арманмен егеспейді: «Бес тұғыр» жинағы туралы // Семей таңы.-2000.-1 қыркүйек.

Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе .- Алматы: Атамұра, 1999.-592 б.

Сәрсеке М. Тарақты және Қаракесек шежіресі.- Алматы: Атамұра, 1995.-272 б.

Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі.-2004.-22 қаңтар.-27 б.

М.Сәрсекенің «Сәтбаев» ғұмырнамасы Мәсеуден шықты // Дидар.-2003.-27 желтоқсан.-2 б.

Сәрсеке М. Сәтбаев әлемінің сыры // Семей таңы.-2002.-6 қыркүйек.-4 б.

***

Қаратаева, А. Деректі прзаның майталманы // Ана тілі. - 2013. - 14 - 20 наурыз. - Б. 7



Қасымжанұлы С. Медеу Сәрсеке - тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының мүшесі // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 26 шілде.- Б. 2

5 қаңтар Жазушы, ғалым, абайтанушы

Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедханұлының

туғанына 100 жыл (1916-2004)
Абайтанушы, ғалым, жазушы Қайым Мұхамедханұлы 1916 жылы 5 қаңтарда Заречная Слабодка деп аталған қазіргі Жаңасемей ауданында дүниеге келді.

Қайым Мұхамедханұлының ғылыми еңбегінің басты бағыты Ұлы Абайдың өлмес өшпес мол мұрасын зерттеумен байланысты. 1951 жылы қорғаған “Абайдың әдеби мектебі” кандидаттық диссертациясы, Абайдың ақындық айналасы, Абай шығармаларының текстологиясы жайында монографиялары әдебиеттану ғылымына қосылған маңызды туындылар. Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арнап Республикалық Абай қоры шығарған 4 томдық “Абайдың ақын шәкірттері” және “Абай мұрагерлері” жинақтары да абайтанудағы төтенше жаңа құбылысқа айналды.

Қайым аға ұлы Мұхтардың сынынан өткен бірегей шәкірті еді. Ұстаз ұстанған идеялық танымын қарсыластарынан қорғау жолында тізерлеп өлгенше, тік тұрып өлуді артық көрді. Осы ерлігі үшін 25 жылға халық жауы атанып, тамұқтың отына да түсті. Бәрібір әділет жолы жеңді.

Қайым Мұхамедханұлы – ақын. 1938 жылы Жамбылдың әдеби қызметінің 75 жылдығына арналған республикалық ақындар сайысында “Жамбыл” атты толғауы бас жүлдені жеңіп алды, ал 1945 жылы Қазақ ССР мемлекеттік гимнінің авторы болуы ақынның шыққан биігін әйгілейтін межесі, ірі табысы.

Ғалымның ғылыми мақалаларының ішінде «Бұхар жырау» (1982), «Махамбет шығармаларының текстологиясы» (1986), «Уәйіс Шондыбаев шығармаларының текстологиясы» (1988), «Ақын Шәкәрім» (1988), «Ахмет Байтұрсынов», «Мағжан Жұмабаев», «Жүсіпбек Аймауытов» т.б. атап өтуге болады.

Жазушы Қайым Мұхамедханұлының драмалық шығармалары бір төбе. Драматургтың “Перне” (1944), “Майданнан майданға (1947), “Комиссар Ғаббасов” (1960), “Ер Білісай” (1974) атты туындылары – қоғамдық ортадағы түрлі тартыстарды көрермен назарына қалтқысыз жеткізген сүбелі дүниелер. Олар әркез республикалық, облыстық театр сахналарында қойылып келеді.

Қайым Мұхамедханұлы - түпнұсқа иесінің ойын тереңінен танып, тебірене толғайтын шебер аудармашы: У.Гаджибековтың “Аршин мал алан”, Ш.Камалдың “Хажы әпенді үйленеді” пьесаларын , татар поэзиясының классигі Ғ.Тоқайдың өлеңдерін, сондай-ақ Н.Карамзиннің “Сормаңдай Лиза” хикаятын өлеңмен аударып, әдебиетіміздегі аударма жанрының дамуына үлкен үлес қосты.

Саналы өмірінің жартысынан астамын Семей педагогикалық институтында ұстаздық еңбекке арнаған Қайым ағаның бұл салада атқарған ісі де абыройлы, айрықша жемісті. Қайым аға 1938 – 1941 жылдары аталған институттың филология факультетінде оқып, үздік бағамен аяқтайды да, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына оқытушы болып қызмет істеуге хұқ алады. Қырық жылдан астам ақ ордамызда білім мен тәрбиенің дәнін егіп, адамгершілік нұрын төккен ұлы ұстаз қолынан қаншама ұрпақ сусындады.

Әдебиеттер:
Мұхамедханов Қ. Тарта көр Семейімнің топырағы: Өлеңдер, поэмалар, аудармалар, мақалалар, арнаулар.-Семей, 2010.-144 б.

Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында.-Алматы, 2010.-164 б.

Мұхамедханов Қ. Абай кітабын алғаш шығарған Ілияс Бораганский.-Алматы,2009.-64 б.

Алаш арыстарының соңғы тұяғы: Қ.Мұхамедхановқа 6 қыркүйек күні ескерткіш орнатылды // Семей таңы.-2010.-7 қазан.

Жоламанова П. Өшпес із қалдырған // Семей таңы.-2009.-17 маусым.-2 б.

Жұртбай Т. Ғылым тәуелсіз болмай мемлекет мұратқа жетпейді / Зекенұлы Қ. // Ертіс өңірі.-2010.-24 қараша.-10-11 б.

Қасымжанұлы С. Қайым туралы сөз // Жас қазақ.-2010.-5 ақпан.-8 б.

Мақанқызы К. Қайсар рухты қазаққа ескерткіш // Ертіс өңірі.-2010.-13 қазан.-8 б.

Нұрқасым Қ. Пилондар образы: (Ескерткіш туралы) // Ертіс өңірі.-2010.-22 желтоқсан.-12 б.

Сейсенұлы Д. Алаш арыстарының соңғы тұяғы // Егемен Қазақстан.-2009.-7 қараша.-6 б.

Смағұлова Е. «Адам боп жер астына кірдің де, тас мүсін боп шыға келдің»: (Ескерткішке арналады) // Семей таңы.-2010.-14 қазан.-1 б.

Чушекова Ж. Қазақтың қайсар ғалымы: (Ғалымның 95 жылдығына орай Алматыда өткен дөңгелек үстелден кейінгі жазылған мақала) // Семей таңы.-2010.-5 қаңтар.-3 б.



8 қаңтар «Құрмет», «Парасат», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, еңбек ардагері

Хафиз Матаевтың туғанына 85 жыл (1931)

Хафиз Матаевтың аты қашан да Абай ауданымен қатар аталады. Өйткені, 1969-1973 және 1978-1991 жылдар аралығында осы ауданды басқарып, тағдыр тауқыметінен тұралап қалған елдің еңсесін көтерген оның жанкешті еңбегін абайлықтар аңыз қылып айтатыны шындық.

Алғаш Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып келгенінде аудан орталығы Қарауылда және Қайнар, Саржал ауылдарында жаңа типті мектептер, Қарауылдағы 500 орындық Мәдениет үйі, 280 орындық балабақша, аурухана т.б. әлеуметтік маңызы бар құрылыстар сол жылдары салынып, Семей- Қарауыл асфальт жолы төселді. Атағы талай елге жеткен «Қаламқас» ән-би ансамблі де сол жылдары құрылады.

Х.Матаев әлі күнге тыным таппастан, ұлы Абай мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіруге үлкен үлес қосып отыр. 2000 жылы алғаш рет ұлы ойшылдың 155 жылдығына орайлас басталып, мектеп оқушылары арасында жыл сайын өткізіліп келе жатқан республикалық Абай оқуларының ұйымдастырушыларының бірі, қазылар алқасының төрағасы.

Хафиз Матаев басқарған жылдары Абай ауданы тоғыз рет Бүкілодақтық социалистік жарыс жеңімпазы атанып, Қызыл Тумен, дипломдармен марапатталды.

Тәуелсіз Қазақстанның, қазақ халқының тарихын жасайтын, өзіндік табиғи келбетін танытатын адамдар – ұлы Абайдың рухани мұрагері, көрнекті қоғам қайраткері , «Құрмет», «Парасат» , «Еңбек Қзылы Ту» ордендерінің иегері, Қазақстан халықтар Ассамблеясының мүшесі, абайтанушы, Абай ауданының, Семей қаласының «Құрметті азаматы» Хафиз Матаев сияқты халықтың адал перзенттері екендігі анық.


Әдебиеттер:
Баттал Р.М. Шыңғыстаудың шынары // Қазақ әдебиеті .- 2006 .- 13 қаңтар.- 11 б.

Екібаев Ж. Кемел тұлға // Дидар.- 2006.- 7 қаңтар.- Б.2

Матаев, Х. Қайталанбас биігі бар "Қаламқас": 40 жыл // Семей таңы . - 2012. - 13 қараша. - Б. 3

Матаев Х. "Адал еңбектің жемісін көру - нағыз бақыт" // Семей таңы . - 2011. - 5 қаңтар. - С. 4

Мәмет С. Абыройлы ақсақал // Егемен Қазақстан. - 2011. - 8 қаңтар. - С. 9 ; Дидар. - 2011. - 27 қаңтар. - С. 7


21 қаңтар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, әнші Роза Байдалинаның туғанына 80 жыл (1936- 2012)
Роза Олжайқызы 1936 жылы 21 қаңтарда Семей қаласында туған. Әнші Семейдің педагогика училищесін бітіріп, 18 жасынан бастап еңбек жолын ән шырқауға арнаған. Оның еңбек кітапшасында "1956 жылы Семейдің облыстық филармониясының әншісі" деген бір-ақ жазу бар, содан бері өзінің білімін, өнерін молайтумен шұғылданып келді.

1961 жылы саз колледжінің өн белімін бітіріп, сол жылы облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармониясына әнші болып өзінің еңбек жолын бастаған. Қызмет ете жүріп, Шымкент мәдениет институтында оқып білімін кетереді.

1969 жылы эстрада артистерінің республикалық конкурсында лауреат атағын алды. Осы уақытқа дейін 40 жыл бойы өз енерімен Қазақстанның мәдениетін кетеруде өзіндік үлесін қосып келді. Роза Олжайқызы қазақ тілі мен орыс тілін жетік білетін өнерпаз. Өзінің кеңіліне қонған музыкалық шығармаларды нота арқылы үйреніп репертуарына енгізіп, толықтырып отырды. Роза үзақ жылдар бойы лекторий тобын басқарып, алуан түрлі маңызды тақырыптарда лекция-концерттер өткізді. Ол тақырыптар: "Халық қазынасы", "Көне романстар туралы", "Отан өуендері", "Ешкімде үмтылмайды", "Музыка аспаптарының тарихы туралы", өнер қайраткерлерінің шығармашылығы туралы.

Әншінің репертуары кең және әр салалы. Роза әлемдік классик сазгерлердің, орыс және ТМД сазгерлерінің шығармаларын шебер меңгерумен бірге, қазақтың халық әндерін де келістіре орьшдайды. Мысалы, орыс классиктерінен Доргомыжскийдің, Рахманиновтың, Чайковскийдің, Римский-Корсаковтың романстарын орында-ды. Шетел композиторларынан Гриктің, Листтың, Аренскийдің, Сенсанстың т.б., қазақ композиторларынан С.Мүхамеджановтың, М.Төлебаевтың, Т.Базарбаевтың, Н.Тілендиевтің өндері мен роман-старын шырқады.

Өз өмірі жайлы Роза Олжайқызы былай дейді: "Менің өмірім әнмен басталды, әнмен өтетін болар. Ән салу, өнмен бірге сапарға шығу, әнмен егіліп, әнмен жүбану, внмен сауығу, әнмен шөлімді басу, тьщдаушымды табу - емірімнің мазмүны"- деп ағынан жары-лады. Бүкіл өмірін әнге арнаған әнші, еңбек ардагері республикамыздың түкпір-түкпірінде болды. Ауыл еңбекшілерінің алдында қүйқылжыта алуан тілде ән салып керермен ризашылығына бөленді.

Розаның ұзақ жылғы еңбегі бағаланып, ауыл еңбекшілеріне мәдени қызмет көрсетудің үздігі, тыңның 10 жылдық медалімен, Мәдениет министрлігінің грпамотасымен және мақтау грамоталарымен марапатталды.

"Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан"- деген ұлы Абай ақынның сөзін әрқашан жадында ұстаған дүниеге керекті бір кірпіш болып қаланған өнерпаздардың алдыңғы легіне жатады.

Әдебиеттер:


Ахметжанов А. Өмірін әнге арнаған // Семей таңы.-1991.-3 қазан.-4 б.

Қашағанов Е., Есболатова М. Сыр сандықты ашып қара.-Алматы:Санат, 1998.-288 6.

Наурызбаева Р. Еліне есеп берді: (ҚР-ның Мәдениет қайраткері Роза Байдалинаға 75 жас) // Ертіс өңірі.-2010.-6 қаңтар.-13 б.

2 ақпан «Дариға-ай» жастар театрының құрылғанына

15 жыл (2001)
«Дариға-ай» жастар театры – Семей қаласының әкімі Н.Омаровтың шешімімен 2001 жылдың 2 ақпанында құрылды. Өнер академиясынан келген бір топ мамандар Семей қалалық М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің «Театр өнері» бөлімін ашуы халықты елең еткізді. Профессор Дариға Тұранқұлованың бастауымен сол актерлік бөлімді бітірген түлектерінің күшімен құрылған өнерлі жастар театры халыққа кеңінен танылып, үлкен жетістіктерге жетісті.

Театр шығармашылығы жан-жақты. Онда шетел, қазақ классикалық шығармаларынан бастап, осы заманның өзекті тақырыптарын қамтитын юмор-сатиралық қойылымдарды сахнаға шығарды.

Театрда Д.Исабековтың «Әпке» пьесасы, М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты поэтикалық көрінісі, Желтоқсан оқиғасына байланысты «Ызғарлы желтоқсан» әдеби-сазды қойылымдары сахналанып, қаламыздың нағыз рухани мәдени ортасы екенін дәлелдеп берді.

Республикалық «Тазша бала» конкурстарының лауреаты, 2002 жылы Астанада өткен республикалық әзіл-сықақ конкурсының лауреаты атанды.

Бұл театрдың ерекшелігі – сөз және пластика, классика және юмор, сатира, ән-би жанры тоғысқан жан-жақты өнерлі жастар топтасқан ұжым. Олар әр түрлі бағдарламалармен Шығыс Қазақстан өңірінде, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және ауылдарда болып үлкен жетістіктерге жетісті.

Әдебиеттер:


Басшыбек, А. Семейдің "Жас жұбайлары" Өскеменге келіп кетті // Дидар. - 2011. - 5 қазан. - С. 5

Зүкенов М. Дариғаның мектебі // Семей таңы.-1999.-7 қаңтар.

Құдайбергенова, Г. "Дариға-ай" "Махаббат аралында" // Ертіс өңірі. - 2014. - 24 қыркүйек. - Б. 7

Мырзахан А. "Дариға -ай" жастар театры көрермендерімен қауышты // Семей таңы . - 2014. - 23 желтоқсан. - б. 2.

Наурызбаева Р. Еліне есеп берді: ҚР-ның Мәдениет қайраткері Роза Байдалинаға 75 жас / Р.Наурызбаева // Ертіс өңірі. - 2010.- 6 қаңтар. - Б.13.

Нұрқасым Қ. Әнші тағдыры - ұлт зиялылардың тағдыры // Театр.кz. - 2015. - №1. - Б. 54-56.

Нұрқасым, Қ. Спектакльден кейінгі ойлар // Ертіс өңірі. - 2013. - 18 желтоқсан. - Б. 10


17 наурыз Сазгер Бекен Жамақаевтың туғанына

85 жыл (1931-1972)

Қазақ өнерінде шоқтай жарқырап, жұлдыздай ағып түскен жерлес сазгеріміз Бекен (Бекенғали) Жұмабекұлы 1931 жылы Абай ауданының Саржал селосынан елу шақырымдай Жанан деген жерде дүниеге келген. Семей қаласындағы 16-шы мектептің жетінші класын бітірді. 1946-1948 жылдары Абай атындағы облыстық драма театрында артистік қызмет атқарды. 1948 жылы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжге түсіп, оны 1950 жылы барлық пәннен үздік бітіріп шықты. 1951-1952 жылдары облыстық радиокомитетте әдеби қызметкер, 1952-1957 жылға дейін цензор болып істеді. 1958-1960 жылға дейін радиокомитетте қызмет атқарды.

Болашақ сазгердің атағын шығарған акын Н.Шәкеновтің сөзіне жазған ән «Махаббат вальсі» болды. 1955 жылы 28 қазанда Қазақ радиосынан әнші Р.Бағланованың орындауында берілген ән осылай дүниеге келген болатын. Жазушы М.Әуезов осы әннің шығу тарихы туралы айтқанда, өзінің өкпе ауруына шалдығып сүйген қызына үйлене алмай жүргенін мұң етіп айтқан. Осыдан кейін жазушы оның сауығып кетуіне көмегін аямаған дейді көз көргендер.

Кейіннен сазгер халқына тағы бір тамаша өн сыйлады. «Ертіс вальсі» деген әнің де тұңғыш орындаушысы Роза Бағланова болды. Сазгердің шығармашылық өрлеу кезеңі елуінші - алпысыншы жылдар аралығы болды. Әндерінің басым көпшілігі вальс ырғағына жазылғаны мәлім. Соның ішінде «Сен ғана», «Гүлім қайда», «Мереке вальсі», «Қарағанды вальсі» және басқалары. Классикалық опералардың клавирларымен танысқан сазгер, ешқандай композиторлық білім алмай-ақ өзіндік іздену нәтижесінде өзіне тән қолтаңбасын жасау бақытына қол жеткізді.

1972 жылы қаңтар айында қырық бір жасында талантты сазгер дүниеден өтті.

Алматыда тұратын баласы Бақытжан әке мұрасын жинастырып түрлі-түсті «Махаббат вальсі» атты ән жинағын шығарды. Оған сазгердің 38 әні енгізілген. Алматы, Семей қалаларының көшелерінен бір көше сазгердің есімімен аталады.


Әдебиеттер:
Ауданбай М. Жүрегі тұнған ән еді... // Ертіс өңірі. - 2014. - 24 қыркүйек. - Б. 9

Әміренов М. Вальс каролі // Ертіс өңірі . - 2013. - 10 сәуір. - Б. 10

Әміренов М. Бекен Жамақаевты ұмытып кеткен жоқпыз ба? // Дидар. - 2013. - 15 ақпан. - Б. 22

Нұрбаев С. Әнмен махаббаты әлдилеген: сазгер Бекен Жамақаевтың туғанына 80 жыл // Семей таңы . - 2011. - 17 мамыр. - С. 2



30 сәуір ҚР Президентінің «Алтын барыс» белгісінің иегері,

Абай атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты,

жазушы, журналист Сұлтан Оразалиновтың туғанына


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет