ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары» пәні



Дата09.07.2016
өлшемі119.97 Kb.
#186965


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ




3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.100/01-2014


ПОӘК «Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары» пәні бойынша оқытушыға арналған бағдарлама

«11».09. 2014

№1 басылымы






ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары» пәні

6М06000- «Химия» мамандығына арналған


ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014


Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕНГЕН
ҚҰРАСТЫРУШЫ «_____»_____ 2014 ж. Б.Х. Мұсабаева, х.ғ.к.,

«Химия» кафедрасы меңгерушісі


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия» кафедрасы мәжілісінде «29» тамыз 2014 ж., № 1 хаттама


Кафедра меңгерушісі Б.Х. Мұсабаева
2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде

«05» қыркүйек 2014 ж., № 1 хаттама


Төрайымы С.С. Төлеубекова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданған және басып шығаруға ұсынылған

«11» қыркүйек 2014 ж., № 1 хаттама

ОӘК төрайымы Г.Қ. Искакова


4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН


Мазмұны



1

Қолданылу саласы

4

2

Нормативтік сілтемелер

4

3

Жалпы ережелер

4

4

Пән мазмұны

6

5

Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары

8

6

Оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыздандыру картасы

15

7

Әдебиеттер

16


1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы, 6М060600 – «Химия» мамандығы бойынша «Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары» пәнін оқитын магистранттардың оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіреді.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары» пәнінің оқытушыға арналған оқу бағдарламасы келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін белгілейді:

- Жоғары және жоғарыдан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, 23 тамыз 2012 жылғы № 1080 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген;


- 6М060600 – «Химия» мамандығының типтік оқу жоспары, 2013 жыл.


- СТУ 042-ГУ-4-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар» университет стандарты;

- ДП 042-1.01-2014 «Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы және мазмұны» құжаттандырылған процедурасы.



3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

Аналитикалық химия – химиялық ғылымдардың ішінде мамандықтың жалпы-кәсіби бағдарлама жүйесінде кәсіби пәндерге жататын химиялық ғылым. «Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары» пәнін оқытудың мақсаты - аналитикалық химияның теориялық негіздері, ерітінділердегі тепе-теңдіктер, аналитикалық химияның қазіргі жағдайы мен даму келешегі жайлы магистранттардың білімдерін тереңдету болып табылады.

Теориялық негіздеріне химиялық процесстер мен реакциялардың: қышқылдық-негіздік, комплекс түзу, ТТР, тұндыру кезіндегі тепе-теңдіктер жатады.

Курсты оқыту магистранттардың химиялық сапалық, химиялық сандық анализ, физика-химиялық анализ әдістері бойынша және бейорганикалық, органикалық химия бойынша алған білімдеріне негізделеді.

3.2 Курс мақсаты:

«Аналитикалық химияның таңдамалы тараулары» курсының мақсаты аналитикалық химияның теориялық негіздері жайлы магистранттардың білімін тереңдету, олардың байқалатын құбылыстар негізінде теориялық тұжырымдар жасау қабілетін жетілдіру болып табылады. Магистратура түлектерін ғылыми-зерттеу және өндірістік кәсіпорындарда, химиялық, мұнайхимиялық, экологиялық және басқа бейімдегі зертханаларда кәсіби қызметке дайындау мақсаты да бар.

Курсты өткен магистрант іргелі теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, міндет қоя білетін жіне оны шеше алатын білікті магистр болуы белгіленген.

3.3 Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер:

6М060600 – «Химия» мамандығы бойынша магистратура түлектеріне қойылатын біліктілік талаптарымен анықталған:

-пәннің теориялық негіздерін, жалпы химиялық, физикалық заңдылықтарды білу;

-химиялық тепе-теңдіктерді есептеу әдістерін меңгеру;

-химиялық тепе-теңдіктерді графиктік әдістермен сипаттауды үйрену.

3.4. Курсты оқыған магистрант мыналарды меңгеруі тиіс:


  • Аналитикалық химияның теориялық негіздерін, химиялық анализдің негізін құрайтын химиялық және физикалық заңдылықтарды білуі.

  • Химиялық тепе-теңдіктерді есептеудің негізгі әдістерін меңгеруі.

  • Химиялық тепе-теңдіктерді сипаттау үшін әр түрлі диаграммаларды құра білуі.

  • Анализ схемасын құра алуы, анализ әдісін таңдай алуы, әр түрлі сандық анализ әдістері мен анықтауларды кешенді түрде қолдануы.

  • Төлтума және мерзімді әдебиеттермен жұмыс істеуі.

  • Анализ әдісінің, анықтау әістемелерінің негізін қалайтын заңдылықтар мен химиялық процесстердің мәнін түсінуі.

  • Анализ әдісітерін қолданудың мүмкіндігі мен шектеулерін, қандай болмасын практикалық мәселені шешу туралы түсінігі болуы.

3.5. Курс пререквизиттері:

  • Аналитикалық.

  • Химиялық сандық анализ.

  • Физика-химиялық анализ әдістері.

3.6. Курс постреквизиттері:

  • Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмсы.

  • Кәсіби қызметі.

3.7.Оқу жоспарынан көшірме:

1 кесте


Курс

Семестр

Кредит саны

ДС

сағ


СПС

сағ


МӨЖ

сағ


Бар

лығы


сағ

Бақылау

түрі


1

2

3

15

30

90

135

емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

2 кесте

Тақырып және мазмұны


Сағат

саны


МИКРОМОДУЛЬ №1 ҚЫШҚЫЛДЫҚ-НЕГІЗДІК ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Дәрістік сабақтар




Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы.

Тепе-теңдік константасының түрлері: термодинамикалық, концентрациялық, шартты, аралас константалар. Олардың өзара байланысы және шамаларына әсер етуі факторлар.



1

Қышқылдар мен негіздер теориялары.

Аррениус, Льюис, Бренстед, Усанович теориялары. Осы теориялардың артықшылықтары мен кешіліктері. Қышқылдар мен негіздер жайлы классикалық және қазіргі түсініктерді салыстыру.



1

Бренстедтің сандық теориясы.

Бренстед теңдеуін қорытып шығару. Қос протолиттің тепе-теңдік константасы. Өздік қышқылдық, өздік негіздік константалары. Бренстед теңдеуінен шығатын салдарлар. Қышқылдың диссоциациялану константасының өздік қышқылдыққа, еріткіштің диэлектрлік өтімділігіне, қышқылдың зарядтылық түріне (катиондық және зарядсыз қышқылдыр) тәуелділігі.



1

Еріткіштің қышқыл мен негіз күшіне әсері.

Еріткіштерді қышқылдық-негіздік қасиеті бойыншажіктеу: протоны, апротонды еріткіштер. Протогенді, протофильді және амфипротонды еріткіштер. Еріткіштердің еріген қышқыл мен негіз күшіне нивелирлеуші және дифференцирлеуші әсері.



1

Сусыз ерітінділердің қышқылдығы.

Сусыз және аралас еріткіштердегі рН анықтау. Сусыз еріткіштердегі рН шкаласы. Сусыз еріткіштердегі рН стандарттау. Әр түрлі еріткіштерді рН салыстыру. Қышқылдықтың бірыңғай шкаласы. Қышқылдықты анықтаудың Гаммет әдісі. Зарядсыз және зарядталған қышқылдар үшін Гаммет функциясы. Гаммет әдісінің кемшіліктері.



1

Күшті қышқылдар ерітінділері.

Күшті қышқылдардың концентрлі ерітінділері үшін рН есептеу.

Орта күшті қышқылдар ерітінділері үшін рН есептеу, күшті қышқылдардың өте сұйытылған ерітінділері үшін рН есептеу.


1

Орта күшті қышқылдар ерітінділері.

Зарядсыз және зарядталған орта күшті қышқылдар үшін, орта күшті көр негізді қышқылдар үшін рН есептеу.



1

Амфолиттер ерітінділері үшін рН есептеу.

Амфолиттер, олардың түрлері. Амфолиттер ерітінділері үшін рН есептеу ерекшеліктері.



1

Практикалық сабақтар




Материалдық баланс және электронейтралдық теңдеулерін құрастыру.

2

Сусыз ерітінділердің рН есептеу.

2

Әлсіз қышқылдар мен негіздер ерітінділерінің рН есептеу.

2

Күшті қышқылдар ерітінділері үшін рН есептеу.

2

Орта күшті қышқылдар ерітінділері үшін рН есептеу

4

Амфолиттер ерітінділері үшін рН есептеу

4

Буферлі ерітінділер үшін рН есептеу

2

МИКРОМОДУЛЬ №2 ТЕПЕ-ТЕҢДІКТЕРДІ СИПАТТАУДЫҢ ГРАФИКТІК ӘДІСТЕРІ




Дәрістік сабақтар




Қышқылдық-негіздік жүйелерді сипаттау үшін қолданылатын графиктік әдістер.

Тепе-теідіктерді сипаттау үшін қолданылатын графиктік әдістер: таралу диаграммалары (ТД), концентрациялық-логарифмдік диаграммалар (КЛД). Қышқылдық-негіздік жүйелер үшін таралу диаграммалары. Бір және екі негізді әлсіз қышқылдар үшін таралу диаграммаларын есептеу және құру. Қышқылдық-негіздік жүйелерді сипаттау үшін концентрациялық - логарифмдік диаграммалар, оларды құру, олардың көрнектілігі.



2

Тотығу-тотықсыздану жүйелері үшін графиктік анализ тәсілдері.

Тотығу-тотықсыздану жүйелері үшін таралу диаграммалары, таралу диаграммаларын потенциалдың белгелі интервалында құру. Тотығу-тотықсыздану жүйелері үшін концентрациялық - логарифмдік диаграммалар, оларды құру, сипатты нүкте. Е –рН диаграммасы.



1

Комплекстүзу кезіндегі тепе-теңдік

Комплексті қосылыстардың түзілу функциясы. Комплексті қосылыстардың түзілу дәрежесі. Комплексті бөлшектің молекулалық үлесін есептеу. Комплексті қосылыстардың түзілу қисықтары. Комплексті қосылыстар үшін таралу диаграммалары.



2

Тұндыру процесстері. Тұнбалардың ерігіштігі.

Ерігіштік, өздік ерігіштік, ерігіштік көбейтіндісі. Иондық күштің, ортақ ионның, рН ерігіштікке әсері. Тұнбалардың ерігіштігіне комплекстүзудің, гидролиздің әсері.



2

Практикалық сабақтар




Қышқылдық-негіздік жүйелер үшін графиктік әдістер.

4

Тотығу-тотықсыздану жүйелері үшін графиктік әдістер.

4

Комплекстүзу реакциялары үшін графиктік әдістер.

4

Барлығы дәрістер

15

Барлығы практикалық сабақтар

15


5 МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
МӨЖ №1 тапсырмалары

1. Қышқылдық-негіздік титрлеудің индикаторлы қателіктері

2. Қышқылдық-негіздік титрлеу қисықтары

3. Қышқылдық-негіздік титрлеудің индикаторлары

МӨЖ №2 тапсырмалары

1. Күшті электролиттер теориясы

2. Буферлі ерітінділер, қасиеттері, қолданылуы

МӨЖ №3 тапсырмалары

1. Тотығу-тотықсыздану әдістерінің титрлеу қисықтары

2. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдістерінде қолданылатын индикаторлар

МӨЖ №4 тапсырмалары

1. Комплексометрияды қолданылатын органикалық реагенттер, олардың артықшылықтары.

2. Тұндыра титрлеуде титрлеудің соңғы нүктесін анықтаудың тәсілдері.
6 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ КАРТАСЫ

3 кесте


Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың атауы

Экземпляр саны

Студент саны

Қамтама

cыздандыру

пайызы


Аналитическая химия и физико- химические методы анализа. В 2-х т. Т.1: учебник / под ред. А.А.Ищенко.- М.: Академия, 2010.- 352 с.

5

1

100

Аналитическая химия и физико- химические методы анализа. В 2-х т. Т.2: учебник / под ред. А.А.Ищенко.- М.: Академия, 2010.- 412 с.

5

1

100

Аналитическая химия. В 2-х т. Т.1: [учеб. изд-е] / Г. Кристиан; пер. с англ. В.А.Гармаша, Н.В.Колычевой, Г.В.Прохоровой.- М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009.- 623 с.

10

1

100

Аналитическая химия. В 2-х т. Т.2: [учеб. изд-е] / Г. Кристиан; пер. с англ. В.А.Гармаша, Е.Э.Григорьевой, А.В.Ивановой и др.- М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009.- 504 с.

10

1

100



7 ӘДЕБИЕТТЕР
7.1 Негізгі әдебиет:

7.1.1 Аналитическая химия и физико- химические методы анализа. В 2-х т. Т.1: учебник / под ред. А.А.Ищенко.- М.: Академия, 2010.- 352 с.

7.1.2 Аналитическая химия и физико- химические методы анализа. В 2-х т. Т.2: учебник / под ред. А.А.Ищенко.- М.: Академия, 2010.- 412 с.

7.1.3 Аналитическая химия. В 2-х т. Т.1: [учеб. изд-е] / Г. Кристиан; пер. с англ. В.А.Гармаша, Н.В.Колычевой, Г.В.Прохоровой.- М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009.- 623 с.

7.1.4.Аналитическая химия. В 2-х т. Т.2: [учеб. изд-е] / Г. Кристиан; пер. с англ. В.А.Гармаша, Е.Э.Григорьевой, А.В.Ивановой и др.- М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2009.- 504 с.

7.1.5 Аналитическая химия. Аналитика. В 2-х книгах. Кн. 1. Общие теоретические основы. Качественный анализ: учебник / Ю.Я. Харитонов.- 3-е изд., стер.- М.: Высш. шк., 2005.- 615 с.

7.1.6 Аналитическая химия. Аналитика. В 2-х кн. Кн. 2. Количественный анализ. Физико-химические методы анализа: учебник / Ю.Я. Харитонов.- 3-е изд., испр.- М.: Высш. шк., 2005.- 559 с.

7.1.7 Аналитическая химия в 3-х томах. Т.1 Методы идентификации и определения веществ: учебник / А.А.Белюстин и др.; под ред.Л.Н.Москвина.- М.: Академия, 2008.- 576с.

7.1.8 Аналитическая химия в 3-х т. Т.2. Методы разделения веществ и гибридные методы анализа: учебник / И.Г.Зенкевич и др.; под. ред. Л.Н. Москвина.- М.: Академия, 2008.- 304с.

7.1.9 Аналитическая химия в 3-х т. Т.3 Химический анализ.: учебник / И.Г.Зенкевич и др. под ред. Л.Н.Москвина.- М.: Академия, 2010.- 368с.

7.1.10 Дорохова Е.Н., Прохорова Г.В. Задачи и вопросы по аналитической химии. – М.: «Мир». 2001 г.
7.2 Қосымша әдебиет:

7.2.1 Современные методы исследования: учеб. пособие / Д.А. Мырзакожа, А.А. Мирзаходжаев.- 2-е изд., доп.- Алматы, 2006.- 302 с.

7.2.2 Янсон Э., Путнинь Я. Теоретические основы аналитической химии. – М.: «Высшая школа», 1980г.

7.2.3 Батлер Дж.Н. Ионное равновесие. – Л.: «Химия». 1973г.

7.2.4 Измаилов М.И. Электрохимия растворов. – М.:Химия, 1984 г.

7.2.5 Петерс Д., Хайес Дж., Хифтье Г. Химическое равновесие и измерения. – М.: «Химия», 1978г.

7.2.6 Мейтис Л. Введение в курс химического равновесия и кинетики. – М.: «Мир», 1984

7.2.7 Генцеди Я. Применение комплексов в аналитической химии. – М.: «Мир», 1979.

7.2.8 Бек М., Надьпал И. Исследование комплексообразования новейшими методами. – М.: «Мир», 1989 г.

7.2.9 Бейтс Д. Определение рН. Теория и практика. – М.: «Мир». 1984 г.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет