Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Тіл және әдебиет институты
«Қазақ тілі мен әдебиет» кафедрасы
Есеп
Педагогикалық тәжірбие 2
Мамандық: «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Шифр: 6В01703
Студент: Ерсай Ұлпан Сағынтайқызы
Тәжірбие базасының сынып жетекшісі: Байкенова С.Ж.
Лауазымы: Қазақ тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі
М.Қозыбаев ат.СҚУ-дан тәжірбие жетекшісі: Белгибекова А.Б.
Петропавл қ., 2023 ж.
Кіріспе
Кез келген ЖОО-да практика ең маңызды кезеңдердің бірі болып саналады.
Практика әрқашан студенттердің жан-жақты теориялық білім курсын бекіту
ниетімен жүргізіледі. Осылайша, студенттер практиканың көмегімен педагог-
тық жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырып, педагог жұмыстарымен таны- сады.
Біз өмір сүріп жатқан әлемде қаншама мамандық түрлері бар. Ал сол маман- дық бастауының қайнар бұлағы, түп тамыры, әлбетте, ұстаздық. Жақсы ұстаз болу үшін көп тәжірбие жинап, ізденіс үстінде болу керек. Практика – бұл ке- лешек жоғары білікті маманның жоғары кәсіби білімі бойынша негізгі оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол жоғары оқу орнында
оқыту сапасын арттырып қана қоймай, келешек жоғары білімді білікті маманның жоғары кәсіби білімі бойынша негізгі оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Әртүрлі кәсіпорындардағы жетекші мамандардың басшылығымен алынған теориялық білімдердің беки түсуіне септігін тигізеді.
Жоғары білімді, білікті мамандарды даярлауда студенттік практиканың алатын орны ерекше. Ең маңызды бөлшектін бірі ретінде ол барлық мектеп-
терде, жеке ұйымдарда жүргізіледі. Практика университет қабырғасындағы студенттердің теориялық білімін көбейтуді көздейді және ЖОО-дағы оқу жоспары мен бағдарламаға байланысты нақты түрде бекітіліп, студенттердің кәсібі білімділік пен білімділікті қатар ұстаған маман етіп қалыптастырады.
Мен, Ерсай Ұлпан Сағынтайқызы, Қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 4-курс студенті 23.01.23 – 31.03.23 аралығында педагогикалық тәжірбиені «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ де өткіздім.
23.01.23 – 24.01.23 аралығында мектеп мекемесімен, мектептің ұйымдық құрылымымен, педагогикалық ұжымыммен және де мұғалімдердің міндеттерімен, мектептің қызметін реттейтін нормативтік және әдістемелік құжаттармен таныстым. Мектеп директоры Бакиров Ержанат Рымгалиевич мектепке экскурсия жүргізу барысында мектептің негізгі бағыттарымен таныстырып өтті. Оқу ісінің меңгерушісі Дариға Ерденқызы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктермен, мектептегі дамыту тұжырымдамасымен және де мектептің, сыныптың оқу-тәрбие жұмысының негізгі міндеттері жайлы қысқаша әңгіме жүргізді. Оқушылар контингентін, ұжымдағы тұлғааралық қатынастармен таныстырды. Таныстыру барысында, тәжірбие базасындағы сынып жетекшім ретінде Байкенова Сандуғаш Жанботаевнаны бекітті.
31 қаңтардан бастап 6 наурызға сынып жетекшіме психологиялық тәрбие беру мақсатында тәрбиелік іс-шараларды жүргіздім,
8.02.23 күні «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты тәрбие сағатын өткіздім. Тәрбие сағатымның мақсаты: құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттіліктерін оқушыларға түсіндіру.
14.02.23 күні 9«Б» сынып оқушыларынан социаметриялық сауалнама алдым. Сауалнаманы 15 оқушы толтырды. Сыныптағы ұлдар мен қыздардың бір-бірін түсініп, бірлесе жұмыс атқара алатыны, топ құрамын өзерткісі келмейтіндері анықталды. Оқушылар бір-бірін сыйлай алатындары аңғарылды.
13.03.23 күні 11-сынып оқуышыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткіздім.
13.03.23 – 20.03.23 аралығында тәжірбие жетекшіммен бірге тәжірбие қызметін талдадық. Жетекшім өткізген сабақтарым бойынша пікір айтып, баға қойды.
20.03.23-30.03.23 аралығында есеп жаздым. Есеп жазуда өткізген іс-шараларым бойынша уақытын қойып белгіледім.
Достарыңызбен бөлісу: |