Шілікті ауылдық округі бойынша 2010 жылдың 6 айынан 9 айына дейінгі мәдени атқарылған жұмыстар 1-Маусым Бүкілодақтық балалар күніне арналған «Бала бақыт-бала жыр»



Дата17.06.2016
өлшемі21.49 Kb.
#142389
Шілікті ауылдық округі

бойынша 2010 жылдың 6 айынан 9 айына дейінгі

мәдени атқарылған жұмыстар
1-Маусым Бүкілодақтық балалар күніне арналған «Бала бақыт-бала жыр» атты мерекелік концерт болып өтті. Бұл кешке мүмкіндігі шектеулі балалар да шақырылды, ата-аналарды әжелер алқасының төрайымы Шырғайбаева Зинура әжеміз құттықтап өтті. Бүлдіршіндерге ауыл әкімшілігінің атынан силықтар таратылды.

«Ақ халатты абзал жандар ортамызда» дәрігерлер күніне байланысты, аурухана ұжымы арнайы шақырылып, ауыл әкімі Б. Сепбаев құттықтап зейнеткерлікке шыққан К. Әділхановаға алғыс хат пен силықтар тапсырды. Соңы мәдениет үйінің қызметкерлерінің ән шашуына ұласып, бас дәрігер ризашылығын білдірді

«Ауылың сені тосады жаңа маман» атты оқу орнын бітіріп келген студенттермен кездесіп пікір алысты.Ән шашулар, құттықтаулар, әр-түрлі билерден жарыс, ойындар болып өтті.

«Ауылым әнім» атты студент жастардың ән шашулары болып, соңы би кешіне ұласты.

«Елімді қорғаймын» шекарашылар күніне байланысты Шілікті камендатурасы , Комсомол бекетіндегі әскери сарбаздарды құттықтап ән шашулар жолданды.

Тасбастау ауылындағы құрылысшыларды мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің орынбасары Р. Сансызбаев, ауыл әкімі Б. Сепбаевтар еңбектерін жоғары бағалады. Мәдениет қызметкерлерінің ән шашуына ұласты.

Облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы Тасбастау ауылына келіп, тұрғындармен кездесіп, 9-үйдің кілтін тапсырды, соңы әжелердің шашуына, мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты. Шілікті ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Алтын алқа» иелеріне «Алтын алқа» медальн табыстады. Соңы «Айнакөл» ансамблінің ән шашуына ұласты.

Конститутция күніне байланысты «Алтын заңым- ардағым» атты салтанатты жиналыс пен ән шашулар болып өтті.

«Шілікті киелі мекен » 80 жылдық мерейтой салтанатты түрде тойланды. Аудан, облыс, Алматыдан көптеген қонақтар келді. Туған жерге тағзым» атты акциясы бойынша спорт ойындары ұлдар қыздар арасында волейбол, қазақша күрес, аламан бәйге, айтыс өтті. Соңы би кешіне ұласты.

Жеңіпаздар ақшалай,заттай силықтар автокөлік ұтып алып шат шадыман көңілдеризашылығын білдірді. Бұл күні ауыл сыртында 6-кигіз үй тігіліп, ас берілді. Келген қонақтар жоғары деңгейде бағалап ризашылығын білдірді. Ауыл тұрғындары, мекемелер, ауыл әкімшілігі өте ынтымақты ұйымшылдықпен ұйымдастырды.

Қарттар күніне байланысты ауылдық әкімшілікте

«Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік дастархан жайылып, қариялар шақырылды. Мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт көрсеті.



Тасбастау ауылында салынған құрылыс үйлер толығымен аяқталып, облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшпекұлы ауыл тұрғындарын құттықтады.25 үйдің кілтін тапсырып, телевизор, тоназтқыз, сыиға тартты.Ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдірді. Бұл күні аудан әкімі С. Зайнулдин және басқада басшылар құттықтап, соңы «Айнакөл» ансамблінің концертіне ұласты.

Оралмандар күніне байланысты ауданда өткізілген мерекеге біздің әкімшілікке қарасты оралмандар қатысып қайтты. Халыққа рухани демалыс тамаша көңіл күй-силап келешектеде жоспарлы түрде жұмыстар ұйымдастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет