Шілікті аулдық округі бойынша 2012 жылдың I жарты жылдығында атқарылған жұмыстар



Дата24.02.2016
өлшемі78.32 Kb.
#16330
Шілікті аулдық округі бойынша 2012 жылдың I жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Ауылдық округке 5 елді мекен қарайды. 2513 тұрғынға 3 орта, 1 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, почта, телеком, электр желісі, дәрігерлік емхана, 4 фельдшерлік пункт, 9 дүкен, 4 наубайхана, 1 ЖҚС, 1 дәріхана,1 мұсылмандар мешіті қызмет көрсетуде.

2012 жылдың 6 айында ірі қара 13700 басқа, қой-ешкі 32300 басқа, жылқы 2620 басқа жетті. Жоспар ірі қара 102,1%, қой-ешкі 100,1 %, жылқы 103,1 % ке орындалды.

Мал басын өз төлі есебінен өсіру бойынша әр 100 сиырдан 85,0 бұзау, 90,0 қозы-лақ, 85,0 құлын алынды.

Мал өнімдерін өндіру бойынша 5987,0 ц ет, 36580 ц сүт, 490 ц жүн өндірілді. Жоспар ет (2010-11425 ц) 152,4 %, сүт (2010-49360 ц) 153,8 % ц, жүн (2010-445 ц) 111,7 орындалды.

Мал шаруашылығын өркендетуге Б. Тұрғынов, С.Пазылов, С. Чажаев, Ж.Алпиев,С.Сағатбеков,Б.Рахымжанова,Н.Ахатов,Б.Хамитов,А.Құлжабаев-тар зор үлес қосып келеді.Мал шаруашылығын өркендету үшін егін шаруашылығының мәні зор екені Сіздерге белгілі. Су тапшылығына байланысты егін егілмей отыр. Биылғы жылы 80 га картоп егілді. Бұл мәселе бойынша барлық шаруа қожалықтары басшыларымен әңгіме, жиналыстар өткізілді. Келешекте егін егу көлемін ұлғайтудың жолын қарастыру менің жұмысымның негізгі бағыттарының бірі болады. Бір сөзбен айтқанда бұл мәселе күн тәртібінен түспейді. Биылғы жылы Шағаноба өзеніне су тоспасын жасауға 6,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық құжаттары жасалуда.

Мал шаруашылығын өркендетуге , алынатын өнімді көбейтуге, сапасын арттыруға жер қатынастарын реттеудің мәні зор. Ауылдық округ бойынша 128090 га жер бар. Оның ішінде 125295(97,8 %) ауыл шаруашылығы жері. Оның ішінде 1954 ( 1,5%) суармалы егістік, 5223 (4,2 %) га суарылмайтын егістік, 8177 (6,5%) га шабындық, 109941 (87,7 %) га жайылымдық жерлер. Барлық жердің (708+2319) 3027 (42%), (8 +28 =36 адам) га егістігі, 2337 ( 28,6 %) га шабындығы, 39720 ( 36,1 %) га жайылымдығы шаруа қожалықтарының иелігінде. Пайдалану пайызы ( 3027+2337+39720=45084) 36,0 %

Округ бойынша 94 шаруа қожалығы жұмыс істейді.43 шаруа қожалығы қыстаулық жерлерде орналасқан. ( 45,7%).

Өткен жылы ауыл тұрғындары мал азығын дайындау науқанын ұйымшылдықпен өткізген болатын. Науқан барысында 7900 тонна табиғи шөп, 2200 тонна көп жылдық шөп, жиыны 10100 тонна , ірі мал азығы дайындалды, немесе (10200-9755) жоспар 104,6 пайызға артығымен орындалған. Мал азығының мол және сапалы дайындалуы қыстан қысылмай шығуға ықпал етті.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға байланысты мынадай жұмыстар атқарылды. 2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша 3 адам 5,5 млн. теңге несие алды. Алған несиеге екі адам мал асыраумен бір адам автокөлік жөндеу шеберханасын кеңейту бағытында жұмыс атқаратын болады. Шілікті ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ жасалуда. «Ауылды дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламасы» бойынша нақты жұмыстар атқарылуда.

Мал тұқымын асылдандыру мақсатында «Нұрдана» шаруа қожалығы үш бас (С.Пазылов), «Дархан» (Б.Қабылбаев) шаруа қожалығы екі бас «Қазақтың ақ бас сиырының» асыл тұқымды бұқасын әкеліп өсіре бастады.

Азық-түлік бағасын қалыпты жағдайда ұстауға байланысты сауда дүкендері мен наубайхана иелерімен үш рет кездесу –әңгіме өткізілді. Нәтижесінде нан бағасы 45 теңгеден сатылуда. «Защита Элеваторынан» бөлінген 15 тонна ұн алынды.

Ауыл тазалығын қалыпты жағдайда ұстау үнемі назарда. 2012 жылдың көктемінде жарияланған айлық барысында 8 рет сенбілік ұйымдастырылды. Тасбастау мектебі 600 түп, Шекарашы мектебі 500 түп, Шілікті мекетбі 500 түп, Комендатура 100 түп, Әкімшілік 400 түп жиыны 2100 түп көшет отырғызылды.



Ауыл шаруашылық малдарын жоспарлы егіп емдеуге байланысты 7293 (2001 ж.11257) бас ірі қара, 18992 (2011 ж.16340) бас қой-ешкі бруцеллез ауруына қарсы тексерілді. 14 (2011 ж.110) бас ірі қара 0,19 (2011 ж.1,00 пайыз), 14 (2011 ж. 10) бас қой-ешкі 0,07 (2011 ж.0,06 пайыз) оң таңба берді. Оң таңба берген барлық мал жойылды.Бір мал соятын орын салынды. Округте мал дәрігерлері жеткілікті. 5 мал дәрігерлері жұмыс істеиді.

Баспасөзге жазылу бойынша:




Басылымдар атауы

Тапсырма

Орын-далуы

%

1

Егемен Қазақстан

101

101

100

2

Дидар

112

112

100

3

Рудный Алтай

35

35

100

4

Каз Правда

12

12

100

5

Достық

420

420

100
















6

Даламен қала

21

21

110

7

Семей таңы

65

66

106

8

Ертіс өңірі

21

21

100

9

Айқын

21

21

100



















ЖИЫНЫ

808

809

100,1

















Салық жинау бойынша:



Салық түрі

2011 ж

6 айда


2012 ж

6 айда


%

Ескерту

1

Мүлік салығы

13679

27800

203,2




2

Жер салығы

77128

93631

121,4




3

Көлік салығы

327914

400511

122,1




4

Баж алымы

19678

44500

226,1







БАРЛЫҒЫ












Ауылдық округ әкімшілігіне 6 ай ішінде 120 құжат келіп түсті, 151 құжат шығарылды, 59 өкім, 5 шешім қабылданды, 19 өтініш түсті, барлық өтініштерге мерзімінде жауап берілді. (4 өтініш үй салу үшін жер сұраған, 6 өтініш жұмыс сұраған, 5 өтініш материалдық көмек сұраған, 4 өтініш әр түрлі мәселелер бойынша). 476 әр түрлі анықтамалар, 143 адамға жеке меншік малы туралы анықтамалар берілді. 112 нотариаттық іс тіркелді, бюджетке 23242 теңге қаржы түсті.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік қызметкерлері арасында тәртіп бұзғандар жоқ.

2012 жылғы көктемгі әскеге шақыруға 86 шақырылушының 27-і шақырылды. 34-і студенттер. 2 адам денсаулығына байланысты билет алды,23 бала ауылдан тыс жерде тұруы себепті медициналық байқауға барған жоқ, 5 бала әскер қатарына алынды.

Ауылдық октугте 32 отбасы оралмандар бар, 151 адам есепте тұрады. Туылған бала саны 18, қайтыс болған адам саны 16.Табиғи өсу 112,5 пайызға тең. Көшіп келгендер саны 23, көшіп кеткендер саны 50. Механикалық өсу - кеткен адамдар келген адамдардан 17 адамға артық.

Ауыл мәдениеті мен спортын дамыту бағытында жоспар бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Ауылдық округтегі мәдениет үйі бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Мәдениет үйі қызметкерлері ауданда өтетін барлық мәдени көпшілік шараларға белсенді түрде қатысады.

«Жаңа жыл», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Жеңіс күні», «Балалар қорғау күні», Конситутция күні мерекелері өз мәнінде аталып өтілді.

Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған «20-жарқын іс» бойынша 20 іс атқару жалғасуда. Олардың ішінен Тасбастау ауылынан саябақ ашу, Тасбастау, Шілікті мектептерінде ботаникалық бақтар ашу, 1992 жылы мекеп бітірген түлектер Жалши ауылындағы мектепке материалдық көмектер беруі, мәдени шаралар өткізуі, округтегі көп балалы аналарға 8-наурыз мерекесі қарсаңында марпаттаулар мен құттықтаулар ұйымдастыру, Жеңіс күні мерекесіне орай Еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, Шілікті ауылының орталық көшесіне құм тас төгіп тегістеу, төрт баннер орнату, мектептер алдына гүлзарлер жасау,мүсіндер орнату, балалар күні мерекесіне байланысты мүгедек балаларға сыйлықтар тарату жұмыстары орындалды. Барлығы осы шара бойынша 3415 мың теңгенің жұмысын атқару жоспарланып, жұмыс толығымен атқарылды.Бұның сыртында Өскемен қаласында тұратын жерлестеріміз Ж.Байырханов пен С.Тыштыбаевтардың ұйымдастыруымен және ауыл тұрғындарының көмегімен болейболдан облыстық «Алтын Адам» кубогі үшін жарыс ұйымдастырылды. Жеңмпаздарға ақшалай жүлде тігіліп , спортшылар екі күн ауыл тұрғындарының есебінен тамақтандырылды. Барлық жұмсалған қаржы көлемі 1250 мың теңгені құрады.Ауыл тазалығына мән беріліп, қоқыстар, аулалар тазаланды, үйлердің сырты әктелді, қоршаулары жөнделіп, жосаланды. Барлық мекемелердің қоршаулары сырланды. Әкімшілік кеңсесінің қоршауының сыртындағы бос жер қоршалып, ағаш отырғызылды.

Мекен – жай тіркелімі бойынша біршама жұмыстар атқарылды.Біздің округ бойынша 785 нысан туралы толық мәліметтер жоқ болатын. Бүгінгі күні әкімшілік аумағында 513 тұрғын үй бар екені анықталды. Иесіз, бұзылған немесе екі-үш рет тіркелген нысандарды есептен шығыру туралы ұсыныстар берілді.

Ауыл спортшылары аудандық спартакиадада ІІІ орын алды. Алдағы уақытта спорттың бұқаралығын арттыру бағытында жұмыс ұйымдастырылатын болады.



Ауылдық округке 2012 жылы ( 2011 жылы.11462,0 : 10633 – 2010 жылы) 12 572 мың теңге қаржы бөлінген, оның ішінде 6-айға 5 558 мың теңге қаралған, бөлінген қаржы толығымен игерілді.Оның ішінде көше жарықтандыруға 383 мың (6-айға 161 мың), автомобиль жолдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 300 мың (6-айға 200 мың), мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға 1679 мың теңге бөлініп 1600 мың теңгеге «Нива» автокөлігі, 79 мың теңгеге компьютер сатып алынды. Еңбек ақы, әлеуметтік аударымдар, салықтар, басқа мекемелерге тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін берешегіміз жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет