Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың i-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар



Дата14.07.2016
өлшемі54.61 Kb.
#198166
Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың I-жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
Қарабұлақ ауылдық округі аумағында жиыны 2417 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі егін және мал шаруашылығы. Округ бойынша 117 шаруа қожалығы жұмыс істейді және 9 кәсіпкерлік түрі бар.

2011-2012 жылдардағы егілген егін көлемі 1155 га болды. О.і






2012 жыл (га)

1

Бидай

330

2

Тары

190

3

Картоп

205

4

Бақша

-

8

Көкөніс

65

9

Көп жылдық шөп

290




Жиыны

1155

Ел басы саясатын басшылыққа ала отырып, шаруа қожалықтарын ірілендіру бағытында жұмыс істеліп жатыр. Мысалы: 2011 жылы ірілендіру бағытында 21 мүшесімен «Ынтымақ» шаруа қожалығы құрылды. «Ынтымақ» шаруа қожалығы егін, мал өсіруге мемлекет ұсынып отырған несиені алуға құжаттары өткізілген. Қарабұлақ диқаншыларының алдындағы міндет осы мүмкіншіліктерді толық пайдаланып егіс көлемін барынша ұлғайту жоспарлануда .


Мал шаруашылығы бойынша:

Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 2012 жылдың 2-жарты жылдығына қалдық мал саны:






Мал түрі

2012

1

Ірі қара

6728

2

Жылқы

1316

3

Қой-ешкі

10997

4

Түйе

29

5

Құс

4000

Осы орайда мемлекет тарапынан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, шаруашылығымызды, кәсіпкерлігімізді дамыту мақсатында 3 азаматымыз әр қайсысы 2,5 млн. несие алды.Ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылған.

Ауылымызға қазіргі уақытта 460 оралман ағайындар келіп қоныстанып еңбек етуде.
2011-2012 жылғы бюджет төлемдерінің 01.07.2012 орындалу барысы:



Салық түрі

%

1

Мүлік салығы

63

2

Жер салығы

65

3

Көлік құралдары салығы

70

4

Бір күндік талон

100


Кәсіпкерліктің даму деңгейі.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және бағаны тұрақтандыру мақсатында ауыл халқын нан және күнделікті сұраныстағы тауарлармен қамтамасыз етіп отыру үшін Қарабұлақ ауылдық округі бойынша 4 дүкен, 1 наубайхана мен және қосымша шаруа қожалықтарымен 35млн 456 мың тенгеге меморандум жасалып, ол толығымен орындалды.

2012 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша төмендегідей қайырымдылық түрлері көрсетілді.




Атаулары

2012

1

Заңды тұлғалар

62,456 мың

2

Жеке тұлғалар

740 мың


Білім саласы бойынша:



Абай мектебі

2011-2012 оқу жылы

1

Оқушы саны

393

2

Білім сапасы

52

3

ҰБТ қатысқан оқушы

24

4

Ортақ балл

54

5

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар

200

Абай атындағы орта мектепте бүгінгі күні 56 мұғалім жас жеткіншектерге жан-жақты білім беруде. Бала бақшада 50 бүлдіршін тәрбиеленуде.


Ауылдық дәрігерлік амбулатория:

Егу және профилактикалық тексеру жұмыстары ай сайын жоспарлы түрде жүргізіліп, есепте тұрған ауруларға мүмкіндігінше арзандатылған дәрі-дәрмек босатылды.



Халыққа мәдени қызмет көрсету

Мәдениет үйі мектептің жылу жүйесіне қосылған. Барлық мәдени шаралар мәдениет үйінде өткізіледі. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен ардагерлермен, ардақты аналармен кездесулер, мерекелік кештер, дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Биылғы жылы аудандық көркемөнерпаздар байқауында ІII-орынды иелендік.Мәдениет үйіне аудандық бюджеттен 5 млн қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Ауылдық кітапханада 507 оқырман бар.

Қарабұлақ ауылдық спорт және жастар ұйымы жоспарланған іс-шаралармен жұмыстар жүргізуде. Жыл колемінде волейбол, футбол, қол күресі, қазақша күрес, стол теннисі секциялары толық жұмыс істеп келеді.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында «Астана» күніне орай өткен аудандық жарыста ІІІ-орынды иеленді.

Спорттық шаралардың өткізілуіне мектебіміздің 20 жылдық түлектері, жеке кәсіпкерлер демеушілік жасап отырады.


Инфрақұрылымды дамыту:

Жергілікті бюджеттен 2322000 теңгеге Жетіген көшесіне және 380 мыңға Мұқашы ауылына жарық тартылды 958 мың теңге Республикалық бюджеттен Қарабұлақ ауылындағы Қысқа көшеге және 680 мың теңгеге ауыл бағына ағаштар отырғызылды.



Көріктендіру-көгалдандыру, тазалық жұмыстарының жағдайы

Елбасының «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауылымызда 2 бақ салынып оған 1800 түп көшет, ауыл бойынша осы жылы 3000 түп көшеттер отырғызылды, мектепте ботаникалық бақ және жылыжай бар.

Тазалық жұмыстарына емхана дәрігерлері, әкімшілік қызметкерлері, көше комитеттері және ауыл тұрғындары тартылған.

Байланыс қызметі бойынша

Қарабұлақ ауылында 297 нөмірлік телефон жүйесі жұмыс істейді



Әкімшілік аумағында құрылған қоғамдық ұйымдар

«Ақсақалдар алқасы», «Ардагерлер кеңесі», «Әйелдер кеңесі» тәртіп бұзушылармен тұрақты жұмыс істеп, жастар тәрбиесіне өлшеусіз үлестерін қосып келеді.


Қоғамдық тәртіп бойынша

Жарты жылдығындағы қылмыс саны -1,ашылғаны -1,құқық бұзушылық -5.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет