С. Шапағатов селолық оругінің әкімі 2014 жылда жасалған жұмыстары туралы есебі Аппарат құрамы



Дата22.02.2016
өлшемі77.7 Kb.
#942
С.Шапағатов селолық оругінің әкімі 2014 жылда

жасалған жұмыстары туралы есебі

1. Аппарат құрамы:

Сайын Шапағатов селолық округі әкімінің аппаратында қазіргі таңда 8 қызметкер, соның ішінде 2 мемлекеттік қызметкер, 6 адам техниқалық қызметкерлері. 2014 жылы желтоқсан айында аудан әкімінің қатысуымен жаңа әкімшілік ғимараты ашылып, қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетуге пайдалануға берілді. Ғимаратта ардагерлер үйі мен қатар маслихат депутатының қабылдауына арналған бөлімше орналасқан.



2. Әлеуметтік құрылым:

Ауылда 5 әлеуметтік нысандар орналасқан, 340 орындықты № 1 орта білім беретін мектеп- лицейі, 75 орындық № 1 жалпы білім беретін мектеп-лицейі жанындағы шағын орталығы, 140 балаға арналған «Айналайын» бала-бақшасы және дәрігерлік амбулатория жұмыс жасауда.

Ауыл бойынша 900 үй тіркеліп, тұрғындар саны 3450 адам. Ардерерлер саны 56 адам, 13-алтын алқа иегерлері, 11- күміс алқа иегерлері, сонымен қатар 6 тыл ардагері бар,

3. Мемлекеттік қызмет көрсету: Село әкімдігі 3 бағытта мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Балабақша кезегіне тіркеу қызметі бойынша – 168 өтініш түсіп, 168 бала кезекке қойылды. Қосалқы шаруашылығы болуы туралы анықтама беру қызметі бойынша – 6 өтініш , ветеринарлық анықтама беру қызметі бойынша – 11 өтініш түсіп, оның барлығы қанағаттандырылды.

Сондай-ақ, 2014 жылы әкім аппаратына барлығы 685 арыз келіп түсті, соның ішінде жер теліміне қатысты мәселесімен – 563 арыз, әлеуметтік материалдық көмек жөнінде – 13 арыз, қалғандары тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы және т.б. мәселелер жөнінде. Осы арыздардың қанағатандырылғаны – 389 арыз.Қалғаны түсіндірілді.



4. Білім беру саласы:

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

Сайын Шапағатов селолық округке қарасты №1 мектеп-лицейі, мектепте 83 мұғалім жұмыс жасайды, оның жоғары білімдісі – 66, арнаулы орта білімдісі- 17. Жоғары санатты мұғалім – 15, бірінші санатты мұғалім – 20, екінші санатты мұғалім – 22, санатсыз мұғалім – 26.



Оқушылар саны:

1 – 11-сыныптар аралығында 886 оқушы бар, мектеп алды даярлық сыныптарында 124 оқушы, арнаулы сыныпта 4 оқушы бар. Мектеп бойынша барлығы – 1014 оқушы екі ауысымда оқып білім алады. І жартыжылдық бойынша 89 оқушы оқу үздігі, 230 оқушы оқу екпіндісі, 10 оқушы үлгермеуші оқушы, сапа – 36%, үлгерім – 99%-ды құрады.


Материалдық-техникалық базасы:

Мектеп- лицейінің материалдық- техникалық базасын нығайту және мекемені ұстау бағытында 2014 жылға барлығы 260 913,0 мың теңге қаражат қарастырылды. Сондай-ақ материалдық базасын нығайту мақсатында 2 300,0мың теңгеге география кабинеті, интерактивтік тақталар, спорт тауарлары, музакалық кабинет жабдықтарымен толықтырылды. 2014 жылы 8593,64 мың теңгеге 1-ші сыныптың 133 оқушысы, ал 5259,85 мың теңгеге 64 аз қамтылған отбасы балалары ыстық  тамақпен қамтылды.


Оқушылар тасымалы:

Мектепке қашық жерлердегі қоныстанған және теңіз жағалауында орналасқан отбасылардан барлығы 297 оқушы тасымалданып отыр. І ауысымда – 129 оқушы, ІІ ауысымда 168 оқушы үш автобуспен тасымалданады.

Бұл автобустардың да келу, кері қайту кестесі мектептің сабақ кестесіне сәйкес жасақталып, жергілікті әкімшілік тарапынан бекітілген. Тасымалдауды «Үштұра» ЖШС-ігі 19 968 мың теңге қаражатқа келісім шартқа отырып, уақытылы ұйымдастырып отыр.

«Мектепке жол» акциясы бойынша:

«Мектепке жол» акциясы аясында 17 аз қамтылған отбасы балаларына 15000 теңге көлемінде киім-кешекпен, оқу құралдары алынып берілсе, « НКОК» компаниясының демеушілігімен аз қамтылған 3-отбасы балаларына және 1-сыныпқа келген 23 оқушыға мектеп құралдарымен қамтамасыз етті. Жергілікті бюджеттен 1 351,0 мың теңге қаражатқа 1-сыныпқа келген 193 оқушыға 7000 теңге көлеміндегі мектеп формасы таратылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша білім саласының 4 қызметкерлеріне көмектер көрсетілді, оның 3 –і 70 есе айлық есептік көрсеткіш көлдемінде бір жолғы көтерме жәрдемақымен қамтылса, 1 маман 1500 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде «тұрғын үй сатып алу несиесін» алды.

ҰБТ бойынша:

2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша орта ұпай 95,2 болып, аудан мектептері бойынша бірінші орында болса, облыс бойынша ең үздік 5 мектептің қатарына енді. Қарамұрзаева Айгерім, Қазбөлек Айгерім, Өтеген Аяулым атты мектеп бітіруші түлектер өз білімдерін дәлелдеп, «Алтын белгіге» ие болды. Сондай-ақ, 2012-2013 оқу жылында мектептің ҰБТ –дегі орта ұпайы 85,8 болса, биылғы оқу жылында 9,4 ұпайға жоғарлады.


Ауылымызда №1 мектеп лицейі жанындағы шағын орталықта 75 бала және Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 2012 жылдың желтоқсан айында ашылған «Айналайын» балабақшасында 3 пен 6 жас аралығындағы 140 бала тәрбиеленуде. Балабақшада 57 қызметкер жұмыс жасайды.

Сайын Шапағатов селолық округ бойынша балабақша кезегінде 174 бала тіркеліп, кезекте тұр, оның ішінде 3-6 жастағы бала саны 34 бала, 3-6 жас аралығында балабақшамен қамтылған бала саны-189, жалпы қамтылу пайызы 73.


5. Денсаулық саласы:

Қазіргі таңда ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 12 қызметкер жұмыс жасауда. Соның ішінде дәрігер – 3 маман, медбике – 6 маман, акушер – 1 маман, тех. қызметкер – 1 маман және жүргізуші – 1 маман.

Амбулатория ғимаратын ағымдағы жөндеу үшін «Өңірлер дамыту бағдарламасы» арқылы жоба қаралып, қазіргі таңда 4 321  000 теңге бөлініп, ағымдағы жылы қайта жөндеуден өтетін болады.

6. Әлеуметтік сала:
С. Шапағатов селолық округі бойынша әртүрлі жағдайларына байланысты, 140-адам зейнетақы, жәрдемақыларын алып отыр.

Бала жастағы 15 мүгедек балалар бар. Осы жылы атаулы әлеуметтік көмекке және балалар жәрдемақысына 2 отбасы өтініш білдірді. Бір жолғы материалдық көмекке 9 отбасы өтініш білдіріп, қанағаттандырылды.

2014 жылдың 1-ші жарты жылдығында жұмыссыздыққа 13 адам тіркелген. Соның ішінде 9 адам жұмыспен қамтылды. 2-ші жарты жылдығымызда 24 адам тіркеліп, соның ішінде 13 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Бозащы Оператинг ЛТД» компаниясы мекемесі арқылы -10 адам, ақылы қоғамдық жұмыс арқылы -3 адам, жұмысқа орналастырылды. Село көлемінде ашылған наубайханаға 2-адам жұмыссыздықтан алынды.

Сонымен қатар мереке күндері (Жаңа-Жыл, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ұлыстың ұлы күні» 14- 22 наурыз және 7-9 мамыр мерекесі) қарсаңында демеушілердің көмегімен 17 мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар берілді және 14 аз қамтылған отбасыларына мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне сыйлықтар таратылды. 9 мамыр мерекесіне орай Тыл ардагерлерімен ауыл ақсақалдарына түскі ас ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. 1- маусым балаларды қорғау күніне орай, аз қамтылған 12 көп балалы отбасыларға азық-түлікпен көмектер көрсетілді.

7. Жер қатынастары:

2014 жылы селолық әкімінің атына жер мәселелері бойынша 563 арыз, өтініш тіркелді. Соның ішінде кәсіпкерлік саласына қатысты – 292 арыз, жалға берілген тұрғын-үй құрылысын салу үшін жер телімдері мәселесі бойынша – 271 арыз тіркелді. Өздеріңізге белгілі жер беру мәселесі бойынша арыздар тіркелгенмен, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгенше тоқтатылуда, соған орай арыздарды қанағаттандыру мүмкіндігі болмай отыр. Сондай-ақ, тұрғын-үй кезегінде – 8734 адам 2006 жылдан бастап тіркелген. 2014 жылы ауыл әкімімен 63 шешім шығарылды.



8. Кәсіпкерлік саласы:

С.Шапағатов селолық округінде 41 жеке кәсіпкер тіркелген. 21 кәсіпкерлік нысандар сауда саттық, қызмет көрсету салалары, өндірістік салалары бойынша нысандар орналасқан. 2 (екі ) құрылыс материалдары дүкені, «Ана» және «Науалы» шағын маркеттері және 1( бір) газ құю бекеті жұмыс жасап тұр.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 7 адам оқып, білімі туралы сертификат алды. Қазір оқыған бағдарламалары бойынша, кәсіпкерлігін жалғастырып жұмыс жасауда. Қазіргі таңда С.Шапағатов селолық округінде 3(үш) наубайхана жұмыс жасап, халықты өз өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр және 10 жұмыссыз ауыл адамдарын жұмыспен қамтып отыр. Ауылымызда жаңадан 300- орындық мейрамхана бой көтеруде. 2014-жылы жалпы кәсіпкерлік сала бойынша 24 жер телімі берілді.

9. Мәдениет саласы, ішкі саясат жұмыстары :

Сайын Шапағатов селолық округінде селолық кітапхана жұмыс жасайды және ондағы кітап қоры 11768 мың дана. Кітапханада 1 қызметкер жұмыс жасайды.



10. Спорт саласы: Сайын Шапағов селолық округі аймағында 11-29 жас аралығындағы 36 жастардан құрылған «Қараманды» футбол командасы және 12 ардагерлерден құрылған «Тельман» футбол командалары аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Команда жетекшісі Әменов Қуанғалидың бұл командалардың жетістіктеріне қосқан үлесі зор. Бұл командалар «Түпқараған ауданы әкімі », «Қарақия ауданы әкімі » атынан өткізген жарыстардан әкім кубоктарының жеңімпаздары.Ауыл жастары мектеп спортзалында кешкі мезгілде айналысады.

11. Коммуналдық сала:

Село халыққа қажетті негізгі энергоресурстармен, соның ішінде электр энергиясымен, газбен толықтай IV кварталға дейін қамтамасыз етілген. Бұл бағытта «Комунналдық қызмет» МКК мекемесі, «МРЭК» АҚ-ғы мен «Қазтрансгазаймақ» мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. IV-кварталдағы 1143 учаскеге тоқ тартуға байланысты құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда жаңа линияға қосу жұмыстары жүргізілуде. IV-кварталдағы осы учаскелерді газбен қамтамасыз етуге байланысты, ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, қаржыландыру мәселелері қаралуда. V-VI кварталдарына тоқ және газ тарту мақсатында ЖСҚ-н «Мұнайгазпроект» ЖШС-гі жасақтауда. Ауыз су Ақтау-Аэропорт су құбырына жалғану арқылы селолық округ орталындағы резервуарға жинақталып, «Коммуналдық қызмет» МКК-нің су таситын көліктері арқылы тұрғындарға тасымалданып беріледі.



Санитарлық тазалық бойынша. Селода тазалық мәселесі ұдайы қадағаланып, әрбір көше, асфальт жол бойына белгіленген тұрақты адамдар өз учаскелері бойынша тазалық жұмыстарын атқарып келеді. Тазалықпен айналысатын «Ұшқын Ақтау» ЖШС арқылы жүзеге асырылады. Бәсекелестік орталығынан ауыл тұрғындары мен осы аталған мекемемен келісім шарт негізінде жеке тұрғындардың қоқыстары уақытылы шығарылуда. «Бозащы» мекемесі арқылы жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту аясында 10 жұмыссыз ауыл тұрғыны ауылішілік тазалықпен айналысады.

Көгалдандыру бойынша Ауылішінде орналасқан 0,3 га көлеміндегі паркте 340 түп тал егіліп, ЖШС «Ұшқын Ақтау» арқылы үнемі бақылауда болып, уақытылы суарылып отырылды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандар айналасына және теңіз жағалауларына 150 тал егілсе, 50 тал кәсіпкерлік нысандар айналасына егу үшін тегін таратылды.
12. Ауыл шаруашылығы саласы:

Ірі қара – 123 бас, жылқы – 567 бас, қой – ешкі – 2382 бас, түйе – 124 бас, 116 әр түрлі құс түрі тіркелген. Мал басын бірегейлендіру жұмыстары 100 пайызға орындалды.

Каспий» Әлуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-сығы арқылы 2014 жылдың тамыз – желтоқсан айлары арасында 12 тонна кебек жем алынып, халыққа қол жетімді бағамен таратылып берілді. Жеке кәсіпкерлер ауыл тұрғындарын қол жетімді бағада жем-шөппен қамтыды.

Пошта саласы бойынша газет журналдар уақытында келіп, зейнетақылар, төлемдер мезгілінде таратылады. Барлық төлем түрлерін төлеу Казпочта бөлімшесі арқылы жүзеге асырылып келеді. 30 – ардагерлер және «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері демеушілік арқылы газет – журналға тегін жаздырылды.

Байланыс жүйесі бойынша Село байланысы цифрлі эфирлік байланысқа көшірілді. «Қазақтелеком» мекемесі арқылы интернетке қосылу мәселесі шешілді.. Жеке үйлер, бюджеттік мекемелер, кәсіпкерлер интернетпен толық жұмыс жасауға толық мүмкіндік алды. Селода ұялы байланыстың барлық түрі қосылған және үздіксіз жұмыс жасауда.

13. Қоғамдық тәртіп:

Селолық окрукте учаскелік полиция бөлімшешінде 3 қызметкер, олар : учаскелік полиция инпекторы полиция капитаны Есбай Рысбек, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтинанты Валиев Ильяс және Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция лейтинанты Койшанов Амир бекітілген болатын.

2014 жылдың іінде С.Шапағатов селолық округі бойынша 16 тіркеліп және 15 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Осы уақыт ішінде азаматтардан 42 арыз тіркелді. Атап айтқанда 16 қылмыстың 9 қылмысы ұрлық оның 5 қылмысы ашылған, 2 тонау қылмысы, 4 бұзақылық, 1 (бір) 103 бабы бойынша қылмыстары ашылған. Барлғы 16 қылмыстың 12 қылмысы ашылып тұр. 176 әкімшілік хаттамалар толтырылып айыппұлдар салынған.

Ауыл бойынша құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейттік шаралар өткізілуде.


С.Шапағатов селолық оругінің әкімі Ж. Агжанов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет