Шымкент қаласы №55 жалпы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Орманова Салтанат Калмахамедовна



Дата19.06.2016
өлшемі70.88 Kb.
#147811
Шымкент қаласы

55 жалпы орта мектеп



бастауыш сынып мұғалімі

Орманова Салтанат Калмахамедовна
Пән: дүниетану

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ. Тұқым және жеміс.
Сабақтың мақсаты:
1. Жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы, оның атқаратын қызметі туралы кеңірек түсінік беру, жалпы өсімдіктің адам өміріндегі пайдасы туралы әңгімелеу , өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру.
2. Дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру

 Мұғалім:  Бүгінгі біздің дүниетану сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар? (көңілді өтсін, жақсы бағалар алайық, сәтті болсын, әдепті болайық)

-         Олай болса , сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Бір-бірлерімізді тыңдап отыруымыз керек.

-         Біз осы сабақта сөзжұмбақты да шешеміз, ребусты да шешеміз, ойнаймыз. Сондықтан бүгін біздің сабағымыз өте қызықты болады.



Сабақтың ұраны:

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық».



ІІ.Психологиялық дайындық .

«Күлімде , күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз.

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық .

- Алға қадам жасау үшін біз өткен тапсырманы еске түсірейік.

- Қазір жылдын қай айы?

- Ол жылдың қай мезгіліне жатады?

- Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?

- Суреттегі өсімдіктердің қайсысы тік, қайсысы иілгіш сабақ екенін ажыратып, аттарын ата



- Бақбақтың сабағы қандай?

- Сабақтың бойында өсімдіктің қандай мүшелері орналасқанын ата

- Сабақтың атқаратын қызметі?

- биік, жуан сабаққа мысал келтір.



Мұғалім: Өлеңді оқып бұл қай кезде болатынын табыңдар.

- Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз –

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

(Оқушылар күз деп жауап береді).

Олай болса, сөзжұмбақты шешейік


•         Аспанда түнде болады

•         Ағашта өсетін жеміс

•         Оқушылар отыратын үстел

•         Қазақтың тұңғыш педагогы

•         Өзімен кесуге ле болады, кейде жәндік де болады

•         Қыста не жауады?

•         Сиырдың сүтінен жасалатын тағам



Жаңа сабақ.
Жапырақ – өсімдіктің маңызды мүшесі. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді.

көмірқышқыл газын оттегін бөліп шығарады



сіңіреді




Тыныс алады Ағашқа әдемілік сыйлайды.
Су буланады.
Өсімдік мүшелері:

Тамыр, сабақ, жапырақ, гүлі, жемісі



Оқушыларды топқа бөлу

1 топ - сабақ, 2 топ – жапырақ, 3 топ - жеміс

Оқушылар мәтінді оқиды



Практикалық жұмыс

І топ. Күзде жапырақтар неліктен сарғаяды?
Күзде күн салқындайды. Сосын топырақ тоңазиды. Өсімдік суды аз сіңіреді.Жапыраққа қажетті күннің жылуы азаяды.
ІІ топ. Жерге түскен жапырақтың қандай пайдасы бар?
Жерге түскен жапырақ қыста өсімдік тамырын суықтан сақтайды. Түскен жапырақтарды жинап, жерге көміп топыраққа араластырады. Сонда топырақ құнарлы болады.
ІІІ топ. Жапырақтың құрылысы туралы айтып бер.
Жапырақтың сабағы болады. Ол сабаққа жалғанып тұрады. Жапырақтың кеңейген жері – алақаны немесе тақтасы деп аталады.

Бейнефильм көрсету
Мұғалім: мына жұмбақтардың жауабын айтыңдаршы

1. Көктемде жерге енемін,

Ылғалда өсіп-өнемін.

Менің өскен жемісім,

Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,

Қайнамай түскен. (Жеміс)


-Ендеше, балалар, келесі тақырыбымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.

Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді.

Олар неше түрлі жеміс береді.

Жеміс- өсімдіктердің бізге тартатын сыйы. Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп баптасақ, мол өнім береді.



«Ой қозғау» Ал жемістер қайдан шығады?

(Оқушылардың жауабын тыңдау)

  • Сызба арқылы түсіндіру:

Тұқым Өсімдік Жеміс
А) Жемістің пайда болуы


Жеміс



Шырынды Құрғақ




Шырыны мол, жұмсақ: Қабығы қатты, сүйектенген,

Алма, алмұрт, картоп т.б. құрғақ болады: арпа, күріш т.б.

Суретке қарап құрғақ, шырынды жемістерді ата.


Өсімдіктер тұқымдары арқылы таралады. Қайың, жөке, көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалар» болады.

Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымдары түкті үлпілдек болады.шамалы жел соқса ұша жөнеледі.


Селеу , қара сұлы -желмен ұшады, үшкір ұштарымен жерге қадалады.




Оқулықпен жұмыс

Мәтінді толықтыр.

І топ. Өсімдік жетіліп өсе келе ... ( гүлдің түбі) түйінделеді. Бұл ... («гүл түйіні») деп аталады.Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын ... (гүлдің күлтелері) солып, түсіп қалады.

ІІ топ. ... (Тұқым мен жемістің) пісіп жетілуі әр өсімдікте әр түрлі. Ерте ... (гүлдейтін өсімдіктердің) тұқымы тез жетіліп піседі. Өсімдіктер көбіне ... (тұқымдар) арқылы таралады.

ІІІ топ. Қайың, жөке, тал, көктал ағаштарының тұқымдарында ... (ұшатын «қанатшалары») бар. Бақбақ, қоға өсімдіктерінің ... (тұқымдары үлпілдек болады. ... (Селеу, қара сұлы) сияқты өсімдіктердің тұқымы желмен ұшып, үшкір ұштарымен топыраққа қадалады.


Барлық топтарға «Кім жылдам?»

Сәйкестік тесті

1.Бұл не?

өнеді сабақ

өседі тұқым

көбейеді тамыр



қурайды гул
2.Қай бөлігі пайдалы?

картоп жемісі

қызанақ тамыржеміс

сәбіз дәні

бидай түйнегі




  • Жемістердің пайдасы

1.Алманың пайдасы-Қызыл алма, көк алма, сары алма. Алманың қай түрі болмасын адам ағзасына тигізер пайдасы орасан. Алманы баршамыз жақсы көреміз. Ал алманың құрамында алма қышқылы, май, шекер, силлолоза, таннын қышқылы, алуан түрлі дәрумендер, минералды заттар мол. Сондықтан, көп тұтынған жағдайда ас қорыту жүйесін дұрыстап, ағзаны тазалайды. Қан бұзылу, жүрек ауруларында көп қолданады.

2.Орамжапырақтың пайдасы-Капустаның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады.

Сабақты қорытындылау.
1.Тұқым мен жеміс өсімдіктің қандай мүшесі екенін айт?

2. Жапырақ қоректі қайдан алады?

3. Лимон жемістің қай түріне жатады?

4. Қарбыз жемістің қай түріне жатады?

5.Көкөністерді ата

6. Қайың,жөке ағаштарының тұқымдарының таралуы

7. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

8.Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?

9.Жапырақтағы жасыл бояу . .



Суреттегі ағаштарды ата. Қай мезгіл? Олардың жемісі қалай аталады?
Кластер толтыру
Түседі Қурайды Ұшады

Жапырақ (қайтеді?)

Сарғаяды Сыбдырлайды Солады
Үйге тапсырма.

1. «Жапырақ» және «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.



2. Жемістердің суретін салу.

Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет