Тексерілді
Шымкент қаласы Ю.Сареми атындағы № 107 мектеп лицейінің химия пәні мұғалімі Ташметова Хакима Кадирматовна
Менің өмірлік мақсаттарым
Ұстаз деген кім ? Ұстаз – шәкіртін адалдыққа баулушы, өмірдің жақсы мен жаманын үйретуші, оқушының ең жақын жанашыры әрі ақылшысы, досы әрі сырласы, ізгіліктің нәрін егуші ұлы адам. Ислам дінінде білім үйрету, ұстаздық ету сауапты әрі құрметті іс деп танылады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін, өз уақытын аямай өзгенің бақытын аялаушы адам.Мен өзімді іштей дайындап, болашағымды осы ұстаздық жолында екенін сезінетінмін. Өзіме де білім нәрін берген ұстаздарыма мың алғысымды айтамын, осындай жетістіктерге жетуіме олардың қосқан үлесі шексіз. Бәріміз де ұстаздың қолынан ұшқанбыз.
Дана халқымыз ұстазды әрқашанда ұлықтаған .Мұғалім баланың жүрегіне жол тауып араши болмысының қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға болғандығы себепті мәртебелі мамандық болып есептеленеді.Мұғалімнің үздік атануына басты себеп бұл шәкірттерінің жетістігі .Ұстазды құрмет тұтқан әр бір шәкірт өмірде өзінің ізгі жолын табады .Қазақ тарыхында ұстазын ұлықтаған ұлағатты жандар өте көп .Олардың басы сонау шығыс ғұламасы Әл Фарабиден бастау алады .Ол Аристотельді ұстаз санаған.Өзіміздің киелі мекен Түркістанда жатқан Қожа Ахмет бабамызды ұлы ұстазы Бәйдібек бабамызда ұлықтаған ,кешегі өткен жыр алыбы Жамбылды өзі Сүйінбайды пір тұтқан.
Мен бүгінгі таңда білім беру саласында 27 жылдай еңбек етіп келемін. Күн сайын алдымда отырған білімді шәкірттеріме зер сала қараймын,қарап отырып ойланамын. Алға үмітпен талпынған,болашағына уайымдаған шәкірттерімнің арман-мақсаттарына жетуі үшін ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін сезінемін. Сондықтан да менің өз алдыма қоятын талабым,мақсаттарым жоғары деңгейде болуы тиіс, себебі жарқырап тұрған шамды жаға білу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату – менің ұстаздық борышым. Бес саусақ бірдей емес демекші,әр адам әр түрлі, бір сыныпқа жиналған оқушылардыңда бірі зирек, бірі баяу,бірі пысық, ал енді бірі енжар. Ал менің бәріне беретін білімім, қоятын талаптарым бірдей, ал олардың қабылдауы әр түрлі. Әр бір оқушымен жұмыс істей алу, олардың журектеріне жол таба алу, менің ең бірінші мақсатым. Ұстаз да диқан сияқты, ол әрбір шәкіртінің жанына білім дәнін себеді, әр бірін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанатын талмайтын етіп ұшырады.
Менің ойымша, жаңа заман мұғалімі шығармашыл, ой-ірісі кең, шебер, білімді болуы керек. Демек, мен өз бойымдағы барлық жақсы қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен төрбиелеуде үйлестіре отырып, мінсіз, ақылды оқушы шығаруым керек. Алған білімдерін өмірде қолдана алатын, өз ойларын еркін жеткізе алатын, алдына мақсат қоя алатын оқушыларды жетілдіру менің қолымда. Ол үшін ерінбей еңбек етуге толықтай дайынмын. Ұстаз жүгі ауыр жүк болғандықтан алдыма қойған мақсаттарыма жетуім үшін ары қарай жұмыс істеу, дарынды ұстаз болу тек өзіме байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |