Шымкент қаласының 2015-2017 жылдарға арналған азаматтық бюджеті. Құрметті сайтқа кірушілер!



Дата23.02.2016
өлшемі183.26 Kb.
#7535
Шымкент қаласының 2015-2017 жылдарға арналған азаматтық бюджеті.
Құрметті сайтқа кірушілер!

Сіздердің назарынызға қала бюджетінің негізгі көрсеткіштері мазмұндалған, оны қалыптастыру және шығыс бөлігі бағыттарының параметрлері көрсетілген Шымкент қаласының 2015-2017 жылдарға арналған азаматтық бюджеті ұсынылуда.


2015 жылғы Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық

дамуының негізгі көрсеткіштері
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдерін өнімдеру 100 пайыз көлемінде жоспарланып отыр, өткен 2014 жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға төмен.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 2014 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға (2014 жыл нақты 90,8 пайыз) өсіп, 100,5 пайыз көлемінде болжамдануда.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,8 пайызға қысқарып 103 пайызды құрауда.

Сауда:

көтерме сауда, өткен 2014 жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға;

бөлшек сауда, өткен 2014 жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға төмендеуде.

2015 жылғы базалық мөлшерлемелер:

айлық есептік көрсеткіштер – 1982 теңге;

ең төменгі еңбек ақы мөлшері – 21364 теңге;

орташа еңбекақы мөлшері – 84348 теңге;

ең төменгі зейнетақы мөлшері – 23692 теңге;

степендия мөлшері:

жоғарғы оқу орындарында – 17500 теңге

колледждерде – 15000 теңге.
2015-2017 жылдарға арналған Шымкент қаласы бюджетінің

негізгі параметрлері бойынша ақпарат
2015-2017 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетінің жобасы 2015-2019 жылдарға арналған болжамды макроэкономикалық көрсеткіштерінің негізінде қалыптастырылып, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихатының қарауына ұсынылған.

«2015-2017 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қалалық мәслихатының №44/296-5с шешімі 2014 жылдың 24 желтоқсанында қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінде 2014 жылдың 30 желтоқсанында 2933 нөмірімен тіркелген.

Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қаңтардағы №45/317-5с, 2015 жылғы 27 наурыздағы №46/323-5с, 2015жылғы 21 шілдедегі №48/365-5с, 2015 жылғы 29 қазандағы №51/399-5с, 2015 жылдың 30 қарашасындағы №52/402-5с, 14 желтоқсандағы №53/408-5с шешімдерімен және Шымкент қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №126, 2015 жылғы 25 ақпандағы №245, 2015 жылғы 1 сәуірдегі №352, 2015 жылғы 22 шілдедегі №1215, 2015 жылғы 6 тамыздағы №1372, 2015 жылғы 6 қазандағы №113, 2015 жылғы 4 қарашадағы №295, 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №466, 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №610 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.


2015-2017 жылдарға арналған Шымкент қаласы

бюджетінің негізгі параметрлері

млн.теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Түсімдер

83 404

52 521

59 931

Салықтық түсімдер

39 212

25 782

37 220

Салықтық емес түсiмдер

410

96

91

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

2 018

311

332

Трансферттердің түсімдері

38 446

24 262

22 289

Қарыздар түсімі

2 484

2 070




Бюджет қаражаттарының бос қалдығы

444







Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер

390








Түсімдер

Салық кодексіне сәйкес және макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, 2015 жылға арналған қала бюджетінің болжамды өзіндік кірістерінің түсімі 41640 млн. теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде:

- салықтық түсімдер – 39212 млн. теңге;

- салықтық емес түсімдер – 410 млн. теңге;

- негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2018 млн. теңге.

2015 жылға арналған қала бюджетінің өзіндік кірістері негізінен реттелетін салықтар (қала бюджетіне түсім пайызы 100) есебінен құралады.

Жоғарғы бюджеттерден 2015 жылғы қала бюджетіне нысаналы трансферттер мен кредиттер 40 930 млн.теңге көлемінде бөлу қарастырылған, оның ішінде ағымдағы – 11554 млн. теңге, дамуға – 26892 млн. теңге және кредиттер – 2484 млн. теңге.

Облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы өзара қатынастары «Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/173-V шешімімен белгіленген.


Шығыстар

млн.теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Шығыстар

83 404

52 521

59 931

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

894

532

524

Қорғаныс

95

38

340

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, қылмыстық-атқару қызметі

258

123

444

Бiлiм беру

39 518

22 581

27 776

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2 450

532

1 053

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

24 236

10 736

8 092

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

3 429

1 607

2 872

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

2 675

6 335

3 352

Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары

260

166

160

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

244

91

91

Көлiк және коммуникация

6 565

9 701

14 534

Басқалар

181

79

694

Трансферттер

111

0

0

Бюджеттік кредиттер

1 220

0

0

Қаржы активтерін сатып алу

252

0

0

Қарыздарды өтеу

1 016

0

0


2015 жылға салалар бойынша қалалық бюджет шығыстары


Білім беру

«Білім беру» фукционалдық тобы бойынша жалпы 2015 жылға 39 518 млн.теңге қаралған. Оның ішінде, республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар 10 122 млн.теңге (оның ішінде білім нысандарының құрылысына 3 406 млн.теңге), облыстық бюджет қаражаттары 5 374 млн.теңге (оның ішінде білім нысандарының құрылысына 3 117 млн.теңге және күрделі жөндеуден өткізуге 1 100 млн.теңге) және жергілікті бюджет қаражаттары 24 022 млн.теңге (оның ішінде білім нысандарының құрылысына 1 746 млн.теңге және күрделі жөндеуден өткізуге 494 млн.теңге).



«Білім беру» фукционалдық тобы бойынша

2015-2017 жылдарға арналған шығыстар

млн.теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

508

509

509

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға

7490

2 000

4187

Жалпы білім беру

19581

15838

19945

Балаларға қосымша білім беру

770

693

693

Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру

37

36

39

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

45

45

46

Мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

797







Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі

166

196

209

Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер

22







Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету

56







Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

1777

622

622

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

8269

2642

1527

Күрделі шығыстары бойынша, облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттарға 2 мектеп пен 5 балабақшалардың, қала бюджеті есебінен 2 мектеп пен 3 балабақшалардың және 1 мектептен тыс мекемелердің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілуде.

Сондай-ақ, білім нысандарының құрылыстары бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттарға 2 балабақша мен 4 мектеп құрылысы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттарға 2 мектеп құрылысы, облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттарға 4 балабақша және 4 мектеп құрылысы жүргізілуде.

Қала бюджеті қаражаты есебінен 10 нысанның құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленуде, сондай-ақ, 1 балабақша мен 9 мектеп құрылысы жүргізілуде.


Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға» 2015 жылға арналған қала бюджетінде 2450 млн.теңге көлемінде қаражаттар қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар көлемі 614 млн.теңге, облыстық бюджет бойынша 320 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 1516 млн.теңге.


«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру»

фукционалдық тобы бойынша

2015-2017 жылдарға арналған шығыстар

млн.теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу

19







Жұмыспен қамту бағдарламасы

321




3

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

8

22

22

Тұрғын үйге көмек көрсету

25

22

22

Өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

345

75

154

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

8

7

8

Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу

79

74

74

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету

81

70

71

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

514

100

390

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету

271

50

198

Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету

64







Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізу

534







Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау

20







Халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер

113

96

96

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

5

4

4

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

8

0

0

Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру

25

12

12

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

10






2593 адамға мемлекеттік атаулы көмек, 2655 адамға тұрғын үй көмегі, 20062 адамға бір реттік көмек көрсетілуде, 460 мүгедек балалар материалдық қамтамасыз етілуде, тұрғылықты жері жоқ 150 адам бейімдеу орталығында орналыстырылды, 730 мұқтаж азаматтарға (азаматшаларға) үйде әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар, 29601 алушыға 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төленуде, 2024 мұқтаждық мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына орай 8168 ардагерлерге жәрдем ақылар төленді және өзге де іс-шаларлар өткізілді.


Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк» функционалдық тобы бойынша 2015 жылға 3429 млн.теңге көлемінде қаражаттар жоспарланған, оның ішінде республикалық бюджеттен 59 млн.теңге, облыстық бюджеттен 286 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 3084 млн.теңге жоспарланған.



млн.теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

180

87

87

Зоопарктiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

146

147

153

Мәдениет объектілерінің құрылысы

495

12

18

Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту

1 725

1 042

2 204

Қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

50

20

44

Cпорт объектілерінің құрылысы

303

16

38

Кiтапханалардың жұмыс iстеуi

137

121

123

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту

28

26

26

Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер

113

50

89

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары

26

0

4

Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру

46

27

27

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етудегі шығындар

181

59

59


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Аталған функционалдық топтың шығындары жалпы 2015 жылға 24236 млн.теңге көлемінде жоспарланған, оның ішінде республикалық бюджет қаражаттары 2542 млн.теңге (тұрғын үй құрылысына бөлінген 1263 млн.теңге көлеміндегі кредиттерді қоса есептегенде), облыстық бюджет қаражаттары 12054 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 9640 млн.теңге.

Республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде 2 білім беру объектілері күрделі жөндеуден өтуде оған 318 млн.теңге және жолдарды орташа жөндеуге 18 млн.теңге жоспарланған.
Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысына 5782 млн.теңге бөлініп, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген 827 млн.теңге көлеміндегі нысаналы трансферттерге 4 үйдің, 1103 млн.теңге кредиттерге 6 үйдің, ҚР Ұлттық қорынан бөлінген 161 млн.теңгеге 1 үйдің, облыстық бюджеттен бөлінген 2992 млн.теңгеге 30 үйдің құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аталған мақсатқа жергілікті бюджеттен де 700 млн.теңге көлемінде қаражаттар бағытталуда.


Инженерлік коммуникация инфрақұрылымдар құрылысы

Республикалық бюджеттен бөлінген 164 млн.теңгеге 2 нысанның, облыстық бюджеттен бөлінген 4913 млн.теңгеге 5 нысанның және 393 млн.теңге көлеміндегі жергілікті бюджет қаражаттары есебінен нысандардың құрылыстары жүргізілуде және жобалық сметалық құжаттармалары әзірленуде.


Коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысы

Электрмен қамтамасыз етуде 9 нысанның құрылысы облыстық бюджеттен бөлінген 1324 млн.теңге және қала бюджеті қаражаты есебінен нысандардың құрылыстары жүргізілуде және жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде.


Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелері

Сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерінің құрылысына облыстық бюджеттен бөлінген 1936 млн.теңгеге 12 нысанның құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ жергілікті бюджеттен аталған мақсатқа 178 млн.теңге бағытталуда.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық функционалдық

топ бойынша өзге мақсаттарға жоспарланған қаражаттар

млн.теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою

1125







Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету

107







Тұрғын үйлердің сейсмотұрақтылығын қолдауға бағытталған іс-шаралар

181







Кондоминиум объектілеріне техникалық паспорттар дайындау

29







Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізу

34

34




Коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру

128







Абаттандыру нысандарының құрылысы

538

1 303

30

Көшелерді жарықтандыру

852

182

364

Қаланың санитариясын қамтамасыз ету

2 584

100

1 600

Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу

58

16

31

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру

2971

100

2 026


Отын-энергетика кешені

млн.теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Жылу-энергетика жүйелерінің құрылысы

849

5 374

3 307

республикалық бюджет

0

2 127

3 302

облыстық бюджет

848

3 244




қала бюджеті

1

3

5

Газ жүйелерінің құрылысы

1 817

961

50

облыстық бюджет

1 812

931




қала бюджеті

5

30

50


Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, оршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

Аталған функционгалдық топ бойынша 2015 жылға жалпы 260 млн.теңге көлемінде қаражаттар жоспарланған, оның ішінде республикалық бюджет бөлінген қаражаттар 12 млн.теңге, облыстық бюджеттен 93 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 155 млн.теңге.



млн.теңге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Ауыл шаруашылық нысандарының құрылысы

0

11

4

Мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз ету

1

1

1

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру

38

11

11

Алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу

14

1

1

Жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

20

19

19

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу

78

39

39

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қызметін қамтамасыз етудегі шығындар

109

95

89


Көлiк және коммуникация

2015 жылы бұл функционалдық топ бойынша қаражаттар, көлік инфрақұрылымын дамытуда, яғни жол құрылыстарына, қайта құруға, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер құрылыстарына, жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеуге (жалпы 22 нысан) бағытталуда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 4561 млн.теңге және қалалық бюджеттен 311 млн.теңге жоспарланған (2016 жылы – 9037 млн.теңге және 2017 жылы – 13870 млн.теңге).



Сонымен қатар, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жалпы 1633 млн.теңге бағытталуда (2016 жылы – 621 млн.теңге және 2017 жылы – 621 млн.теңге).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет