Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 407 бұйрығына
4-қосымша
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және мемлекеттік арнайы жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақылар) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
уәкілетті ұйымда немесе ХҚО-да – жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама;
порталда – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарға қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының өтініші негіздеме болып табылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимылы:
1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы екі жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеулердің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
Егер талап етілетін құжаттар отыз жұмыс күні ішінде ұсынылмаса, көрсетілетін қызметті беруші қолдағы бар құжаттар бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім шығарады;
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады.
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) маманының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
2) Жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландырады;
жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімі (басқармасы) басшысының ЭЦҚ-сымен куәландырылған жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
3) Жәрдемақы тағайындау жөніндегі функцияны жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде:
келіп түскен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды (есептеудің дұрыстығын, сканерленген құжаттардың сапасын тексереді);
жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті қосымша құжаттарды электрондық іс макетіне қосу үшін негіздемелер болған кезде, отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
негіздемелер болған кезде ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін бес жұмыс күні ішінде бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлай отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салулар жібереді;
электрондық іс макеті Стандартқа толық сәйкес келген жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайды және ЭЦҚ арқылы куәландырады, тағайындау үшін негіздемелер болмаған кезде жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім жобасын бас тарту себебін көрсете отырып ЭЦҚ арқылы куәландырады;
қабылданған шешімді автоматты режимде уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді;
ЭЦҚ-мен куәландырған кезде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға автоматты түрде жіберіледі.
Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау және қабылданған шешімді автоматты режимде төлеуге жіберу мемлекеттік қызмет көрсету бойынша осы кезеңдегі рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі болып табылады.
7. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай қызметкерлері қатысады:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібі:
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің маманы екі жұмыс күні ішінде жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) бастығына (басшысына) жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы бір жұмыс күні ішінде жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің сипаттамасы осы регламентке 1-қосымшада ұсынылған.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ХҚО және (немесе)
өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл
тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану
тәртібінің сипаттамасы
10. Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау:
1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде «терезелер» арқылы;
2) ХҚО-да операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдайтын маман:
1) уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жәрдемақы тағайындау немесе төлеу фактісінің болуына сұрау салу қалыптастырады;
2) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
3) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – АЖ) арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге:
«Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры» АЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын және тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар бойынша;
«АХАЖ» АЖ-ға – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі бойынша немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша), неке қию туралы куәлік бойынша (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша);
«Е Қорғаншылық» АЖ-ға – қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша сұрау салу қалыптастырады;
4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда сканерлейді;
5) сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;
6) өтінішті тіркейді;
7) уәкілетті органның бөлімшесінде көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талонын, ХҚО-да тіркеу күнін және қызметті алатын күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе жәрдемақыларды тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.
ХҚО өтінішті қабылдаған жағдайда, жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініштен және көрсетілетін қызметті алушы тұпнұсқаларда ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді қоса алғанда, құжаттардың топтамасынан тұратын, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді уәкілетті ұйымның бөлімшесіне жібереді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі, оның ішінде ХҚО-дан құжаттардың толық топтамасымен келіп түскен өтінішті қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде:
1) электрондық шешім жобасымен электрондық (қағаз түріндегі) іс макетін қалыптастырады;
2) жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
3) электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын уәкілетті ұйымның филиалына жібереді.
12. Уәкілетті ұйымның филиалы уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық іс макеті келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде:
1) келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын қарайды және есептеудің және ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
13. Қосымша құжаттарды іс макетіне қосу қажеттілігіне байланысты көрсетілетін қызметті берушіден электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті қайтарылған жағдайда:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі:
1) көрсетілетін қызметті алушыны бес жұмыс күні ішінде хабарламада көрсетілген қосымша құжатты (құжаттарды) 25 жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы телефон, почта байланысы, электрондық почта арқылы хабардар етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушы қосымша құжатты (құжаттарды) ұсынған кезде уәкілетті ұйымның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде:
көрсетілетін қызметті берушінің хабарламасында көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын қосымша құжат (құжаттар) топтамасының толықтығын тексереді;
электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын жете ресімдейді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған түпнұсқаларға сәйкес келуін, жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді, электрондық шешім жобасын ЭЦҚ-мен куәландырады және уәкілетті ұйымның филиалына жібереді;
уәкілетті ұйымның бөлімшесінен электрондық шешім жобасымен электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап уәкілетті ұйымның филиалы екі жұмыс күні ішінде:
1) есептеудің және келіп түскен электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді;
2) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық іс макеті мен электрондық шешім жобасын көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
14. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе ХҚО көрсетілетін қызметті берушіден жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушыға өзі жүгінгенде береді.
Уәкілетті ұйымның бөлімшесі көрсетілетін қызметті беруші қабылдаған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ болған кезде, құжаттары уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе ХҚО-ға қағаз жеткізгіште бұрын ұсынылған және мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындау туралы ақпаратты алу сәтіне көрсетілетін қызметті алушы туралы деректер уәкілетті ұйымның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында электрондық түрде сақталған көрсетілетін қызметті алушылардың жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті берушінің (көрсетілетін қызметті алушының) портал арқылы жәрдемақыларды тағайындау туралы ақпаратты алу кезіндегі қадамдық іс-қимылы мен шешімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және парольдің көмегімен порталға тіркеуді жүзеге асырады (тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызметті алу үшін ЖСН мен парольді порталға енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1-шарт – ЖСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталдың қалыптастыруы;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және кері қайтарып алынғандардың (күші жойылғандардың) тізімінде тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкес келуін тексеру;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет алу үшін сұрау салуды куәландыру және электрондық құжатты (сұрау салуды) көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі үшін «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;
9) 6-процесс – электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-на тіркеу;
10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі (өңдеуі);
11) 7-процесс – орын алған бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарламаны) көрсетілетін қызметті алушының алуы. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қалыптастырылады.
Қызмет көрсетуде қолданысқа енгізілген ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммалары осы мемлекеттік қызметті көрсету регламентіне 3-қосымшада графикалық нысанда көрсетілген.
16. Ақпаратты ұсыну уақыты уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
17. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік іс-қимылдардың логикалық дәйектілігі мен құрылымдық-функционалдық бірліктер арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
«Мемлекеттік арнайы
жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№1-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген қызметкерлер
арасындағы рәсімнің (іс-қимылдың) жүйелілігінің
сипаттамасы
Іс-қимыл № (жұмыс барысының, ағынының)
|
Жүйелік-функционалдықбірліктердіңатауы
|
Іс-қимылдардыңатауы (процестер, рәсімдер, операциялар) жәнеолардыңсипаттамасы
|
Аяқталунысаны (деректер, құжат, ұйымдық-ұйғарымдықшешім)
|
Орындаумерзімдері
|
Келесііс-қимылдыңнөмірі
|
1
|
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) маманы
|
Келіп түскен электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен қарау.
|
1) Электрондық шешім жобасын ЭЦҚ арқылы куәландыру және жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін автоматты режимде көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысына жіберу;
2) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөліміне қайтару
|
2 жұмыскүні
|
2
|
2
|
Көрсетілетін қызметті беруші бөлімінің (басқармасының) басшысы
|
Келіп түскен электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен қарау.
|
1) ЭЦҚ арқылы электрондық шешім жобасын куәләндіру және қызметті берушінің басшысына жәрдемақы тағайындау туралы электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен автоматтық режимде жолдау;
2) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөліміне қайтару
|
1 жұмыскүні
|
3
|
3
|
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы
|
Келіп түскен электрондық іс макетін электрондық шешім жобасымен қарау.
|
1) Жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау ;
2) Уәкілетті ұйымға немесе ХҚО-ға жәрдемақы тағайындау туралы хабарландыру жолдау;
3) Электрондық іс макетін жете ресімдеу қажет болған жағдайда электрондық шешім жобасымен электрондық іс макетін уәкілетті ұйымның бөліміне қайтару
|
1 жұмыскүні
|
|
«Мемлекеттік арнайы
жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
______________________бойынша
департаменті
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат
Азаматқа (шаға)____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
___________ теңге мөлшерінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалды
Тағайындау күні _____жылғы "___"___________
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей. Данный документ согласно пункту 1 статьи ЗРК от 7 января 2003 года «Об электронном документе и электронной цифровой подписи» равнозначен документу на бумажном носителе.
*штрих-код "ЗТМО" ААЖалынғанжәнеДепартаменттіңэлектрондық-цифрлыққолтаңбасыменқолқойылғандеректердіқамтиды
«Мемлекеттік арнайы
жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 3-қосымша
Мемлекеттікқызметтікөрсетугеқатысқанақпараттықжүйелердің
функционалдықөзараіс-қимылыныңдиаграммалары, графикалықнысанда
«Мемлекеттік арнайы
жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне
№ 4-қосымша
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
ХҚО арқылы көрсету кезінде:
уәкілетті ұйымның бөлімшесі арқылы тікелей көрсету кезінде:
Достарыңызбен бөлісу: |