Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 0 ж бет



бет1/5
Дата10.01.2023
өлшемі87.5 Kb.
#468280
түріСабақ
  1   2   3   4   5
дәріс.әдіст.нұсқаулық




Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті


«Спорт және туризм» факультеті


«Жалпы психология» кафедрасы


«Этнопсихология » пәнінен педагогикалық мамандықтардағы студенттерге арналған дәрістік сабақтың


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


ШЫМКЕНТ 20_ж.


Құрастырушы: аға оқытушы: Айнабек С.Б.


«Этнопсихология» пәнінен педагогикалық мамандықтардағы студенттерге арналған дәрістік сабақтың әдістемелік нұсқауы
Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 20_ж.- 8 бет.
Дәрістік сабақтың әдістемелік нұсқауы дәрістік сабақты ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен оны өткізуді кредиттік технологияны есепке ала отырып, педагогикалық мамандықтарда қолданудың жолдарын көрсетеді.
Пікір білдірушілер:


«Спорт және туризм» факультетінің кеңесінде №___хаттамасы __ ___ _____ ж қарастырылып басылымға ұсынылады.

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік кеңестің №___хаттамасы ____ _____ _____ ж ұсынысымен басылымға жіберілді.



© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университет,20_ж


Айнабек Сандуғаш Батырқызы.
Дәріс - оқу процесінің өзіндік арнайы құрылымымен танылған тәлім - тәрбие формасы. Дәрістің басынан ақырына дейін оқытушы жаңа оқу материалын баяндап, ұсынады, ал оқушылар сол материалды белсенділікпен қабылдайды. Дәрісбаян оқу ақпаратын ұсынудың ең тиімді тәсіл жолы, себебі оқу материалы қисыны нақтыланған формада шоғырландырылып беріледі. Мұндай сабақ аяқ асты, суырып салмалыққа мүмкіндік береді, осыдан дәріс тыңдармандардың белсенділік көтеріңкілігіне дем беріп, сабаққа араласып отыруына қолдау-қуаттау көрсетеді, сонымен бірге оқу процесіне шығармашыл сипат ендіріп, сабақ ақпаратына болған қызығушылықты арттырады.
Дидактикалық мақсаттарына және оқу процесіндегі орнына байланысты дәрісбаян: кіріспе, айқындау (установочная), ағымдық, қорытындылау және шолу- түрлерімен ажыралады.
Дәрісбаян түрлері басқа да негіздемелер бойынша:

Құрылымдық жағынан әдетте, дәрісбаян үш: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырып нақтыланады. Жоспар мен міндеттер таныстырылады. Негізгі және қосымша әдебиеттер көрсетіледі, өтілген материалдармен байланыстар түзіледі, тақырыптың теориялық және практикалық маңызы сипатталады. Негізгі бөлімде проблема мазмұны ашылған өзекті идеялар мен ұстанымдар нақтыланады. Олар арасындағы байланыстар қатынастар көрсетіліп, құбылыстар талданады. Қалыптасқан тәжірибе мен ғылыми зерттеулерге баға беріледі, даму болашағы жөнінде жол - жоба анықталады. Қорытынды бөлім қызметтерінің мәні - мазмұн нақтылы үйретіліп, негізгі теориялық көзқарастар қысқаша қайталанып жалпыланады, қорытынды ой-сөз жүйесіне келтіріліп, сұрақтарға жауаптар беріледі.
Дәріс сабағын жүргізуге арналған ереже:
Білім беру процесіндегі жоғарғы мектепте дәріс сабақтары маңызды орын алады. педагогикалық, гуманитарлық мамандықтарындағы студенттер дәріс сабақтарын оқытушы басшылығымен логикалық, жүйелілік, зерттеушілік формасында білім алады.
Дәріс сабақтары өзара байланысты мақсатқа бағытталады:
• студенттерге қолданбалы білім қолданбалы теориялық білім арқылы беріледі;
• студенттердің әр жақты дамуы және тәрбие сапасы, қатынасы, көзқарасы, талқылауы жалғасады;
Басқа ғылымдар жүйесіндегі осы пәннің алатын орнын анықтау үшін дәрістің орны ерекше.
Лекция - ЖОО оқыту процесінің жетекшісі формасы. Лекциялық оқыту формасының өзге оқыту формаларымен ауыстыруға болмайтын ситуациялық жағдайлар:

  1. Курс бағдарламасы беруде негізгі мәлімет көзі.

  2. Нақты тақырыптағы қатысты материалдың әдебиеттерде қарастырылмау немесе ескіруіне байланысты аппараттың негізінде болуы.

  3. Оқулықтағы жекелеген тақырыптардың дербес зерттеудегі қиындық келтіру мен оны дәрістердің әдістемелік қайта өңдеуін қажет етеді.

  4. Курстың негізгі мәселенің тұжырымдамасында қарама-қайшылықты болуына орай, обьективті баяндауды қажет етуі.

  5. Студент тұлғалық эмоциональдық ықпалы арқылы олардың көзқарастарының қалыптасуын тудыратын жағдайда өзге оқу алмастыруға болмайтын жағдайы. Лекциядағы эмоциональдық оң берілу тыңдаушының ойлау сөйлеу және қабылдау үйлесімін береді.Сондықтан гуманитарлық пәндерді беруде эмоциональдық маңызды ролге ие болады.

  6. Лекцияға қойылатын талап:

- Дәрістің адамгершілік мәліметтілігі ғылымилығы мен мәліметтілігі (қазіргі ғылыми деңгейде)
- дәлелділік пен нақтылық
- ашық, көзжеткізерлік мысалдар жеткіліктілігі
- ойда эмоционалдық жеткізу формасы
- Тыңдаушылық ой белсендіру
- қойылған сұрақтың ойландырулық болуы
- мәселенің жүйелік қисынды құрылуы
Әдістемелік тұсы: негізгі ой мен тәртіпті айқындау қорытындыларды ерекше белгілеп көрсету оны түрлі жағдайда қайталау, оны түсінікті, әрі ашық етіп айту, жаңадан енген терминдерді қайталап түсіндіру аудиовизуальдық дидактикалық материалдарды мүмкіндігіне қарай пайдалану. Жоғарыдағы көрсетілген талаптар лекция сапалық бағасының негізгі белгілері.
Оқу дәрістерін өткізу әдіс – тәсілдеріне орай дәрісбаян түрлері төмендегідей:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет